Курстық жұмыстарды орындау және қорғау бойынша


Қолданылған әдебиеттер тізімі



жүктеу 0,97 Mb.
Pdf просмотр
бет7/18
Дата05.01.2020
өлшемі0,97 Mb.
#25916
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

19 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі 

Альфавит  бойынша  автордың  ғылыми  жұмысының  аты,  баспадан 

жарық  көрген  жылы,  беттерінің  саны  жазылады.  Пайдаланылған 

әдебиеттер саны 10-15 тен кем болмауы тиіс. Мысалы: А.Құралұлы. Қазақ 

дәстүрлі мәдениетінің анықтамалығы. Алматы: Сөздік – словарь, 1998. 128 

б.  

 

Әдебиеттерді безендіруге қойылатын талаптар 



Бір автордың еңбегін безендіру: 

Құрманалина 

Ш.Х. 

Оценка 


качества 

профессиональной 

компетентности учителя. Алматы: Ғалым, 2006.– 144б.  

Бірнеше авторлардың еңбегін безендіру: 

Математиканың  теориялық  негіздері:  оқулық  кәсіптік  бастауыш 

және  орта  білім  беру  ұйымдарына  ұсынады  /  Т.Қ.Оспанов, 

Ш.Х.Құрманалина, С.Қ.Құрманалина.- Астана: Фолиант, 2007.- 352б. 

Дерек  көшірілген  мәтіннен  соң  бірден  жазылады:  мысал:  Ильясова 

Р.К.,  Нұрашева  Г.С.  Педагогикалық  оқу  орындарында  кәсіби 

құзыреттілікті  қалыптастырудың  жолдары  //  Білім  берудегі  өзгерістер: 

жаңа  межелер  мен  басымдықтар.  Ғыл.ред.А.Қ.Құсайынов.  Алматы, 

Қазақстан ПҒА, 2013. –б.92 – 97.  

Қолданылған  әдебиеттердің  тізімдегі  рет  саны  көрсетіледі:  мысал: 

«Атаның баласы болма, адамның баласы бол» (1). 

Жақшаға әдебиеттер тізіміндегі рет саны, беттері көрсетіледі: мысал:  

(6; -Б. 8-10). 

Мақалаларды  безендіру.

 

Газет  және  журналдардан  алынған 



мақалалар: 

Айтжанова  З.  Құқықтық  тәрбие  беру  арқылы  адамгершілікке 

тәрбиелеу. //Бастауыш мектеп. 2008. -№12. –Б. 2-19. 

Майғаранова Ш. Сабақтың тәрбиелік міндеттері. //Бастауыш мектеп. 

2007.-№4. –Б.3 

Энциклопедиялар мен сөздіктерден алынған мақалалар: 

Бирюков Б. В., Гастев Ю. А. Моделирование // БСЭ. – 3-е изд. – М., 

1974. – Т. 16. – С. 393-395. 

Инновация  //  Cловарь-справочник  по  научно-техническому 

творчеству. – Минск, 1995. – С.50-51. 

Әртүрлі авторлардың мақалалар жинағы: 

Теоретические 

проблемы 

и 

технологии 



инновационного 

менеджмента  в  образовании:  Сб.  научных  статей  /  Сост.  О.  С.  Орлов.  – 

Великий Новгород: РИС, 2000. – 180 с. 

Электрондық ресурс материалдарын безендіру: 

Уроки  английского  языка  Кирилла  и  Мефодия  [Электронный 

ресурс]. –М.: ООО «Кирилл и Мефодий». 2008. – CD-ROM: зв., цв. 

Сайтты жазу: 

Мектеп  клубы  [Электронный  ресурс].  –  М.:  «КМ  Образование», 

2009. – Режим доступа: http://www.school-club.ru/ 



20 

 

Сайтта орналасқан материалдарды жазу : 

Брусков  В.  Аккуратист  [Электронный  ресурс]:  отрывок//Полдень 

XXI 


век: 

альманах. 

-2009. 

– 

4. 



– 

Режим 


доступа: 

htpp://www.vokrugsveta.ru/polden/article/270/ (15.05.09). 



 Википедиядағы мақалалар: 

Абай  Кунанбаев.  Электронный  ресурс]  //Википедия.–  Режим 

доступа: http://ru.wikipedia.org/wiki/ 

 

Қосымшалар 

  Бөлек парақтарға сабақтардың, тәрбиелік шаралардың конспектілері, 

бақылау  хаттамалары,  балалардың  суреттері,  фото,  диаграммалар,  жеке 

беттерде  орындалып,  атаулары  болу  керек.  Мәтінде  әрбір  қосымшаға 

сілтеме жасалу керек.    

 

 



КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҚОРҒАУ 

 

Аяқталған  және  толық  рәсімделген  жұмыс  электрондық  нұсқасымен 

(диск/дискетада) емтихан сессиясы басталардан 2 апта бұрын жетекшісіне 

тексеруге  және  алдын  ала  бағалауға  ұсынылады.  Сырттай  бөлім 

студенттері  курстық  жұмысты  келесі  сессия  басталғанға  дейін  тапсыруы 

тиіс.   


 Жетекші жұмысты тексереді, оған жазбаша қорытынды (пікір) береді, 

егер  жұмыс  толық  рәсімделген  және  мазмұны  оң  баға  алған  жағдайда 

қорғауға  жіберіледі.  Талаптарға  жауап  бермейтін  жұмыстар  жасалған 

ескертулерді  есепке  ала  отырып  толықтыруға  ұсынылады,  кафедраға 

қорғау  уақытынан  4  күн    бұрын  қайта  тапсырылуы  тиіс.  Дайын  курстық 

жұмыстар  тігілген  түрде  кафедраға  тапсырылады  (жетекші  пікірі  мен 

плагиатқа тексеру нәтижесі тігілмейді, курстық жұмыс ішіне салынады).  

Оқу кабинеттерінде көрме ұйымдастырылады.  

Курстық 

жұмысты 


қорғау 

үшін 


сәйкес 

кафедралардың 

оқытушыларынан комиссия құрылады.  

Курстық  жұмыстарын  кафедра  отырыстарында,  бала  бақшаларда, 

мектептерде, төменгі курс студенттері алдында қорғауға болады.  

Курстық  жұмыс  ережеге  сай  плагиат  пен  көшіріп  алғандығына 

тексерістен өтеді. 

Жұмыс  жетекші  студентті  жұмыстың  рұқсат  етілген  мөлшерде 

көшірулермен  плагиатқа  тексерістен  өтетіндігі  туралы  және  кафедраға 

тапсырғанға  дейін  мәтінді  өзбетімен  тексеру  қажеттігі  ескертуі  қажет, 

жұмыстың соңғы бетінде «Курстық жұмысты өзбетіммен орындағанымды, 

рұқсат  етілген  мөлшерде  көшірмелер  бар  екендігін  растаймын»  деген 

жазумен қолын қоюы тиіс. 



21 

 

Курстық жұмысты қорғау процедурасы:  

1. Жұмыстың мазмұны туралы студенттің хабарламасы (7-10 минут).  

2. Авторға сұрақ және жұмысты талқылау.   

3. Жетекшінің сөзі.  

4. Студенттің қорытынды сөзі.  

5. Қорғауды қорытындылау. 

Студент қорғауға 7 минутқа есептелген ауызша сөз даярлайды.   



 

Курстық жұмысты қорғауда студенттің сөйлеуі болуы тиіс: 

 



нақты және ықшам; 

 



қамтылған мәселелер бойынша білімін демонстрациялау;  

 



нақты анықталған зерттеу нысаны, пәні мен гипотезасының болуы, 

қарастырылған тақырыптың  өзектілігін негіздеу;   

 

өткізілген эмперикалық зерттеулердің қорытындысы мен 



нәтижелерін ашу (болған жағдайда); 

 



көрнекі-иллюстративті материал: сызба, кесте, график т.б.  

Бекітілген  уақытта  курстық  жұмысты  тапсырмаған  және  себепсіз 

жағдайлармен  қорғай  алмаған  студент  академиялық  қарызы  бар  деп 

саналады.  

Курстық  жұмыстың  толық  атауы  хаттамаға  және  дипломның 

қосымшасына енгізіледі.  Курстық жұмыс атауы тырнақшаға алынбайды.  



 

Курстық жұмысты сақтау  

Курстық 


жұмыстың 

сақталу 


мерзімі 

колледждің 

іс-қағаз 

номенклатурасына  сай  орнатылады.      Білім  алушылардан  қабылданған 

және  қорғалған  курстық  жұмыстар  оқу  орнының  мұрағатында  1  жыл 

мерзімге сақталады. Мерзімі өткен соң курстық жұмыстарды істен шығару 

актісі жасалады және жойылады.   

Оқу-әдістемелік құнды деп танылған үздік курстық жұмыстар сәйкес 

кафедраларда  сақталады  және  білім  беру  ұйымында  оқу  құралы  ретінде 

қолданылады.  Байқауларға  ұсыну  және  қолдану  үшін  курстық  жұмыстар 

кафедра  меңгерушісінің  шешімімен  кафедрада  қалаған  мерзімге 

қалдырылуы мүмкін.   

 Студенттер  кафедрадағы  өзінің  курстық  жұмыстарын  (электрондық 

көшірмесі) бітіру біліктілік жұмыстарын жазу барысында қолдана алады.  

Курстық жұмысты қанағаттанарлықсыз бағаға қорғаған білім алушы: 

-берілген пән бойынша қорытынды бақылауға жіберілмейді;   

-сәйкес  пәндік  комиссияның  шешіміне  сай  жаңа  тақырып  таңдауға 

немесе бұрынғы курстық жұмысты толықтыруға рұқсат беріледі. 

Курстық  жұмыс  директордың  оқу-өндірістік  жұмысы  жөніндегі 

орынбасарына  тапсырылып,  арнайы  журналға  курстық  жұмыстың 

тақырыбы, бағасы жазылады. 

 

 




жүктеу 0,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау