Курсы және оқу семестрі: курс, семестр



жүктеу 1,51 Mb.
бет2/15
Дата25.11.2017
өлшемі1,51 Mb.
#1311
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Студент білуге тиіс:


Студент істей алуға тиіс:

  • Жұмысшы сұйықтың артық қысымын анықтай алу;

  • Жұмысшы сұйықтың сиретілген қысымын анықтай алу;

  • Жұмысшы сұйықтың абсолют қысымын анықтай алу;

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Қысымды анықтау

  2. Қысымның өлшем бірлігі.

  3. Газдардың қысымы.

  4. Артық қысым.

  5. Сиретілген қысым.

  6. Абсолют қысым.

Білім берудің және оқытудың әдістері:

Студенттер қысым өлшеуге арналған аспабтардың жұмыс істеу принциптерімен және түрлерімен танысуы керек. Ыдыс ішіндегі артық қысымды немесе сиретілген қысымды өлшеу керек. Есептеу жолымен ыдыс ішіндегі абсолют қысымды анықтауы керек.



Құрал – жабдықтар: саңылаусыз ыдыс, манометр, вакуумметр, барометр, вентиль, компрессор.

Теориялық мәліметтер.

  1. Аудан бірлігіне нормаль бағытында әсер ететін күштің мөлшерін абсолюттік қысым деп атайды. Қысымның негізгі өлшем бірлігі ретінде паскаль [Па] пайдаланылады. Бұл өлшем бірлікпен қатар ірі бірліктер – килопаскаль [кПа], мегапаскаль [МПа] және тағы басқа халықаралық өлшем бірліктер жүйесінен тыс бірліктер пайдаланылады. Олардың арасындағы қатынастар 1.1 кестеде келтірілген.

  2. 1.1 кесте - Қысымның әр түрлі өлшем бірліктері арасындағы қатынастар

    Бірлік

    1. Бірліктер аты

    1. Па

    1. Бар

    кгс/см2

    мм сын.бағ.

    мм.су бағ.

    1 Па

    1. 1

    1. 10-5

    1,0210-5

    1. 7,502410-3

    1. 0,102

    1 бар

    1. 105

    1. 1

    1. 1,02

    1. 7,5024102

    1. 1,02104

    1 кгс/см2

    9,8067104

    1. 0,98067

    1. 1

    1. 735

    1. 104

    1 мм сын.бағ.

    1. 133,32

    1,3310-3

    1,36103

    1. 1

    1. 13,6

    1 мм су бағ.

    1. 9,806

    9,806710-5

    1. 10-4

    1. 7,3510-2

    1. 1



  3. Молекулалық - кинетикалық теория тұрғысынан газдың қысымы ретсіз қозғалып жүрген молекулалардың ыдыс қабырғасына соқтығысуларының орташа әсері болып табылады. Осы теорияның тұжырымдауынша идеал газдың қысымы

  4.  (1.2)

  5. Мұнда N – молекулалар саны; m - молекула массасы; wор – молекулалардың орташа жылдамдығы; V – көлем: n – көлем бірлігіндегі молекулалар саны.

Қоршаған орта қысымын (барометрлік қысымды) Рб, манометр бойынша қысымды Рм, вакуумметр бойынша қысымды Рв деп белгілейміз. Сонда абсолют қысым

  1. Р = Рб + Рм

немесе

Р = Рб – Рв

болады

Баро́метр (еж.-грек. βάρος — «ауырлық» и μετρέω — «өлщеймін») — атмосфералық қысымды өлшейтін аспаб. Сынапты барометрді 1644 жыл италян ғалымы Эванджелиста Торричелли ойлап тапты.


  1. Сұйықты барометрлерде қысым түтікшедегі сұйық (мысалы, сынап) бағанасының биіктігімен өлшенеді. Түтікшенің жоғарғы шеті жабылған, ал төменгі шеті сұйық құйылған ыдысқа батырылған. Сонда атмосфералық қысым сұйық бағанасының салмағымен теңестіріледі. Сынапты барометрлер өте дәл, сондықтан олар жиі қолданылады.

  2. Өндірісте және тұрмыста механикалық барометрлер (Анероид) қолданылады. Анероидта сұйық жоқ (гр. «анероид» — «сусыз»). Ол сиретілген қысым түзілген, қатпарланған жұқа қабырғалы ыдысқа әсер ететін атмосфералық қысымды көрсетеді.

Манометр (гр. manos — сирек, тығыздалмаған, сиретілген) — сұйықтың немесе газдың қысымын өлщейтін аспаб.

Манометрдің жұмыс істеу принципі түтікшелі серіппенің серпімді деформациясын өлшенетін қысым күшімен теңестіруге немесе оданда сезімтал бір шеті тұрақты дәнекерленген ал екінші шеті сорғыш арқылы трибко – секторлы механизммен жалғасқан екі пластиналы мембранаға негізделген. Сезімтал элементтің серпімді сызықтық қозғалуы көрсететін оқтықтың дөңгелек қозғалысына айналдырылады.

Артық қысым өлшейтін аспабтар тобы:

Манометрлер - 0,06 - дан 1000 МПа дейін (артық қысымды өлшейді — Абсолют қысыммен барометрлік қысымның оң айырмашылығы)

Вакуумметрлер — сиретілген қысымды өлшейтін аспабтар (атмосфералық қысымнан төмен) ( минус 100 кПа дейін).

Мановакуумметрлер — артық қысымды өлшейтін ( 60 - тан 240000 кПа дейін), және сиретілген қысымды өлшейтін аспабтар (минус 100 кПа дейін) .

Напоромерлер –40 кПа дейінгі артық қысымды өлшейтін манометрлер.

Тягомерлер –вакуумметрлер – минус 40 кПа дейінгі сиретілген қысымды өлшейтін аспабтар.

Тягонапоромерлер –мановакуумметрлер – өлшеу шектері ±20 кПа

Қысымды білу, бақылау және реттеу керкек барлық жағдайларда манометрлер қолданылады. Манометрлер жылуэнергетикада, фармацевтика, химия, мұнайхимия өндірістерінде өте жиі қолданылады.


Әдебиет:

негізгі:

  1. Павлов К.Ф., Романков П.Г., Носков А.А. Примеры и задачи по курсу процессов и аппаратов химической технологии - Л.: Химия, 1987

  2. Промышленная технология лекарств, Том 1. Под ред. Чуешова В.И. – Х.: МТК-Книга, Издательства НФАУ, 2002 – 560 с.

  3. Касаткин А.Г. Основные процессы и аппараты химической технологии.9-е изд. - М.: Химия, 1973

  4. Плаксин Ю.М., Малахов Н.Н., Ларин В.А. Процессы и аппараты пищевых производств. – М.: КолосС, 2008. – 760 с.

  5. Ақбердиев Ә.С. Тамақ өндірісінің процестері және аппараттары, Алматы; 1998 ж.

  6. Кавецкий Г.Д. Процессы и аппараты пищевой технологии. - М.: Колос, 2000.

қосымша:

  1. Романков П.Г., Курочкина М.И. Гидромеханические процессы химической технологии.3-е изд. - Л.: Химия,.

  2. Фармацевтическая технология. Под ред. И.И. Краснюка и Г.В. Михайловой–Москва, Академия – 2006 г.

  3. Баскаков. Теплотехника – М.: Высшая школа 1986


Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)

  1. Қысым дегеніміз не?

  2. Артық қысым қалай анықталады?

  3. Абсолют қысым қалай анықталады?

  4. Сиретілген қысым қалай анықталады?

  5. Манометрлердің жұиыс істеу принциптерін сипаттаңыз.

Тапсырма:

  1. Ыдыстағы қысымды өлшеудің тәжірибелік нәтижелерін кестеге енгізіңіз, және ыдыстағы абсолют қысымды есептеңіз.



Атмосфералық қысым

Манометр немесе вакуумметр бойынша ыдыстағы қысым

Ыдыстағы абсолют қысым




















































  1. Па бойынша төмендегі қысымдарды анықтаңыз.

15 мм рт.ст.

45 мм вод.ст.

1,2 бар

1,5 кгс/см2



Тестік тапсырмалар

1.СИ жүйесіндегі қысымның өлшем бірлігі

A) Па.

B) мм. рт. ст.



C) бар.

D) мм. вод. ст.

E) атм
2.Абсолют қысымды анықтаңыз, егер ризб = 3 кгс/см2 ?

A) Рабс = 4

B) Рабс = 5

C) Рабс = 9

D) Рабс = 7

E) Рабс = 8


2-тақырып: Температураны өлшеу.

Мақсаты:

  • Термометрдің көмегімен ауаның температурасын өлшеу.

Оқыту мақсаты:

жүктеу 1,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау