9.2 Физикадан есеп шығаруда компьютерді қолдану. Компьютерді пайдаланып есеп шығару процесінің кезеңдері.
Физика сабақтарында оқушыларды компьютерлік техниқаға қатыстырудың әр түрлі тәсілін қолдануға болады. Олардың бірі — компьютердің көмегімен физиқалық есептерді шығару.
Жалпыға бірдей білім беретін мектеп жүйесіндегі физика курсында есептерді шығару сабақтары оқу процесінде маңызды орын алады.
Есеп шығару - оқушылардын ой-өрісін дамытудың негізгі кұралы, алған теориялық білімді іс жүзінде қолданудың жолы. Олар физикалық кұбылыстар мен заңдарды тереңірек және берік меңгеруге, логиқалық ойлаудың дамуына, игерген білім негіздерін өзара байланыстырып қолдана білуге үйретеді. Есеп шығару барысында кейде физикалық жаңа ұғымдар мен формулаларды алғашқы рет енгізуге, оқушыларға оқып үйренілетін заңдылықтарды алдын-ала түсіндіруге, жана оқу материалының мазмұнымен күн ілгері таныстыруға болады.
Оқу процесінде, әдетте, физикалық есептер онша үлкен қиындықтар тудырмайды, ол жалпы алғанда логиқалық тұжырымның көмегі арқылы физиканын заңдары мен әдістері негізінде математиқалық есептеулер мен зксперименттің көмегімен шығарылады, Әйткенмен, мұндай сабақты, әдістемелік тұрғыдан алғанда дұрыс құру және өткізу біршама күрделі.
Есептерді шығару көптеген мақсаттарды көздейді: физикалық құбылыстардың мазмұнын түсінуге, ұғымдарды қалыптастыруға, оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту және оларға өз білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйрету, оқушыларды тәрбиелеу, білімдерін, дағдылары мен іскерліктерін қадағалау және есепке алу.
Осы маңызды мақсаттарға қол жеткізу үшін есептің шартын терең түсіну қажет, оған жетудің тиімді жолдарынын бірі - есеп шығаруда компьютерді пайдалану.
Оқыту барысында ЭЕМ физика мұғаліміне физикалық есептеу экспериментіне жиірек сүйенуге, қандай да бір физикалық шамалардың арасындағы байланысты көрнекі түрде көрсетуге, оқытудың қолданбалы бағытталуын күшейтуге себептесетін физика-техниқалық мазмұндағы есептерді тереңірек зерделеуге мүмкіндік береді. Машиналы графиқаны пайдалана отырып, экранда суреті көрсетілген бағдарлама жазуға, сондай-ақ қозғалысқа келтіруге болады. ЭЕМ-нің бұл мүмкіндігі көзге байқалмайтын кейбір физикалық, процестерді демонстрациялап көрсетуге пайдаланылады. Атап айтқанда, альфа-белшектердің шашырауы, тізбекті реакция және т.б.
ЭЕМ-мен жұмыс істеуге бағытталған есептердің оқу материалына, ең алдымен, белгілі бір психология-педагогиқалық және дидактиқалық талаптар қойылуы тиіс. Міндетті түрде оқушылардың осы кезеңге дейін меңгерген білімдеріне сүйену қажет (бірінші көзекте информатиқадан, математиқадан, физикадан).
ЭЕМ-ді пайдаланып есеп шығарғанда физика теориясын, құбылыстардың және процестердің қолдану шеқарасын анықтап, оларды аналогтық амал арқылы жүзеге асыруға болады.
Жалпы алғанда ЭЕМ-ді мүмкіндігінше тек қажетті кезде ғана пайдалану керек. Физика есептерін шыгаруда 10-20%-не ғана ЭЕМ-ді тиімді пайдалануға болады. Ондай есептерге төмендегілер жатады:
а) Белгілі формулалар бойынша көп қайталап есеп-
теу жургізуді талап ететін есептер.
ә) Физикалық, процесті модельдегенде трансцендентті немесе жоғары дәрежелі теңдеулермен өрнектелетін есептер.
Мұндай есептерде әр түрлі сандық әдістерді пайдалануға тура келеді. Әдетте, сандық әдістердің көбі бірнеше рет қайталап есептеуді талап етеді.
б) Физикалық, процестерді модельдегенде, кейбір
құбылыстарды сөзбен тусіндіру, көзбен көру қиын бола-
тын есептер.
Тандалынып алынатын есептер ЭЕМ-нің көмегімен шығару тиімді екенін керсете алатындай болуы керек. Олардың ішінде техниқалық объектінің немесе нақты физикалық модельді есептеуге мүмкіндік беретін есептердің болғаны дұрыс.
Есептерді іріктеу кезінде төмендегі талаптарды ескерген орынды:
—есеп тек ЭЕМ-нің көмегімен шығарылады немесе шешілуі өте қиын;
—ЭЕМ-ді қолданғанда есеп тез шығарылады және сәйкес бағдарламаны құру көп уақытты талап етпейді;
—есептер оқушылардың логиқалық ойлауын дамытатындай, оларға сабақ болатындай мағыналы болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |