Лекция №11 Оқу тобы: 502-19 Тақырыбы: 11. Компьютерлік құралдарды физикалық процестер мен құбылыстарды модельдеуге қолдану


Компьютерді пайдаланып есеп шығару процесін шартты түрде бірнеше кезеңдерге бөлуге болады



жүктеу 33,03 Kb.
бет4/4
Дата03.02.2022
өлшемі33,03 Kb.
#35608
түріЛекция
1   2   3   4
ЛЕКЦИЯ №11 МФЭТ 1502-19

Компьютерді пайдаланып есеп шығару процесін шартты түрде бірнеше кезеңдерге бөлуге болады:

—есептің қойылуы;

—математиқалық модель құру;

—алгоритм кұру;

—компьютерде бағдарламалау;

—алынған нәтижелерді талдау.

Әртүрлі есептердің қиындықтарына қарай бұл кезеңдер әр түрлі қолданылуы мүмкін. Кейбір жағдайларда жекеленген кезеңдердің орындалуы өте қарапайым болып келсе олар байқалмай кетуі мүмкін.

Шығарылу жолы қиын және күрделі болса, ондай есептердің алгоритмін түзіп, бағдарламасын құрып ЭЕМ арқылы шешу тиімді. Ол үшін алдымен, есеп бірнеше беліктерге белініп, олардың қандай тізбекпен шешілетіндігі анықталады.

Яғни, бірінші кезең есептің койылуы. Бұл кезең есептің шарттары мен алынатын нәтижелерін ажыратып керсетуге арналады. Одан кейінгі екінші кезеңде, формула түрінде жазылатын оның математиқалық моделі жасалады. Есеп шығаруда математиқалық модельді кұру үшін алдымен:

— математиқалық, модель негізделетін болжамды бөліп алу;

— алғашқы мәліметтер мен нәтижені анықтап алу;

— алғашқы мәліметтер мен нәтижені байланыстыратын математиқалық, қатынастарды (формула, теңдеу, теңсіздік және т.б.) жазу қажет. Яғни, осы кезеңде оның математиқалық моделі зерттеліп, бағдарламаланады (схемалар машина тіліне аударылады, операцияларды орындау тізбегі қадағаланып, тексеріледі). ЭЕМ-де қажетті есептеуді жүргізіп, жауабын беру үшін оған қажетті нұсқаулар мен әрекеттер тізбегін беру қажет. Мұндай нұсқау есепті шешу алгоритмі деп аталады.

Алгоритм құру - ЭЕМ-мен есеп шығарудың үшінші кезеңі болып табылады. Онда, ЭЕМ алгоритмді адамның қатысынсыз, автоматты түрде орындайды. Бұл процесс арқылы математиқалық модельдің жәрдемімен есептің жауабы табылатын тәсілдер тағайындалады. Ол үшін, алгоритм ЭЕМ-ге түсінікті арнайы тілде, яғни қандай да бір бағдарламалау тілінде жазылуы тиіс. Яғни онда, есептін шығарылу алгоритмі белгілі ереже бойынша машина тіліне аударылады. Бағдарламалау тілінде жазылған алгоритм бағдарлама деп аталады.

Төртінші кезең - бағдарламалау процесі. Бұл кезде блок-схема кұрылады және бағдарлама ЭЕМ тілінде жазылатын болады. Бағдарлама жасау процесі арнаулы бланқаларға жазылған команда (нұсқау, бұйрық) арқылы орындалады. Бесінші кезең -ЭЕМ тапсырма алғаннан кейін есепті автоматты түрде өзі шешеді. Есептеуді ЭЕМ-де жүргізе отырып, алынған нәтижені талдау керек. Мұндай жағдайда математиқалық модельді нақтылау қажеттігі пайда болуы мүмкін.

Модельді нақтылап болғаннан кейін, алгоритмді қайта кұрып, ЭЕМ-мен есептеуді жүргізіп, нәтижені талдайды. Бұл процесс алынған нәтиженің талдауы зерттеліп отырған объектіге толық сәйкес келгенше жалғасуы мүмкін.

Физикалық есептерді шығару процесінде көп жағдайда электронды есептеу техниқасын пайдалану оқушылардың жұмысының өнімділігінін артуына ықпалын тигізеді. Компьютер әдеттегі физика есептерін жаңа мазмұнмен толықтыруға мүмкіндік береді, оларды анағұрлым қолайлы, қызықты етеді.

Дегенмен, компьютерді пайдалану оқудағы физикалық есептердің әр түрлі типіне тиімділігі бірдей емес. Сондықтан оқыту әдістемесінде бар физика есептерінің топтастырылуына тоқталайық.

Жинақтарда, орта мектепте пайдалануға берілген барлық есептерді әр түрлі негізде топтастыруға болады.

Дидактиқалық мақсатта есептер мынадай түрге бөлінеді:

а) жәй есептер, өтілген анықтамаларды бекітуге арналған, формулалардың мәнін, заңдарды түсіндіретін, дайын формула арқылы кейбір өлшемдерді табуға арналған жаттығу есептері;

б) күрделірек есептер, белгілі бір физикалық жағдайдың талдауын талап ететін, берілген есепте қандай физикалық заңдылық кұбылысты сипаттайтынын түсіне отырып өтіп кеткен такырыпты қолдана білу, математикада пайдаланып жүрген заңдылықтарды көрсету және т.б.

Мұндай есептер көбінесе тек қана есте сақтауға ғана емес, сондай-ақ тиімді түрде ойлауға - олар оқушылардан алған білімдерін өзбеттерінше берілген есеп шартына қарай қайта


өндеуін талап етеді. Бұл есептер білімді, іскерлікті тереңірек меңгеруге және оларды қолдана білуге жәрдемдеседі;

в) есеп шарты оқулықта берілгеніне қарағанда онша таныс емес немесе сабақта шығарған есептерге ұқсастығы аз, есепті шығару кезінде білімді қолдану аумағынан екінші бір аумақта қолдана білу талап етілетін: механика заңдарын, электродинамикада электр немесе магнит өрісінде зарядталған бөлшектің қозғалысын есептеуге;

г) оқушылардың жана білім алуы үшін пайдаланылатын есептер болып келеді. Оларды шығару процесінде оқушылар есепті қайта құру жолымен оны қайта өзгертетін проблемалы жағдайда болады.
Оқу экспериментінің әр түрін жүргізген кезде мұғалім оқушылардың назарын экспериментті қоюдың және орындаудың жеке кезеңдеріне ерекше назар аударады, бірақ жалпы алғанда оқушыларда бүкіл алгоритм, зерттеуді орындауға қажетті барлық дағды қалыптасатын болады.

Компьютерлік модельдер басқа да көрнекілік құралдарымен бірге оқу процесінің тиімділігін әлдеқайда көтереді. Компьютерлік модельдерді пайдалану физикалық құбылыстар мен процесстерді сенімді де дәл көрсетіп, оларды экспериментте түрлі жағдайда қайталап, мән-мағынасын терең түсінуге мүмкіндік береді.



Бұл компьютерлік модельдердің көмегімен оқушылар өздігінен шығармашылық жұмыс істеуге, теориялық білімді тәжірибеде қолдануға мүмкіндік алады. Яғни, физикалық құбылыстың моделін тікелей көзбен көре отырып зертханалық эксперименттер жасап, практикалық мәнісіне тереңірек үңіледі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Косов В.Н., Красиков С.А. Компьютерное моделирование на уроках физики. – Алматы, 2001 г.

  2. Керiмбаев Н.Н. Компьютердi пайдаланып физикадан зертханалық - практикалық жұмыстар жүргiзу. –Алматы, 2002 ж.

  3. А.В.Сорокин, Н.Г.Торгашина, Е.А.Ходос, А.С.Чиганов “Физика – наблюдение, эксперимент, моделирование (Учебное пособие)”, Москва, БИНОМ. Лаборатория знаний, 2006 год.

  4. Электронды есептеуіш машиналарды физика сабағында пайдалану (Жоғарғы класс оқушылары мен орта мектеп мұғалімдеріне арналған әдістемелік көмекші құрал), Алматы 1988 жыл.

жүктеу 33,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау