Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары лекция тезистері лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым


Лекция №9. Мектептегі әдістемелік қызмет және мұғалімдерді аттестациялау



жүктеу 445,71 Kb.
бет50/90
Дата28.09.2023
өлшемі445,71 Kb.
#43586
түріЛекция
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   90
Лекция №1. Менеджмент басқару туралы ғылым Жоспары-emirsaba.org

Лекция №9. Мектептегі әдістемелік қызмет және мұғалімдерді аттестациялау
Жоспары:
1. Мектептегі әдістемелік қызмет, мақсаты, міндеті және іс-әрекеттің негізгі бағыттары. Ғылыми-әдістемелік кеңес, мақсаты, міндеті қызметі және өкілеттілігі.
2. Мұғалімдердің әдістемелік бірлестігінің түрлері мен рөлі. «Жас мұғалімдер мектебі», «Тәлімгерлік», «Педагогикалық шеберлік мектебі», озат педагогикалық тәжірибені жалпылау, жаңашыл педагогикалық іс-әрекетке тарту.
3. Мектептегі әдістемелік қызметті ұйымдастыру формалары мен қағидалары.
4. Мұғалімдерді аттестациялауды рәсімдеу, қазіргі кездегі талаптары. Педагогикалық портфолио.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1) Бузаубакова К.Д. Білім берудегі менеджмент. Оқулық . -Тараз: ИП «Бейсенбекова А.Ж.», 2020. -383 б.2.Т.В.Паньшина, Ж.Ж.Айтпаева Педагогикалық менеджмент Алматы, 2012
2) Бузаубакова К.Д. Білім берудегі менеджмент: Тест тапсырмалары, кейстер. Оқу құралы . -Тараз: ИП «Бейсенбекова А.Ж.», 2020. -87 б.
3) Бузаубакова К.Д., Ахметова А.Н. Педагогикалық менеджмент және қазіргі мектепті басқару. Оқу құралы. -Тараз: ТарМПИ, 2015. - 156 б.
4) Баймолдаев Т.М. Мектепішілік басқаруды ұйымдастыру құрылымы.- Алматы, 2005.-145 б.
5) А.Қ.Дүйсенбаев Педагогикалық менеджмент:- Алматы: Отан ЖҚ., 2015.-187 б.
1. Мектептегі әдістемелік қызмет, мақсаты, міндеті және іс-әрекеттің негізгі бағыттары. Ғылыми-әдістемелік кеңес, мақсаты, міндеті қызметі және өкілеттілігі.
Құзырлық» сөзі – «құзыр» сөзінен шыққан. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында: «Құзырет (компетенция)» – нақты органның не лауазымды тұлғаның заң жүзінде белгіленген өкілеттіліктері, құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы» – деп көрсетілген.
Латын тілінен аударғанда «құзырлық – өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі» деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладағы құзырлықты меңгерген тұлғаны өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған қандай да бір негізі бар ой-тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын маман деп қарастыруға болады.
Педагогика ғылымында: «Құзыр» – тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы мен іс-әрекеттер тәсілінің өзара байланысқан сапаларының жиынтығы, ал «құзырлық» – адамның іс-әрекеті саласына сай құзырлықтарды меңгеруі» – деген анықтама беріледі. Бұл екі ұғымды керек болған жағдайда бөліп қарастыруға болады. Мысалы, құзырлық педагог дайындығына алдын-ала қойылатын талаптарды білдірсе, ал құзыреттілік олардың қалыптасқан тұлғалық сапасын және белгілі бір саладағы іс-әрекетке қатысты жинақталған тәжірибесін анықтайды.
В.А.Сластенин, А.К.Маркова, А.М.Новиков, М.И.Қабышева және т.б. ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, «құзыреттілік» сөзінің құрамына кәсіби, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық, құқықтық және т.б. интеграцияланған күрделі, кең мазмұнды сипаттамалар түсінігі кіреді. Жалпылама түрде маманның құзыреттілігі оның кез келген салада кәсіби қызметінің нәтижелі болуы үшін қабілеттері, сапасы мен тұлғалық қасиеттерінің бір-бірімен байланыстылығын көрсетеді.
Кәсіби құзыреттілік: мұғалімнің тұлғалық сапалары; маманның жеке, дара психологиялық сапасы; мұғалімнің педагогикалық қарым-қатынас ерекшеліктері; инновациялық технологияны меңгеру деңгейі; коммуникативтік әрекетті үнемі жетілдіріп отыруға талпынысы; сындарлы ойлау қабілеттілігі; ұдайы шығармашылық ізденіс (24-сурет).


жүктеу 445,71 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   90




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау