Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.3С Жиындар
|
Мектеп: Ж.Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейі
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Рахманова Гүлзат
|
Сынып:5
|
Қатысқандар :
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Жиын. Жиынның элементтері. Жиындарды кескіндеу
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
5.4.1.1 жиын, оның элементтері, бос жиын ұғымдарын меңгеру
5.5.2.8 жиындармен жұмыс істеуде символдарын қолдану
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар:
|
Жиын ұғымын меңгереді
Жиын элементтерінің анықтамасын біледі
Жиындарды атайды
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
Символдарды пайдаланып жиын элементтерін жазады
|
Кейбір оқушылар:
|
Жиын элементтерін Эйлер-Венн дөңгелектерінде кескіндейді
|
Бағалау критерийі
|
Символдарды қолдану арқылы жиындардың атауларын жазады
Бос жиынды табады
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
символдарының қолданылуын тұжырымдайды.
|
Негізгі сөздер мен тіркестер:
|
Жиын
Жиын элементі
Тиісті, тиісті емес
Бос жиын
Эйлер-Венн дөңгелектері
|
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
а элементі А жиынына тиісті а А
|
а элементі А жиынына тиісті емес а А
|
Бос жиын
|
Құндылықтарға баулу
|
Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау. Сыни тұрғысынан ойлау. Өмір бойы оқуға дайын болу
|
Пәнаралық байланыс
|
География (Қазақстан қалаларына арналған тапсырма)
|
Алдыңғы оқу
|
Натурал сандар. Шеңбер. Латын әріптері
|
Сабақ барысы
|
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
8 мин
|
1мин
2 мин
5 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі
Үй жұмысын тексеру. «Жасыл қалам» әдісі
Оқушылар парталас көршілерінің дәптерлерін тексереді.
Оқушылар бірін-бірі бағалайды.
Бағалау: «Жұбыңды тексер»
Санақ арқылы сынып оқушылары топқа топтастырылады және жаңа тақырыптың оқу мақсатымен таныстырылады.
-бұл сандардың ұқсастықтары қандай?
Саралау: Қарқын
|
|
Сабақтың ортасы
27 мин
|
3 мин
10 мин
7 мин
7 мин
|
АКТ мүмкіндіктерін пайдалану арқылы «Кинометафора» әдісімен жаңа тақырып көрсетіледі.
Топтық тапсырма «Біз біргеміз»
№1017. Жиындардың аттарын атаңдар:
1 топ: оқушыларды оқытатын қызметкерлер жиыны;
2 топ: өлеңге ән жазатын мамандар жиыны;
3 топ: адам емдейтін қызметкерлер жиыны;
4 топ: мектепте оқитын балалар жиыны.
ҚБ: Екі жұлдыз, бір тілек
Саралау тәсілі: Жіктеу
Жұптық тапсырма «Серіктес»
Келесі жиындардың элементтерін жаз.
a) А – 10-ға еселі үштаңбалы сандар жиыны.
b) Т – тұрғындар саны 1 млн-нан артық Қазақстандағы қалалар жиыны.
ҚБ: Комментарий бер, Мадақтау сөздер
Саралау тәсілі: Диалог және қолдау
Жеке жұмыс «Бағдаршам»
1 қызыл түс:
Мына сөздердегі әріптер жиынын элементтерімен жазыңдар және элементтер санын көрсетіңдер:
1) "математика" сөзіндегі әріптердің А жиынын;
2) "Космос" сөзіндегі әріптердің В жиынын;
3) "Транспортир" сөзіндегі әріптердің С жиынын.
Дескриптор:
Сөздердегі әріптердің жиынын элементтерімен жазады және элементтер санын табады.
2 сары түс:
Жиынды элементтерімен жазыңдар:
1) нөлмен аяқталатын екі таңбалы сандардың А жиынын;
2) бөлімі 6-ға тең дұрыс бөлшектердің В жиынын; 3) алымы 7-ге тең бұрыс бөлшектердің С жиынын.
3 жасыл түс:
Мына цифрларды пайдаланып, екі таңбалы сандардың А, В және С жиындарын элементтерімен жазыңдар: 1) 2 және 6; 2) 0, 1 және 7; 3) 3, 5 және 9.
Бағалау: «Инстаграмм» тәсілі
Саралау: Тапсырма арқылы
Дескриптор арқылы қалыптастырушы бағалау тапсырмасы (дескриптор қосымшада)
1.Жиындардың атауларын жаз.
a) А = {төртбұрыш, квадрат, шеңбер, дөңгелек}
b) С = {11, 22, 33, 44, 55, 66, 77, 88, 99}
c) Е = {алымы 1-ге тең жай бөлшектер жиыны}
2.Берілген А жиынына жатпайтын бос жиындарды жаз.
|
Bilimland.kz сайтынан видеоролик
Оқулық 5 сынып
2 бөлім
Тапсырмалар жазылған парақшалар
|
Сабақтың соңы
5 мин
|
3+2мин
|
Рефлексия:
«Гүлдер»
Оқушыларға қағаздан қиылған үш түсті гүл үлестіріледі. Олар сабақ қорытындысы бойынша жасыл түсті гүлді ең көп көмектескенге, сары гүлді ең сыпайы оқушыға, ал қызыл гүлді ең жақсы тыңдай білген балаға беруі керек. Ең үлкен гүл шоғы кімде болар екенін анықтау
Үйге тапсырма. 1018
Бағалау.
|
Қағаздан қиылған үш түсті гүл
|
Қосымша ақпарат
2
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
|
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және
қауіпсіздік техникасын сақтау
|
1.Топтық, жұптық жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады.
2. Топтық тапсырманы «Постер қорғау» тәсілі арқылы орындап, «жіктеу» саралау тәсілін қолданылады.
3. Жұптық тапсырманы орындауда оқушыларды «Қарқын» тәсілі арқылы саралау.
Барлық оқушылар жиын атауларын табу тапсырмалары берілсе, оқушылардың басым бөлігі жиын элементтерін табу ұсынылады. Қабілеті жоғары оқушылар жиын элементтерін Эйлер-Венн дөңгелектерінде кескіндеу арқылы олардың білімдерін кеңейту.
|
1. Оқушылардың қажетті білімдерін білу мақсатында ашық сұрақ қойылады. 2.Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін бақылау, өзара
2 жұлдыз 1ұсыныс беру бойынша жетістіктерін айқындау.
3. Мадақтау сөздерімен ынталандырып отыру
4. Әр оқушының ОМ жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолдану
5. Рефлесия «Гүлдер»
|
Партада дұрыс отыруын қадағалау
|
Бөлім
Тақырып
|
5.3С Жиындар
Жиын. Жиынның элементтері. Жиындарды кескіндеу
|
Оқу мақсаты
|
5.4.1.1 жиын, оның элементтері, бос жиын ұғымдарын меңгеру
5.5.2.8 жиындармен жұмыс істеуде символдарын қолдану
|
Ойлау дағдыларының деңгейлері
|
Қолдану
|
Бағалау критерийлері
|
Жиындардың атауларын жазады
Бос жиынды табады
|
Тапсырма
|
1.Жиындардың атауларын жаз.
a) А = {төртбұрыш, квадрат, шеңбер, дөңгелек}
b) С = {11, 22, 33, 44, 55, 66, 77, 88, 99}
c) Е = {алымы 1-ге тең жай бөлшектер жиыны}
2.Берілген А жиынына жатпайтын бос жиындарды жаз.
|
Бағалау критерийi
|
Дескриптор
|
Жиындардың атауларын жазады
|
Жиын элементтерін анықтайды
|
Бос жиынды табады
|
Эйлер-Венн дөңгелектерін пайдаланып, бос жиынды табады
|