Әдебиеттер тізімі:
Гавердовский Ю.К. Техника гимнастических упражнений: популярное учебное пособие. М.: Терра-Спорт, 2002.
Гимнастика. М.Л.Журавина, Н.К.Меньшикова. М.: «Академия», 2002.
Гимнастическая терминология: справочник по курсу «Гимнастика». С.А.Александров. Гродно, 2000.
Горанько М.И. Спортивная гимнастика Казахстана. Исторический очерк (1917-2011гг.). Алматы, 2011.
Ракишев Т.К. Дене шынықтыру және спорт: казахско-русский, русско-казахский словарь. Алматы, 2014.
Словарь терминов гимнастики и основ хореографии. А.И.Рябчиков, Ж.Е.Фирилева. СПб.: Детство-Пресс, 2009.
Лекция 11. Гимнастика жаттығулары тәсілдерінің жалпы негіздері
Жоспар:
1. Гимнастикалык жаттығулардың орындалуының негізі
2. Физикалық зандылыктары статистика кинематикасы динамикасы жұмысы күштілігі энергиясы
1. Гимнастикалык жаттығулардың орындалуының негізгі
Саптық жаттығула мен жүру жаттығуларын орындау тәртібі
Саптық жаттығулар. Саптық жаттығу немесе қатарға тұру гимнастиканың алғышарты, бастамасы болып табылады. Дене тәрбиесі сабағында сапқа, лекке (колонна), қатарға (шеренга) тұрудың негізгі жаттығулары мен бұйрық беру және оны орындауды үйрену күрделене отырып жалғасады.
Сапқа және қатарға тұрудың негізгі жаттығулары мыналар: сапқа тұру, қатарға тұру, лекке тұру, түзелу, түзу тұру, еркін тұру, оңға бұрылу, солға бұрылу, артқа бұрылу.
Сапқа тұрғызу тәсілдері екіге бөлінеді:
1. бір орында тұрып орындалатын қимылдарға арналған бұйрықтар: «Сапқа тұр!» («Становись!»), «Сап түзе!» («Равняйсь!»), «Тік тұр!» («Смирно!»), «Еркін тұр!» («Вольно!»), «Оңға бұрыл!», «Солға бұрыл!», «Артқа бұрыл!» және т.б.
2. жүру үстінде орындалатын қимылдарға арналған командалар (жүру, жүгіру, жүріп бара жатқанда бұрылу және т.б.).
Бір лекке тұру
Екі лекке тұру
Сапқа тұру жаттығулары
Сапқа тұру балалардың ұйымшыл және тәртіпті болуына, денені дұрыс ұстауына, оларда қарқын мен ырғақ сезімдерінің дамуына, қимыл дағдыларын тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Сабақтың кіріспе бөлімінде олар топ балалардың зейіндерін іске жұмылдыруға, балалар ағзасын бір қалыпты қыздыруға, дененің зат алмасуын арттыруға жағдай жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |