Курсы және оқу семестрі: курс, семестр


Есеп №7. Шахтердіңтамақтану рационы 3500ккал калориялықты құрайды. Тәуліктік энергия шығыны 3600ккал құрайды



жүктеу 1,94 Mb.
бет4/8
Дата14.05.2018
өлшемі1,94 Mb.
#13558
1   2   3   4   5   6   7   8

Есеп №7.

Шахтердіңтамақтану рационы 3500ккал калориялықты құрайды. Тәуліктік энергия шығыны 3600ккал құрайды.

Тамақтанудың энергетикалық адекваттылығын бағалаңыз.




Есеп №8.

Студенттің тамақтану рационында 106гр май бар, оның энергия шығыны тәулігіне 2800ккал құрайды.

Калориялық квотаны есептей отырып, құрамындағы майды анықтаңыз.

Оцените содержание жиров с учетом калорийной квоты.


Есеп №9.

Мұғалімнің тамақтану рационында 70г ақуыз, оның ішінде 39г жануартекті, 70г май оның ішінде 21г өсімдік текті, 20% моносахаридтер и 80% полисахаридтер.

Мұғалім тамақтану рационының тепе-теңділігін бағалаңыз.
Есеп №10.

3 жастағы балалардың тамақтану рационында 53г ақуыз, оның ішінде 70% жануар текті, 53г май оның ішінде 1/3 өсімдік текті.

Рациондағы майлар мен ақуыздардың құрамын, тепе-теңділігін бағалаңыз.
Есеп №11.

Құрастырылған ас мәзірінде тамақтың аталуы, тамақтық азықтардың тізімі, олардың колориялығы, құрамындағы минеральды тұздар, дәрумендер, көмірсу, май, ақуыздың сапалық құрамы берілген.

Тамақтану рационын бағалау үшін ас мәзірінің дұрыс құрастырылуын бағалаңыз.

Есеп №12.

Студенттің тамақтану тәртібі азанғы ас, түскі ас және кешкі асты құрайды. Азанғы ас пен түскі астың арлығы – 7сағ., түскі ас пен кешкі астың аралығы 5 сағ. құрайды. Тамақтануды бір уақытта, бір сағатта қабылдауы, тамақтануға жеткілікті уақыт тәртібі сақталады. Тағамдардың реттілік тәртібі сақталады. Азанғы астың калориялығы 20%, түскі астың калориялығы 45%, кешкі астың колориялығы - 35%.

Тамақтану тәртібін бағалаңыз.
Есеп №13.

Мектепке дейінгі жастағы балалар тамақтануында кальцийдің құрамы төмендетіліп, фосфордың құрамы жоғарлаған, аскорбин қышқылының құрамы төмендеген. Тамақтану рационын зерттеу балалар негізінен макорон, жарма өнімдері тәрізді көмірсулы тағамдармен тамақтанатындығын көрсетті.

Тамақтану рациональдылығын бағалаңыз.
Есеп №14.

29ж шахтердің тамақтану рационында 107г ақуыз, 170г май, 324г көмірсу құрайды. Тәуліктік рационының калориялығы 3254ккал. Рацион құрамындағы С дәрумені 80мг. Шахтер еңбек қарқындылығының IV тобының жұмысын атқарады.


Есеп №15.

Қаланың ауыз су құбырында 400 мг/дм3 хлор және 550 мг/дм3 сульфаттар анықталған.

Ауыз суға гигиеналық баға беріңіз және оны жақсарту мен ластанудан қорғау шараларын құрастырыңыз.
Есеп №16.

Қаланың ауыз су құбырында 1 мг/дм3 темір және 3 мг/дм3 фтор анықталды.

Ауыз суға гигиеналық баға беріңіз және оны жақсарту мен ластанудан қорғау шараларын құрастырыңыз.
Есеп №17.

Ауыз су құбырының дәмі – 3 балл, иісі – 3 балл, түстілігі- 30, лайлығы - 2 мг/дм3

Ауыз суға гигиеналық баға беріңіз және оны жақсарту мен ластанудан қорғау шараларын құрастырыңыз.
Есеп №18.

Құдық суының жалпы қаттылығы 15 мг-экв/дм3 және құрамында 80 мг/дм3 нитрат бар.

Cуға гигиеналық баға беріңіз және оны жақсарту мен ластанудан қорғау шараларын құрастырыңыз.

3)Сұрақтар.

(1-8тақырыптар бойынша)




  1. Гигиенаның мақсаты мен міндеттерін түсіндіріңіз.

  2. Гигиенада қандай зерттеу әдістері қолданылады?

  3. Гигиена ғылымының басқа ғылымдармен байланысын атаңыз.

  4. Гигиенаның бөлімдерін атаңыз және оларға сипаттама беріңіз.

  5. Санитариялық эпидемиологиялық қызмет қалай ұйымдастырады?

  6. Гигиеналық нормалаудың қандай қағидаларын білесіз?

  7. Термореттеудің қандай түрлерін білесіз?

  8. Ауа қозғалысын өлшеу әдісі қандай?

  9. Барометрлік қысымды өлшеудің әдісі қандай?

  10. Ауа қозғалысын қалай бағалаймыз?

  11. Барометрлік қысымды қалай бағалаймыз?

  12. Адам ағзасына төмен атмосфералық қысым қалай әсер етеді?

  13. Адам ағзасына жоғары атмосфералық қысым қалай әсер етеді?

  14. Судың сапасын жақсартуға қандай негізгі әдістер қолданады?

  15. Судың залалсыздандыру әдістерін атаңыз.

  16. Судағы хлорид пен сульфаттың гигиеналық маңызы қандай?

  17. Суды хлорлау әдісін түсіндіріңіз

  18. Қандай үрдіс судың хлор сіңіруі деп аталады?

  19. Бос қалдық хлор дегеніміз не?

  20. Санитарлық химиялық талдау үшін судың сынама алу әдісін түсіндіріңіз.

  21. Күннен қандай сәулелер бөлінеді?

  22. Күн спектрі сәулелерінің биологиялық мәні неге негізделеді?

  23. Инфрақызыл радиацияның гигиеналық мәні неде?

  24. Ультракүлгін сәулеленудің гигиеналық мәні неде?

  25. УК-сәулеленудің биогенді және абиогенді әсері дегеніміз не?

  26. Күн сәулесі жетіспеушілігі дегеніміз не?

  27. Күн сәулесінің жетіспеушілігі немен негізделеді?

  28. Көрінетін жарықтың гигиеалық маңызы қандай?

  29. Бөлменің тұтасымен табиғи жарықталу жағдайын бағалауға қандай көрсеткіштер мүмкіндік береді?

  30. Жұмыс орнының табиғи жарықталу деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер қандай? Оларға анықтаама беріңіз.

  31. Бөлменің табиғи жарықталуының жарықтехникалық көрсеткіштеріне анықтама беріңіз.

  32. Жарықталу деңгейін өлшеу қандай құрылғы арқылы жүргізіледі?

  33. Жасанды жарықталуға қандай негізгі талаптар қойылады?

  34. Қыздыру шамдары арқылы туындайтын жарықталу кемшіліктері қандай?

  35. Люминисцентті жарықталудың кемшіліктері және соған байланысты шамдарды қолдануды шектеу.

  36. Сумен қамтамасыз етудің қандай жүйесі мен көздерін білесіз?

  37. Сумен қамтамасыз ету көздерін санитарлық зерттеуде қандай әдістер қолданылады?

  38. Су көздерін санитарлы қорғауда қандай іс-шаралар жүргізіледі?

  39. Су сапасымен қандай аурулар байланысты?

  40. Су көздерінен ауыз су сынамасын алу қалай жүргізіледі?

  41. Зертханалық жағдайда су мөлдірлігін қалай өлшейді?

  42. Толыққанды тамақтану және оның негізгі қағидалары туралы не айтасыз?

  43. Тамақтану жетіспеушілігіне байланысты қандай ауруларды білесіз?

  44. Артық тамақтануға байланысты қандай ауруларды білесіз?

  45. Теңдетірілген тамақтану дегеніміз не?

  46. Ересек еңбекке жарамды тұрғындардың тамақтануының физилолгиялық нормаларын өңдеу қандай факторлар негізінде қаланады?

  47. Тамақтанудың физиологиялық нормаларын қандай көрсеткіштер анықтайды?

  48. Адамның энергия шығынын қандай факторлар анықтайды?

  49. Адамның қалыпты дене салмағын есептеу қалай жүргізіледі ?

  50. Қандай патологиялық жағдайлар дұрыс тамақтанбауға байланысты болады?

  51. Дене еңбегі мен ой еңбегі кезіндегі тамақтанудың ерекшеліктері қандай?

  52. Судың коагуляциясы дегеніміз не?

  53. Суды тазалаудың қандай әдістерін білесіз?

  54. Суды залалсыздандыруда қандай әдістер қолданылады?

  55. Су көздерінің санитарлы қорғау аймақтарының қандай белдеулері болады?

  56. Су көзін таңдауға ұсыныс беріңіз.

  57. Су факторына байланысты дамитын аурулардың алдын алу үшін қандай іс- шаралар жүргізіледі?

  58. Топырақтың эпидемиологиялық маңызы неде?

  59. Қандай нүктелерден топырақ сынамасы алынады?

  60. Сынамаға топырақ алудың әдісі қандай?

  61. Талдауға топырақты қалай дайындаймыз?

  62. Талдауға топырақты қалай өңдейміз?

  63. Топырақ құрамында экзогенді химиялық заттардың болуының көрсеткіші.

  64. «Топырақтың санитарлы саны» дегеніміз не?

  65. Топырақтың гранулометриялық құрамының гигиеналық маңызы неде?

  66. Ауа ортасының физикалық факторларына не жатады?

  67. Бөлменің микроклиматы дегеніміз не?

  68. Ауа ылғалдылығы адам олрганизміне қалай әсер етеді?

  69. Климат дегеніміз не?

  70. Климат пен ауа райының гигиеналық маңызы неде?

  71. Адам ағзасына төменгі және жоғарғы температура қалай әсер етеді?

  72. Акклиматизация дегеніміз не?

  73. Бөлме микроклиматын бағалауға арналған қандай құрылғыларды білесіз?

  74. Бөлмедегі ауа қозғалысының жылдамдығын қандай құралмен өлшейміз?

  75. Адамдар денсаулығы үшін рационалды тамақтанудың маңызы неде?

  76. Тағамдық азықтардың биологиялық және тағамдық құндылықтары немен сипатталады?

  77. Тамақтану жағдайы мен тәртібіне қандай негізгі гигиеналық талаптар қойылады?

  78. «Рациональда тамақтану пирамидасы» дегеніміз не?

  79. Зертханалық талдау үшін тағамдық азықтардан сынама алу тәртібі қандай?

  80. Ас мәзірін құру, есептеу, бағалау әдістерін қалай түсінесіз?

  81. Өсімдік текті азықтардың биологиялық құндылығы неде?

  82. Ұнның қатерсіздігіне қандай көрсеткіштер әсер етеді?

  83. Зерттеуге ұннан сынама алу қалай жүргізіледі?

  84. Ұнның минеральды құрамын атаңыз, ол неге байланысты?

  85. Тамақ өнімдерін консервілеудің негізгі мақсаты неге негізделген?

  86. Негізгі азықтардың қатерсіздігін бағалау үшін қандай жедел әдістер қолданылады?

  87. Тағамдық азықтарға гигиеналық сараптама жүргізудің тәртібін айтып беріңіз.

  88. Консервілеудің қандай әдістері қолданылады?

  89. Жұмыртқаны санитарлы бағалау қалай жүргізіледі?

  90. Жұмыртқаның қатерсіздігі қалай анықталады?

  91. Тағамдық рацион құндылығы мен сапалық құрамын медициналық бақылау қалай жүргізіледі?

  92. Аурухана ас блоктарының санитарлы-гигиеналық зерттеу қалай жүргізіледі?

  93. Аурухана ас блогының санитарлы тәртібі қалай бағаланады?

  94. Стационарда аурулардың тамақтануы қалай ұйымдастырылады?

  95. Емдік-профилактикалық және ем-дәмдік тамақтану құрастырылуының негізгі қағидаларын атаңыз?

  96. Шу қандай физикалық көрсеткіштермен сипатталады?

  97. Таралу және уақыт сипатына байланысты шу қалай жіктеледі?

  98. Шудың адам ағзасына әсері қандай?

  99. Аудиометрия дегеніміз не?

  100. Өндірістік шуды нормалау қағидалары қандай?

  101. Жұмыс орындарында тұрақты және тұрақсыз шу қалай нормаланады?

  102. Шумен күресудің негізгі әдістері мен құралдары қандай?

  103. Шудың физикалық сипаттамаларын атаңыз.

  104. Діріл адам ағзасына қалай әсер етеді?

  105. Дірілді өлшеу және гигиеналық бағалау әдістері қандай?

  106. Өндірістік токсикологияныңң мақсаты мен міндеттерін түсіндіріңіз.

  107. Зиянды заттардың қауіптілігі мен улылығына анықтама беріңіз.

  108. Қандай жағдай улылық әсердің күші мен сипатына әсер етеді?

  109. Өндірістік улар қалай жіктеледі?

  110. Улар организмге қалай түседі, өзгереді, ағзадан шығады?

  111. Өндірістік уларды гигиеналық нормалаудың қағидаларын атаңыз?

  112. Химиялық заттарға адаптацияның механизмін түсіндіріңіз және оның гигиеналық маңызы қандай?

16



1.Тақырыбы: Шаң патологиясының алдын алу. Ауаның шаңдануын, дисперсілігін және пневмокониоз қауіптілігін анықтау әдісі. Шаңды гигиеналық нормалау қағидалары. Цех ординаторы дәрігерінің жұмысының гигиеналық аспектілері.

2.Мақсаты: студенттерге шаңның ағзаға әсері, шаңдық аурулар және шаңдану аурулар профилактикасы жөніндегі шаралар мен ауаның шаңдануын, дисперстілігін және шаңның пневмакониоздық қауіптілігін анықтау әдістері, шаңдарды гигиеналық нормалауының принциптері туралы білім беру. Цех ординаторы дәрігерінің жұмысымен таныстыру.

3.Тапсырма:

1. Өндірістік шаңмен және шаң паталогиясымен танысу.

2 Шаңның арганизімге әсеретуінен туындайтын ауруларды және басқада мутагендік, канцерогендік, токсикалық тітіркендіру қасиеті басым ауруларды анықтау.

3.Шаңның фиброгендік және басқада әсерін нормалау принціпімен танысу.

4. Цех ординаторы дәрігерінің еңбек гигиенасының негізгі аспектілерін меңгеру.

5. Цех ординаторы дәрігері еңбегінің ерекшеліктеріне анықтама беріңіз.

6. Оқып, меңгеру нәтижесі бойынша реферат, презентация, тест сұрақтары мен жағдайлық есептер дайындау.

4.Орындау түрі: реферат, презентация, тест тапсырмалары мен жағдайлық есептер құрастыру.

5.СӨЖ-ді орындау және бағалау критерийлері: 1, 2 қосымшаны қараңыз.

6.Тапсыру мерзімі: 9- апта

7.Әдебиет:

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1. Кенесариев У.И., Балмахаева Р.М., Жоламанов М.Е., Алимова Н.Е. Тамақтану гигиенасы. Алматы, 2007., 144 б.

2. Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы. Алматы, 1997. – 29 б.

3. Неменко Б.А. Коммуналдық гигиена. Алматы. 2004. – 277 б.

4. Гигиена: Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық / У.И.Кенесариев және т.б. – Алматы: 2010ж. – 656 б.

5. Торгаутов, Б.К. Жалпы гигиена: оқулық. –Шымкент: «Нұрдана –LTD», 2011. -432 бет.

6. Бектұрғанов Р.С. Жалны гигиена пәнінен тәжірибелік сабақтарға арналған нұсқаулық. - Шымкент, 2010.

Қосымша:

1. Габелев А. Неке гигиенасы: монография. –Алматы, 1992.

2. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков : Учебник-М.: Медицина, 2001-384с.

3. Беляков В.Д. Жук Е.Г: Военная гигиена и эпидемиология -М. Медицина, 1988.

4.Трушкина Л.Ю Гигиена и экология человека: учебное пособие.4- е изд М: Проспект,2006

5.Крымская И.Г.Гигиена и основы экологии человека : учебное пособие Ростов на Дону

6.Шарманов Т.Ш.Йодный дефицит в Казахстане: состояние проблемы и пути решение : Астана, 2008

7.Барановский А.Ю.Болезни нарушение питания. Лечение и профилактика: Наука и техника , 2007



Орыс тілінде:

Негізгі:

1. Гигиена / Под ред.акад.РАМН Г.И.Румянцева. – М.: ГЭОТАР МЕДИЦИНА, 2000-608с.

2. Пивоваров Ю.П., Королик В.В., и др. Гигиена и основы экологии человекав., 4-е исп. и доп.- Ростов- на Дону «Феникс», 2008-415с.

3. Гончарук Е.И. и др. Общая гигина: пропедевтика гигиены. – 2-е изд., перераб. И доп.- К.: Вища шк., 1999-652с.



Қосымша:

1.Голубев В.В.и др. Практикум по основам педиатрии и гигиены детей дошкольного возраста.- М.: Издательский центр «Академия».2000.-200с.

2.Коммунальная гигиена/ Под.ред. К.И.Акулова, К.А.Буштуевой.-М.: Медицина,2001-607с.

3.Королев А.А. Гигиена питания.- М-.: Издательский Центр «Академия».2006-528с.

4.Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков: Учебник.-М.: Медицина.2001.-384с.

5.Неменко Б.А., Кенесариев У.И. Коммунальная гигиена- Алматы: НИЦ «Гылым», 2003.-464с.

6.Беляков В.Д., Жук Е.Г. Военная гигиена и эпидемиология.- М.: Медицина, 1988.

7.Рубина Е.А. Санитария и гигиена питания: Учебное пособие для студентов ВУЗов-М.:Издательский Центр «Академия»,2005.-288с.



Электронды ресурстар:

1. Бейсембаева З.И. Аурухана, стоматологиялық емхана және дәріхана мекемелерінің гигиенасы: оқу құралы. –Шымкент, 2010.

2. Жалпы гигиена Торғаутов Б.К – Шымкент :2009

3. Гигиена учебник для вузов /под. ред Г.И.Румянцева – 2-е изд М:2009

4. Мазаев В.Т.Коммунальная гигиена 1-2 часть: учебник ГЭОТАР – Медиа, 2009

5. Справочник диетолога ,,Равновесие,,2006

6. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков : учебник ГЭОТАР – Медиа, 2010

7 . Гигиена труда Н.Ф.Измерова ГЭОТАР – Медиа 2008



8.Бақылау - сұрақтар:

  1. Шаңдар қалай жіктеледі?

  2. Қандай аурулар ағзаға шаңның әсеріне байланысты болады?

  3. Шаңды нормалау үшін қандай қағидалар қолданылады?

  4. Өндірістік шаңдардың жағымсыз әсерлерін алдын алу үшін қандай іс-шаралар жүргізіледі?

  5. Ауаның шаңдануы қалай анықталады?

  6. Шаңды өндіріс жұмысшыларын медициналық тексеру қалай ұйымдастырылады?

  7. Көздің қандай шаңдық ауруларын білесіз?

  8. Терінің қандай шаңдық ауруларын білесіз?

  9. Пневмокониоздың қандай профилактикалық шараларын білесіз?

  10. Цех ординаторы еңбегінің міндеттері мен мақсаты неде?

  11. Еңбек процесінің қандай факторларын білесіз?

  12. Цех ординаторы еңбек гигиенасы ерекшеліктерін айтып беріңіз.

  13. Еңбек гигиенасы бойынша қандай номативтік құжаттарды білесіз?

17



1.Тақырыбы: Инфрақызыл сәулеленудің гигеналық сипаттамасы, медициналық қолданылуы, адам денсаулығына қолайсыз әсер етуі. Компьютерлердің бейне дисплейлік терминалдарымен жұмыс істеу кезіндегі еңбек жағдайын ұйымдастыруды медициналық бақылау.

2.Мақсаты: Студенттерді инфрақызыл сәулел гигеналық сипаттамасын, бейне дисплейлік терминалдарымен жұмыс істеу кезіндегі еңбек жағдайын ұйымдастыруды медициналық бақылаумен таныстыру.

3.Тапсырма:

1.Берілген тақырып бойынша электронды базалар материалдарымен танысу.

2. Инфрадыбыстың гигиеналық маңызын меңгеру.

3. Инфрадыбыстың адам организміне әсерін бағалау.

4. Компьютерлік бейнедисплейлік терминалдармен жұмыс кезінде еңбек жағдайын ұйымдастырумен танысу.

5. Компьютерлік бейнедисплейлік терминалдармен жұмыс кезіндегі оқытумен танысу.

6. Компьютерлік бейнедисплейлік терминалдармен жұмыс кезінде оқыту мен еңбек жағдайын ұйымдастыруды медициналық бақылауды бағалау.

7. Оқып, меңгеру нәтижесі бойынша реферат, презентация, тест сұрақтары мен жағдайлық есептер дайындау.



4.Орындау түрі: реферат, презентация, тест тапсырмалары мен жағдайлық есептер құрастыру.

5.СӨЖ-ді орындау және бағалау критерийлері: 1, 2 қосымшаны қараңыз.

6.Тапсыру мерзімі: 9- апта

7.Әдебиет:

Қазақ тілінде:

Негізгі:

1. Кенесариев У.И., Балмахаева Р.М., Жоламанов М.Е., Алимова Н.Е. Тамақтану гигиенасы. Алматы, 2007., 144 б.

2. Неменко Б.А., Оспанова Г.К. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы. Алматы, 1997. – 29 б.

3. Неменко Б.А. Коммуналдық гигиена. Алматы. 2004. – 277 б.

4. Гигиена: Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық / У.И.Кенесариев және т.б. – Алматы: 2010ж. – 656 б.

5. Торгаутов, Б.К. Жалпы гигиена: оқулық. –Шымкент: «Нұрдана –LTD», 2011. -432 бет.

6. Бектұрғанов Р.С. Жалны гигиена пәнінен тәжірибелік сабақтарға арналған нұсқаулық. - Шымкент, 2010.

Қосымша:

1. Габелев А. Неке гигиенасы: монография. –Алматы, 1992.

2. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков : Учебник-М.: Медицина, 2001-384с.

3. Беляков В.Д. Жук Е.Г: Военная гигиена и эпидемиология -М. Медицина, 1988.

4.Трушкина Л.Ю Гигиена и экология человека: учебное пособие.4- е изд М: Проспект,2006

5.Крымская И.Г.Гигиена и основы экологии человека : учебное пособие Ростов на Дону

6.Шарманов Т.Ш.Йодный дефицит в Казахстане: состояние проблемы и пути решение : Астана, 2008

7.Барановский А.Ю.Болезни нарушение питания. Лечение и профилактика: Наука и техника , 2007



Орыс тілінде:

Негізгі:

1. Гигиена / Под ред.акад.РАМН Г.И.Румянцева. – М.: ГЭОТАР МЕДИЦИНА, 2000-608с.

2. Пивоваров Ю.П., Королик В.В., и др. Гигиена и основы экологии человекав., 4-е исп. и доп.- Ростов- на Дону «Феникс», 2008-415с.

3. Гончарук Е.И. и др. Общая гигина: пропедевтика гигиены. – 2-е изд., перераб. И доп.- К.: Вища шк., 1999-652с.



Қосымша:

1.Голубев В.В.и др. Практикум по основам педиатрии и гигиены детей дошкольного возраста.- М.: Издательский центр «Академия».2000.-200с.

2.Коммунальная гигиена/ Под.ред. К.И.Акулова, К.А.Буштуевой.-М.: Медицина,2001-607с.

3.Королев А.А. Гигиена питания.- М-.: Издательский Центр «Академия».2006-528с.

4.Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков: Учебник.-М.: Медицина.2001.-384с.

5.Неменко Б.А., Кенесариев У.И. Коммунальная гигиена- Алматы: НИЦ «Гылым», 2003.-464с.

6.Беляков В.Д., Жук Е.Г. Военная гигиена и эпидемиология.- М.: Медицина, 1988.

7.Рубина Е.А. Санитария и гигиена питания: Учебное пособие для студентов ВУЗов-М.:Издательский Центр «Академия»,2005.-288с.



Электронды ресурстар:

1. Бейсембаева З.И. Аурухана, стоматологиялық емхана және дәріхана мекемелерінің гигиенасы: оқу құралы. –Шымкент, 2010.

2. Жалпы гигиена Торғаутов Б.К – Шымкент :2009

3. Гигиена учебник для вузов /под. ред Г.И.Румянцева – 2-е изд М:2009

4. Мазаев В.Т.Коммунальная гигиена 1-2 часть: учебник ГЭОТАР – Медиа, 2009

5. Справочник диетолога ,,Равновесие,,2006

6. Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков : учебник ГЭОТАР – Медиа, 2010

7. Гигиена труда Н.Ф.Измерова ГЭОТАР – Медиа 2008



8.Бақылау - сұрақтар:

1.Инфрақызыл радиацияның гигиеналық маңызы неде?

2.Ультракүлгін сәулеленудің гигиеналық маңызы неде?

3.УК-сәулеленудің биогенді және абиогенді әсері дегеніміз не?

4.Адам организміне ультракүлгін және инфракызыл әсерлерінің алдын алу шаралары қандай?

5.Компьютерлік бейнедисплейлік терминалдармен жұмыс кезіндегі еңбек жағдайы қалай ұйымдастырылады?

6.Компьютерлік бейнедисплейлік терминалдармен жұмыс кезінде оқыту қалай ұйымдастырылады?

7.Компьютерлік бейнедисплейлік терминалдармен жұмыс кезіндегі еңбек жағдайының ұйымдастырылуын медициналық бақылауды қалай бағалаймыз?

18

1.Тақырыбы: Иондаушы емес электромагниттік сәулелену және олардың жағымсыз әсерінің алдын алу. Өлшеу мен бағалау әдісі. Нормалау қағидалары. Табиғи сәуле көздерінен сәулеленуді және медициналық сәулеленуді шектеу.


жүктеу 1,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау