Мерзiм. Тұрақты рента мерзiмсiз төленедi, яғни оны төлеу мiндетi өз бетiмен тоқтатылуы мүмкiн емес. Сондықтан құқықтық мəн мiндеттеменi орындау мерзiмiне берiледi, олар болса төлемдердiң мерзiмдiлiгiне тiреледi. Төлемдердiң мерзiмдiлiгi шарттың өзiнде анықталмаса, тұрақты рента əрбiр күнтiзбелiк тоқсан аяқталуымен төленуi керек. Сөйтiп, төлем күнi жаңа басталған тоқсанның бiрiншi күнiмен анықталады, көрсетiлген (тиiстi) мерзiмде төлемдi жасамау мерзiмдi өткiзiп алуға əкеледi.
Мазмұны. Рента шартының мазмұны сатып алусату шартының мазмұны сияқты көлемдi болып келмейдi. Бiрақ, оның мазмұнын кеңейтiп қарауға да болады, себебi бұдан бұрын айтылғандай, рента шартының қатысушыларында (тараптарында) сыйға тарту, сатып алусату шарттарының қатысушыларындағыдай құқықтар мен мiндеттерi пайда болады (қарастырылуы мүмкiн). Рента төлеушiнiң негiзгi мiндетi шартпен қарастырылған ренталық төлемдердi тиiстi мерзiмдерде төлеп тұруда болып келедi. Рентаны төлеушi рентаны сатып алу арқылы оны төлеуден бас тарта алады.
Осындай жағдайда (рентаны төлеуден бас тартатын болса) рента төлеушiсi өзiнiң бас тартатыны туралы рента төленуi тоқтатылуына дейiн үш айдан кем болмайтын мерзiмде рента алушысына хабарлауға мiндеттi. Бас тарту туралы хабарлау үшiн, ұзақтау болып келетiн мерзiмдер, шартпен қарастырылуы мүмкiн. Рента алушысы барлық тиесiлi сомаларды алмайынша рента мiндеттемесi тоқтатылмайды. Рентаны сатып алудың өзге тəртiбi, сатып алу сомасын бөлшектеп төлеу, аралас нысанда төлеу жəне т.б. шартпен қарастырылуы мүмкiн.
Тұрақты рента шарты рентаны сатып алу құқығы рента алушының өмiрi бойы немесе өзге мерзiм iшiнде жүзеге асырылуы мүмкiн болмайтынын қарастыра алады. Алайда осындай шектейтiн мерзiм шарт жасалған сəттен отыз жылдан аспауы керек. Рента төлеушiсi рентаны сатып алу құқығынан толығынан бас тартатынын бекiтетiн шарт (оның бөлек жағдайы) жарамсыз болып келедi.
Ертерек айтылғандай, рентаны алушыда тек құқықтар болады. Ол ренталық асыраудың дер уақтылы жəне тиiстi төленуiн талап ете алады. Кейбiр жағдайларда рента алушының рента төлеушiден оның рентаны сатып алғанын талап етуге құқығы пайда болады. Бұл құқықтың негiздемелерiне мыналар жатады: 1) рента төлеушiнiң рента төлеу мерзiмiн бiр жылдан астам уақытқа өткiзiп алуы (өзге мерзiмдер шартпен қарастырыла алады); 2) рента
төлеушiнiң ренталық мiндеттеменi қамтамасыз ету (мүлiктi кепiлге беру ж.б.) бойынша, рента алушы алдындағы өзiнiң жауапкершiлiгiн сақтандыру бойынша мiндеттерiн бұзуы; 3) рента төлеушiнi төлемге қабiлетсiз деп тану, немесе рента шартта қарастырылған мөлшерде жəне мерзiмдерде төленбейтiнiн дəлелдейтiн (көрсететiн) өзге жағдайлардың пайда болуы; 4) рента төленуi үшiн берiлген жылжымайтын мүлiк ортақ меншiкке айналуы немесе бiрнеше тұлғалар арасында бөлiнуi; 5) шартпен көзделген өзге жағдайлар. Мысалы рентаның тиiстi емес нысанда төлеу, тұрақ рента төленуi үшiн берiлген мүлiктiң өзге тұлғаға өтуi жəне
басқалар.
Тiзiлiп айтылғандай жағдайлар болып тұрса рента алушының бiржақты əрекеттерiне байланысты төлеушiнiң рентаны сатып алуға қатысты (бойынша) мiндетi пайда болады.
Бұл мiндет орындалмаса рентаны алушы кепiлдiк нысанасына өндiрiс айналдыруға немесе мiндеттемелер орындалуын қамтамасыз ететiн өзге тетiгiн қолдануға жəне рентаны сатып алу бағасын құрайтын өндiрiп (өтетiн) алуға құқылы. Рента төлеушiге жауапкершiлiктiң тиiстiшараларын қолдануда жоққа шығарылмайды (осының мүмкiншiлiгi бар болып келедi).
Шарттың мазмұнына рентаға мүлiк ақыға немесе тегiн берiлдi ме сол елеулi əсерiн тигiзедi. Мысалы, мүлiктiң кездейсоқ бүлiнуiне немесе жойылуына байланысты құқықтар мен мiндеттерге. Егер мүлiк тегiн (ақысыз) берiлсе мүлiктiң кездейсоқ жойылуының немесе бүлiнуiнiң қаупi (тəуекелi) толығынан рента төлеушiде болып келедi. Бұл орын алғанда (осындай жағдайда), ол өзiне қолайлы болып келетiн жағдайлар бойынша келiсiп, рентаны тезiрек сатып алуы керек. Басқа амал рентаны алушы борышты кешiргенiнде болады (ҚР АК 373 бап).
Мүлiк рентаға ақыға берiлсе жəне мүлiк кездейсоқ жойылса немесе бүлiнсе, осымен байланысты тəуекел тараптар араларында үлестiрiледi. Рента төлеушi рента төлеудi тоқтатуы немесе оны төлеу жағдайларын өзгертудi талап ете алады. Бiздiң көзқарасымыз бойынша рента ұзақ мерзiм төленсе, яғни рентаны алушы едəуiр табыс тауып үлгерсе, онда ренталық төлемдердi тоқтатуға болады. Керiсiнше, ренталық қатынастар аз уақыт тұрмыс етсе, рента алушының мүдделерi оған iшiнара өтеу жасалуын талап етедi, сондықтан ренталық төлемдер тоқтатылмай тек азайтылуы мүмкiн. Өзге де мəселе шешiмдерiн табуға болады, мысалы, төлемдер сомасы бiрден емес, бiртебiрте азайтылуы мүмкiн. Барлығын ұйымды көнiретiн шешiм екi жақты келiсiм негiзiнде, өзара пайдалы жағдайлар бойынша рентаны сатып алу.
Достарыңызбен бөлісу: |