Лекция №1 Студенттің оқу-танымдық іс-әрекетің ұйымдастыру


Курстық жұмыстың жоспарын орындау тәртібі



жүктеу 0,6 Mb.
бет4/4
Дата02.03.2018
өлшемі0,6 Mb.
#10985
түріЛекция
1   2   3   4

Курстық жұмыстың жоспарын орындау тәртібі 
Студент жұмыстың мазмұнын (жоспарын) құрастырғаннан кейін жұмыстың кіріспеден бастап, әдебиеттер тізімі мен қосымшалармен бірге барлық құрылымдық элементтерін жазу керек.
Курстық жұмыстың кіріспесі 1,5-2 бетте жазылып келесілерді қамтиды: тақырыптың актуалдылығы; жұмыстың мақсаты мен міндеттері; жұмыстың объектісі; әдістемелік негізі мен тәжірибелік маңыздылығы. Осы элементтердің әрбірін кезекпен жеке-жеке қарастыру барысында, студент курстық жұмыстың нақты кіріспесін алады.
Курстық жұмыс құрылымы (жоспары) бойынша сәйкесті сұрақтарды қамту қажет (үлгілік жоспарды қараңыз). Жұмыс мәтінінде олар сұрақтар (мазмұны) бойынша кезектесіп, логикалық, тәжірибелік материалмен байланысты жоғары теориялық деңгейде (мысалдармен және жағдайлармен) жазылу керек.
Сұрақтардың атауы жоспарда қарастырылған сұрақтармен сәйкес болу керек. Әрбір сұрақтың мәтіні жаңа беттен басталады, ал бөлімшелердің мәтіні бет қалдырмай ары қарай жалғастырылып жазылады.
Курстық жұмыста студент жоспардың әрбәр сұрағы бойынша теориялық негізді баяндау тиіс, жаңа экономикалық әдебиеттерден алған терең білімді көрсету керек.
Теориялық негізін студент рәсімделген құжаттармен, материалды-жауапты тұлғалардың есептерімен, есептік регистрлермен, қаржылық есептілікпен дәлелдейді. Берілген қосымшалар курстық жұмыста қолданылу реті бойынша номерленіп, жұмыстың соңында орналасады. 
Курстық жұмыста қолданылатын нақты кәсіпорынның тәжірибелік материалы студент тарапынан тәжірибелік бағалануы тиіс.
Жоспардың сұрақтарына жауап жазу барысында студент оқығандарды теріп жазумен шектелмей, мәтінді өз сөзімен жазу керек. Кітаптардан, оқу құралдарынан, стандарттардан көшіріліп жазылған курстық жұмыс қорғауға жіберілмейді және студентке қайта жөндеуге беріледі.
Курстық жұмыстың мәтінін цитаталармен әрлендірген дұрыс емес. Келтірілген цитаталарды тырнақшаға алып, алынған қайнар көзді көрсету керек. Көрсетілген сілтемеде бұл цитата алынған әдебиеттер тізіміндегі кітап номері мен беті жазылады. 
Берілген әдістемелік нұсқаулықтарда курстық жұмыстардың тақырыптарына сай қосымшалар тізімі келтірілген. Студент оларды курстық жұмыстың нақты тақырыбымен байланыстыру керек. Қосымшалардың саны студенттің қалауымен көбейтілуі мүмкін.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды зерттеу және нақты мәліметтерді жинақтау барысында студент заң актілерін қолдануда құқық бұзушылық фактілері мен бөлімшелерде кәсіпорынның белгіленген есеп саясатына сәйкес келмейтін жағдайлар, сонымен қатар бухгалтерлік есепті жүргізудің алдыңғы қатарлы тәжірибесі бар ма екенін анықтау керек. Сонымен қатар жүргізілетін есеп есептік ақпаратты пайдаланушыларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етілетіндігіне назар аудару қажет.
Нақты пайдаланылатын материалды жинақтау мен өңдеу кезінде студент есепті жүргізу барысында анықталған қателіктер мен жетіспеушіліктерді жоюға, есептің әдістемесі мен ұйымдастырылуын жетілдіруге септігін тигізетін ұсыныстарды қалыптастыра білу керек. 
Сандық мәліметтер топтастырылған және жүйелендірілген түрінде кестелер мен графиктерде көрсетіледі. Соңғыларды әзірлеу маңызды. Кестелер оларға сілтемеден кейін мәтінде орналастырылады, бірақ кестелерді бір беттен екінші бетке көшіру рұқсат етілмейді; кестенің атын оның құрылымымен бөлектеуге болмайды, кестелерде реттік номер, олардың мазмұнын ашатын аты, ал соңында ескерту - қайнар көзге сілтеме болу керек.
Сандық мәлімет курстық жұмыстың мазмқнына сәйкес болу керек. Берілген материалға тікелей қатысы жоқ мәліметтерді келтіруге болмайды.
Кестелерде және мәтінде үлкен сандарды толығымен жазған дұрыс емес. Ол үшін қажетті нақтылыққа сәйкес өлшем бірліктерін ірілендіру керек. Жалпы белгіленген сөздерден басқаларын мәтінде қысқартуға болмайды. Курстық жұмыс көлемі қосымшаларды санамағанда компьютерде терілген 15-20 беттен кем болмауы тиіс. Курстық жұмыстың беттері мен қосымшалар кіріспеден №3 бастап номерленеді.
Курстық жұмыстың бірінші бетін үлгіге сәйкес рәсімделуі тиіс (қосымшаны қараңыз). Күндізгі бөлім студенттеріне оны рәсімдеу одан да жеңіл, жұмыс орыны мен мекен-жайы көрсетілмейді.
Сұрақтардың мәнін толығымен ашқан соң қорытынды жазылады. Көлемі бойынша 2,5-3 беттен аспауы тиіс. Қорытындының мәтіні резюме негізінде жазылады, яғни әрбір сұрақ бойынша қысқаша мәлімдеме. Қорытынды мәтіні тақырыпты жетілдіру ұсыныстарымен аяқталады.
Қорытынды мәтінінің соңғы бетінде студенттің қолы мен жұмысты аяқтау күні қойылады.
Ары қарай пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі. Ол 15-тен кем болмауы тиіс. Олардың реті келесі бөлімдер мен жалғасымдылықты қамту тиіс.
Заңдар мен басқа да нормативті актілер – мәнділігі мен мерзімі бойынша беріледі.
Кітаптар, монографиялар, оқу құралдары авторлардың аты-жөні бойынша алфавиттік ретте.
Соңғы екі жылдағы анықтамалық әдебиет.
Баспасөз беттерінде жарияланған мәлімет (автордың аты-жөні, мақаланың аты мен қайнар көзі, авторлар бойынша алфавиттік ретте)-соңғы екі жылдағы мәліметтер болған дұрыс.
Қосымшалар мәтінде берілуіне байланысты номерленіп, негізгі мәтінмен бірге ары қарай жалғастырылып бет номері қойылады; беттер кіріспедегі 3 номерден бастап соңғы қосымшаға дейін сандарды үзбей қойылады.


Тақырып 8. Студенттің ғылыми білімінің келешек дамудың перспективалары.
Қазіргі жоғары білім берудің негізгі міндеті мамандарды даярлау. Дәстүрлі түсінуде мамандарды даярлау үшін – нақты білімдерді игеру жеткіліксіз болып табылады. Қазіргі күнде білім беру мекемелерінде бірінші орынға қажетті білімнен басқа, болашақ мамандардың әдіснамалық мәдениетін қалыптастыру және шығармашылық ойлауын мақсатты түрде дамыту керек, студенттерді өздігінен білім алуға үйрету, жаңа ғылыми, техникалық бастамалы пікірлерін қалыптастыру (генерировать). Дипломды кадрларды дайындаудың басты мақсаты шығармашылық әлеуетін қалыптастыру іргетасы ретінде, тиімді инновациялық қызметтің қажетті шарты болады. Мұндай мамандарды дайындаудың қиындығы терең білімдер жүйесін тереңдей меңгерумен шығармашылық қабілеттерінің дамуын біріктірілуінің қажеттілігімен байланысты.

Қазіргі жағдайларға байланысты, заманауи өндіріс тәжірибеге бағытталған, мамандардың жетіспеуін көруде. Бүгін жоғары технологиялық қалыптасуы мен шығарылуына мүмкіндік туғызатын, қолданьалы ғылыми-техникалық өңдеулердің пайда болулары үшін жағдайлар жасайтын, ғылыми кең технологияларға терең білімдердің айналу үдерісіне назарын күшейтуге қажеттілігі туындайды. Бірақ, бұл оңсыз да заманауи жоғары оқу орнының негізгі міндеті – үздіксіз өзін дамытып және өздігінен білім алуға дайын, бәсекеге қабілетті маманды даярлау ақиқат болып отыр. 

Құзыретті тұрғы оқытудың қызметтік және тұлғалық-бағдарлық технологиясын қолдануды болжайды, яғни студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының даму мәселелерін шарасыздан белсендендіреді. Ал студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының өзі болашақ түлектердің кәсіби және тұлғалық құзіретін қалыптастырудың инновациялық жүйесінің жаңа кескіндеріне ие болуда.

Жоғары оқу орнында студенттерді даярлау үздіксіз өздігінен білім алуға, ғылыми зерттеудің қазіргі әдістерімен таныстыруға және қисынды ойлау мен ойлау қызметін дамытуға сүйенеді. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі мақсаттары болып:

– таным мен зерттеудің ғылыми әдістерін меңгерумен шығармашылық кәсіби ойлау дағдыларын қалыптастыру;

–  білім беру, оқу, тәрбиелік, ғылыми және тәжірибе үдерістерінің тұтастығын қамтамасыз ету;

– әрбір студент үшін тұлғасының шығармашылық дамуына, ғылыми зерттеулерге және ғылыми-техникалық шығармашылыққа қатысуға өз құқығын жүзеге асырылуына мүмкіндік туғызатын, жағдай жасау және дамыту;

– әрбір қатысу үшін ғылыми зерттеуде оның қажеттіліктері, мақсатты нұсқаулары мен қабілеттеріне сәйкес, құнды, тең және қолайлығы.

Қойылған мақсаттарға жету келесі міндеттерді шешу жолдарымен жүзеге асырылады:

– студентке ғылыми-зерттеу жұмысына қатысу формасын таңдауына  құқығын айқындау және ұсыну;

– қызмет тәжірибесі мен дағдыларына, ептіліктеріне, білімдеріне негізделген,  кәсіп саласында ой жүгірту мен ой тұжырымдамасының, жүйелік түсінігін игеру;

– талдау, салыстыру, жіктеу, жүйелеу мен жалпылау әдістерін меңгеру;

– бір сарынды емес ойлай білуін дамыту, яғни бірдей жағдайларда зерттеу міндеттерін шешудің көптеген түрлі мақсаттарын, қарама-қайшы жағдайларда қарама-қайшы емес шешімдерін табуға және білімді тәжірибеде қолдану;

– ғылыми зерттеудің технологияларын жүзеге асыру икемділіктерін дағдыландыру, экспериментті ұймыдастыру және қою ептілігі, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өңдеу және бағалау;

– кітаппен және басқа аса заманауи ақпарат көздерімен библиографиялық, өзіндік жұмыстарында дағыдаларын дағдыландыру;

– зерттеудің ғылыми құндылығына, оның шынайылығын, мазмұндылығы мен тәжірибелік тиімділігіне жауапкершілік сезімін тәрбиелеу;

– оқыту үдерісінде оқытушымен оның шығармашылық байланысын нығайту, ғылыми-білім беру бағытымен студенттердің тығыз байланысын орнату.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының түсінігі келесі элементтері біріктіреді:

– студенттерді зерттеу еңбегінің негізіне оқыту, оларға нақты дағдыларды ендірту;

– оқытушының жетекшілігімен ғылыми зерттеулерді орындау.

Жоғары оқу орнында оқыту үдерісінде студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын дұрыс ұйымдастырылуын және жоспарлануын келесі қызмет топтары орындайды:

 білім беретін: теориялық (ғылыми факттар) және тәжірибелік (зерттеудің ғылыми әдістері; эксперименттерді жүргізу әдістемелері; ғылыми білімдерді қолдану амалдары) білімдерді меңгеру;

 ұйымдастырушылық-бағдарлық: әдебиеттерді, деректемелерді бағдарлана алу икемділіктерін қалыптастыру; өз қызметін ұйымдастыра және жоспарлай алу ептілігін дамыту; ақпараттарды өңдеу әдістерін таңдау;

 талдап-түзетушілік: студенттің рефлексиясымен, оның өзін-өзі тексерумен, өз қызметін жоспарлау мен ұйымдастыруды өздігінен жетілуімен; оқу-танымдық қызметін түзету мен өзін-өзі түзету байланысты; 

 мотивациялық: ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру үдерісінде, танымдық қажеттілігі ғылымға қызығушылығын дамыту және нығайту, жетілдіріліп жатқан ғылыми мағлұматтың теориялық және тәжірибелік маңыздылығына сендірту;    зерттелініп жатқан ғылыми мағлұмат саласындағы келелі мәселелерімен, әртүрлі көзқарастарымен терең танысуға ықыласын дамыту;

 дамытушы: шығармашылық, сыни ойлаудың дамуы, қалыпты және қалыпсыз жағдайларда әрекет ете алу икемділігі, өз көзқарасын дәлелдей алуы ептілігі; мотивацияны дамыту (тануға талпыну, қызығушылығы), қабілеттерін дамыту (танымдық, коммуникативті, арнайы қабілеттерін және т.б.) түсінігі;

 тәрбиелеуші: адамгершіліктік және құқықтық сана-сезімің қалыптасуы; өзгеруші әлеуметтік ортаға бейімделу қабілеттерің тәрбиелеу; теңбе-тең өзін-өзі бағалауын, жауапкершілігін, мақсатқа талпынушылығын, өзін-өзі жігерлі реттеушілігін, қиындықтарды және басқа қабілеттер мен мінез-құлық кескіндерін жеңудегі батылдылығын қалыптастыру. Тәрбиелеуші функциясы кәсіби бейімділіктерін, кәсіби этикасын тәрбиелеуді де қосады.

Жоғары кәсіби білім беру жүйесінде студенттердің ғылыми-зерттеу қызметінің түрлері мен формаларын қолдану мен еңгізу бойынша бірнеше бағыттарды көрсетуге болады:

- зерттеу типінің міндеттерін орындаумен оқу үдерісін (дәрістерді, семинарларын, тәжірибелік және лабораториялық сабақтарын) ұйымдастырудың дәстүрлі академиялық формаларын байыту;

- ғылыми қызметке студенттерді тартудың оқудан тыс формаларын дамыту (мәселен, ғылыми баяндамалар, мақалалар жазу, мәлімдемелер дайындау; олимпиадалар және ғылыми конференцияларының өткізілуі; ГРАНТтар алу үшін жобалар дайындау; оқытудың факультативтік формалары; жоо - өндірістің және басқаларының ғылыми ынтымақтастықтарының формалары);

- студенттердің (ғылыми-зерттеу үйірмелері, жас зерттеушілер ұжымдары және т.б.) ғылымитәжірибелік қызметінің коллективті формаларын жоғары оқу орны үшін көп таралмаған ерекшеліктерін енгізу.

Студенттерді ғылыми шығармашылыққа тартудың формалары мен әдістерін оқу үдерісі мен сонымен қатар, білім алу кезінде жүргізілетін оқу жоспары мен жұмыс жоспарларына (ғылыми зерттеу негіздері бойынша арнайы дәріс курстары, ғылыми зерттеудің элементтерін оқу сабақтарының әртүрлі түрлерін, студенттердің оқу-зерттеу жұмысы) ғылыми- сәйкес, ғылыми-зерттеу жұмысына тартуды бөлуге болауды, сонымен қатар сабақтан тыс уақытта студенттермен орындалатын, ғылыми-зерттеу жұмысы.

Оқу барысында орындалатын, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысның маңызды формасы болып, лабораториялық жұмыста ғылыми зерттеу элементтерін ендіру керек. Мұндай жұмыстарды орындағанда студент жұмысты орындау жоспарын өздігінен құрастырады, керекті әдебиеттерді іріктеп алады, математикалық өңдеулері мен нәтижелерін талдауды жүргізеді, есеп дайындайды.

Төмен курс студенттері үшін оқу үдерісінің шеңберінде СҒЗЖ негізгі формалары болып рефераттарды, ғылыми іздену элементтерімен жеке үй жұмыстарын дайындау, пән үйірмелеріне қатысу. 

Оқудан тыс уақытта орындалатын; СҒЗЖ негізгі формасы болып, студенттерді кафедрада жүргізілетін, ғылыми зерттеулерді орындау үшін тарту.

Студенттердің зерттеушілік ептіліктері мен шығармашылық әлеуетін белсендендіретін, тиімді әдістер мен формаларын негізінде, келесілерін бөліп көрсетуге болады: эвристикалық әдістерді қолдану, студенттермен пікірталастар жүргізу және ұйымдастыру, пікірталастарға қатысуға мамандарды тарту; зерттеу жобаларын дайындауға студенттерді тарту; студенттерді жобалық оқыту шеңберінде шағын зерттеуші топтарының жұмысына тарту.

Бұл оқыту әдістер мен формалары студенттердің өнімді ойлауын дамытуға, олардың оқуда дербестігін, жаңа ойларды ұсынуды ынталандыруға мүмкіндік туғызады.

Сол себептен, болашақ мамандарды дайындау үдерісінде, егер студенттер ғылыми-зерттеу қызметінің сан алуан формаларына қатыстырылса, ғылыми жұмыс нәтижелі болады. Сондықтан студенттерді оқытудың барлық кезеңінде ғылыми қызметін орындауда болашақ мамандарды даярлауды жүйелі және мақсатты жүзеге асыру, ғылыми қызығушылықтарын, қабілеттерін, мүмкіндіктерін және студенттердің ғылыми жұмысының тәжірибесінің есебінде шығармашылық топтарын жасау; оларды ғылыми жұмыстың әдістемесімен қаруландыру; практикаға ғылыми нәтижелерді ендіруде жетістік жағдайларын жасау; ғылыми мәселелерді шешуде шығармашылық қызметін және зерттеушілердің дербестігін ынталандыру керек.

Студенттің ғылыми-зерттеу мәні, біріншіден, оны орындау үдерісінде әрбіреуі зерттеу ептіліктері мен дағдыларының нақты тізбесін меңгеруі көрінеді. Жұмысты, жақсы қорғау (дегенмен бұл да маңызды) үшін емес, қызықты зерттеу жасау, ал бұл үшін өңдеуде оқыту мен тәрбиелеудің нақты мәселелерінің негізінде әрбіреуі келесілеріне үйренулері керек:

– әдебиетті өздігінше іріктеу;

– патентті іздеу жүргізу;

– ғылыми әдебиетті конспектілеу және талдау;

– ғылыми жаңалықпен жұрт алдына шығу;

– зерттеу мәселесі бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмысын жүргізу;

– зерттеу тақырыбы бойынша құжаттаманы зерттеу және т.б.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы, оқу, ғылыми және тәжірибелік үдерістері қызметтік әртүрлі формаларымен, шығармашылық еңбектің дағдыларын алуға мүмкіндік тудыратын табиғи байланысты, сонымен қатар, олимпиадаларға, жарыстарға, көрмелерге, студенттік семинарлар мен ғылыми конференцияларға, ғылыми-білім беру форумдарына қатысуды; ғылыми-зерттеу тәжірибелерін ұйымдастыруды; зерттеу жоспарының бітіруші біліктілік жұмысының орындауды; ғылыми басылымдарды дайындауды; ғылыми-зерттеу жобаларын орындауға қатысу; оқу-ғылыми және оқу-өндірістік орталықтарының шеңберінде зерттеу және жобалық жұмысын жүргізуді болжайды.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы ұйымдастыру формалары – ғылыми зертханалар, үйірмелер, студенттік ғылыми орталықтары, жобалық және конструторлық бюросы, студенттік ғылыми қоғам – тұлғалық танытуына, ұжыммен өзара қарым-қатынасын жасауға мүмкіндік береді, өзінің ұйымдастырушылық және лидерлік қабілеттерін көрсетуге, өзіне және қоршаған ортаға сыни қатынасының дәрежесін реттеуге, төзімділікке үйретеді.

Түлектің құзіреттілігін қалыптастыру үдерісін тиімді жүзеге асыру үшін, ең алдымен, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының кешенді жүйесінің жетілдірілуінің негізіне шығармашылық қызметтің концепциясы салынуы тиіс.

Осы жобаның өзектілігі келесі тұрғыларды қарастырылады: студент тұлғасының өздігінен жетілуі; білім беру мен ғылымның интегралдау; танымдық өзектілік және оны ғылыми-зерттеу қызметіне кірістіру.

Қазіргі уақытта студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының дамуы үшін де, және білім беруде инновациялық үдерістерді ендіру үшін де кең көрініс пайда болды.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Демченко, З.А. Научно-исследовательская школа студента исследователя [Текст] / З.А.  Демченко // Высшее образование в России, 2010. – № 12. – С. 155-158.

2. Труувяли Э.Ю.В. Студенческая научная работа и ее исследование. — материалы научно-методич. конференции «Проблемы педагогики выс­шей школы.» – Тарту: ТГУ, 1972, с. 80-82.

3. Бережнова Е.В. Основы учебно-исследовательской деятельности студентов: Учебник для студ. сред. пед. учеб. заведений / Е.В.Бережнова, В.В.Краевский. – М.: Издательский центр Академия, 2005. – 128с.

 4. Петрова С.А. Основы исследовательской деятельности: Учебное пособие / С.А.Петрова, И.А.Ясинская. – М.: ФОРУМ, 2010. – 208с. – (Профессиональное образование)

 

 



 
жүктеу 0,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау