|
Лекция 1 Кіріспе. Жоспар
|
бет | 1/53 | Дата | 24.05.2023 | өлшемі | 0,6 Mb. | | #42758 | түрі | Лекция |
| Лекция 1 Кіріспе. Жоспар
Лекция 1-2. Кіріспе.
Жоспар:
Дене тәрбиесі жүйесіндегі гимнастика.
Дене тәрбиесінің бірден-бір негізгі құралы ретінде гимнастиканың сипаттамасы.
Тұрғындарды сауықтыру және дене тәрбиесіндегі гимнастиканың орны мен мағынасы.
Эстетикалық тәрбиелеудегі гимнастиканың ролі.
1. Дене тәрбиесі жүйесіндегі гимнастика.
Елімізде дене тәрбиесі мен спорттың көпшілігі арасында таралуын дене тәрбиесі институттарының педагогикалық факультеттерінде дайындықтан өткен мамандар қамтамасыз етіледі. Дене тәрбиесі оқтушылары мен бұқаралық спорттың-сауықтыру жұмыстары және туризмді ұйымдастырушы мамандарды атқаратын жұмыстарының тиімділігі, олардың шеберлігіне байланысты.
Гимнастиканың бұкаралык түрлері бойынша маманның моделі мынадай болуды ұйғарды: өз қызметінде оқытушы нақты жағдайға қарай, әртүрлі әдістер арқылы және топтардағы сабақтарды өткізе білуі, әртүрлі жастағы адамдарға жаттығулар кешенін ұсына білуі тиіс және де жарыстар ұйымдастырып гимнастикалық мейрамдар өткізіп тұруы шарт. Бұл сала бойынша студенттер жүйелі білімді теория жүзінде лекция сабақтарында және өз бетінше ұсынылатын әдебиеттерді оқи отырып әдістемелік, семинар және практикалық сабақтарды алады.
Гимнастика курсының бағдарламасы бойынша маманның гимнастика тарихы мәселесі бойынша дене тәрбиесі жүйесіндегі орны мен маңызы боиьтнтна бөлімдерді окып үйренуді қарастырады. Теориялык және практикалык курсты меңгере отырып , студенттер гимнастиканың үлкен мүмкіндіктері жайлы түсінік алады. Гимнастика әдістемесін меңгеру олардың кәсіби дайындық жүйесіндегі маңызды база болып табылады.
Гимнастика халықтық дене тәрбиесі, еңбек пен отанды қорғауға дайындау жасындағы құрал болып табылады. «Гимнастика оқыту әдістемесі» дене тәрбиесі институттарын бітірушілерінің кәсіби дайындығын қамтамасыз ететін пәндердің бірі. Осы курсты меңгеріп алу маманға гимнастиканың бұқаралық түрі бойынша жас ерекшелігі әр түрлі жене дайындығы түрлі деңгейдегі контингентпен болатын сабактарды білікті түрдс өткізуге мүмкіндік береді.
Педагогикалық факультетті бітірушілер гимнастикалық жаттықтырушлармен айналысушыларды оқытып, жалпы білім беретін мектептерде және кәсіптік техникалық училещелерде, жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарында, кәсіпорындардың дене тәрбиесі ұжымдарында, спорттық сауықтыру мекемелерінде дене тәрбиесі жүзеге асырушы өзге де ұйымдар мен мекемелерде ұйымдастыра отырып өткізіліп тұруы тиіс.
Гимнастиканың бұқаралық түлерінің ерекшелігі оның деңгейін жалпы көпшіліктің айналаса алатындығы. Гимнастика құралдар балғын бала жастағы адамдарға дейін кең түрде тарайды. Бірақ әсіресе дене тәрбиесі оқытушысының меншікті және орта арнаулы оқу орындарындағы оқушылармен жүргізетін жұмысы өте маңызды. Дене тәрбиесі сабағының маманы гимнастиканы барлық сыныптарда үйретуі білуі тиіс, бұл базалық және сауықтыру гимнастикасының барлық түрін білуі контингентпен өсу қарқынының жоғары болып табылатын 6 мен 17 жас аралығында жұмыс істеу барысында оның барлық құралдарын қолдана білуді білдіреді. Жалпы және кәсіптік қолданбалы дене тәрбиесінен аса күрделі мәселелерді орта арнаулы және жоғарғы оқу орындарында шешім табады. Ересектерде сауыктыру гимнастикаға деген талпыныс өте күшті. Дене тәрбиесі институттарында педагогикалық оқу орындары дене тәрбиесі мұғалімінің сауықтыру жұмыстары мен туризмді ұйымдастырушы мамандықтары таза педагогикалық мамандық болып табылады. Студенттер гимнастика курсын игеру барысында жалпы педагогикалықбілімділікті, ептілік пен дағдылар қатар гимнастиканы оқытумен байланысты болатын арнайы біліммен қаралынады. Халықтың тұрмыс салтына көпшілікке енгізуді насихаттау жүзеге асырумен байланысты болғандықтан оқытуды төменде көрсетілген әдістемелерін меңгеріп алуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|