Лекция №18. Меншік құқығының ұғымы және мазмұны


Тұрақты рента шарты. Шарттың элементтерi



жүктеу 0,61 Mb.
бет42/68
Дата02.06.2020
өлшемі0,61 Mb.
#30830
түріЛекция
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   68
Лекция 3 курс азаматтык кукык

Тұрақты рента шарты. Шарттың элементтерi. Тұрақты рента тараптары болып рента алушы жəне рента төлеушi табылады. Тұрақты рента алушылары болып азаматтар жəне коммерциялық емес ұйымдар келедi. Азаматтар ренталық қатынастарда тұрақты рента алушысы болып үш жағдайда келе алады: а) егер олар мүлiк иегерi болса жəне мүлiк олармен рентаға берiлсе ə) тұрақты рентаны алушы мұрагерлiк салдарынан құқықтық мирасқор болса; б) тұрақты рента азаматтар пайдасына басқа бiр тұлғамен шарт арқылы қарастырылса, яғни үшiншi тұлға пайдасына жасалған шарт орын алса.

Азаматтарды кəсiпкер ретiнде тiркеу олардың тұрақты ренталық төлемдердi алуы үшiн кедергi болмайды, себебi бұндай жағдайларда азамат өзiне жататын жалпы құқық қабiлеттiлiкке негiзделiп рента қатынастарында да қатыса бередi.

Тұрақты рента алушы ретiнде егер бұл олардың мақсатына жəне қызметiне сай келсе коммерциялық емес ұйымдар да əрекет ете алады. Бiрақ Қазақстан Республикасында тұрақты рента алушы болып мемлекеттiк мекемелер келмейдi, себебi олар мемлекеттiк бюджеттен тыс көздерден қаржыландырылуы мүмкiн емес. Барлық жеке меншiкке негiзделген бола алады. Ренталық төлемдер ретiнде ақшаны алу коммерциялық емес ұйымдарға олар құрылған мақсаттардағы қандай да болсын қызметтi жүзеге асыруғамүмкiншiлiк бередi. Ренталық төлемдер есебiнен қаржыландырылуға тиым тiкелей жарғыларда қарастырылуы мүмкiн, бiрақ та оларды тəжiрибелi (нақты) бекiту ақыл ойға сыйыса бермейдi.

Коммерциялық емес заңды тұлғаларда олардың пайдасына өзге тұлғалармен орнатылған тұрақты рентаның алушылары бола алады. Коммерциялық емес ұйымдардың пайдасындағы рентаны алушылардың қатары өзгерiп тұруы мүмкiн.

ҚР АК 523 бабының 2 тармағына сəйкес олардың құқықтары заңды тұлғалар қайта құрылуы нəтижесiндегi құқықтық мирасқорлық арқылы өтуi (ауысуы) мүмкiн. Яғни, егер екi жеке меншiк мекеме бiрiккен болса жəне с.с., онда олардың бiреуiнiң тұрақты рентаны алуға құқығы жаңадан пайда болған коммерциялық емес заңды тұлғаға ауысады. Алайда, қайта құру нəтижесiнде коммерциялық заңды тұлға болса, онда рентаны төлеу тоқтатылады. Сол сияқты мұра иесiз қалатын болса, рента бойынша мемлекет пайдасына (тарапына) құқықтық мирасқорлық орын алмайды. Тұрақты рентаны алуға құқық өзге (жеке немесе заңды) тұлғаға iшiнара сингулярлық мирасқорлық негiзiнде талап етудi беру арқылы ауысуы мүмкiн. Егерде талап етудi беруге тиым немесе оны төлеушiмен келiстiру талабы тұрақты рента шартының өзiнде ұсталмаса онда талап етудi беру рента төлеушiсi келiсiмiнсiз де жүзеге асырылуы мүмкiн.

Тұрақты рентаны төлеушiлерi болып азаматтар (жеке тұлғалар) жəне осыған оларға тиым салынбаса (заңнама бойынша немесе құрылтайшы құжаттармен) коммерциялық, коммерциялық емес заңды тұлғалар келуi мүмкiн.

Тұрақты рента шартының нысанасы бiр жағынан рента төленуi үшiн иелiктен шығармайтын мүлiктi, екiншi жағынан ренталық төлемдердi қамтиды. Тұра (формалды) түрде заңнама ренталық шарт нысанасы болып келе алатын мүлiк тiзiмiн (түрлерiн) шектемейдi, бiрақ iс жүзiнде ренталық шарт жылжымайтын (қозғалмайтын) мүлiкке билiктi жүзеге асыруға қолайлырақ болып келедi. Рента болса, ол көбiнесе (жиiрек) ақшалай қанағаттандыру (асырау). Ақша орнына заттай (натуралды) қанағаттандыру (асырау) берiлуi мүмкiн. Ол кездерде заттар берiледi, жұмыс орындалады немесе қызмет көрстiледi. Қызметтер құқыққа сəйкес болуы керек. Заттай (натуралды) қанағаттандырудың сомасы, тұрақты рента шартында көрсетiлген ақшалай сомаға сəйкес (тең) болуы керек. Аралас қанағаттандыру (асырау) мүмкiн болады, яғни ол бiр бөлiгiнде заттай, қалған бөлiгiнде ақшалай берiлуi мүмкiн.

Баға. Тұрақты рента шартына қатысты рента төлеушiнiң меншiгiне берiлетiн мүлiктiң бағасы, ренталық төлемдердiң мөлшерi жəне тұрақты рентаны сатып алу бағасы туралы айтуға болады. Рента шартының тəуекелге негiзделгенiне байланысты оның бағасы шартты түрде анықталады, қателесулер (тұрақсыздық) орын алуы мүмкiн, себебi есепке мүлiктiк тек таза құны ғана емес, болашақта алынар деген ренталық төлемдердiң көлемi де алынады.

Рентаның ең төмен сомасы (мөлшерi) тұрақты рента шарты бойынша қарастырылмаған. Рентаны бағаның дəстүрлi түсiнiгiне келтiру өте қиын. Оны анықтауға қатысты белгiлi (тұрақты) көрсеткiштер (өлшемдер) қалыптасып үлгерген жоқ. Ал тауарлар, жұмыстар, қызметтер бағалары жөнiнде айтатын болсақ, олар үшiн нарық жағдайында баға қалыптастыру тетiгi дайын. Осыны ескерiп, бiз болашақта рента бағасын анықтауға (ол жөнiнде қорытынды жасауға) мүмкiншiлiк беретiн өңдемелер (əдiстемелер) пайда болуы керек екенiн айтамыз.

Қалай болса да (қиындылықтарға қарамастан) бекiтiлген сан тұрақты рентаның мөлшерi тараптар үшiн мiндеттi болып келедi. Мерзiмдi (ұзаққа созылатын) төлемдер болғасын рента инфляциядан қорғалу шарасы ретiнде оны индекстеудi талап етедi. Шартпен өзгешелiк қарастырылмаса, төленетiн рентаның мөлшерi заңнама бекiткен айлық есептеу көрсеткiштiң өзгеруiне пропорционалды өзгередi.

Тұрақты рентаның төлеушi сатып алу бағасы дегенiмiз бұл, оны төлеген жағдайда, алушы алдындағы мiндеттемесiнен босатылатын ақшалай сома. Заңи табиғаты бойынша оны мiндеттеменi тоқтатудың бiр тəсiлi, бас тарту төлемi ретiнде бағалауға болады (ҚР АК 369 бабы). Сатып алу бағасы шартпен анықталады. Шарттың өзiнде сатып алу бағасы туралы жағдайлар қарастырылмаса, сатып алу ренталық төлемдердiң бiр жылдық сомасына сəйкес келетiн баға бойынша жүргiзiледi. Рента төлеушiге тегiн берiлген мүлiктiң сатып алу бағасы шартпен бекiтiлмесе, ол мүлiктiң құнынан жəне бiржылдық ренталық төлемдердiң сомасынан құралады.




жүктеу 0,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау