ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі уақытты психологиялық кеңес беру және де психокоррекция жүргізу әдістері тек қиындықтары бар адардармен жұмыс жасау ғана емес, барлық сау, қалыпты жеке тұлғалар үшін кеңінен пайдаланылатын қызмет түрі болып келе жатыр. Психологиялық қызметтің бұл түрі психокоррекцияны қолдану аймағын бір жақты көрсету қиын. Психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізу технологияларын талдау барысында оларды ұйымдастырудың ортақ және өздеріне тән ерекшеліктермен сипатталатын жерлері бар екенін анықтадым. Шыеармашылықты қалыптастыру, таным процестерін және жеке даралық қасиеттерді коррекциялауға арналған көптеген жаттығулар, дамыту тестілері және ойындар жинақтары жасалған. Олардың көмегімен нормадан ауытқуы анық байқалған қасиеттерді талапқа сай келтіру жолдарын тұлғаға үйретуге мүмкіндік туады. Психолог – тұлғаның кеңесші, досы позициясында болуып оған тек қажет уақытта көмек көрсетеді.
Психокоррекция топтық коррекциялық ойындар және жеке дара жүргізілетін психологиялық кеңес беру жұмыстар бір-бірімен ұштасып жүргізілгенде ғана психокоррекция өз мақсатын толық орындайды [10].
Қазіргі уақытта философиялық, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде дарынды тұлғаның мәселесін зерттеуге қатысты маңызды ойлар бар. Бұл мәселенің тамыры ғасырлар тереңдігінде жатыр. Адамның психологиялық ерекшеліктері туралы идеялар, оның ішінде қабілеттер туралы ойлар ежелгі грек философтарының, Ренессанс ғалымдарының және әр елдің озық педагогтарының еңбектерінде көрінеді.
Жалпы шығармашылыққа деген қабілеттілік кез-келген адамның табиғаттан берілетін ерекше қабілет деп есептесек, әрбір тұлға өзінің бойындағы жасырылып жатқан қабілеттерін анықтап, оларды дамыту арқылы шығармашылық қабілет қалыптастыра алады. Психокоррекция жеке тұлғаның интеллектуалды дамуы, әр баланың жеке қабілеттеріне, дарындылықты, талантты және жеке қабілеттерін дамыту дарынды баламен жұмыс істеудің негізгі әдістерң болып табылады .Сондай-ақ, жас ұрпақтың дамуы мен жетілуін зерттеу жүргізеді [11]
"Әр бала - болашақ данышпан" қағидасы туралы ойлана отырып, біз жас оқушыларды дарынды, қабілетсіз болып жетілуі үлкен қателік деп санаймыз. Соңғы жылдары психологтар адамның дарындылығының екі түрін анықтады. Негізі ретінде "туа біткен" данышпан, ал екіншісінің өкілі "қалыптасқан" данышпан деп аталады. "Туа біткен" данышпандары - Моцарт, Рафаэль, Пушкин және басқалары өз шығармаларында керемет қабілеттерін көрсетті. Біздің халқымыздың осы тобына Шоқан Уәлиханов пен Мұхтар Әуезовті жатқызуға болады. "Қалыптасқан" данышпандардың ең үлкен сапасы-бұл қажымас қуат, білімге деген құштарлық, өзіне қойылатын талаптардың қатаңдығы, жан-жақты даму, бәсекеге қабілеттілік, қабілеттерін ашу, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру және т.б [7].
Достарыңызбен бөлісу: |