Сурет-24. Кәсіби құзыреттілік сапалары
Құзыреттілік – субъектінің қойылған мақсатқа жету үшін оның ішкі және сыртқы ресурстарын тиімді пайдаланатын білім берудің нәтижесі.
А.В.Хуторский жалпы білім берудегі 6 құзыреттілікті ажыратады: жалпы мәдени; оқу-танымдық; ақпараттық; коммуникативтік; әлеуметтік-еңбектік; тұлғалық өзін-өзі жетілдіруі.
Құзіреттілік тәсіліне негізделген жаңа білім мазмұнның базалық принципі–тұлғаның адамгершілік-рухани қасиеттерін дамытуды ынталандыратын ізгі білім беру ортасын құру: өзін-өзі тану, өзін-өзі анықтау және өзін-өзі жетілдіру, коммуникативтік дағдыларды, ақпараттар мен технологияларды басқара білуі, проблемаларды ұтымды шешу, іскерлік пен креативтілікті қалыптастыру, тұлғаның өздігінен дамуы мен дербестігін қамтамасыз ету.
Құзыреттілік – білім мен іскерліктерді, іс-әрекет тәжірибесін меңгеру нәтижесінде белгілі бір іс-әрекет түрін табысты жүзеге асыруға қабілеттілігін сипаттайтын тұлғаның кіріктірілген қасиеттері (4-кесте).
Кесте 4 – «Құзіреттілік» ұғымына сипаттама
Реті
|
Анықтама
|
Шығу көзі
|
1
|
«Құзіреттілік» (латынша Competens- надлежащий, способный) – белгілі бір салада білгір, білікті, өзінің білімімен қандай да бір нәрсені шешуге немесе жасауға құқылы
|
Шетел сөздерінің қысқаша сөздігі. -М.,1990.
|
2
|
«Құзіреттілік» (латынша Competens-лайықты, қол жеткізуге ұмтылу, сәйкес) –қабілетті, білікті, өз ісін жетік білуі; белгілі бір аймақтағы білім мен тәжірибе
|
Орыс тілінің энциклопедиялық сөздігі. -М.: Русский язык, 1990. -794 с.
|
3
|
Құзіреттілік (латынша Competens) – қабілетті, қатысты. Белгілі бір сала тұлғаларының білімінің, білігінің, тәжірибесінің сәйкестігінің мөлшері
|
Вешняков С.М. Кәсіптік білім беру сөздігі. -М.,2008.
|
4
|
Құзыреттілік – ол тұлғаның оқыту және әлеуметтену процестері барысында меңгерген білім мен тәжірибеге негізделген, оның жалпы қабілеті мен іс-әрекетке даярлығы ретінде айқындалатын тұлғаның кіріктірілген қасиеті
|
Ш.Т.Таубаева Педагогиканың философиясы мен әдістемесі. -Алматы, 2016.-340 б.
|
Құзыреттіліктің ерекшеліктері: бір емес бірнеше міндеттерді шешеді; білімнен айырмашылығы – жаңа ілім ақпарат түрінде емес, іс-әрекет түрінде беріледі; біліктіліктен айырмашылығы – теориялық және практикалық іс-әрекетке даярлық автоматты түрде емес, басқа құзыреттілікпен интеграцияланған түрде білінеді; дағдыдан айырмашылығы – іс-әрекет саналы түрде жүреді (25-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |