Курстыѕ маќсаты



жүктеу 0,55 Mb.
бет7/7
Дата07.02.2020
өлшемі0,55 Mb.
#28510
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7





Карно циклі бойынша жұмыс жасайтын идеал жылу машинасының ПӘК неге тең? (Т1-қыздырғыштың температурасы, Т2-суытқыш температурасы)











Барометрлік формуланы көрсет:











Больцман үлестірімдігін көрсет:











Беттік керілудің өлшем бірлігі:

Дж/К

Дж/м2

Дж

м2

Па∙с

Изобаралық процесс үшін дұрыс емес формуланы тап:







Барлық формулалар дұрыс емес



Молекуланың еркін жүру жолының орташа ұзындығы (λ)... қатысты емес.









Барлық жауап дұрыс

Тұтқырлық ... түсіндіріледі.

Энергия тасымалымен

Импульс тасымалымен

Күш тасымалымен

Масса тасымалымен

Масса мен энергия тасымалымен

Максвелл үлестірімдігінің дұрыстығы қандай тәжірибелерде дәлелденді? 1.Штерн тәжірибесі 2.Перрен тәжірибесі 3.Борн және Борман тәжірибесі 4.Эндрюс тәжірибесі 5.Джоуль-Томсон тәжірибесі

1

2

3,4

5

2,5

Қандай тәжірибелерде реал газдың ішкі энергиясының көлеміне тәуелділігі зерттелді? 1.Штерн тәжірибесі 2.Перрен тәжірибесі 3.Борн және Борман тәжірибесі 4.Эндрюс тәжірибесі 5.Джоуль-Томсон тәжірибесі

1,2

3

5

4

4,5

Қандай тәжірибелерде Авогадро саны анықталып, броундық бөлшектерге Больцман үлестірімділігін қолданудың дұрыстығын дәлелденді?

Штерн тәжірибесі

Перрен тәжірибесі

Борн және Борман тәжірибесі

Эндрюс тәжірибесі

Джоуль-Томсон тәжірибесі


7. Аралық бақылау тапсырмалары (1 және 2)
СТУДЕНТЕРГЕ БЕРІЛЕТІН ЖЕКЕ ТАПСЫРМАЛАР (1-7 АПТА)
1 Аралық бақылау тапсырмасы
Бақылау жұмысы
Вариант 1

1. Гелий мен азот молекуласының орташа квадраттық жылдамдықтарының бірдей температурадағы қатынасын табу керек.


2. Биіктігі 5 м, еденнің ауданы 200 м2 аудиторияны толтыратын ауаның массасын табу керек. Ауаның қысымы 750 мм сын.бағ., бөлме температурасы 17°С (бір киломоль ауаның массасы 29 кг/кмоль-ге тең деп аламыз).

3. Сутегінің жылу өткізгіштік коэффициентін табу керек. Берілген жағдайда сутегі үшін ішкі үйкеліс коэффициентін 8,6·10-6 н·сек/м2-қа тең деп аламыз.


1 Аралық бақылау тапсырмасы
Бақылау жұмысы
Вариант 2

1. Сутегінің қысымын 200 мм.сын.бағ-на, ал берілген жағдайда молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығын 2400 м/сек-қа тең деп алып, 1 см3-дегі сутегі молекуласының санын табу керек.


2. Қысымы 750 мм сын.бағ. және температурасы 20°С болғанда 10 г оттегі қандай көлемді алады?

3. Оттегінің ішкі үйкелісінің коэффициенті азоттың ішкі үйкелісінің коэффициентінен неше есе үлкен болатынын табу керек.Газдардың температурасы бірдей.


Молекулалық физика пәні бойынша


І аралық бақылау тапсырмасы (коллоквиум)
Билет №1
1. Бойль-Мариотт заңы
2. Тасымалдау құбылысы


Молекулалық физика пәні бойынша


І аралық бақылау тапсырмасы (коллоквиум)
Билет №2
1. Гей-Люссак заңы
2 Диффузия құбылысы





Молекулалық физика пәні бойынша


І аралық бақылау тапсырмасы (коллоквиум)
Билет №3
1. Шарль заңы
2. Жылу өткізгіштік құбылысы


Молекулалық физика пәні бойынша


І аралық бақылау тапсырмасы (коллоквиум)
Билет №4
1. Универсал газ тұрақтысы
2. Молекулалардың еркін жүру жолының орташа ұзындығы





Молекулалық физика пәні бойынша


І аралық бақылау тапсырмасы (коллоквиум)
Билет №5
1. Клапейрон-Менделеев теңдеуі
2. Газдардың ішкі үйкелісі

