Лекция №18. Меншік құқығының ұғымы және мазмұны



жүктеу 0,61 Mb.
бет38/68
Дата02.06.2020
өлшемі0,61 Mb.
#30830
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   68
Лекция 3 курс азаматтык кукык

Шарт жасасу тəртібі. Офертада акцептiге арналған мерзiм көрсетiлген жағдайда, егер оферта жiберген жақ акцептi онда көрсетiлген мерзiм iшiнде алса, шарт жасалған болып есептеледi.

Жазбаша офертада акцептiге арналған мерзiм көрсетiлмеген жағдайда, егер оферта жiберген жақ акцептi заңдарда белгiленген мерзiм бiткенге дейiн, ал егер ондай мерзiм белгiленбесе, оны жеткiлiктi дəрежеде қажеттi уақыт iшiнде алса, шарт жасалған болып есептеледi.

Оферта акцептiге арналған мерзiм көрсетiлмей ауызша жасалған жағдайда, егер екiншi тарап оның акцептi туралы дереу мəлiмдесе, шарт жасалған болып есептеледi. Егер оферта жiберген тарап екiншi тарапқа акцептi кеш алғаны туралы дереу хабарламаса, акцепт туралы мерзiмiнде жiберiлген хабар кешiктiрiлiп алынған жағдайда, акцепт кешiктiрiлген болып

есептелмейдi.

Егер оферта жiберген тарап екiншi тарапқа оның кешiктiрiлiп алынған акцептi қабылданғаны туралы дереу хабарласа, шарт жасалған болып есептеледi. Офертада ұсынылғаннан өзге жағдайларда шарт жасасуға келiскендiк туралы жауап акцепт болып табылмайды. Мұндай жауап офертадан бас тарту жəне сонымен бiрге жаңа оферта деп танылады. Егер шартта оны жасасатын жер көрсетiлмесе, шарт азаматтың тұрғылықты жерiнде немесе оферта жiберген заңды тұлғаның орналасқан жерiнде жасалған болып танылады.

Шарт жасасу алдындағы даулар. Шарт жасасу тараптардың бiрi үшiн мiндеттi болған реттерде, бұл тарап екiншi тарапқа акцепт туралы, не акцепттен бас тартатыны туралы немесе офертаға (шарт жобасына) өзгеше жағдайларға акцепт жасалатыны туралы (шарт жобасына келiспеушiлiк хаттамасы), егер заңдарда өзге мерзiм белгiленбесе, не тараптар келiспеген болса, офертаны алған күннен бастап 30 күннiң iшiнде хабар жiберуi тиiс.

Офертаны жiберген жəне шартты жасасуға мiндеттi тараптан оған өзге жағдайлармен акцепт жасау туралы хабар (шарт жобасына келiспеушiлiк хаттамасын) алған тарап шарт жасасу кезiнде пайда болған келiспеушiлiктi осындай хабар алған күннен бастап 30 күн iшiнде, не акцептiге арналған мерзiм өткен соң, егер заңдарда шарттардың жекелеген түрлерi туралы өзге мерзiм белгiленбесе, соттың қарауына беруге құқылы.

Егер шарт жасасуға мiндеттi тарап жiберген шарт жобасына отыз күн мерзiмде шарт жобасына келiспеушiлiк хаттамасы алынса, бұл тарап екiншi тарапқа шартты сол редакциясында қабылдайтыны туралы, не келiспеушiлiк хаттамасын қабылдамайтыны туралы келiспеушiлiк хаттамасын алған күннен бастап 30 күн iшiнде хабарлауға мiндеттi.

Келiспеушiлiк хаттамасын қабылдамаған не оны көрсетiлген мерзiмде қарау нəтижелерi туралы хабарды алмаған жағдайда келiспеушiлiк хаттамасын жiберген тарап, егер заңдарда шарттардың жекелеген түрлерi туралы өзгеше белгiленбесе, шарт жасасу кезiнде пайда болған келiспеушiлiктердi соттың қарауына беруге құқылы.

Егер шарт жасасуға мiндеттi тарап оны жасасудан жалтарса, екiншi тарап шарт жасасуға мəжбүр ету туралы талап қойып сотқа жүгiнуге құқылы.

Шарт жасасудан негiзсiз жалтаратын тарап екiншi тарапқа шарт жасасудан бас тарту туғызған залалдың орнын толтыруға тиiс. Егер шарт жасасу кезiнде туындаған келiспеушiлiктер тараптардың келiсуiмен соттың қарауына берiлген болса, шарттың тараптар келiспеген ережелерi сот шешiмiне сəйкес белгiленедi.


жүктеу 0,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау