Курстық жұмыстарды орындау және қорғау бойынша



жүктеу 0,97 Mb.
Pdf просмотр
бет6/18
Дата05.01.2020
өлшемі0,97 Mb.
#25916
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

16 

 

Сілтемелер мен ескертулер сол орналасқан парағында көрсетіледі.   



Кесте  бір-  бірнеше  обьектілерді  сандық  және  сөздік  ақпаратты 

баяндау,  көрсеткіштерді  салыстыру  үшін  үшін  қолданылады.  Кестені 

мәтіннен  кейін  орналастыру  қажет.  Барлық  кестелерге  сілтеме  беруі  тиіс. 

Кесте  атауы  кестенің  жоғарғы  жағында  ортасында  орналасады.  Келесі 

жолда  кестенің  жоғарғы  оң  жағында  «кесте»  сөзі  және  реттік  номері 

көрсетіледі.  Кесте  араб  сандарымен  белгіленеді.  Кестені  басқа  бетке 

ауыстырғанда  оның  атауы  бірінші  бетке  түсіріледі,  келесі  бетке  оң 

бұрышына “кестенің жалғасы...” деп көрсетіледі. Мысалы: 

 

Санау жүйелері 



1-кесте  

Позициялық 

Позициялық емес 

2359,407 

МСХХII 

Цифрдың мәні оның орналасқан 



орнына тәуелді  

Цифрдың мәні оның орналасқан 

орнына тәуелді емес   

 

Курстық  жұмыс  көбінесе  келесі  құрылымда  беріледі  (жақша  ішінде 

көлемі үлгі ретінде): 

Титулдық парақ (1 бет)  

Мазмұны (1 бет)  

Кіріспе (2-3 бет) 

1бөлім (10-15 бет) 

 1.1 


 1.2 

2 бөлім (10-20 бет) 

 2.1 


 2.2 

Қорытынды (1-2 бет) 

Әдебиеттер тізімі (1-2 бет) 

Қосымшалар 

 

Кіріспе 

Курстық  жұмысты  безендіру  дайын  мәтіндерді  бөлімдерге  енгізуден 

басталады.  Әр  бөлімнен  соң  қорытынды  жасалады.  Теория  мен  практика 

қорытындылары кіріспеде жазылады.  

Кіріспе  –  ғылыми  жұмыстың  компьтермен  жазылған  2  –  3  парақтан 

тұратын  алғы  сөзі.  Кіріспеде  курстық  жұмыстың  үш  бөліміне  қысқаша 

сипаттама беріледі.  

Автор бірінші сөйлемнен бастап тақырыбының өзектілігін, Қазақстан 

Республикасының  мектептерінің  қажеттіліктеріне  сайлығын,  ірі  зерттеу 

бағдарлама,  тақырыптармен  байланысын,  зерттеу  жұмысының  мақсат, 

міндеттерін,  жұмысының  практикаға  пайдасын,  тәжірибе  жүргізілген 

мектептің,  әдебиеттердің  зерттеу  әдістерінің  қысқаша  сипаттамасын, 

қорғауға ұсынатын пікірлерін, мәселе туындап тұрған жұмыс үлескелерін, 



17 

 

оны  қандай  құралдармен  шешкенін,  зерттеу  жаңалығын,  алынған 



нәтиженің  мектеп  жұмысының  сапасын  көтеруге  қосқан  үлесін,  зерттеу 

жұмысының  құрылымының  дұрыстығын  оқырманды  қызықтыратындай, 

қысқаша етіп жазу керек.  

Кіріспенің  талапқа  сайлығын  тексеру  үшін  В.В.Краевскийдің 

сызбасын пайдалануға болады. 

Зерттелетін 

мәселенің 

өзектілігін 

дәлелдеу  

Тақырыптың 

практика 

сұранысынан 

туындап отырғанын дәлелдеу  

Тақырыптың 

ғылыми 

өзектілігін 



дәлелдеу.  

Педагогикалық 

процесс 

нәтижелеріне 

баға беру  

Педагогикалық  процесс 

сапасына баға беру  

Мәселенің 

маңыздылығы

н көрсету  

Оқушылардың 

білімі мен 

тәрбиесіндегі 

кемшіліктерді 

көрсету  

Оқушылардың білімі 

мен тәрбиесіндегі 

олқылықтарға себепші 

болған педагогикалық 

процестегі 

кемшіліктерді сипаттау.  

Мәселе 


жауаптарын 

көрсетіп, 

шешілмегендер

ін жазу.  

 

Педагогикалық  зерттеулердің  негізгі  сипаттамаларының  дұрыстығын 



төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы білуге болады.  

Мәселе 

→  бұрын зерттелмеген мәселелерден таңдалған мәселе 

Тақырып 

 

мәселенің атауы 



Өзектілігі 

 

бұл мәселені не себепті қазіргі кезде зерттеу керек? 



Зерттеу 

объектісі 

 

шешімін таппаған мәселелер 



Зерттеу пәні 

 

объектідегі мәселені шешуге көмектесетін  



педагогикалық әдіс – тәсілдер немесе объектіден 

бөлініп, зерттеуге алынған бөлік  



Мақсат 

 

зерттеу жұмысының нәтижесі  



Міндеттері 

 

мақсатқа жету үшін атқарылатын жұмыстар 



Гипотеза                                                     

 

мәселе жауабы 



Ұсыныстар 

 

зерттеуге алынған нысанды жетілдіру туралы ойлар 



 

Негізгі бөлім 

Негізгі  бөлімде  тақырып  жоспар  бойынша  баяндалады.  Бұл  бөлім 

бірнеше  бөліктерден  немесе  тараулардан  құрылады,  онда  жұмыста 

қолданылған  әдістер  мен  материалдар,  шешілген  проблемалық  есептер, 

ғылыми-теориялық  (арнайы  әдебиеттерді  талдаудың  қорытындысы)  және 

есептеу-теориялық  нәтижелер  (мамандық  және  тақырыпқа  байланысты) 

енгізіледі.  

Теориялық бөлімге енгізілетін мәліметтер: 

  тақырып бойынша әдебиеттерге шолу, мәселе тарихы;  

  зерттеуші қолданған ғалымдардың еңбектеріне сілтеме жасау;  

  зерттеу керек мәселені негіздеу;  




18 

 

  міндеттерді орындау үшін қолданылған зерттеу әдістері;  



  өткізілген эксперимент; 

  зерттеушінің  өз  зерттеуі,  оның  мәселені  шешуге  қосқан  үлесі, 

жаңалығы;  

  зерттеу  нәтижелерінің  ақиқаттығы,  отандық  және  шетелдік  ғылыми 

зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен салыстыру;  

  зерттеу жұмыстарын жалғастыруды негіздеу;  

  зерттеуді тоқтатуға мәжбүр еткен жағдайларды жазу; 

  қазіргі уақытта шешуге мүмкіндік жоқ мәселені анықтау;  

  әрбір бөлімнен кейін қорытынды жасау;  

  озат тәжірибе.  



Негізгі бөлімнің практикалық бөліміне енгізілетін мәліметтер: 

  гипотезаны тексеріп, мәселені шешу үшін атқарылған жұмыстар; 

  тәжірибе жұмысына дайындық; 

  тәжірибе жұмысының сипаттамасы; 

  тәжірибе жұмысының нәтижелерін талдау; 

  сынақтан  өткен  педагогикалық  әдіс  –тәсілдерді,  құралдарды  қолдану 

жөніндегі қорытындылар, ұсыныстар.  

  қолданылған әдіс-тәсілдер: анкета, сұрақтар тізімі; 

  өткізілген сабақтар мен тәрбиелік шаралар; 

  жаттығулар, тренингтер. 



Жұмыс мәтіні сипаттауы қажет: 

 



қарастырылатын  сұрақтар  бойынша  автордың  негізгі  әдебиеттермен 

танысуы;   

 

мәселені анықтай  және он шешу жолдарын анықтай білуі;   



 

қарастырылатын сұрақтардың мәнін тізбекті баян дай білуі;   



 

сәйкес тұжырымдамалық және терминологиялық аппаратты меңгеруі;  



 

тілдік  сауаттылықтың,  функционалдық  ғылыми  баяндау  стилін 



меңгерудің орташа деңгейі. 

  



Қорытынды

  

Қорытынды  бөлімде  жоспарда  қойылған  және  негізгі  бөлімде 

жазылған  сұрақтардың  түйіндері  тұжырымдалады.  Онда  бөлім  бойынша 

түйіндер  сөзбе  –сөз  қайталанбау  керек.  Мақсатқа  жету  деңгейі, 

нәтижелерді практикада қолдану туралы ұсыныстар, жұмысты жалғастыру 

мүмкіндіктері туралы айтылады.   

Студент жауап беретін сұрақтар: 

-  тақырыпты таңдау себебі; 

-  тақырып бойынша атқарылған жұмыстар; 

-  бөлім бойынша және жалпы қорытынды; 

-  зерттеудің теория мен практикаға пайдасы, жаңалығы. 

  

 



 


жүктеу 0,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау