Лекция №1 Студенттің оқу-танымдық іс-әрекетің ұйымдастыру



жүктеу 0,6 Mb.
бет1/4
Дата02.03.2018
өлшемі0,6 Mb.
#10985
түріЛекция
  1   2   3   4

ПОӘК 042-18-3.1.59/02-2015

Басылым №1

11.06.2015



-бет беттен



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ

СМЖ 3-деңгейдегі құжаты

ПОӘК

УМКД


042-18-3.1.59/01-2015

Оқытушылар үшін «Мамандыққа кіріспе» пәнінің жұмыс – оқу бағдарламасы

№1- басылым

11.06.2015











«МАМАНДЫҚҚА КІРІСПЕ»


ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В050800 «ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ» МАМАНДЫҒЫ ҮШІН

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей 2015












Лекция № 1 Студенттің оқу-танымдық іс-әрекетің ұйымдастыру.

1.Қазіргі таңда ҚР-да білім берудің мемлекеттік стандартары.

2. Студенттердің танымдық белсенділіктерінің деңгейлері.

Қазіргі таңда ҚР-да білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес жоғарғы оқу орындарындағы оқыту мен тәрбиелеу маңызы түбегейлі өзгеріп, бірінші кезекке бұрынғыдай студентті пәндік білім, білік және дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, студенттің оқу-танымдық іс-әрекетін дұрыс және тиімді ұйымдастырып, жаңа технологияларды пайдалана отырып жеке бас тұлғасын қалыптастыру мақсаты алға қойылып отыр. Қазіргі педагогикалық және психологиялық әдебиеттерде студенттердің танымдық іс-әрекетін сабақ уақытында, сабақтан тыс уақытта және отбасы арасында қалыптастыру мәселелері көптеп зерттелуде.Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі саясатындағы мақсаттың бірі – жан-жақты, білімді, шығармашылық қабілетті, танымдық іс-әрекеті мен белсенділігі жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру. Білім беру мен оқыту теориясының әдіснамалық негізі — таным теориясы және студент тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілімі болып табылады. Ендеше жоғары оқу орындарында студенттердің танымдық белсенділігін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып саналады.Психология мен педагогика саласындағы ғалымдардың, мамандардың назарын аударып отырған мәселелердің бірі – жастардың жеке тұлғасының дамуы. Жеке тұлғаның дамуына студенттердің оқу-танымдық белсенділігін арттыру, қазіргі заман талабына сай оны оқу үрдісінде жетілдіру болып есептеледі. Белсенділік оқушының әрекеті және пәнімен қосылғандағы дәрежесін айқындайды. Студенттер алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана алу керек және олардың танымдық іс-әрекеттер ұстанымдарына негізделіп қалыптасқаны жөн. Танымдық іс-әрекеттер оқыту үрдісінде қалыптасып, тұлғалардың бірлесе жұмыс жасау нәтижесінде одан әрі дамиды.

Студенттердің танымдық іс-әрекеті оқу үрдісіне негізделе отырып дамиды. Яғни бұл іс-әрекеттер қарым-қатынас арқылы қалыптасады. Олардың ішінде ең маңыздысы — оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынас. Яғни студенттердің танымдық іс-әрекетінің дамуы оқытушының оқытуына да байланысты болып келеді екен. Дидактар бұны педагогикалық жағдай, оқу-тәрбие үрдісі жағынан қарастырған.

Пән бойынша өтілетін материалдарды игеруге қатысты танымдық іс-әрекеттерді нақты жағдайда түрік тілі курсын негізге ала отырып қарастырып көрейік. Әр түрлі мамандықтағы студенттерге түрік тілін үйретуде қолданылатын басты оқыту формаларын төмендегідей жинақтауға болады.



  • дәріске байланысты әдебиеттер мен қажетті оқу құралдарын өз бетінше оқып талдау, ой елегінен өткізу;

  • арнайыжаттығулар мен тапсырмалардыорындау;

  • оқу-әдістемелікқұралдарменжұмысжасау;

  • рефераттардыдайындапталдау;

  • өзіндікжұмыстардыдайындау;

  • ғылыми бағыттағы жұмыстарғақатысу, ғылымизерттеулержүргізу.

Оқытушы осы аталып өтілген факторлардың барлығын ой елегінен өткізіп, әр қайсысының тиімді пайдалану жолдарын білуі шарт. Осы оқыту формалары мен әдістерін дұрыс таңдау арқылы ғана пәнді жақсы игеруге болады, танымдық іс-әрекет пен қызығушылықты, пәнге деген құштарлықты арттыруға, студенттердің сабақтан тыс уақытта өзіндік жұмыстарын емін-еркін орындауына, әдебиеттерді тиімді пайдалануына септігін тигізеді. Жоғарыда аталған факторлардың ішінде студенттердің танымдықіс-әрекетінің қалыптасуна жазу жаттығуларын орындаудың қалай әсер ететіндігін байқап көрелік.

Жазу үйрету сабағы студенттерге білім берумен қатар, олардың ой-өрісінің, ақыл-парасатының, ес, зейіннің дұрыс қалыптасуын қамтамасыз етеді. Жазба жұмыстар студенттердің ойлау қабілетін арттырып, ойын сауатты да жүйелі беруге тәрбиелейді. Студенттерді жазба жұмыстарына дағдыландыру ісі бірінші класта әліппеден басталса, кейінгі кластар мен жоғарғы курстарда  әдебиеттік оқу мен грамматикамен ұштастырылады. Ойын түрікше дұрыс жеткізе біліп, сауатты жазуға студенттерді үйрету үшін әрбір оқытушы орфография мен грамматиканы тығыз байланыста оқыту қажет.

Студенттердің танымдық белсенділіктерінің деңгейлеріне тоқталатын болсақ, оныңең жоғары деңгейі танымдық міндеттерді өз бетінше қоюмен, тапсырмалардың шешімін табуда неғұрлым тиімді жолдарын  болжаумен және өз бетінше айқындаумен, өздігінен бағалаумен сипатталады. Ал орташа деңгей жоғары деңгейдің кейбір элементтерінің оқытушының көмегімен орындалатынымен сипатталады, мұнда оқытушы танымдық тапсырма беріп, оның шешілуін бақылауы немесе студентке шешу тәсілдерін көрсетуі тиіс. Төменгі деңгейде студентке белгілі бір әрекеттің үлгісі болғанда, оларды орындау тәсілдері туралы көмек болғанда ғана танымдық әрекетін ынталандыруға, белгілі тәсілдерге бағдарлануда көрініс табады. [5]

Зерттеушіғалымдароқудағытанымдықбелсенділіктіқалыптастырумәселелерінтәжірибедешешудіңтүрліжолдарынбөліпкөрсеткен. Олартөмендегішесипатталады:



  • оқуүрдісінеқатысушылардыңекіжақтысипатыәсерінегізіндеоқытушы мен студенттіңбірлескенәрекетіарқылы (Т.Сабыров, Н.Хмель Е.Галант т.б);

  • танымдықіс-әрекеттіңдербестігінқалыптастыратынөзіндікжұмыстыұйымдастыру мен оқуміндеттерініріктепшешуарқылы (Б.Есипов, Б.Айтмамбетова, Т.Сабыров, т.б.);

  • танымдық іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыруарқылы (Н.Меньшинская, П.Пидкасистый, т.б.);

  • оқытудағыәдістемелікбілімдерэлементтеріненгізуарқылы (М.Құдайқұлов, И.Лернер, Б.Коротяев);

  • іс-әрекеттіңбағдарланушылықнегізінқұрайтынжалпыламабілімдердіенгізуарқылы (П.Гальперин, Н.Талызина);

  • оқу іс-әрекетінөздігіншебақылаудыдамытуарқылы (Л.Рувинский, А.Қазмағамбетов).

Оқыту үрдісіндестуденттіңтанымдықбелсенділігінқалыптастыруүшінбілімдер мен әрекеттәсілдеріналудықажеттендірудіқалыптастыратыншарттарды, өзін-өзібейімдеушарттарын, мәселелердішешудіңтүрлінысандарынұйымдастырудағдыларындамытудыңшарттарынқамтамасызетуітиіс.

Студенттердің танымдық белсенділігін арттырудың негізгі факторларына олардың өз мүмкіндігін сезінуі, студенттердің өз таңдауымен жұмыс істеуі, оқу үрдісінде баланың өз әрекетінен қанағаттануы; оларға оқытушы тарапынан қойылатын талап пен қабілеттедрінің сәйкес болуы; оқытушының өзіндік жұмысты ұйымдастыра алуы, т.б. жатады.

К.Ушинский танымдық әрекет мәселесіне мән беріп, «өз бетінше жұмыс – оқытуды жетістікке жеткізудің бірден-бір жолы» деп есептеді. Ол педагогикалық ғылымда алғаш рет студенттердің өзіндік жұмысына философиялық және психологиялық-педагогикалық талдау жасаған. Өзіндік жұмыстың студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастырудағы, дамытудағы орны ерекше. Өзіндік жұмыс арқылы студенттер сыныпта алған білімдерін сынақ-тәжірибеден өткізіп, барлығын жинақтап, қорытындылап, тұжырым жасайды.

  Өзіндік жұмыстың студенттердің оқып-тоқуындағы жалпы маңыздылығы мынада:



  • өзіндік жұмыс студенттердің шығармашылық ой-пікірлерін және зерттеу жұмыс тарының негізін бекітуін қамтамасыз етеді;

  • сыныпта алған білімдерін толығырақ тереңдетумен бірге теория жағынан берілген әдіс-құралдар мен материалдарды оқып-талдау қабілеттілігін қалыптастырады;

  • студенттердің белсенділік, шығармашылық бағытта ой-өрісінің дамуын бақылауға мүмкіндік береді;

  • студенттердің қарастыратын (материалға) тақырыпқа байланыстыжеке ой-пікірлері мен зерттеулерін айқындап жетілдіреді.

Сонымен өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты – студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру, оқуға, болашақ мамандықтарына деген құлшынысын арттыру, шығармашылық біліктілігі мен қызығуын дамыту болып табылады екен.Танымдық іс-әрекет оқу-үрдісінің дамыта оқыту негізінде жүзеге асады. Дамыта оқыту – дәстүрлік білім беруге қарама-қарсы әдіс. Дәстүрлік оқыту оқытушының жеке түсіндіруі, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруі, студенттердің үлгі бойынша жаттығу жұмыстарын орындауы, яғни дайын білім алуға негізделсе, дамыта оқыту студенттерге өз бетінше сұрақ қоя білуге және олардың пікірталастарымен, көзқарастарымен санасатын, жалпы ақылдаса, пікірлесе отырып шешім қабылдауға, жалпы ойлауын, танымын дамытуға негізделген (бағытталған) оқыту түрі.

Лекция №2 Кітапхана-білім беру ақпараттық іс-әрекетінің орталығы.

1.Кітапхана туралы жалпы түсінік

2.Студент кітапхана пайдалану ережелерімен таныс болуы.

Кітапханалық-ақпараттық орталық қорын пайдалану құқығы университет студенттеріне, магистранттарына, профессорлық–оқытушылар құрамына, ғылыми қызметкерлеріне беріледі;

Әдебиетті үйге пайдалануға алу абонемент бөлімдерінде ұйымдастырылады. Соңғы немесе бір ғана данадағы, сондай-ақ, «міндетті дана» белгісі бар кітап үйге пайдалануға берілмейді. Оқу залынан әдебиетті тыс шығаруға тыйым салынады;

Кітапханалық-ақпараттық орталыққа жазылу үшін пайдаланушы өзінің осы университетте оқитындығын немесе қызмет ететіндігін дәлелдейтін құжаты: студенттер үшін - студенттік билеті мен /төл құжат/, 3х4 өлшемді бір фотосуреті, оқытушылар мен қызметкерлер үшін –жеке куәлігі мен /кадр бөлімінен анықтама/ және 3х4 өлшемді бір фотосуреті қажет;

Пайдаланушыға Кітапханалық-ақпараттық орталықты пайдалану құқығын иемденетін бірыңғай «Оқырман билеті» беріліп, оқырман формуляры  толтырылады;

Кітапханаға жазылар кезде пайдаланушы «Кітапханалық-ақпараттық орталығын  (Ғылыми кітапхана) пайдалану ережесімен» танысып, оларды орындауға міндеттеуін оқырман формулярына қол қою арқылы растауы қажет;

Кітапханалық-ақпараттық орталық абонемент бөлімдерінде жыл сайын өз пайдаланушыларын қайта тіркеуден өткізеді, оларға белгіленген мерзімге берілген кітаптардың уақытын ұзартады.  Қайта тіркеуден өтпеген пайдаланушыларға қызмет көрсетілмейді;

Оқу орнынан кетерде пайдаланушы өзіне жазылған басылымдар мен оқырман билетін Кітапханалық-ақпараттық орталыққа қайтарады;

Пайдаланушы Кітапханалық-ақпараттық орталықтағы жиһаздар мен техникалық құрал-жабдықтарға ұқыптылықпен қарауға, ақпараттық, дәстүрлі және электронды тасымалдағыштарды пайдалануда техникалық талаптарды сақтауға міндетті;

Кітаптарды және басқа баспасөз туындылары мен құжаттарды алар кезде пайдаланушы басылымды мұқият тексеріп шығуы тиіс. Қандай да бір ақау табылған жағдайда (жыртылған бет, парақ) ол жөнінде кезекші кітапханашыға: абонементтерде - 3 күн аралығында, оқу залдарында - кітап беру кафедрасының жанынан кетпей тұрып мәлімдеуі тиіс. Олай болмаған жағдайда кемшіліктің орнын кітапты соңғы пайдаланған пайдаланушы толтырады;

«Кітапханалық-ақпараттық орталығын пайдалану Ережесін» бұзған немесе  залал келтірген пайдаланушылар, Қазақстан Республикасы Заңдарында қолдануға көзделген және Кітапханалық-ақпараттық орталық Ережесі мен оны пайдалану Ережесіне сәйкес ескерілген нысанда әкімшілік, материалдық және қылмыстық жауапқа тартылып, Кітапханалық-ақпараттық орталықтың Әкімшілігі бекіткен шешіміне сай белгіленген мерзім бойы кітапхананы пайдалану құқығынан айырылады;

Басылымға зиян келтірген немесе жоғалтқан  пайдаланушы оны дәл осындай басылыммен немесе Кітапханалық-ақпараттық орталық соған тең деп тапқан басқа басылыммен алмастырады;

Кітапханалық-ақпараттық орталық Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік және рухани дамуын әрі қарай дамыту мақсатында өз кітап қорларын тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге тиісті.

Абонементті пайдалану ережесі

Абонементте әдебиет үйге мына мерзімге беріледі:

- Қоғамдық ғылымдар жөніндегі кітаптар шектеусіз - бір жылға;

- Оқулық және әдістемелік әдебиеттер, белгіленген уақытта қайта тіркеуден өткізілуі міндетті, егер оқулық аз дана болған жағдайда  - 10-30 күнге;

- Ғылыми және арнаулы әдебиет – 5 кітап мөлшерінде - 20 күнге;

- Көркем әдебиеттер - 3 кітап мөлшерінде - 15 күнге беріледі;

- Әдебиеттерді пайдалану мерзімі басқа пайдаланушылар тарапынан сұраным болмаған жағдайда ұзартылуы немесе сұраным көп болған жағдайда қысқартылуы мүмкін;

- Пайдаланушы алған әрбір данаға  кітаптың формулярына қол қояды;

- Сырттай оқитын студенттер қажетті әдебиетпен сессия аралық кезеңінде қамтамасыз етіледі;

- Пайдаланушы абонементтен әдебиеттерді пайдалануға «Оқырман билетін» көрсету арқылы, оқырман кітапшасын толтыру және алғандығын растайтын кепілділік ретінде қол қоюы арқылы беріледі;

- Оқырман билеті пайдаланушыға жалпы оқу мерзіміне сай – бір-ақ  рет беріледі;

- Оқырман билетін жоғалтқан жағдайда оқырман кету қағазын (обходной лист) толтырады, оқырман билетінің екінші  нұсқасын (дубликатын) өз құнын төлеп алады.



Оқу залын пайдалану ережесі

- Оқу залында (түнгі оқу залында да) қызмет көрсету студенттерге - оқырман билеті арқылы, ал оқытушылар мен қызметкерлерге – қызметтік  куәлігі  бойынша жүргізіледі;

- Кітап беру үрдісі пайдаланушының алған әрбір басылымның кітап формулярына қол қоюы арқылы жүргізіледі;

- Оқу залына жеке және басқа кітапхана кітаптарымен, газет-журналдарымен, баспа басылымдарымен кіруге болмайды;

- Кітап парағын жыртуға, залда дайындалып отырған басқа пайдаланушыларға кедергі жасауға және шулауға болмайды;

- Әдебиеттерді тек оқу залында ғана пайдалануға болады. Кітапты алып шығуға тыйым салынады;

- Осы Ережені бұзған жағдайда пайдаланушы Кітапханалық-ақпараттық орталық әкімшілігі бекіткен мерзімге сай кітапхананы пайдалану құқығынан айырылады;

- Сирек кітаптар, диссертациялар, авторефераттар тек Ғылыми оқу залдарында  ғана беріледі;

- Электронды оқу залдары жедел ақпарат беру мен кітапханалық-ақпараттық  қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, пайдаланушыларға меншікті және толық мәтінді иемденген электронды ақпараттық ресурстарға қолжеткізу мүмкіндігін береді;

Пайдаланушылар  құқығы

Кітапханалық-ақпараттық орталықтың барлық пайдаланушылары өзінің қызығушылығы мен талабына орай кітапхана бөлімдерін таңдауға құқылы;

- Пайдаланушылар екі тілде – мемлекеттік не орыс тілінде қызмет көрсетуді талап етуге құқылы;

- Пайдаланушы Кітапханалық-ақпараттық орталықтың негізгі қызметтерін ақысыз пайдалануға құқылы;

- Ақпарат көздерін іздеуде және таңдауда Кітапханалық-ақпараттық орталық тарапынан ақыл-кеңес алуға;

- Каталогтар, картотекалар мен олардықолдануережесітуралыақпараталуға;

- Кітапханақорынанқұжаттардыуақытша қолдануға алуға;

- Библиографиялық-ақпараттық қызметті, дәстүрлі және электрондыіздеуаппараттарынқолдануға;

- Кітапханалық-ақпараттықорталықтыңқорымен, кітапкөрмелерімен, басқаресурстарымен танысуға;

- Электрондық оқулықтар мен электрондықресурстардыоқузалдарындапайдалануға құқылы.

Пайдаланушыларміндеттері мен жауапкершіліктері:

- Кітапханалық-ақпараттықорталықпайдаланушылары  «Кітапханалық-ақпараттықорталығын  пайдалануережесін» сақтауғаміндетті;

- Кітапханалық-ақпараттықорталықкешеніқорын  және интернетті  тек ғанағылым және біліммақсатындапайдалану;

- Кітапханалық-ақпараттық орталық  қорынан алынған құжаттарғамұқиятқарау, олардыбелгіленгенуақыттақайтару, кітаптардыкітапханашыныңрұқсатынсызоқузалынаналыпшығуға, кітапқаешқандайбелгілер, сызулартүсірмеу, кітапбеттерінбүктемеу, каталогтанкарточканышығармауғаміндетті;

- Әдебиеттердіалуүшіноқырманбилетінұсыну, әрбасылымүшінпайдаланушыкітапформулярынақолқоюықажет;

- Құжаттардыалукезіндепайдаланушыоларды мұқият қарапшығып, ақауыболса, кітапханашыныхабардаретуі, ал кітапханашыоғансәйкесіншебелгілер қоюы қажет;

- Кітапханалық-ақпараттықорталығынпайдалануережесінбұзған, оғанзиянкелтіргенпайдаланушықолданыстағы заңнамаға сәйкесматериалдықжауапқатартылады;

- Басылымдыжоғалтқанпайдаланушы оны дәлосындайбасылымменнемесеКітапханалық-ақпараттықорталықсоғантеңдептапқанбасқа да басылымменалмастырылады;

- Кітапханалық-ақпараттықорталығын  пайдалануережесінбұзғанпайдаланушыкітапханакеңесібелгілегенуақытқа  пайдалануқұқығынжоғалтады. Олқұқықтанайырумерзіміәрқұқықбұзушылыққажекебелгіленеді;

- Жылдыңбасында (қаңтар) пайдаланушыабонементтеқайтатіркелуденөтуікерек. Қайтатіркелукезіндепайдаланушықарызын өтеп, қолындағыәдебиеттердіқайтатіркейді. Қайтатіркелмегенпайдаланушығақызметкөрсетілмейді;

- ПайдаланушыКітапханалық-ақпараттықорталықзалдарында тәртіп пен тыныштықсақтауы және ішкітәртіпережелерінебағынуыкерек;

Пайдаланушығарұқсатетілмейді:

- Пайдаланушыөзоқырманбилетінбасқапайдаланушығапайдалануғаберуге және басқаоқырманныңбилетіналыппайдалануға;

- Кітапханалық-ақпараттықорталыққа сырт киімменкіруге;

- Кітапханалық-ақпараттық орталық бөлімдерінде тыныштық пен тәртіпті бұзуға;

- Кітапханалық-ақпараттық орталық бөлімдерінде ұялы телефон қолдануға;

- Рұқсатсыз Кітапханалық-ақпараттықорталықбөліміненкітаптардыалыпшығуға;

- Кітапханалық-ақпараттықорталықбасылымдарына (оларғабелгісалуға, парақтарынжыртуға, жиектерінбүгугет.б.) зиянкелтіруге;

- Картотекалар мен каталогтарданкарточкаларды шығаруға;

- Кітапсақтауорындарынарұқсатсызкіруге;

- Пайдаланушығақоғамдықнемесекоммерциялықмақсаттарүшінэлектрондыкітапхананыңматериалдарынөзгертуге, таратуға, жариялауға.



Кітапханалық-ақпараттық орталық құқылы:

- Жоғарыоқуорныкітапханасыныңмақсаты мен міндеттерінесайкәсіптікқызмет мазмұнын өздері анықтауға;

- Кадр мәселесінреттеуге;

- Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттар мен технологиялықнұсқаулықтардыбекітуге;

- Кітапханалық-ақпараттықорталықтаналынғанкітаптардықайтарылуынтұрақтыбақылауға алуға;

- Кітапханалық-ақпараттықорталығынпайдалануережесінбұзғанпайдаланушыларға айыппұл салуға;

- Пайдаланушыларға көрсетілетін қызмет түрінкеңейту және егер оның негізгіқызметінекедергікелтірмейтінболса, Кітапханалық-ақпараттықорталықтыәлеуметтік-шығармашылық  дамытумақсатындашаруашылық және экономикалық қызметті жүзеге асыруға;

- Басылымдардықолғаберумерзімін анықтауға;

- Шетелдік, республикалық, қалалықкітапханаларменбайланысжасауға, кітапханалықіс-шараларғақатысуға, әлемдіккітапханаісітеориясы мен іс-тәжірибесін оқып үйренуге;

- Қордыжинақтаукөзіндербесанықтауға;

- Өзқорынанқолданыстағынормативті және құқықтықактілергесәйкесқұжаттардыесептеншығаруға.

Кітапханалық-ақпараттықорталықміндеті:

Өзқызметіндеадамгершілік, саяси және идеологиялықкөппікірлікпринциптерінбасшылыққаалуға;

- Пайдаланушыға Кітапханалық-ақпараттық орталықтың барлық қорынпайдалануғамүмкіндікберуге;

- Кітапханалық-ақпараттықорталықта  пайдаланушыжұмысістеугеқажетті жағдай жасауға;

- Пайдаланушыныбарлықкөрсетілетінқызмет түрімен таныстыруға;

- Өз қоры мен көрсететін қызметіннасихаттауға, кітапқадегенқызығушылықтыынталандыруға;

- Пайдаланушыталаптарынзерттеу және оны барыншақанағаттандыру;

- Кітапханалық жәнеақпараттыққызметкөрсетуді, кітаптынасихаттаудыбұлмақсаттапайдаланушыларменжеке және жалпыжұмыстыңтүрліформаларынқолдану, сондай-ақкомпьютерліктехнологиялардыенгізуарқылыжетілдіруге;

- Студенттердіңкітапқадегенсүйіспеншілігін, өзіндікжетілуге, білімге, кітапоқуғақызығушылығын тудыруға;

- Кітапханалық-библиографиялықбілімнегізіндеәңгіме, ауызша кеңес беру арқылы пайдаланушылардың кітапханалық сауаттылығын, оқу мәдениетін көтеруге;

- Пайдаланушы  сұранысынкеректіәдебиеттертізімібойыншаіздеуге, кейбіржағдайдажекетақырыптарбойыншаәдебиеттеріріктеуге;

- Пайдаланушыға қанағаттанарлық деңгейде қызмет көрсетуге, анықтамалық-библиографиялыққызмет, деректерқорынпайдаланаотырып қызмет көрсетуге, жаңа түскен әдебиеттердіжүйелітүрдетаныстырыпотыруға;

- БелгіленгенережелергесәйкесКітапханалық-ақпараттықорталыққорындағыбасылымдардыпайдалану, сақтау, есепкеалудыжүзегеасыруға;

- Кітаптарды, баспасөзтуындылары мен басқаматериалдардыпайдаланумерзімінен 10 күнөткенненкейін, пайдаланушыға, олардыүшкүндікмерзімішіндеКітапханалық-ақпараттықорталыққа қайтару қажеттігі жөнінде хабарлауға;

- Егеркітаптарбұлмерзімде  қайтарылмаса, Кітапханалық-ақпараттықорталық  пайдаланушығаоларды 10 күнішіндеқайтарунемесемазмұны мен бағасыбірдейкітаппеналмастыружөніндежазбашаталапжіберуге;

- Талаптақайтарылмағаннемесеалмастырумүмкінболмағанжағдайдапайдаланушыданбұлбасылымдардыңшынайынарықтыққұныөндіріліпалынатынытуралыескертуге;

- Егерпайдаланушыкөрсетілгенмерзімішіндекітаптардықайтармасанемесеқұныбірдейбасылымғаалмастырмаса, Кітапханалық-ақпараттықорталық  факультет деканатынажоғалған, бүлінгенкітап, баспасөзтуындысы мен басқа да материалдардыңшынайынарықтыққұнынөндіріпалужөніндеталапжіберуге;

- Пайдаланушыға Кітапханалық-ақпараттық орталық  қорынпайдалануғашектеуқоймауға;

- Кітапханалық-ақпараттықорталығын  пайдалануЕрежесінбұзғаннемесезалалкелтіргенпайдаланушыларға, ҚазақстанРеспубликасыЗаңындакөзделгеннысандарбойынша, Кітапханалық-ақпараттықорталық  (ғылымикітапхана) Ережесі мен осы Кітапханалық-ақпараттықорталығын  пайдалануЕрежесіндебелгіленгеншаралар қолдануға.



Тақырып 3. Бухгалтерлік есептің қалыптасу мен дамуының негізгі тарихи кезеңдері.
Дәріс жоспары:

  1. Бухгалтерлік есептің пайда болу тарихы және қалыптасу кезеңдері.

  2. Бухгалтерлік есептің дамуына үлес қосқан ғалымдар.

1. Бухгалтерлік есептің пайда болу тарихы және қалыптасу кезеңдері

Бухгалтерлік есеп (есеп жүргізу ретінде) дүниежүзіндегі кез келген бухгалтерияның іс жүзіндегі қызметінің мәніп айқындап, бағалауға мүмкіндік береді. Қоғамның дамуы барысында бухгалтерлер үш міндетті шешеді:

- есепті барынша ақпаратты, әрі дәл жасау;

- оның қарапайым және арзан болуына қол жеткізу;

- шаруашылық өміріндегі деректер жөнінде дер кезінде ақпарат алу.

Алайда бұл міндеттер едәуір шамада бірін-бірі өзара жоққа шығарып, болғызбайтын, өйткені меншік иесінің, әкімшіліктің, қызметкерлердің, бағынышты тұлғалардың, кредиторлар мен дебиторлардың мүдделері қарама-қайшы және осы қарама-қайшылықтар есепті регистрде міндетті түрде бейнеленеді. Сондықтан әрдайым кейбіреулердің бухгалтерлерге реніш білдіріп, риза болмауынын себебі осында.

Есеп қашан пайда болғанын тура тауып айту мүмкін емес. Оның пайда болуының алғы шарты - адамдар арасындағы экономикалық қатынастардың дамуы.

Бухгалтерлік есептің пайда болып, қалыптасуын мынадай кезеңдерге бөлуге болады:

- Ежелгі дүние.

- Ортағасырлық.

- Ренессанс пен қосарлы бухгалтерияның пайда болуы.

- Ғылымның пайда болуы. XIX г. екінші жартысы.

- XX ғ. - бухгалтерлік есептің үдемелі (интенсивті) дамуы.

Есеп және оның техникасы қашан да оның есептік регистрлерінің түрлеріне байланысты.

Алғашқы сауда операциялары б.з.д. 3200 ж. саз кестелерде (таблицаларда) тіркелді (бәрі есептегі жүйелік тіркеуді алдын ала белгіледі). Ертедегі Мысырдағы (Египеітегі) папирустар хронологиялык тіркеудің дамуына жол ашты. Осыдан бес мың жыл бұрын есеп жүргізу үшін піл сүйегінен жасалған кестелер қолданылды. Ерте замандағы Үндістанда сапты аяқтар шот-регистр ретінде пайдаланылды, оларға уақ тастар — бастапқы құжаттар (картотека бейнесі тәрізді) салынатын. Греция мен Римде балауыз кестелер, мыс тақталар, кенеп, пергамент (май мен ылғал өткізбейтін жылтыр қағаз), папирус пайдаланылды. Галияда керамикалық тас тақталар мен қыш сынықтары, Перуде жіптер колданылды. Кейіннен кодекс-кітаптар пайда болды.

Қытайда бухгалтерлік есепті жүргізудің елеулі ерекшеліктеріне 8000 жыл толды.

Адамзат тарихындағы бірінші рет ірі еңбек бөлінісі - жалпы жер иеленушілер қауымынан мал бағушылардың бөлініп шығуы - тұрақты сипатқа ие болған шын мәніндегі экономикалық айырбасты тудырды.

Адамзат тарихындағы екінші ірі еңбек бөлінісі - айырбасты одан сайын дамытуға жағдай жасады. Өнімнін біраз бөлігі ең алдымен айырбас үшін өндіріле бастады, яғни тауарға айналды. Мұның бәі айырбастың баламалығы ұғымын қалыптастыруға және құл өлшемінің пайда болуына мүмкіндік берді.

Үшінші ірі еңбек бөлінісі - көпестер тобы бөлініп шыққанда болды. Сауда айқын қоғамдық сипатқа ие болғандықтан, шаруашылық қызмет деректерін бейнелейтін бухгалтерлік теорияның пайда болуы мен дамуына жол ашты.


жүктеу 0,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау