ҰЛАҒат қараша



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет27/29
Дата24.05.2018
өлшемі0,85 Mb.
#16814
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

126

127


Мағжан Жұмабаев:

- Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілі болу. 

Ұлттың  тілі  кеми  бастауы  ұлттың  құри  бастағанын 

көрсетеді.  Ұлтқа  тілінен  қымбат  нәрсе  болмасқа 

тиісті.  Бір  ұлттың  тілінде  сол  ұлттың  сыры,  тарихы, 

тұрмысы,  мінезі  айнадай  көрініп  тұрады.  Тіл  –  адам 

жанының тілмашы. Тіл – әрбір адамға осындай қымбат 

болса, әрине, ұлт үшін де – қымбат. Тілсіз ұлт, тілінен 

айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес. 

Ондай ұлт құрымақ.



Сұлтанмахмұт Торайғыров:

- Алаш туы астында,

Күн сөнгенше сөнбейміз.

Енді ешкімнің алашты

Қорлығына бермейміз!

Адамдықтың жолына

Бастаған ерлер соңында

Басқаға көңіл бөлмейміз.

Қандай шайтан келсе де,

Алдауына көнбейміз.

Өлер жерден кеттік біз,

Бұл заманға жеттік біз!

Жасайды алаш, өлмейміз!

Жасасын алаш, жасасын!



 Алаш қайраткерлері бейнесіндегі оқушылар сахна 

төрінде  тұра  береді.  Сахнаның  екі  жағынан    үш-

үштен  оқушылар шығады.

1-оқушы:  -  Қоғам  өзгерісін  жан-жақты  әрі  терең 

таныған зиялы тұлғалар халықтың ұлттық санасының 

оянуына қажетті мәселелерді дұрыс барлап, әрі қарай 

өрлеуіне ықпал етті.



2-оқушы: - Ұлтының тәуелсіздігін көксеп, рухының 

асқақтауын  қолдаған  қайраткерлердің  осы  арнадағы 

мұрат-мақсаттары да, көзқарастары да үндес еді. 

3-оқушы: - Алаш идеясы ұлттық рухты көтеру, тіл 

мен дінді көз қарашығындай қорғап, сақтау болатын.



4-оқушы:  -  Алаш  идеясы  әрбір  қазақтың  темір-

қазығы болуы тиіс. Сонда ғана біз шын мәніндегі азат 

ел, дәулетті де өркениетті қазақ мемлекетіне қол жеткізе 

аламыз.


5-оқушы:  -  Біртұтас  Алаш  идеясын  қанымызға  

құйып,  жанымызға  сіңіру  арқылы  ғана  біз  тәуелсізді-

гімізді тұғырлы ете аламыз.

6-оқушы: - Ұлтымыздың рухы асқақтап, тіліміздің 

мәртебесі  биіктеп,  дініміз  пәк,  таза  қалпында 

ынтымағымыз нығая берсін!

С.Торайғыровтың  «Мен  –  қазақ,  Алаш  десе 

мақтанамын» өлеңін мәнерлеп жатқа оқиды.

Содан  соң  сахнадағылар  түгел  Алаш  маршын 

орындайды.

                           Алаш маршы

         Арғы атам – ер Түрік, біз – Қазақ еліміз,

         Асқар тау, шалқар көл, Сарыарқа жеріміз.

         Біз жүрген Алаштың шын кемеңгеріміз,

         Долданса, болмайтын жаңа дәу періміз.

         Ежелден ер Түрік, оқ тескен етіміз,

         Қаймығып еш жаудан, қайтпаған бетіміз.

         Лап десе, ат болып зуылдап шабамыз,

         Лап десе, от болып дүрілдеп жанамыз.

         Алаштың ақ туын ақырып қолға алып,

         Алаштап шапқанда жауға ойран саламыз.




128

129


Танымдық сайыс

Луна ӘЛІМБАЙҚЫЗЫ,

«Темірастау» орта 

мектебінің мұғалімі.

Ақтөбе облысы,

Ырғыз ауданы, 

Жаныс би ауылы.



«ТУҒАН ТІЛІМ – ТІРЛІГІМНІң 

АЙҒАҒЫ»

Мақсаты:  ана  тілімізді  қастерлеуге,  отансүйгіш-

тікке, ана тілінде таза, еркін сөйлеуге баулу.

-  Қымбатты  ұстаздар,  оқушылар!  Бүгінгі  «Туған 

тілім  –  тірлігімнің  айғағы»    атты  сайысымызға  қош 

келдіңіздер!  Тіл  –  ұлттық  белгі,  халықтық  мұра, 

дүниетаным  құралы.  Халықтың  тарихта  қалуы  тіліне 

байланысты.  Тіл  –  халықтың  жаны,  сәні,  тұтастай 

кескін келбеті, болмысы. Адамдық мұратқа жеткізетін 

–  ана  тілі  мен  ата  дәстүрі.  Біздің  осындай  халықтық 

қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.

Қазақ  тілі  –  дүниежүзіндегі  ең  бай,  беделді  де, 

бейнелі тілдердің бірі.

Өткірдің жүзі, 

Кестенің бізі

Өрнегін  сендей  сала  алмас,-  деп  ұлы  Абай  атамыз 

таңырқап, тағзым еткен – осы қасиетті тіліміз. Сіздердің 

алдарыңызға  өз  өнерлерін  көрсететін  мүшелерін 

шақырайық!  Ендеше,  сіздердің  қошеметтеріңізбен 

ортаға  шығатын  7-сынып  оқушыларынан  құралған 

«Қазыбек би» ауылының тұрғындарын қарсы алайық! 

Келесі  топ  –  8-сынып  оқушылары  –  «Әйтеке  би» 

ауылының  қонақтарын  қарсы  аламыз!  Қазыбек  пен 

Әйтеке    жүрген  жерде    біздер  неге  жүрмеске  деп 

жүректері  алып ұшып жеткен 9-сынып оқушыларынан 

құралған  «Төле  би»  ауылының  тұрғындарын  қарсы 

алайық!  Қашанда  дуалы  сөзімен  жұртты  ауызына 

қаратқан  «Майқы  би»  ауылының  қонақтары  да  келіп 

қалыпты, қарсы аламыз – 10-сынып оқушылары!

Ендеше,  бүгінгі  сайыста  сіздердің    өнерлеріңізге 

әділ  бағасын  беретін  қазылар  алқасы  мүшелерімен 

танысайық:

1. Бірінші, мектебіміздің «Қазақ тілі мен әдебиеті» 

пәнінің мұғалімі – Сырымбетов Болат ағай.

2. Жас маман болса да, бас болып, бүгінгі сайысқа 

төрелік  айтатын  орыс  тілі  пәнінің  мұғалімі  –               

Боранбаева Гүлназ апайларың.

3. Үшінші, мектеп директорының тәрбие ісі жөнін-

дегі орынбасары – Сүйеу Нұртілек ағайларыңыз.

Ендеше,  сіздерді  кеш  шарттарымен  таныстырып 

өтейін (слайдтан көрсетіледі).



І кезең. «Таныстыру». Әр топ өздерін таныстырып 

өтеді.  Таныстыру  кезеңі  «5»  ұпайлық  жүйемен 

бағаланады.

ІІ кезең. «Мәнерлеп жатқа өлең оқу».  Әр топтан 

бір бала «Тіл» туралы өлеңдерін оқиды.



ІІІ кезең. «Ой қозғау» деп аталады. Алдарыңызда 

төрт ұяшық берілген. Әр ұяшықта 3 сұрақтан 12 сұрақ 

қойылады.  Ұяшық  таңдау  өз  еріктеріңізге  салынады. 

Ұяшықта  көрсетілген  сан  сіздерге  ұпай  болып 

қосылады. Ұяшықты бірінші болып ұпай саны аз топ 

бастайды.



«Қасиетті сандар» ұяшығының сұрақтары:

1-ұяшық: Үш қуатты ата?  (жауабы: ақыл, жүрек, 

тіл).



жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау