Лекция №1 Студенттің оқу-танымдық іс-әрекетің ұйымдастыру


Бухгалтерлік есептің дамуына үлес қосқан ғалымдар



жүктеу 0,6 Mb.
бет2/4
Дата02.03.2018
өлшемі0,6 Mb.
#10985
түріЛекция
1   2   3   4

2. Бухгалтерлік есептің дамуына үлес қосқан ғалымдар

Бухгалтерлік есептің ғылым ретінде сауданың арқасында шықты. Осылайша 1458 ж. көпес Бенедетто Котрульидің «Сауда және нағыз көпес туралы» деген бірінші кітабында бухгалтерлік есептің гылым ретінде пайда болып, қалыптасуы карастырылды. Тараулардың бірі «Сауда кітабын жүргізу тәртібі туралы» деп аталады. Ал 1494 ж. итальяндық белгілі математик, монах Луки Пачоли (1445-1517) жазған «Есептер мен жазбалар туралы трактат» атты бухгалтерлік есеп жөніндегі алғашқы кітап басылып шықты. Италияда, Францияда, Германияда. Англияда ол бірнеше ғасыр бойы бухгалтерлік есеп бойынша негізгі басшылық ретінде пайдаланылады. Екі жақты жазу тәсілі (мұның жэрдемімен материалдарды, дайын өнімді, негізгі қаражат пен тағы басқа құндылыктарды сақтауға қойылган бақылау жүзеге асты) әлі күнге дейін өзінің мәнін жоғалтқан жок.

Лука Пачолиден кейінгі көрнекті автор Жак Савари (1622 - 1690). Ол «Нагыз көпес туралы» жүмысын жариялады, шоттарды синтетикалық және аналитикалык деп бөлді, сауда калькуляциясын түсіндірді. мүліктік (өзіндік құны бойынша бағалау) және конкурстық (ағымдағы бағалар бойынша бағалау) баланстарды жіктеді, соңғысына меншік иесінің жеке мүлкі де кіреді. Ол басқару есебін құрушылардың бірі болып саналады.

Матье де ла Порт Саваридің мықты бәсекелесі болды. Оның еңбегі мынада, ол шоттарды үш топқа жіктеді:

- мешпік иесі - экономикалық қызмет аткарады (капитал қозғалысы);

- мүліктік (материалдык) - арнайы шаруашылық қызметін орындайды (кәсіпорын ішіндегі ресурстарды басқару);

- жеке (корреспоқцеютік) - зандық қызмет атқарады (үшінші субъект үшін бөгде, тыс тұлғамен есеп айырысулар).

Бухгалтерлік терминологая әлі белгіленбесе де; ол өзінің кітабын бухгалтерлік терминдермен толықтырады.

1796 жылы Бристолда Эдварда Томастың «Есеп жүргізудің агылшындық жүйесі» кітабын шығарды. Оның орнына тек есептік регисгрді ғана емес, алғаш рет бухгалтерлік есепті түгел қамтитын теориясын карастыратын Дегранж жүйелеп баяндаған «америкалык үлгі» келді. Дегранж есептін екі мақсатын көздеді: уақыттың кез келген сәтінде есептердің жагдайын айқындау және субъектінің меншікті капиталы мөлшерін анықтау. Бұл үрдіс ол бас есеп шоттарын пайдаланды: касса. тауар, алынуға тиісті қүжаттар, телемге арналған кұжаттар, шығындар мен пайда. Ол барлық осы есепті бір регистр Басты Журналда біріктірді.

ХVШ ғ. Ортасында Англияда өндірістік шығындарды есептеу жүйесі қалыптасты. Бухгалтерлік және өндірістің табиғи-құлдық есеп техникасын жете баяндаған, математика мұғалімі Джеймс Додсон (1750) жана бағыттың нсгізін қалаушыға айналды. Дегенмен, оның есебінің мақсаты - дайындалған бұйымға кеткен шығындар емес, оны қай шебер дайындағанда қанша ақы табуға болатындығы жөніндегі қорытынды еді.