Молекулалық физика пәні бойынша


І аралық бақылау тапсырмасы (коллоквиум)
Билет №6
1. Гей-Люссак заңы
2. Максвелл заңы




Молекулалық физика пәні бойынша


І аралық бақылау тапсырмасы (коллоквиум)
Билет №7
1. Бойль-Мариотт заңы
2. Барометрлік формула


Молекулалық физика пәні бойынша


І аралық бақылау тапсырмасы (коллоквиум)
Билет №8
1. Шарль заңы
2. Больцманның таралу заңы





Молекулалық физика пәні бойынша


І аралық бақылау тапсырмасы (коллоквиум)
Билет №9
1. Клапейрон-Менделеев теңдеуі
2. Барометрлік формула


Молекулалық физика пәні бойынша


І аралық бақылау тапсырмасы (коллоквиум)
Билет №10
1. Универсал газ тұрақтысы
2.Жылу өткізгіштік құбылысы





СТУДЕНТЕРГЕ БЕРІЛЕТІН ЖЕКЕ ТАПСЫРМАЛАР (8-14 АПТА)

Молекулалық физика пәні бойынша


ІІ аралық бақылау тапсырмасы (коллоквиум)
Билет №1
1. Термодинамиканың бірінші бастамасы
2. Адиабаталық процесс

Молекулалық физика пәні бойынша


ІІ аралық бақылау тапсырмасы (коллоквиум)
Билет №2
1. Көлем өзгерген кезде дененің істейтін жұмысы

2. Қатты денелер





Молекулалық физика пәні бойынша


ІІ аралық бақылау тапсырмасы (коллоквиум)
Билет №3
1. Жылу мөлшері және жылу сыйымдылығы
2. Карно циклі

Молекулалық физика пәні бойынша


ІІ аралық бақылау тапсырмасы (коллоквиум)
Билет №4
1. Идеал гадың ішкі энергиясы
2. Жылу машинасынын ПӘК




Молекулалық физика пәні бойынша


ІІ аралық бақылау тапсырмасы (коллоквиум)
Билет №5
1. Термодинамиканың бірінші бастамасын изопроцестерге қолдану
2. Ван- дер-Ваальс


Молекулалық физика пәні бойынша


ІІ аралық бақылау тапсырмасы (коллоквиум)
Билет №6
1. Энтропия
2. Нақты газдың ішкі энергиясы





Молекулалық физика пәні бойынша


ІІ аралық бақылау тапсырмасы (коллоквиум)
Билет №7
1. Сұйықтар
2. Қатты денелердің жылу сыйымдылығы

Молекулалық физика пәні бойынша


ІІ аралық бақылау тапсырмасы (коллоквиум)
Билет №8
1. Нақты гадардың изотермалары
2. Фазалық түрленулер



Молекулалық физика пәні бойынша


ІІ аралық бақылау тапсырмасы (коллоквиум)
Билет №9
1. Жұғу және жұқпау. Лаплас қысымы
2. Клапейрон-Клаузус теңдеуі

Молекулалық физика пәні бойынша


ІІ аралық бақылау тапсырмасы (коллоквиум)
Билет №10
1. Аморфты және кристалды денелер
2. Беттік қабат. Беттік керілу


8. Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар тізімі

Бірінші-он бесінші апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары.
Жылулық құбылыстардың молекулалық-кинематикалық табиғаты:
1. Заттың қасиеттерін молекулалық-статистикалық қарастыру қандай негізгі тәжірибелік фактілерге негізделген?

2.Ұсақ бөлшектердің броундық қозғалысы дегеніміз не? Оны бақылайтын тәжірибені қалай қоюға болады? Осы қозғалыстың қандай параметрін тәжірибеде бақылаған жөн?Неліктен тәжірибеде броун бөлшектері орналасқан (взвешены) ортаның молекулаларының жылдамдығынан өте көп кіші броун бөлшектерінің жылдамдығын өлшейді? Энштейн затының мәні неде?

3. Тәжірибеде атоидар мен молекулалардың жылдамдықтарын қалай өлшейді? Оны өлшеулердің нәтижелері қандай?

4. Максвелл затының мәні неде? оның математикалық өрнегі қандай? Оны газдардың молекулаларының жылдамдықтарының әр түрлі мәндерін есептеу үшін қалай пайдалануға болады? Ол тәжірибеде қалай тексеріледі?

5. Газдардың кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі қалай қорытылады?

6. Заттың жылулық қасиеттерін молекулалық – кинетикалық тұрғыдан зерттеген кезде температураның термодинамикалық параметрі қандай мәнге ие болады?

7. Заттың термодинамикалық тепе – теңдік күйдегі әр түрлі бөлшектерінің жылулық қозғалысының орташа кинетикалық энергиялары бір-бірімен қандай қатынаста болады?

8. Энергияның еркіндік дәрежелері бойынша бірқалыпты таралуы жөніндегі теоремасының мазмұны неде? Осы теореманың қолданылу шекарасы қандай? Теореманы қандай тәжірибелік материалдармен тексеруге болады?

9. Газдың жылусыйымдылығын энергияның еркідік дәределері бойынша бірқалыпты таралуы жөніндегі теореманың негізінде есептеген кезде молекулалардың құрылымы жөніндегі қандай жорамалдар жасалады?

10. Газдың жылусыйымдылығы температурадан қалай тәуелді? Осы тәуелділіктің графигінің екі атомды газ, мысалы сутегі үшін түрі қандай болады? Қандай температураның маңында тәжірибеде табылған молекулалық сутегінің жылусыйымдылығының мәні бір атомды газдың жылусыйымдылығының мәніне жақындайды?

11. Қатты денелердің жылусыйымдылықтарының температуралық тәуелділігін оқып үйренудің нәтижелері қандай?

12. Дюлог және Пти заңын энергияның еркіндік дәрежелері бойынша таралуы жөніндегі теоремадан қалай алуға болады?

13. Жылусыйымдылықтың кванттық теориясының мәні неде? Ол жылусыйымдылықтың еркіндік дәрежелері бойынша таралуы жөніндегі теореманың шектеулі дұрыстығын қалай түсіндіреді? Кванттық теория қатты денелердің жылусыйымдылығын есептеуге қалай қолданылады? Кванттық теория газдардың жылусыйымдылығының температурадан тәуелділігін қалай түсіндіреді? Кванттық теория шекті өлшемді атомдардан тұрғызылған газдың екі атомды молекулалары үшін қалыпты жағдайларды алты еркіндік дәрежесінің тек қана біреуін ескерудің қажеттілігін түсіндіреді?

14. Заттың жылусыйымдылығын өлшеулерде оның мәніне электрондардың үлесі қашан байқалады?

15. Ауырлық күші өрісінде газ өзін қалай ұстайды?

16.Барометрлік формула даганіміз не?

17.Ауырлық өрісінде тепе-теңдікте орналасқан газдың әр түрлі қабатындағы молекуланың орташа кинетикалық энегиясы осы қабаттардың ауырлық өрісіндегі орнынан (қалпынан) тәуелді ме?

18. Больцман заңының мәні неде? больцман заңының қолданылуының қандай мысалдарын келтіруге болады?

19. Эмульсия үшін барометрлік формуланы Перрен қалай тексерді? Перрен әдісімен Авагадро санын қалай табуға болады?

20. Аса төмен температураны алудың магниттік әдісінің мәні неде? Неліктен салқындатудың магниттік әдісі затты алдын-ала терең салқындату жағдайында қолданылады? Магниттік әдіспен жетілген (алынған) төменгі температуралар қалай өлшенеді? Магниттік әдіспен абсалюттік нөл температура үшін салқындатуға бола ма?

21. статистикалық флуктуация дегеніміз не? Сіздерге қандай шамалардың флуктуациясы белгілі?Тәжірибеде флуктуация қалай байқалады?

22. Неліктен флуктуациялар өлшеу құралдарының сезімталдығын шектейді ?

23. Қандай да бір кездейсоқ оқиғаның ықтималдығы дегеніміз не? Молекулалардың таралуының ықтималдығын есептеудің қандай қарапайым мысалдарын келтіруге болады?

24. Термодинамикалық қайтымсыздықтың статистикалық мәні қандай?

25. Молекулалық көзқарас тұрғысынан диффузия ішкі кедергі жылу өткізгіштік құбылыстарының мәні қандай? Газдардағы диффузия құбылысы не үшін қолданылады? Термодиффузия дегеніміз не?

26. Феноменалогиялық жабудағы тасымалдау теңдеуінің түрі қандай болады?

27. Тасымалдау құбылысы термодинамикалық процестердің қай класына жатады?

28. Газ молекулаларының еркін жолының орташа ұзындығы дегеніміз не? Оны тәжірибе жүзінде өлшеуге бола ма?

29.Газдардың кинетикалық теориясында тасымалдау теңдеуі қалай алынады? Феноменологиялық теңдеулерде еңгізілген тасымалдау коэффициенттерінің молекулалық-кинетикалық өрнегі қалай ашылады?

30. Газ үшін осы коэффициенттердің кинетикалық өрнегі тасымалдау коэффициенттерінің температурадан және қысымнан тәуелділігі үшін қандай нәтижелер береді?

31. Әр түрлі тасымалдау коэффициенттерінің арасында қандай байланыс бар?

32. Тасымалдау теңдеуінің қолданылу шекаралары қандай? Осы теңдеулерді сиретілген газдарға қолданудың қиыншылығы неде?

33. Қандай жағдайларда газды сиретілген деп есептеуге болады?

34. Сиретілген газдардағы тасымалдау құбылысының ерекшеліктері қандай?



35. Әр түрлі температуралардағы қатынас ыдыстарындағы сиретілген газдардың тепе-теңдік шартының ерекшеліктері қандай?
Термодинамиканың бірінші заңы бойынша тексеру сұрақтары.
1. Сыртқы өрістер жоқ кезде тепе-теңдік термодианмикалық жүйенің күйін қандай тәуелсіз параметрлер арқылы сипаттауға болады?

  1. Термодинамикалық тепе-теңдік күйдегі заттың термодинамикалық параметрлерінің мәндерінің арасындағы байланысты тағайындайтын қатынасты қалай атайды?

  2. Бұл қатынастың түрі идеал-газ үшін қалай болады?

  3. Термодинамиканың тепе-теңдік түрі дегеніміз не?

  4. Температураның эмпириялық абсолюттік шкаласы дегеніміз не?

  5. Реал газдың күйінің? теңдеуі қалай жазылады? Ол қашан идеал газ теңдеуіне көшеді?

  6. Идеал газдың көлемдік ұлғаю коэффициенті температурадан қалай тәуелді?

  7. Термодинамикалық күйдің бір күйден екінші күйге өткен кездегі жасайтын жұмысын қалай есептеуге болады? Осы жұмыс жүйенің өтетін термодинамикалық процесінің сипатынан тәуелді ме? Жұмыстың шексіз өз өсімшесі математикалық тұрғыдан толық дифференциал болама?

  8. Қандай термодинамикалық процестер қайтымды деп аталады?

  9. Дөңгелек термодинамикалық процесс дегеніміз не?

  10. Барлық дөңгелек процестер қайтымды болама?

  11. Жүйенің күйінің функциясы деп аталатын шама қандай физикалық және математикалық шарттарды қанағаттандыруы қажет?

  12. Қандай термодинамикалық шама жүйенің күйінің функциясы болып табылады?

  13. Жүйенің ішкі энергиясы деп нені айтады?

  14. Ішкі энергия жүйенің функциясы бола алама?

  15. Жылудың шексіз аз өсімшесі Q Q(P,T) немесе Q(V,T) функциялары сияқты математикалық тұрғыдан толық дифференциал ола ма?

  16. Дененің жылу сыйымдылығы дегеніміз не?

  17. Дененің жылу сыйымдылығы қандай жағдайларда белгілі мәнге ие болады?

  18. Жылу сыйымдылықтың мүмкін болған мәндері қандайда болсын ? шектелген ба?

  19. Қандай жағдайларда жылу сыйымдылық теріс шама болады?

  20. Қандай тәжірбиелер молекулалық-кинетикалық энергияның басқа түрлеріне өтетіндігін дәлелдейді?

  21. Қандай тәжірбиелер негізінде жылу мөлшерін механикалық жұмыс бірліктерімен өлшеу мүмкіндігі тағайындалады?

  22. Термодинамиканың бірінші заңының мазмұны неде?

  23. Термодинамиканың бірінші заңы математикалық тұрғыда қалай жазылады?

  24. Қанда жағдайларда жүйенің ішкі энергиясының өсімшесі жүйеге берілген жылу мөлшеріне тең болады?

  25. Қандай жағдайларда жүйенің ішкі энергиясы тұрақты?

  26. Қандай жағдайларда жүйенің ішкі энергиясы тұрақты?

  27. Дөңгелек термодинамикалық процесс кезінде жүйенің жасайтын ? жұмысы мен жүйенің жылу көзінен алатын және беретін қосынды жылу мөлшерінің арасында қандай байланыс бар?

  28. Неліктен термодинамиканың бірінші заңы бірінші текті мәңгілік двигателді тұрғызуға болмайтындығы жөніндегі тұжырымға эквиваленті (пара-пар).

  29. Жылу сыйымдылығы температурадан тәуелді болмайтын газдың ішкі энергиясы үшін қандай өрнекті термодинамиканың бірінші заңын пайдаланып жазуға болады?

  30. Газдың ішкі энергиясының оның өлшемінен тәуелділігі жөніндегі мәселе тәжірбиеде қалай анықталады?

  31. Термодинамиканың бірінші заңының математикалық өрнегінің көмегімен идеал газдың Ср және Сv жылу сыйымдылықтарының арасындағы байланысты табуға болады?

  32. Термодинамиканың бірінші заңынан идеал газ үшін адиабаттық процестің теңдеуін қалай шығаруға болады?

  33. Табиғи және техникалық адиабаттық процестердің мысалдарын келтіріңдер.

  34. Адиабаттық процесті пайдаланып С/ Сv қатынасын табуға бола ма?

  35. Идеал газдың адиабаттық процесс кезінде жасайтын жұмысы неге тең болады?

  36. Идеал газдың изотермалық процесс кезінде жасайтын жұмысы неге тең болады?

  37. Изотермалық процесс кезінде жасалатын жұмыс энергияның қандай көзі есебінен жасалады?

  38. Баллондағы сығылған газ, сығылған пружинадай потенциялық энергия қорына ие болады деген тұжырым дұрыс па?

  39. Политроптық деп аталатын процестер қандай шартты қанағаттандырады? Осы процестердің теңдеулері қалай жазылады?

  40. Термодинамикалық циклдік рv- диаграммасы негізінде оның қандай этаптарында жылу жұмысты дене арқылы жұтылады (беріледі)?

  41. Газды қыздыру (салқындату) нәтижесінде бір бағытта жұмыс жасайтын газбен толтырылған поршеньді цилиндрді жылу машинасы деп атауға бола ма?

  42. Жылу машинасының пайдалы әсер коэффициенті деп нені айтады?

  43. Идеал газбен жүретін Карно циклінің пайдалы әсер коэффициенті неге тең?

  44. Карно машинасы мұздатқыш ретінде қалай жұмыс жасайды?

  45. Кез-келген дөңгелек қайтымды цикл бойынша жұмыс жасайтын жылу машинасының пайдалы әсер коэффициенті мен дөңгелек циклде пайдаланылатын ең жоғарғы және ең төменгі температураларындағы Карно циклі бойынша жұмыс жасайтын машинаның пайдалы әсер коэффициенттері қандай қатынаста болады?

  46. Идеал газбен жүретін Карно циклінің пайдалы әсер коэффициенті неге тең?

  47. Карно машинасы мұздатқыш ретінде қалай жұмыс жасайды?

  48. Кез-келген дөңгелек қайтымды цикл бойынша жұмыс жасайтын жылу мәшинесінің пайдалы әсер коэффициенті мен дөңгелек циклде пайдаланылатын ең жоғарғы және ең төменгі температуралардағы арасында Карно циклі бойынша жұмыс жасайтын мәшиненің пайдалы әсер коэффициенттері қандай қатынаста болады?


Термодинамиканың екінші заңы бойынша тексеру сұрақтары:
1. Термодинамиканың екінші заңының тұжырымдамасы қандай?

2.Клаузистің қолданған екінші заңының тұжырымдамасындағы “компенсация” термині әр түрлі жағдайлардағы мәні қандай?

3. Термодинамиканың екінші заңының Клаузиус және Томсон-Планк тұжырымдамаларының эквиваленттілігін қалай дәлелдеуге болады?

4. кей жағдайда жасалатын термодинамиканың екінші заңы жылудың толығымен жұмысқа алмасуының мүмкін еместігі жөніндегі тұжырымдама дұрыс па?

5. Бірінші және екінші шекті “мәңгілік двигательдердің ” айырмашылығы неде?

6. Температураның абсалюттік термодинамикалық шкаласы қалай анықталады?

7. Температураның абсалюттік термодинамикалық шкаласының температураның империялық абсалюттік шкаласынан артықшылығы неде?

8. Температураның термодинамикалық шкаласы қалай жүзеге асады?

9. Келтірілген жылу мөлшері дегеніміз не?

10. Карно циклы үшін келтірілген жылу мөлшерлері қандай шартты қанағаттандырады?

11. Кез келген дөңгелек процестер үшін келтірілген жылу мөлшерлері қандай шартты қанағаттандырады?

12. Энергия функциясының дифференциялы dS1 қалай жазылады?

13. Энтропия күй функциясы бола ма?

14. Термодинамиканың екінші бастамасын энтропия функциясы арқылы қалай жазуға болады?

15. Қайтымды және қайтымсыз процестерде энтропия қалай өзгереді?

16. Қайтымды дөңгелек процестер үшін ДД мәні неге тең?

17. Мына өрнектің ДД бөліміндегі температура қандай денелердің температурасы?

18. Адиабаталық процестерде энтропия қалай өзгереді?

19. Идеал газдың энтропиясы үшін өрнек қалай жазылады?

20. Идеал газдың энтропиясы оның кеңістікте адиабатты ұлғайған кезде өзгере ме?

21.Қандай бір жүйеже дөңгелек адиабаттық процесті жүзеге асыруға бола ма?

22. Жүйе термодинамикалық тепе-теңдік күйге жақындығында оның энтропиясы қандай бағытта өзгереді?

23. Энтропияның толық дифференциялын (dS) пайдаланып термодинамикалық шамалардың арасындағы қандай қатынастарды алуға болады?

24. Заттың жылулық ұлғаю коэффициентінің алгебралық таңбасы мен осы заттың адиабаттық деформациясы кезіндегі температурасының өсімшесінің алгебралық таңбасының арасында қандай байланыс бар?

25. Адиабаттық сығылу кезінде зат әр уақытта қыза ма?

26. Термодинамиканың екінші бастамасының көмегімен кез келген зат үшін Сρ және Сν мәндерінің арасындағы қатынасты қалай табуға болады?

27. Заттың тұрақты қысымдағы және тұрақты көлемдегі жылу-сыйымдылықтары Сρ және Сν мәндері бір-біріне тең болады?

28. Осы шамалардың айырмасы қай уақытта шексіздікке ұмтылады?

29. Механикалық үйкелістермен жетектелетін барлық процестер қайтымсыз процестер болып табылады ма?

30. Бірдей температура интервалында жұмыс жасайтын қайтымды емес жылу әшинесінің пайдалы әсер коэффициентінің қайтымды жылу мәшинесінің пайдалы әсер коэффициенттерінің мәндері жөнінде не айтуға болады?

31. Неліктен барлық практикалық жүзеге асатын мәшинелердің циклдері қайтымсыз?

32. Қайтымды мәшинелер жүзеге асырылған жағдайында қандай практикалық қиындықтар болуы мүмкін?


Заттың әр түрлі физикалық күйлері және оларды зерттеуге

термодинамиканы пайдалану бойынша тексеру сұрақтары:
1. Сұйықтың беттік керілу коэффициентін өлшеудің қандай статикалық және динамикалық әдістері бар?

2. сұйықтың беттік пленкасының температурасы оны созған(керген) кезде қалай өзгереді?

3. Қандай жағайда сұйық қатты денеге жұғады?

4. Сұйықтың беттік пленкасының қабығының басы артық қысымы оның бетінің қисықтығымен қалай байланысты?

5. Сұйықтың капиллярлық көтерілу биіктігін (депрессиясын) есептеуге болады?

6. Заттың термодинамикалық фазасы дегеніміз не?

7. Заттың термодинамикалық фазасы ұғымы заттың агрегаттық күйі ұғымымен сәйкес келе ме?

8. Реал газдың изотермияларының түрі қандай?

9. Реал газдың изотермиялары берілген зат үшін температура кризистік (күдіктік) мәнге жақындағанда қалай өзгереді?

10. Кризистік нүктенің бар екендігін Д.И.Менделеев қалай болжады?

11. Заттың изотермиялық сығылғыштығы оның кризистік нүктесінде қандай мәнді қабылдайды?

12.Заттың кризистік нүктедегі жасырын булану жылуы мен беттік керілуі қандай мәнді қабылдайды?

13. Заттың кризистік нүктедегі оның сұйық және газ фазаларының меншікті көлемдері қалай өзгереді?

14. Берілген зат үшін температураның қандай интервалында ол сұйық пен оның қаныққан буының тепе-теңдік екі фазалы жүйесін жасайды. Температураның берілген интервалында екі фазалы тепе-теңдік жүйе кез келген қысымда өмір сүре ме?

15. Қаныққан бу дегіміз не?

16. Қаныққан будың қысымы неден тәуелді?

17. Сұйықтың қайнау процесі қандай жағдайда жүреді?

18. Жүйені екі фазаға ыдыратпай затты сұйық фазадан газ фазасына (немесе керісінше) үзіліссіз өткізуді қалай асыруға болады?

19.Заттың мекастабильді күйі дегеніміз не?

20. Заттың мекастабильді күйі қалай жүзеге асады? Ол термодинамикалық диаграммада қалай бейнеленеді?

21. Сұйықтың қаныққан буларының қысымы оның бетінің қисықтығынан қалай тәуелді?

22. Неліктен қызған сұйыққа газдың көпіршіктерін бөліп шығаратын денені еңгізгенде сұйық неліктен тез қайнайды? Неліктен қаныққан буға шаң-тозаңдарды еңгізгенде тұманның тамшылаының конденсациялану процесі басталады? неліктен аса қаныққан буда электр иондарының болуы оның конденсациялануын жеңілдетеді? Қызған сұйық пен қаныққан бу күйлері қандай маңызды қолданыс табады? Қандай жағдайларда техникалық тұрғыдан қауіпті?

23. Булардың капиллярлық конденсациясы құбылысы дегеніміз не? Табиғи жағдайларда бұл процес қандай роль атқарады?

24. Ван-дер-Вальстің реал газ күйінің теңдеуі қандай тұжырымдардың негізінде құрастырылған?

25. Ван-дер-Вальс изотермияларының әрбәр учаскелерінің физикалық мәні қандай?

26.Реал газдың pv-диаграммасын пайдаланыпзаттың екі фазалық күйі үшін сұйық және газ фазаларындағы заттың мөлшерлерінің қатынастарын табуға болады?

27. Ван-дер-Вальс теңдеуін пайдаланып заттың кризистік көлемін қалай табуға болады?

28. Ван-дер-Вальс теңдеуіне енетін а және в шамаларының азот, оттегі және сутегі үшін сан мәндері қандай?

29. Көмірқышқылы, азот, сутегі және гелий газдары үшін кризистік температураның сан мәндері қандай?

30. Көмірқышқылы, азот, сутегі және гелий газдарының қалыпты қайнау температуралары қандай?

31. Ван-дер-Вальстің ішкі энергиясы қандай термодинамикалық параметрлерден тәуелді?

32. Газды дросселдеу процесінің мәні неде?

33. Сығылған газды бостыққа шығару дросселдеу процесі бола ма?

34. Идеал (реал) газды бостыққа шығарғанда оның температурасы қалай өзгереді?

35. Джоуль-Томсон құбылысы дегеніміз не?

36. Джоуль-Томсон құбылысы газды сұйылтуға қалай пайдаланылады?

37. Джоуль-Томсон құбылысы қандай теңдеумен өрнектеледі?

38. Ван-дер-Вальс газының температурасының төмендеуі оның басқа термодинамикалық параметрлерінің мәндері арқылы дроссельдегенде қалай өрнектеледі?

39. Газды дроссельдеуді пайдаланып, оны сұйылту процесінің желісі қандай?

40. Джоуль-Томсон эффектісінің инверсиялық температурасы дегеніміз қандай температура?Ауа, сутегі және гелий үшін температураның мәні қандай? Сығылған сутегі баллонын бөлмеде от болған жағдайда шығарудың қауіптілігі неде?

41. Джоуль-Томсон эффектісінің инверсия температурасы мен Ван-дер-Вальс газы үшін кризистік температураның мәндерінің арасында қандай байланыс бар?

42. Сұйық газды детандерлік әдіспен алу принципінің мәні неде?

43.Неліктен төменгі температураны алу мәселесі газдарды сұйылту есебімен байланысты?

44. Клаузиус-Клапейрон теңдеуі бір компонентті екі фазалы жүйесі үшін қандай шамаларды өзара байланыстырады?

45. Заттың pT- диаграммасы дегеніміз не? Онда затты вызгонкалау процесінің графигі қандай? Клаузиус-Клапейрон теңдеуін вызгонкалау процесіне қалай пайдалануға болады?

46. Заттыңүштік нүктесі дегеніміз не?

47.Заттың диаграммасында балқу графигінің мүмкін болған жүрісі қандай?

48. Заттың сұйық фазасының кристалға алмасуының үзіліссіз процесі мүмкін бе?

49. Екі кристалдың модификацияда кристалданатын заттың pv диаграммасының түрі қандай?

50.Фаза ережесінің мазмұны неде?

51. Атмосфералық қысымдағы қатты көмірқышқылының тәртібін pv-диаграммасын пайдаланып түсіндіру.

52. Неліктен баллонда сығылған сұйық көмірқышқылын атмосфераға шығарған кезде салқындайды және кристалданады?

53. Заттың қатты, сұйық және газ фазаларының өмір сүру шартын бейнелейтін заттың vТ диаграммасының түрі қандай болады?

54. Көлемі өзгермейтін затты Т>Ткр бастапқы күйден алдын-ала екі фазалы сұйық-газ жүйесін туғызбай салқындату арқылы кристалдандыру қандай жағдайда мүмкін болады?

55.Бірінші текті фазалық алмасу кезіндегі заттың энтропиясының өзгерісін қалай есептеуге болады?

56. Заттың қатты, сұйық фазаларының метастабилдік күйлері дегеніміз не?Кристалдардың қызуы (перегреви) мүмкін бе?

57. Термодинамикалық тұрғыдар шыны дегеніміз не?

58. Кристалдың торларының симметириясының элементтері өмір сүреді? Браве кристалдық торының қанша симметрия түрлері белгілі?

59. Қатты денелердегі фазалық алмасулардың мәні неде?

60. Қандай алмасулар бірінші текті алмасулар деп аталады?

61. Сіздерге қатты денелердегі қандай бірінші және екінші текті алмасулардың мысалдары белгілі?

62. Екінші текті фазалық алмасулар маңында жылу сыйымдылық температурадан қалай тәуелді болады?

63. Гелий үшін рТ диаграммасының түрі қандай болады? Онда екінші текті фазалық алмасулардың қисығы диаграммады қалай орналасқан? Бұл фазалық алмасу гелийдің қандай изотопы үшін орындалады?

64.Неліктен Дьюар ыдысында сұйық гелий Не – II-нің температурасы қайнап жатқан гелий Не-I-нің төмен болмаса қайнамайды?

65. Абсалюттік нөлге жуық температураларда заттың термодинамикалық параметрлері (жылу сыйымдылығы, жылулық ұлғаю коэффициенті) қандай шекке ұмтылады?

66. Заттың температурасы Т→0 ұлғайғанда изотермалары мен адиабаттарының өзара көлбеуліктері жөнінде қандай да бір нұсқаулар беруге бола ма?


9. Бақылау түрі – аралас емтихан (емтихан материалының құрылымы)
10. Бағалау өлшемдері
Білім бағалау мәліметінде білім бағалау шкаласы, критерийі, жұмыс түрлерінің тізімі және осы жұмыстарды орындау талаптары беріледі.

Әдетте силлабуста келесі мәліметтер көрсетіледі:



    • барлық жұмыс түрлерін бағалау ережесі (максималды балл, айыптық және көтермелеу балдары);

    • қорытынды (емтихан) бағасын қою критериялары және аппеляция ережесі;

    • сабаққа кешігу, сабақты қалдыру, дәрісханадағы тәртіп, жұмысты кеш тапсыру, емтиханға қатыспау т.б. мәселелер.

Бағалау саясаты

Бағалау саясаты келесі принциптерге негізделу керек: шынайлық, әділдік, айқындылық, икемділік, жоғары дифференциация.

Қорытынды бағалауға рейтингтік бақылау және емтихан кіреді.

Ќорытынды бағалау мен рейтингті бақылау


  • Семестрдің 7(8) аптасында (1-7 апта нәтижесі бойынша) және 15 аптада (8-15 апта нәтижесі бойынша) оқытушы 100 балдық шкала бойынша рейтингті бақылау нәтижелерін шығарады және оқытушы өткізген рейтингке қойылатын баға, ағымды, рубеждік бақылау балдарының сомасын көрсетеді.

  • Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі

U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4

P1 - бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

P2 - екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

Е – емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті

Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан).

Білімді және оқушының еңбегін бағалау кестеге сәйкес жүргізіледі. Онда жұмыстың әр түріне сәйкес баллдың максималды мүмкін мәндері көрсетілген.



Пән бойынша білімді бағалау кестесі









Бағалау түрі



Бағалау критерийі

Жұмыс үшін балл

Орындалатын жұмыстар саны

1

Дәріске қатысу

100

30

2

Парактикалық сабақтардағы белсенділік

100

45

3

ОЖСӨЖ сабақтарындағы белсенділік

100

90

4

СӨЖ тапсырмасын орындау

100

90

5

Бақылау жұмыстары

100

2

6

Теория бойынша коллоквиум

100

2

7

Теория бойынша жазбаша жұмыс

100

2




Аралық бақылау Р1 Р2

100

Орташа арифметикалық




Ағымдық бақылау

12)/2










Ағымдық *0,6







Қорытынды бақылау

Емтихан


100*0,4







Қорытынды

Жіберілу рейтингісі + Қорытынды бақылау







Бағалау

Бағаның әріптік баламасы

Бағаның сандық баламасы

Бағаның проценттік баламасы

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

A

4,0

95-100

өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

жақсы


B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

C

2,0

65-69

қанағаттанарлық

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54



0,5

25-49

қанағаттанарлықсыз

F

0

0-24

жүктеу 0,55 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау