Лекция №18. Меншік құқығының ұғымы және мазмұны


Лекция №27. Рента шартының ұғымы мен түрлері; тұрақты рента,ғұмырлық рента,өмірбойы асырауда ұстау



жүктеу 0,61 Mb.
бет41/68
Дата02.06.2020
өлшемі0,61 Mb.
#30830
түріЛекция
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   68
Лекция 3 курс азаматтык кукык

Лекция №27. Рента шартының ұғымы мен түрлері; тұрақты рента,ғұмырлық рента,өмірбойы асырауда ұстау

Шарттың ұғымы рентаны экономикалық мағынасына сəйкес меншiк қатынастарының ерекше нысаны деп анықтауға болады. Олар (меншiк қатынастары) өз кезегiнде материалдық игiлiктердi белгiлi тұлғалар иеленетiнiмен немесе материалдық игiлiктер (заттар) бiреуге жататынымен сипатталады. Ренталық қатынастарға меншiктiң екiншi – ағымды (қозғалыс) күйi де тəн болып келедi жəне айта кететiн болсақ ренталық қатынастардың осы күйiн ескерген кезде ғана оларды анықтау қажеттiлiгi пайда болады.

Мүлiктiң қозғалысы (айналымы) көп қырлы құбылыс, ол мүлiк тиесiлiгiн түбiрiнен өзгерте алады немесе негiзгi меншiк иесiмен қатар мүлiктiң өзге тұлғаларға да тиесiлiгiн бекiте алады. Бұл осы жағдайларға байланысты шартты мiндеттемелiк қатынастар құрылады жəне

топтасады. Осы қатынастарды реттейтiн мiндеттелiк құқық экономикалық мағынада (мəнде) меншiктiң заңи мағынада меншiк құқығы жəне өзге заттық құқықтар өтуiн (ауысуын) қамтамасыз етедi. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығында субъектiлердiң тиiстi қатары қатысуымен заттық құқықтық қатынастардың пайда болуына жəне жүзеге асуына ықпал ететiн рента шарттары қарастырылған. Аталған шарттардан субъектiлердiң мiндеттемелiк құқықтары мен мiндеттерi де пайда болатыны сөзсiз. Бұл тарауда оларды қарауға артықшылық берiледi.

И. Грешников рентаның тұрақтанған түсiнiгiн берген: Рента сөздiң кең мағынасында (экономикалық маңызы бойынша), бұл – қолайлы жағдайлар немесе қандай болса да артықшылықтардың күшiнен пайда болатын табыс. Мысалы, егiн шаруашылығында, табысты өңделетiн жер учаскелерi құнарлы топырағын жəне орналасқан жерiн пайдаланып табыс табады.

Жылжымайтын мүлiктiң, кəсiпорындардың иелерi үшiн ренталық табысты алудың шарты болып жылжымайтын мүлiк объектiлердiң жəне кəсiпорындардың қасиеттерi келедi.

Рента қарымқатынастарын реттейтiн əмбебап нормалар Қазақстан Республикасы заңнамасында тұңғыш рет қабылданғасын (күшiне енгiзiлгесiн) пайда болды. Онда рентаға (рента шартына 517539 баптар арналған. Жалпы ережелердi реттейтiн нормалардан басқа олар тұрақты рентаны, ғұмырлық рентаны, өмiр бойы асырауда ұстауды реттейтiн нормаларды да қамтиды. Ал бұрынғы заңнамада тек өмiр асырауды қарастыратын тұрғын үйдi сату шарты ғана бекiтiлген едi.

Рента шарты бойынша бiр тарап (рента алушы) екiншi тараптың (рента төлеушiге) меншiгiне мүлiк бередi, ал рента төлеушi рента алған мүлiкке айырбас ретiнде рента алушыға белгiлi бiр ақша сомасы түрiнде немесе оны ұстау үшiн өзге де нысанда қаражат беру түрiнде мезгiлмезгiл рента төлеп отыруға мiндеттелген.

Рента шарты мүлiктi иелiктен шығаруға арналған шарттардың бiрi. Мүлiк рента төлеушi меншiгiне өтедi жəне бiр уақтылы мүлiктiң кездейсоқ жойылуы немесе бүлiнуi қауiпi оны күтiп ұстау ауыртпалығы да оған ауысады (оның мойнында болады). Сөйтiп, рента шартының мазмұнында басқа сату сатыпалу, сыйға тарту т.б. шарттармен ұқсастықтары бар.

Рента шартының ерекшелiгiмүлiк төлемақы төленiп, не болмаса төленбей берiлуi мүмкiн. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 519бабы бойынша осыған қарап сатып алу, сату шарты (25 тарау Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексi) немесе сыйға тарту шарты (ҚР АК 27 тарау) туралы ережелер қолданылады. Бұл осы шарттың (мiндеттеменiң) мəнiсiне қайшы болмауы керек. Аталған екi шарт нормаларының қолданбауы тiкелей рентаға қатысты нормалармен қарастырылуы мүмкiн.

Бiздiң көзқарасымыз бойынша, рентаның тағы да бiр нақты ерекшелiгi рента төлеушi рентаалушыға (мүлiктiң алғашқы иесiне) мүлiктiң жетiспеушiлiгi, бұзылғандығы туралы сатып алусату шарты бойынша сияқты толық көлемде келiспеушiлiк айтуға құқығы болмайды. Рента қатынастарының мəнiсi оларға сатып алусату қатынастары үшiн белгiленген нормаларды барынша абайлы жəне жағдайды ескерiп қолдануды талап етедi. Рента нысанасы (заты) оны рента төлеушiсiне берген кезде өзге тұлғалардың құқықтарымен ауырланғаны негiзiнен орын алмауы керек (осыған жол беруге болмайды). Себебi бұл шарт орындалуына кедергi жасайды. Сатып алусату шартына қарағанда рента шарты бойынша рента алушының мүдделiктерi өзгеше. Оның мүлiкте ауыртпалығы болмауына өз мүдделiгi бар болып келедi.

Егер ауыртпалықтар сонда да анықталса, осы рента шарты бойынша тараптардың құқықтары мен мiндеттерiне əсер етедi. Рентада сыйға тарту шартынан да айырмашылығы бар. Бiрақ заңнама арқылы айырмашылықтар мəселесi реттелмеген. Сондықтан бiз белгiлеп (анықтап) отырған сұрақтарға көзқарастар əртүрлi болуы мүмкiн. Рента шарты экономикалық ренталық қатынастарды тек жартылай қамтиды. ҚР Азаматтық кодексiнiң нормалары рантье – меншiк иесi туралы үйренiштi болып келетiн көзқарасты жоққа шығарады (бiз нақты рента шарты туралы айтып келемiз). Рента алушыда тек кейбiр жағдайларда ғана мүлiктi кейiн қайтаруға талап етуге мiндеттемелiк құқығы бар болады.

Аталған құқық барлық рента шарттарында пайда бола бермейдi. Тек ғұмырлық рента төленуi үшiн пəтер, тұрғын үй жəне өзге де мүлiк иелiктен тегiн шығарылса жəне рента төлеушiсi рента жағдайларын елеулi бұзса бұл мiндеттемелiк құқық пайда болады (ҚР АК 533 бабы 2тармақ). Осыған қатысты экономикалық мағынада бəрiбiр бұрынғы меншiк иесi өз мүмкiншiлiктерiн сақтай бередi деген қарсылықты айтуға болады. Алайда меншiк құқығы заңды түрде өзге субъектiге рəсiмделетiн болғасын бұл дəлелдеуiмiз (есептеуiмiз) тұрақсыз болып шығады. Рента төлеушiсi өзiне меншiктiң ауыртпалықтарын жүктеуге келiсуi үшiн салмақты себептер қажет. Жаңа меншiк иесi рентаны (табысты) алғашқы меншiк иесiмен бөлiсуге мəжбүр болғанына қарамастан, ол ұтыста да болады. Жаңа меншiк иесi өз бетiмен де рантье болып шығады.

Экономикалық ренталық қатынастар мүлiктi жалдау (аренда) шартымен де нəтижелi қамтылуы мүмкiн. Мүлiктiң жоғарылау саналық сипаттамалары немесе өзге ерекшелiктерi, мысалы ғимарат орналасқан жер, қосымша шығынданусыз жоғары табыс табуға мүмкiншiлiк бередi (аренда шарттарын жасасу негiзiнде). Бiрақ заңгер рента шартына кəсiпкерлiк емес қатынастарды реттейтiн ретiнде қарайтынын ұмытпауымыз керек (ҚР АК 523 б. 1т., 530 б. 1т.), рента (рента шарты) осы себептен кəсiпкерлiкпен беретiн құқықтық нысан болып бағалануы мүмкiн.


жүктеу 0,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау