|
Лекция 1 Кіріспе. ЖоспарДененің жеке бөліктеріне арналған негізгі терминдер
|
бет | 36/53 | Дата | 24.05.2023 | өлшемі | 0,6 Mb. | | #42758 | түрі | Лекция |
| Лекция 1 Кіріспе. Жоспар2. Дененің жеке бөліктеріне арналған негізгі терминдер.
Жаттығулар таңдау барысында мынадай қағидаларды жетекшілікке алған жөн:
1) таңдап алынған жаттығулар кешеннің алға қойған мақсатына сәйкес болуы керек;
2) жаттығуларды олар жаттығушыларға жан-жақты әсер ететіндей етіп таңдаған дұрыс (бұлшық еттердің барлық топтарына әсер етіп, негізгі дене қасиеттерін дамытуды қамтамасыз етуі керек);
3) жаттығулар қолайлы болуы керек, яғни жаттығушылардың жасына, жынысына және дене дайындығына сәйкес болуы керек.
Жалпы жетілдіру жаттығуларға үйрету барысында мына қағидалар қатаң сақталады: қарапайымнан - күрделіге, жеңілден - қиынға. Кешендегі жаттығулар ретін анықтау барысында мына қағидаларды сақтаған жөн:
1) кешенде бірінші кезекте дұрыс дене тұрқын сезіне білуге арналған жаттығулар топтастырылады;
2) үлкен бұлшық ет топтары қатысатын қарапайым жаттығулар орындалады яғни аяқ ұшымен барынша жоғары бір орында жүру; алға еңкейіп және қол қимылдары арқылы отырып-тұру; еңкейіп тұрып аттап түсулер және т.б.);
3) кешендегі келесі жаттығулар әр түрлі бұлшық ет топтарына арналған жаттығулар болғаны жөн (қол, иық белдеу, арқа, іш, аяқ бұлшық еттеріне арналған). Сонымен қатар жұмысқа біртіңдеп дененің әр түрлі бөліктерін қосу керек.
4) Кей жаттығулар біршама артық қарқындылықпен және қиындатылып жасалады. Жаттығулардың мұндай орындалу тәртібі түсірілетін салмақты біртіңдеп ұлғайтуға және дененің әр түрлі бөліктерін кезекпен жұмысқа қосуға мүмкіндік береді. Бұл бұлшық ет күшінің тиімділігін арттырады және жұмысқа қосылған бұлшық еттердің белсенді демалуы үшін қолайлы жағдай туғызады;
5) бұдан кейін кешенге дененің барлық бөліктеріне арналған 2-3 едәуір қарқынды және күрделі жаттығулар еңгізіледі;
6) әдетте күштік сипаттағы жаттығулар тартылуға арналған жаттығулардың алдына келуі керек, себебі бұлшық еттерді алдын ала қыздырып алмаса, бұлшық ет талшықтары мен сіңірлердің созылып кетуі мүмкін. Қарқынды жұмыс атқарылғаннан кейін босаңсуға арналған жаттығулар жасаған дұрыс;
7) кешеннің соңында орташа қарқындылықтағы жаттығулар орындалады. Кешенді дұрыс дене тұрқын сезінуге мүмкіндік беретін жаттығулармен аяқтаған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|