Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль жол институты


Қосымша 8.2. Машина тетіктерін бастапқы қалпына келтіру мен жасаудағы геометриялық параметрлердің дәлдігі



жүктеу 1,86 Mb.
бет3/9
Дата01.12.2017
өлшемі1,86 Mb.
#2551
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2 Қосымша
8.2. Машина тетіктерін бастапқы қалпына келтіру мен жасаудағы геометриялық параметрлердің дәлдігі

Кез келген тетікті конусты, жазықты, цилиндрлі және басқа беттері бар қиялды дәл кеңістіктегі геометриялық жиынтық деуге болады. Бұл тетіктерді жасағанда және машинаны пайдаланғанда, қателік тек қана мөлшерлерінде ғана болмайды, сонымен қатар олардың сырт пішінінде және өзара жайғасып орналасуында да болады. Одан басқа тетік беттерінде кедір-бұдырлық және толқындық болады.


8.2.1. Машина тетіктерін жасау мен жөндеудегі дәлдік және қателік

Дәлдік деп нақты параметрлердің қиялдыға жақындық дәрежесін айтады. (нақты параметрлердің қиялдыға сәйкестігі). Дәлдік нақты қателік жіберушілікпен сипатталады. Былай да айтуға болады: қателіктің мәні дәлдікке қарама- қайшы мән.

Геометриялық параметрлер дәлдігі құрастырма түсініктеме, сондықтан олар келесі белгілерге (признактарға) қарай бөлінеді:

а) элементтердің мөлшер дәлдігі;

б) беттер сырт пішін дәлдігі;

в) кедір-бұдырлық дәлдігі;

г) элементтердің өзара орналасу дәлдігі;

д) тегісеместілік дәлдігі.

Қателік деп нақты тетіктердің геометриялық параметрлерінің қиялдағыдан оқшау кетулігін немесе нақты параметрлердің берілгенге сәйкес болмауын айтады. Өңдеу кезінде, мөлшерлер, сырт пішіндер, кедір-бұдырлық және беттердің өзара орналасу қателігі келесі бір- қатар себептердің әсерінен пайда болады: а) станок қателігі; б) жабдықтар мен өңдеу аспаптарының қателігі; в) аспаптың тозуы; г) станок, икем құрал, аспап, тетік (СҚАТ) жүйесінің серпімді деформациясы; д) СҚАТ жүйесінің температуралық деформациясы; е) кесу ережесі технологиялық (схемасына) сұлбасына байланысты қателігі; ж) өлшеу қателігі, оның ішіне аспап қателігі де қосылады; з) өлшемдер бірлігіның бірдей болмауы және т.б.

Қателік жүйелі және кездейсоқ болуы мүмкін

Жүйелі қателік деп мөлшері мен таңбасы тұрақты, белгілі заң бойынша кездейсоқ емес факторлар сипаттамасына байланысты өзгеретіндерді айтады. Бұл қателік көздеріне станоктың дұрыс реттелмеуі, өлшеу аспабының дәл еместігі, аспаптың тозуы және т.б. жатқызуға болады.



Кездейсоқ қателік деп мөлшері мен таңбасы тұрақты емес, өлшеу мен жасау кезінде пайда болып, әртүрлі санды мағынада кездейсоқ әсер ететін себептерге байланысты болатынды айтады.

Кездейсоқ қателік көздеріне станок, икем-құрал, аспап, тетік жүйесінің деформациясы, материалдардың механика -лық қасиеттерінің бірыңғай еместігі және т.б. жатқызуға болады.

Параметрлердің нақты мөлшерлерінің мәні мен олардың қателігі көбінесе кездейсоқ шамаларға жатады, сондықтан оларды талдауда ықтимал теориясы мен математикалық статистика қолданылады.

Практикалық есептеуде гистограмма немесе жайғаса орналасу эмпирикалық қисықтардан алынған теориялық «қисықтар» қолданылады.

Аппроксимациялауда көбінесе келесі жайғаса орналасу заңдары қолданылады: қалыпты жайғаса бөліну заңы (8.2 а- сурет); теңдес ықтималды заңы (8.2 б -сурет); Симпсон заңы немесе теңбүйірлі үшбұрыш заңы (8.2 в-сурет). Максвелл немесе эксцентриситет заңы (8.2 г-сурет).
8.2.2 Пішін мен беттердің орналасу дәлдігі

Сырт пішін мен беттердің жайғаса орналасу дәлдік шегі 24642-89 Мемының СТ-ға сәйкес белгіленеді.



Сырт пішін дәлдігін анықтау үшін, келесі анықтамаларды білу қажет: нақты, шын және тақалу беттері.

Нақты бет деп сызу құжаттарында берілген сырт пішін қиялды бетті айтады.

Шын бет деп тетікті шектеп тұрған бетті айтады.

Тақалу беті деп нақты беттің сырт пішінді шын бетпен түйісетін және де тетік материалынан тыс орналасатын бетті айтады; былайша айтқанда, осы беттен ең алыс жатқан шын беттің нүктесіне дейінгі аралық минималды болуы керек (берілген бөлікте). Сырт пішіннің ауытқуының санды мәнін анықтау үшін параметр ретінде D ауытқуын аламыз.

D аралығы деп нақты бет нүктесінен тақалу бетіне дейінгі аралықты айтады. Бұл мөлшер тақалу бетіне перпендикуляр бойымен өлшеледі. Сырт пішін ауытқуы құрастырма және жекелі болуы мүмкін.


а – қалыпты жайғаса бөліну заңы; б - теңдес ықтималды заң;

в- теңбүйірлі үшбұрыш заңы; г–Максвелл заңы



8.2.- сурет . Кездейсоқ шамалардың жайғаса бөліну заңдары:
Цилиндрлі беттердің құрастырмасында цилиндрліктен ауытқу болады, ол нақты беттегі нүктеден тақалу цилиндріне дейінгі ең үлкен аралықпен (D) сипатталады (8.3 сурет).

8.3 - сурет. Цилиндрліктен ауытқудың кешенді көрсеткішін анықтау


Тақалу цилиндрлі деп нақты сыртқы беттің айнала сызатын цилиндрдің максималды диаметрін немесе ақиқат ішкі бетті іштей сызатын максималды диаметрді айтамыз. Дөңгелектіктен ауытқу деген көлденең қимасындағы жазықтықта ауытқудың құрастырма көрсеткіші. Жеке ауытқуға сопақтық пен бүйірлік жатады.

Сырт пішіннен ауытқу (24642-89 МемСТ) цилиндрлік тетіктердің көлденең қимасындағы (сопақтық, бүйірлік) және өсьтік қимасындағы (конустық, бөшкеге және ерге ұқсастық) сырт пішінінің ауытқуы болады (8.4 сурет).

Сопақтық деп ең үлкен (dmax) және ең кіші (dmin) диаметрлері бір-біріне перпендикуляр бағытта болатын өзінше ақиқатты көлденең қимасы сопақ түріндегі дене дөңгелектіктен ауытқуды айтамыз.



Сопақтықтың мәні қимадағы екі диаметрінің айырмасының жартысына тең болады.


,

(2.1)



а - дөңгелек еместік; б - сопақтық; в – бүйірлік (огранка); г) бөшкеге ұқсастық ; д) ерге ұқсастық.

8.4- сурет . Цилиндрдің көлденең қимасындағы сырт пішін ауытқуы


жүктеу 1,86 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау