Шарттың мерзiмi. Шарттың мерзiмi асырауды алушының өмiрiнiң ұзақтылығымен шектеледi. Төлемдердiң мезгiлдiгiн анықтау үшiн ҚР АК 532 бабы қарастырған ережелер қолданымды болып келедi.
Шарттың мазмұны. Ғұмырлық рента шарты бойынша рента төлеушiсi көбiнесе құрамасында бiрнеше “бөлшегi” бар асырауды жүзеге асыруға мiндеттеледi. Тиiсiнше рента төлеушi оның “түр түрiне”, “сапасын” жəне берiлудiң өзге жағдайларын қамтамасыз етуi керек.
Рента төлеушiде оған өмiр бойы асырауды қамтамасыз ету үшiн берiлген мүлiктi иелiктен шығаруға, келiсе салуға жəне мүлiкке өзге жолмен билiк етуге құқығы бар, бiрақ осының барлығына рента алушының алдын ала келiсiмi қажет. Сондықтан, бiз рента алушы өз мүлкiне заттық құқықтардың (шектелген көлемде) сақтап қалатынын айта аламыз. Бұл құқықты өмiр бойы асырауда болып келетiн тұлғаның бұрынғы мүлкiне шектеулi заттық құқық ретiнде анықтауға болады. Бұдан бұрын айтылғандай, рента алушының заттық құқығы өзiне берiлген тұрғын үйге (жайға) пайда болады.
Өмiр бойы асырауды берген кезеңде рентаны төлеушi рента төлеу үшiн берiлген мүлiктiң құны табиғи тозу құнынан асып төмендемеуiне қажеттi шараларды қолдануы қажет. Сондықтан рентаны алушыға өмiр бойы асырауда ұстау шартының осындай жағдайы сақталғанын (немесе сақталмағанын) бақылау (байқау) құқығы берiледi деген ақылға сыйымды. Рента төлеушiнiң бұл мiндетiн бұзғаны шартты елеулi бұзушылық болып бағалануы керек. Өзiнiң мiндеттемелерiн рентаны төлеушi елеулi бұзған реттерде рентаны алушы өзiне оның өмiр бойы асырауды қамтамасыз етуi үшiн берген мүлкiн қайтаруды талап ете алады. Рента алушының басқа құқығы, осындай бұзушылықтар орын алса, рентаны сатып алу бағасын төлеудi талап етуде болып келедi. Рентаны сатып алу жағдайлары ҚР АК 528 бабына сəйкес анықталады (ҚР АК 539 бап 2 тармақ).
Өмiр бойы асырауды алатын тұлға өзге рента шарттары бойынша рентаны алушыларға қарағанда артықшылық жағдайында болып келедi. Рентаны сатып алған кезде рентаны төлеушi рента алушыны асырау үшiн жұмсалған шығындардың өтелуiн (сатып алу бағасының есебiне жатқызылуын) талап ете алмайды. Заңнамадағы осы шешiм, рента (өмiр бойы
асырауда ұстау) шарты рентаны сатып алу жолымен тоқтатылатын реттерге қатысты соның заңды негiздерiне мұқият қарауды талап етедi. Барлық орын алған жағдайлар (фактiлер) да бағалануы қажет. Бұны жасамаса, онда рента алушының тарапынан құқықтарын терiс пиғылмен пайдалануына жол берiлуi мүмкiн.
Достарыңызбен бөлісу: |