Әрбір бөліс бойынша нәтижелілікті есептеуте назар аударғандардың бірі -философия профессоры Роберт Гамильтон (1788). Зығыр өндірісін жете зерттеген ол үш бөлісті: шіру, тоқу және ағартудың әрқайсысы бойынша пайда мен шығынды анықтауды бөліп көрсетті. Бұл өнеркәсіпті: бөлістің бар болғаны жөн бе, әлде сатып алынатын жартылай өнімдерді пайдаланып, неғұрлым көп кіріс әкелетіндерін қалдырған дұрыс па деген шешімге жетелейді.

Ф.В. Кронхейльм (1818) өндірістік есептін алғашқы теоретигі болды. Ол есепті екіге бөлді: өндірістік және бухгалтерлік. Өндірістік есептер тек заттай ғана бейнеленді; ал бухгалтерлік қалыптасқан дәстүрлі жұйемен ұсынылды өндіріс» есебіндегі дебет сальдосы әлі бітпеген өндірісті көрсетті. Алайда ол материалдар бірлігі калькуляциясы туралы ойға әлі келе койған жоқ еді.

Алғаш алгоритм машинасын жасаушы, астроном және ұлы математик Чарлъз Бэббидж (1832) әрбір өндірістік процесс бойыпша шыққан шығынды есептеуді, бұзылған жабдықты жөндеуге байланысты негізгі құрал-жабдықтың тозуы мен шығын сомасын анықтауды бірінші болып түсіндіріп жазған болатын.

XIX г. ортасынан бастап Еуропаның әр түрлі елдерінде бухгалтерлік есеп тәжірибені қорытатын, сонымен бірге оны жетілдіретін ғылым ретінде дами түсті. ҮІІІ атақты итальян мектебі дүниеге келді.

Бірінші - ломбардтық мектепті құрушы Франческо Вилла (1801-1884) болды. Бұл бағыт, бухгалтерлік есепті техникалық тәртіпке жалғастыруға болмайды деп санайды, өйткені ол экономикалық-әкімшілік ұғым кешені екендігі айтылады. Ол есептер көмегі арқылы ұйымдастырылады. Бухгалтерлік есеп шаруашылық процесімен шұғылданған тұлғаларды бақылау үшін әкімгерге (администратор) қажет. Ол басқа екі тосқан және венециан мектебін құрушыларга үлкен ықпал етті.

Тоскан мектебінің басшысы Джузеппе Чербони (1827-1917) еді. Ол Э. Дегранждін ісін жалғастырды. Д. Чербони үшін бухгалтерлік есеп — әкімшілік міндет пен іс-кимылдар ғылымы еді.

Д. Чербони ілімі логисмографш (догос - ой, графия — баяндау) деп аталады. Оның ізбасарлары көп (Джитти, Боналуми, Беллини, Рива, Масса).

Винченцо Джитти (1856-1945) Чербонидің жақтаушысы болды, ол логисмографикалык жазбалардың талдаушылык мүмкіндіктері синтетикалык-аналитикалыктардан гөрі кеңірек екендігін көрсетті. Джити сметаның мәнін айкын ұғынды. Оның пікірінше, бул - меншік иесінің әкімгерге ұсынатын өкілеттіктерінің шегі.

Итальян мектебі орталығында әрқашан шаруашылық болды. Ф.А. Боналуми (1832-1904) бухгалтерияда мудделер жиьгатығы барын көре білді: бір жагынан кожайыпнын, екіыші жагынан - үшінші түлғалардьщ. Оның пікірінше, есептің мақсаты - орындалған шаруашылық операцияларының экономикалық және заңдық салдарын айқындау. К. Беллини (1852—1935) ағымдағы іс жағдайын көрсететін мулік пен болашақты болжайтын смета арасындағы параллельді жүргізді. Ол есепті басқару жөніндегі ғылым ретінде қарастырады. Мұндай көзқарасты Д. Масса (1850-1918) да ұстанды, бірақ ол бұл тек қана басқару жайлы ғылым емес, адамдарды басқару туралы ғылым деп қосты. Д. Масса: «Есептің мақсаты мен міндеті шаруашылық қызмет қорытындыларын шығару мен іс-әрекетті бақылау, сонымен бірге бакылаушы орган бухгалтерия әкімшіліктен тәуелсіз болуы тиіс», - деді.

Д. Масса Италияда отыз жыл бойы шығып тұрған бухгалтерлік журналды бірінші болып шығара бастады. Венециандық мектептің көшбасшысы - Фабио Беста (1845-1923). Ол Чербонидің ілімін теріске шығарды. Ол үшін бағалау — есептің мақсаты. Құндылық — зат, бұйым. бухгалгерлік есеп - бақылау туралы ғылым. Оның пікірінше, бақылау алдын ала, ағымдағы және кейінгі болады.

Бестаның шәкірттерін смета есебі идеялары баурады.

Эмануэль Пизани (1845-1915) тоскан мен венециан мектептерінің идеяларын синтез жасауға тырысты. Ол тоскан мектебінен есептер теориясын, ал венециан мектебінен - олардың сипатын алды. В. Армуцци амортизация төлеудің үш нұсқадан тұратын тәртібін ұсынды:

1. Үдемелі отеу.

2. Желілі (тең шамада) отеу, жылдан-жылға бірдей пайда болса.

3. Жылдамдатып өтеу, егер алғашқы жылдары кейінгі жылдарға қарағанда көбірек есептелсе, ал мерзімді қаржыларды ауық-ауық төлеу сатып алу жолымен (амортизация) қалдық құннан алынады.

Шаруашылық есептің даму тарихы 6000 жылға жуық. Алайда, есептің пайда болған күнін нақты көрсету мүмкін емес. Есеп біртіндеп, ұзақ уақыт бойы және белгісіз жағдайда дүниеге келді. Шаруашылық қызметтер фактілерін жаппай және жүйелі түрде қадағалау және көрсету қарапайым бухгалтерияны дүниеге әкелді.

Қарапайым бухгалтерия кәсіпорынның барлық материалдық және ақшалай, сонымен қатар есеп айырысуларын бақылауға алуға мүмкіндік берді. Есепті заттық есептеумен, ал есеп айырысуларды - ақшалай бірліктермен жүргізді. Ретке келтірілген есеп тіркегіштері -кітаптар, "кіріс-шығыс", "инвентарь" сияқты ұғымдар пайда болды. Есеп алғашында тіркеу сипатында ғана болды.

Есептің дамуындағы жаңа кезең екі жақты немесе қосарлы бухгалтерияның пайда болуымен сипатталады.

"Бухгалтер" термині XV ғ. Австрияда өмірге келді. Ең алғаш бухгалтер атағын алған лауазымды тұлға Инсбрук есеп палатасының іс жүргізушісі Христофор Штехер болып табылады.

Экономикалық теорияда бухгалтерлік есептің даму кезеңін төрт негізгі кезеңге бөліп қарастырады:

I. Тауарлы-ақшалай қатынастарының пайда болуынан бастап XVIII ғ. аяғына дейін;

II. XVIII ғ. аяғынан XIX ғ. дейін;

III.XIX ғ. соңы -XX ғ. басы;

IV.XX ғ. бастап бүгінгі күнге дейін.

Қазіргі уақытта шаруашылық есептің негізгі 3 түрі ажыратылып көрсетіледі:

1.Жедел немесе оперативті;

2.Статистикалық;

3.Бухгалтерлік.

Сонымен,шаруашылық есеп - кәсіпорындар мен халық шаруашылығының шаруашылық қызметтерін басқару және бақылау мақсатында сандық-сапалық көрсеткіштермен есептеу және көрсету

Заман ағымына байланысты бухгалтерлік есеп алдында көп сұрақтарға жауап алу қажеттігі туындап отыр. Алайда әр кезеңде де толғағы жеткен сан-мыңдаған көкейдегі сұраққа жауапты ғалымдар әлі шеше алмауда. Әлбетте кейбірін шешкендерімен басқа да туындап отырған сұрақтар ойды мазалап тынымсыз күйге түсіруде.

Әлбетте шаруашылық ісімен айналысқан адамдар өз көкейлеріндегі келелі сан сұрақтарға жауап іздегенде небір қателерді бастан өткеріп, оларды қалпына келтіріп жөндеу барысында кейбір мәселелердің шешімін тауып отырды.

Алайда қаншама жүзден аса ғасырларды артқа тастай отырып, небір қателіктерді бастан кешіре адамдардың шаруашылықты басқарып істерін алға жүргізуде өмірлеріне өзгерістер енгізуде одан да қиыншылықтарды бастарынан кешіре бастады, әрине бұл үшін нақты бір шешім шығару үшін ғылымның дамуына әкеліп тірелтті.

Жалпы алғанда жер шарында есеп жүргізу бухгалтерияның күнделікті қызметінде бағалап, анықтауда ғылыми категория тұтастығын ретінде танылып отыр.

Деректерге сүйене отырып ғалымдар бұл категориялар алғашқы кезеңінде көпестердің сату алаңдары мен канторларында шаруашылық қызметін жүргізуде қолданылған.

Экономикалық даму сатысында түрлі лауазымды адамдар мен инженерлер, тағы да басқа адамдар қызметінде түрлі өзгеріске ұшырап, түрлі формаларды қабылдап отырды.

Сонымен қатар белгілі бір қоғамдағы түрлі өзгерістер да өзінің зор ықпалын тигізіп есеп жүргізудің құрылымы мен мазмұнына өзгерістер енгізді.

Барлық кезеңде де шаруашылық өмірінде түрлі фактілерді жазуды алғашқы кезеңде аса ешкім көңіл бөлмеді, уақыт өте келе нақты тіркеп сипаттап жазу қатеттігі туындаған. Яғни мұны жалпы алғанда категория деп айтуымызға болады. Категория формасына енген, шынайы нәрседен сан сияқты білім жеке мәнге ие болды. Сөйтіп категория негізіндегі білім уақыт өте келе нақты бір ғылымға айналды. Барлық ғылымдарды пәніне, әдісіне немесе мақсатына байланысты жіктеуге болады.

Бухгалтерлік есептің де шаруашылық өмірдің фактісі негізіндегі - өз пәні, моделдеудегі-өз әдісі және құндылықты сақтауды қамтамасыз ету мен шаруашылық қызметтің қорытындысын анықтауда- өз мақсаты бар.

Олай болса, бухгалтерлік есептің тарихы әр уақыттағы түрлі нақты шешімге келудегі ізденіс. Себебі сол кезеңде осы есепті жүргізуші адамдар бірде дұрыс шешімін тауып өз ісіне жол ашса, бірде тығырыққа тіреліп қиындықты да бастарынан өткеріп, шешімін айқындауға небір алтын уақыттарын сарп етті. Сөйтіп есеп тарихы жеңістен-жеңіске жетудің жолы ғана емес, ол өрге өрмелеп небір қиындықтарды бастан өткерудің жылнамасы болды.
Тақырып 4. Кәсіпорындағы Бас бухгалтердің рөлі, Бас бухгалтердің функциялары
Дәріс жоспары:


  1. Бас бухгалетер функциялары.

  2. Бас бухгалтер жауапкершілігі.




  1. Бас бухгалетер функциялары.

Бухгалтерлік қызмет басшысы (бұдан әрі – бас бухгалтер) бухгалтерлік есепті жүргізуді, қаржылық есептілікті жасау мен ұсынуды, есептік саясатты қалыптастыруды, бухгалтерлік есеп мәселелері бойынша басқа да ішкі құжаттарды дайындауды, сондай-ақ оларды ұйымның басшысына (не оның орнындағы адамға) немесе өзге де басқару органына бекітуге ұсынуды қамтамасыз ететін лауазымды тұлға болып табылады.

Бас бухгалтердің функционалдық міндеттері ұйымның басшысы (не оның орнындағы адам) немесе өзге де басқару органы бекіткен оның қызметтік нұсқаулығымен айқындалады.

Бас бухгалтер ұйымның басшысына (не оның орнындағы адамға) немесе оның орынбасарына тікелей бағынады.

Бас бухгалтердің функциялары мыналар болып табылады:

1) ұйымның бухгалтерлік есебін жүргізуді ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

2) ұйымның есептік саясатын қалыптастыруды қамтамасыз ету;

3) ұйымның есептік саясаты негізінде жасалатын операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілікті жасау бойынша ұйымның ішкі құжаттарын әзірлеуді қамтамасыз ету;

4) бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жүргізу және қаржылық есептілікті жасау мәселелері бойынша ұйымның ішкі құжаттары мазмұнының Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына өзектілігін қамтамасыз ету;

5) ұйымның барлық жасалынған операцияларын, сондай-ақ ұйымның қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, олардың бизнес-процесін келісу арқылы олардың нәтижелерін бухгалтерлік есепте және қаржылық есептілікте уақтылы және шынайы көрсетуді және (немесе) тексеруді қамтамасыз ету;

6) ұйымның барлық бөлімшелері үшін орындауға міндетті болып табылатын операцияларды орындау, ресімдеу және есепке алу тәртібі туралы нұсқаулар жасау арқылы бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде бақылау функциясын жүзеге асыру;

7) қаржылық есептілікті толық және уақтылы жасау мен ұсыну жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

8) синтетикалық есептің деректемелерінің талдамалық есептің деректерімен сәйкестігін қамтамасыз ету;

9) бухгалтерлік құжаттардың сақталуын, олардың ресімделуін және белгіленген тәртіппен мұрағатқа өткізуді қамтамасыз ету;

10) деректердің электронды түрде сақталуын бақылау;

11) бухгалтерлік есепті автоматтандыру және оны жетілдіру бойынша ұсыныстарды қарау және келісу;

12) ұйымға түгендеу жүргізу қағидаларын әзірлеуді қамтамасыз ету;

13) бас бухгалтердің қызметтік нұсқаулығында және ұйымның ішкі құжаттарында көзделген өзге де функциялар.

Ұйымның (филиалдың, өкілдіктің) бухгалтерлік қызметінің қызметкерінің, ұйымның бас бухгалтерін қоспағанда (бұдан әрі – бухгалтер) функциялары ұйымның ішкі құжаттарына сәйкес мыналар болып табылады:

1) ұйымның бас бухгалтерінің нұсқаулары мен өкімдерін орындау;

2) қағаз тасымалдауышта және электронды түрде қалыптастырылған бастапқы құжаттар тізбесін жасау, оларды бас бухгалтерге және оларды қажет болған жағдайда ұйымның басшысына (не оның орнындағы адамға) немесе өзге де басқару органына келісуге ұсынуға ұсыну;

3) бастапқы құжаттарды ойдағыдай ресімдеуді және сақталуын қамтамасыз ету;

4) қол қою үлгілерінің, электрондық цифрлық қолдардың болуын қамтамасыз ету;

5) ұйымның ішкі құжаттарында көзделген өзге де функциялар.

Ұйымның басшысы (не оның орнындағы адам) және (немесе) бас бухгалтері немесе өзге де басқару органы ұйымның құжаттарына қол қоюға, оның ішінде электрондық цифрлық қолдарды пайдалана отырып, ұйымның ақпарат жүйесінде операцияларды көрсетуге рұқсат беретін уәкілетті тұлғаларды айқындайды.


2. Бас бухгалтер жауапкершілігі.

Компания қызметінде қылмыстық әрекеттер анықталса, негізгі жауаптылар компания басшысы мен бас бухгалтер болып табылады. Сондықтан компанияның негізгі лауазымды тұлғасы ретінде бас бухгалтердің жауапкершілігіне тоқталып кетейік.

Кез-келген лауазымды тұлғаның құқықтық статусы деп басқарудың иерархиялық сатысындағы орны және оның құқықтары мен міндеттері жиынтығының нормалармен бекітілген құқықтары түсініледі. Қазіргі таңда, өкінішке орай Қазақстанда бас бухгалтердің немесе тұтастай бухгалтерлік қызмет статусын жіті регламенттейтін қандай да бір нормативтік акт жоқ.

ҚР Қаржы министрінің 22.06.2007 жылғы № 271 бұйрығымен бекітілген «Бухгалтерлік есепті жүргізу Ережесі» 2 тармақ 8 тармақшасына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу кезінде бас бухгалтер есепті кезеңде операциялар мен оқиғаларды және активтер мен міндеттемелерді бағалауды көрсетуде қабылданған есеп саясатының өзгеріссіз қалуын, есепті кезең үшін барлық жасалған операциялар мен оқиғалардың толық көрсетілуін, есепті кезеңдерге кірістер мен шығыстардың дұрыс жатқызылу шынайылығы мен дұрыстығын қамтамасыз етуі керек.

Осыған байланысты, бас бухгалтерге ҚР бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңының, бухгалтерлік есеп стандарттарын, қаржылық есептіліктің Ұлттық және халықаралық стандарттарын, сондай-ақ бухгалтерлік есептің Типтік шоттар жоспарын сақтау міндеті жүктеледі.

Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңда қаржылық есептілікке компания басшысы мен бас бухгалтер қол қоюы тиіс деп көрсетілген. Ал «Бухгалтерлік есепті жүргізу Ережесінің» 2 пункт 11 подпунктінде ақшалық және есеп айырысу құжаттары, қаржылық және несиелік міндеттемелер бас бухгалтердің қолынсыз жарамсыз деп танылады және ҚР заңнамаларында бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік сұрақтары бойынша басқалай қарастырылмаса, орындауға қабылданбайды деп қатаң қарастырылған.

Нормативтік-құқықтық актілерде бухгалтерлік қызметтің негізгі міндеттері деп төмендегілер көрсетілген: қаржылық жағдай, сондай-ақ кәсіпкерлер мен компанияның қаржылық жағдайындағы өзгерістер мен қызмет нәтижелері туралы толық және шынайы ақпараттың қалыптасуын қамтамасыз ету. Қазіргі таңда компанияның қаржылық жағдайына өзінің маңыздылығына байланысты бас бухгалтердің рөлі көпфункциялы болуы керек және өзіне мыналарды қамтуы тиіс:


  1. басқарушылық, бухгалтерлік және салықтық есепті ұйымдастыру және жүргізу, статистикалық, қаржылық және салықтық есеп берулерді уақытылы және сапалы құрастыру және құзырлы ұйымдарға ұсыну;

  2. компанияның шаруашылық қызметі жағдайына басқарушылық (қаржылық және өндірістік) талдау жасау;

  3. өндіріс және айналыс шығындарының, шығын және өнімді өткізу сметаларының орындалуының шынайы есебі, өнімнің, қызметтің, жұмыстың өзіндік құны калькуляциясының экономикалық негізделген есептерін құрастыру.

Мұндай көпфункциялы қызметті орындау және жоғарыда аталған барлық қызметті тиімді жүзеге асыруға тек қана жоғары білікті қаржылық жоспаршы және стратег қызметін орындай алатын бас бухгалтер лайықты.

Алғашқы құжаттағы, ал одан кейін бухгалтерлік жазбалар мен шаруашылық операцияларының қаржылық есептілігіндегі мәліметтер қылмыстық және азаматтық істерді қарауда заттай дәлел бола алады. Бухгалтерлік есеп қызметі шиеленіскен немесе мүлдем жүргізілмейтін жерде ең ауыр экономикалық қылмыстардың жасалуы тегін емес.

Сонымен, бас бухгалтер бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізбегенде; бухгалтерлік, қаржылық және статистикалық есеп беру мәліметтерін бұрмалағанда; қолма-қол ақша қаражаттарының, бағалы қағаздар мен ақшалық құжаттардың және т.б. сақталуын қамтамасыз етпегенде; баланстан дебиторлық және кредиторлық қарыздарды есептен шығару кезінде белгіленген тәртіпті бұзғанда; мүлік жетіспеушілігі анықталғанда тәртіптік, әкімшілік, материалдық және тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Компанияның барлық қаржы-шаруашылық қызметін регламенттейтін тәртіп пен ережелерді бұзғанда бас бухгалтер компания басшысымен бірдей жауапкершілікте болады. Экономикалық қызмет саласындағы заң бұзушылықтарды тергегенде, әдетте, күдіктілер ретінде бірінші компания басшысы мен бас бухгалтер тергеледі. Сонымен қатар, қылмыстық жауапкершілікке қылмысты ұйымдастырған немесе соған компания басшысы мен бас бухгалтерді үгіттеген тұлғада тартылуы мүмкін. Бас бухгалтерлердің тәртіптік, материалдық және қылмыстық жауапкершіліктері ҚР-ғы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес анықталады.

Кез-келген кәсіпорынның бас бухгалтері- бұл кәсіпорынның барлық қаржылық және шаруашылық операцияларының есебін ұйымдастыру және жүргізу бойынша жауапты басқарушылық қызметті жүзеге асыратын лауазымды тұлға. Нарықтық экономиканың қиын жағдайларында ол тек қана бухгалтерлік емес, сонымен қатар басқарушылық және салықтық есептерді жүргізеді. Бас бухгалтер тек қана жеке өзінің қаржылық шешімдерін қабылдап жүзеге асырмайды, сонымен бірге әртүрлі нормативтік-құқықтық актілер талаптарын және кәсіпорынның басқару ұйымының шешімдерін орындауға міндетті. Бас бухгалтердің заңдық жауапкершілігі туралы тек осы ерекшеліктерді есепке ала отырып қана айтуға болады.

Заңдық жауапкершілік қылмыстық, әкімшілік, азаматтық-құқықтық, тәртіптік және материалдық болуы мүмкін. Аталған заңдық жауапкершіліктердің кез-келгені қылмысты жасаған адамның іс-әрекетінде нақты заң бұзушылық құрамы анықталса ғана орын алады.

Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясаты Тұжырымдамасында қылмыстық құқықты Қазақстан ратификациялаған халықаралық келісім-шартқа сәйкестендіру құқықтық саясаттың маңызды бағыты болып табылады делінген. Осыған байланысты ҚР экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес Агенттігі «Заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін енгізу мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын дайындады. Ағымдағы жылдың наурыз айында ол ҚР Президенті жанындағы құқықтық саясат бойынша Кеңесте қаралып, заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі бойынша ұсынылған модель негізделген деп танылды.

Заң жобасын қабылдаған күннен бастап Мәжілісте жұмыс топтарының 20-дан астам отырыстары болып, жаңа заң жобасы әрбір қазақстандыққа қатысты болғандықтан оны Қоғамдық палата мүшелерінің талқылауына шығару керек деген шешім қабылданды.

Заң жобасын дайындағандардың түсіндіруі бойынша жаңа заң жобасы негізінде Азаматтық, Қылмыстық, Қылмыстық-атқару кодекстеріне және басқа да ҚР заң актілеріне түзетулер енгізу қажет:


  1. бірқатар экономикалық, экологиялық және жемқорлық қылмыстар үшін заңды тұлғаның қылмыстық жауапкершілігін енгізу;

  2. заңды тұлғалардың қылмыстық істері бойынша тәртіпті реттеу.

Заң жобасын дайындаушылардың айтуы бойынша ірі шет елдік компаниялар өз елдерінде Қазақстандағыдай заң бұзушылықтарға бармайды, себебі, ол елдерде заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі бар. Әрине, біздің ел үшін заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі жаңа институт болып табылады, сондықтан бұл мәселенің жақтаушылары мен қатар қарсыластары пайда болды. Сондықтан бұл сұрақты елдегі ішкі әлеуметтік-экономикалық жағдайды есепке ала отырып қарастырған жөн.

Ең алғаш рет заңды тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша іс-шаралар 2001 жылы әкімшілік жауапкершілікті енгізу арқылы реттелді . Бірақ тәжірибеде заңды тұлғаларға әкімшілік шараларды қолдану, жасалған іс-әрекеттердің оларға қатысты қолданылып отырған шаралардан әлдеқайда ауыр екендігін көрсетіп отыр. Демек, корпорация қызметкерлерінің жеке жауапкершілігі келтірілген зиянның ең аз бөлігін де қамтамасыз етпейді және болашақта осыған ұқсас қылмыстардың алдын-алуға мүмкіндік бермейді. Заң жобасы экономикалық, экологиялық және басқа да заң бұзушылықтар жасаған заңды тұлғаларға қатысты айыппұл, қандайда бір қызмет түрімен айналысу құқығынан айыру және заңды тұлғаны жою сияқты шараларды қолдануды көздейді.

ҚР Парламенті Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палата отырысында заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін енгізуде екі қарама-қарсы жақтың қалыптасқаны айтылды. Мысалы, заңды тұлғалар үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізуге қарсы жақ заңсыз әрекеттер үшін материалдық жауапкершілікті азаматтық және әкімшілік құқық аясында күшейтуге болады дейді. Олар заңды тұлғада табиғи адамдық болмыстың жоқ екендігін айтып, сондықтан оны бостандығынан айыруға немесе тұтқынға алуға болмайтындығын алға тартады. Заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі заңсыз әрекет нәтижесінде жеке жауапкершілік қағидаларына қарама-қайшы келеді.

Заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі тұжырымдамасын жақтаушылар өз позицияларын төмендегідей түсіндіреді: қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар бұзылғанда, азаматтық-құқықытық және әкімшілік шаралар тиімсіз, себебі, өзге құқықтық салалық шаралар жасалған заң бұзушылықтардың нақты қоғамдық қауіп-қатер дәрежесін көрсетпейді. Сонымен қатар, заң бойынша заңды тұлға жеке тұлғадан тәуелсіз жеке құқықтық субъект деп танылған. Сондықтан, ол жекелеген қылмыс түрлерін жасады деп танылып, қылмыстық жауапкерішілікке тартылуы мүмкін.

Қазіргі таңда заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкешілігі заң негізінде Франция, Германия, Бельгия, Дания, Жапония, Канада, АҚШ, Оңтүстік Корея, Голландия, Норвегия, Австрия, Иордания, Ливан, Сирия, Қытай, Румыния, Молдовия және Литвада бекітілген. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, қылмыстық жауапкершілікті енгізу қылмыстық әрекеттер негізінде болған зиянның орнын толтыру деңгейін жоғарылатады, себебі, заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі болған кезде мүліктік санкцияларды тікелей оларға қатысты қолдану мүмкіндігін береді.

Осы мәселе бойынша Литваның тәжірибесі қызықты деп санаймын. Бүгінгі таңда бұл мемлекеттің қылмыстың заңнамасында заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігі туралы айтылмайды, тек қана заңды тұлғаларға қолданылатын қылмыстық күштеу шаралары қарастырылған. Қазақстан өзгерістер енгізе отырып, осындай тәжірибелерді алуына болатын шығар.

Көршілес Ресейде де заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін енгізу ұсынылды. Компанияға қолданылатын шаралар әртүрлі: үлкен көлемдегі айыппұлдан бастап, компанияны жою және қандайда бір ірі келісімдерді жасауға тыйым салу.

Дегенмен, қылмыстық жауапкершілік заңды жауапкершіліктің ең қатаң түрі және тұлғаны қылмыскер деп танумен байланысты болғандықтан, қылмыстық жазаны тек ерекше жағдайларда ғана пайдаланған жөн.

Мысалы, бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлемеу мемлекетке зиян келтіруі мүмкін. Бірақ салық ұйымдарында оларды өндіру бойынша заңды тетіктері жеткілікті. Санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық нормаларды сақтамаған жағдайда, заңды тұлғаға қоршаған ортаға келтірілген зиян мөлшерінде айыппұл салынады. Демек, жекелеген жағдайларда отандық заңнама шексіз әкімшілік айыппұлдарды қарастырған.

Жаңа қылмыстық жауапкершілік объектісін енгізу, заңды тұлғаға қарастырылған қызмет түрімен айналысу мүмкіндігінен айыруды білдіреді. Бірақ, заңды тұлға азаматтық құқықтық институт болып табылады. Ал ҚР Азаматтық Кодексінде, мемлекет, кәсіпкерлік қызмет бостандығына кепіл береді және оған қолдау көрсетіп, қорғайды делінген.

Заңды тұлғаларды жаңа заң жобасы бойынша жою мемлекетке тиімсіз, себебі, салық салынатын база азайып, жұмыс орындары қысқарады және т.б.

Немесе мынадай жағдайды қарастырайық, үш мемлекеттің Кеден одағына Қазақстанның қатысуы. Бірақ, Ресей немесе Белоруссияның қылмыстық кодекстерінде заңды тұлғаның қылмыстық жауапкершілігі қарастырылмаған. Сондықтан осындай жауапкершілікті енгізген жағдайда, біздің жеке кәсіпкерлік құрылымдарымыз ең тиімсіз жағдайда қалады, контрагенттер арасындағы қандай да бір экономикалық дау кезінде өз серіктестіріне қарағанда ең әлсіз болып қалуы мүмкін.


жүктеу 0,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау