Курсы және оқу семестрі: 2, ІІІ



жүктеу 0,83 Mb.
бет2/6
Дата15.11.2018
өлшемі0,83 Mb.
#20320
1   2   3   4   5   6

Тесттер:

1. Вирионның өлшем бірлігі:



  1. дм

  2. мм

  3. нм

  4. см

  5. мкм

2. Күрделі вириондардың нуклеокапсиді мен суперкапсидінің химиялық құрамы:

  1. полисахаридтер, липидтер

  2. белоктар, липидтер

  3. белоктар, полисахаридтер

  4. белоктар, липидтер, липополисахаридтер

  5. липидтер, полисахаридтер, белоктар

3. Бір жіпшелі ДНҚ кездесетін микроорганизмдер:

  1. актиномицеттер

  2. саңырауқұлақтар

  3. микоплазмалар

  4. вирустар

  5. риккетциялар

4. Вирус геномы:

  1. РНҚ немесе и РНҚ

  2. ДНҚ не РНҚ

  3. ДНҚ және РНҚ

  4. ДНҚ немесе и РНҚ

  5. РНҚ немесе т РНҚ

5. Қарапайым вирионның құрлымы:

  1. нуклеин қышқылы

  2. нуклеин қышқылы, капсула

  3. белок, нуклеин қышқылы

  4. нуклеин қышқылы, цитоплазматикалық мембрана

  5. көмірсу, белок, нуклеин қышқылы

6. Нуклеокапсидтен ғана тұратын вирустар:

  1. провирустар

  2. қарапайым

  3. күрделі

  4. күрделі және қарапайым

  5. профагтар

7. Суперкапсидтен тұратын вирустар:

  1. күрделі және қарапайым

  2. қарапайым

  3. провирустар

  4. күрделі

  5. профагтар

8. Өлшемі 10-20 х 160-200 нм болатын, фибрилл түріндегі белоктық агенттер:

  1. вириоидтар

  2. бактериофагтар

  3. провирустар

  4. вириондар

  5. приондар

9. Прокариотты жасушаларда паразитті өмір сүретін микроорганизмдер:

  1. вирустар

  2. вириондар

  3. приондар

  4. вириоидтар

  5. бактериофагтар

10. Вирустарды 2 топқа бөлу негізделген:

  1. Құрылысына

  2. Биохимиялық қасиеттеріне

  3. Физиологиясына

  4. Нуклеин қышқылы типіне

  5. Морфологиясына

11.Прокариоттардың тұқым қуалаушылық негізі:

  1. Ферменттер

  2. Рибосомалар

  3. ДНҚ

  4. РНҚ

  5. Ақуыздар

12. Вирустарды рибовирустар мен дезоксоривирустар патшалық астына бөлетін...

  1. нуклеин қышқылы типі

  2. антигендері

  3. капсидтерінің саны құрлымы:

  4. симметрия типі

  5. өлшемдері

13. Резистенттіліктің генетикалық негізін қамтамасыз ететін плазмидалар:

  1. R –плазмида

  2. F–плазмида

  3. Ent–плазмида

  4. патогенділік плазмида

  5. биодеградациялық плазмида

14. Эксперимент кезінде қандай да бір мутаген әсерінен пайда болған мутация:

  1. индуцирленген

  2. шартты-летальды

  3. спонтанды

  4. генді

  5. хромосомды

15.Өздігінен пайда болған мутация:

  1. шартты-летальдық

  2. хромосомдық

  3. индуцирленген

  4. гендік

  5. спонтандық

16. Кірпікшелер мен пилилер … катысады.

  1. коньюгацияға

  2. бөлінуге

  3. мутацияға

  4. трансдукцияға

  5. трансформацияға

17. Вирустардың генетикалық ерекшелігі:

  1. ақпарат ДНҚ да жазылған

  2. ақпарат плазмидаларда жазылған

  3. ақпараты жоқ

  4. ақпарат РНҚ да жазылған

  5. ақпарат РНҚ мен ДНҚ да жазылған

18.Плазмидалардың, транспозондардың, Іs-тізбектілігінің құрылымдық элементтері:

  1. полипептидтер

  2. ДНҚ

  3. РНҚ

  4. ферменттер

  5. белоктар

19. Генетикалык материалдың донордан реципиентке тікелей берілуі:

  1. трансформация

  2. репарация

  3. трансдукция

  4. конъюгация

  5. диссоциация

20. Генетикалық материалдың бір бактериядан басқа бактерияларға фаг арқылы берілуі:

  1. диссоциация

  2. трансформация

  3. конъюгация

  4. репарация

  5. трансдукция

3

1.Тақырыбы: Химиотерапия ілімі негіздері. Антибиотиктер, жіктелуі. Микроорганизмдердің антибиотиктерге тұрақтылығы дамуының механизмдері. Антибиотиктерге сезімталдылығы/тұрақтылығын зерттеу

əдістері. Дезинфекция, асептика, антисептика, стерилизация туралы ілім негіздері. Оларды бағалаудың микробиологиялық əдістері.



2. Мақсаты: Антибиотиктер терапиясының эффективтілігін анықтау әдісін игеру. Бактериялардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау.

Стерилизация және дезинфекция эффективтілігін анықтау әдістерін меңгеру.



3. Оқыту мақсаты: Антибиотиктердің негізгі топтарының әсер ету механизмдері туралы түсінік беру, бактериялардың антибиотиктерге сезімталдылығын сандық және сапалық әдістер арқылы анықтау. Стерилизациялық және дезинфекцияларының әдістерімен таныстыру

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:



  1. Химиотерапевтикалық препараттарға анықтама беріңіз.ХТП-ға жалпы сипаттамалар беріңіз.

  2. ХТП негізгі топтары, атап өтіңіз?

  3. “Антибиотик” терминіне анықтама беріңіз. Антибиотиктердің шығу табиғатына, химиялық құрамына, әсер ету механизмі бойынша жіктелуі.

  4. Антибиотиктердің микроорганизмдерге әсер ету спектрі бойынша жіктелуі.

  5. Бактериялардың дәріге тұрақтылығы, оны жою жолдары.

  6. Вирустардың ХТП-ға тұрақтылығын біріншілік себебі. Вирустық инфекция емдеудегі ХТП-ның аз қолдану себептері.

  7. Инфекциялық ауруларды емдеудегі антибиотикотерапиялық жанама әсері.

  8. Бактериялардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау әдістері.

  9. Микробиологияда және медицинада әртүрлі температура параметрлерін практика жүзінде қолдану.

  10. Медицинада және микробиологияда физикалық фактордың маңызы /РН/ орталардың реакциясы, ылғал не болмаса кептіру иондық радиация, ультрадыбыс және қысым.

  11. Микроорганизмдерге химиялық заттардың әсері, дәрігерлердің медициналық практикада қолдануы.

  12. Стерилизацияның негізгі мақсаты, әдістері және оларды медициналық практикада қолдану.

  13. Дезинфекциялау әдістері.

  14. Антисептика.

  15. Асептика.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері: Сұрау, талқылау, түсіндіру,практикалық жұмыстарды орындау жəне талқылау, хаттамалар толтыру

6. Әдебиет:

Негізгі:

1. «Медициналық микробиология» (оқулың). Микробиология кафедра-

Сының профессорлары Рамазанова Б.А., Құдайбергенұлы Қ. – Алматы,

2011, - 717 б.



Қосымша:

1. Микробиология жəне вирусология (жалпы білімі): Оқу құралы/

Арықпаева Ү.Т., Алмағамбетова К.Х., Бисенова Н.М., Рахметова Н.Б.,

Асемова Г.Д., Койшебаева К.Б., Бисимбаева С.К., Калина Н.В. /1-ші

басылым (Медициналық жəне фармацевтикалық мамандықтар бойынша

жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы) – Астана,

2005. - 208 б.

2. Микробиология жəне вирусология (жалпы білімі): Оқу құралы/

Арықпаева Ү.Т., Алмағамбетова К.Х., Бисенова Н.М., Байдүйсенова

Ə.Ґ., Рахметова Н.Б., Асемова Г.Д. / 1-ші басылым (Медициналық жəне

фармацевтикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарының

студенттеріне арналған оқу құралы). – Астана, 2005. - 109 б.

3. Əлмағамбетов К.Х., Байдүйсенова Ə.Ґ., Мұхаметжанов Қ.М. Микро-

организмдер биотехнологиясы. – Астана, 2008. – 240 б.

4. Əлмағамбетов К.Х., Байдүйсенова Ə.Ґ. Медициналық биотехнология.

– Астана, 2009. – 232 б.

5. Микроорганизмдер морфологиясы (оқу-əдістемелік құрал). Рамаза-

нова Б.А., Котова А.Л., Құдайбергенұлы Қ.Қ., Хандилаева Б.М., Амзеева

Г.Р. – Алматы, 2007. – 128 б.

6. Микроорганизмдер физиологиясы (оқу-əдістемелік құрал). Рамазанова

Б.А., Котова А.Л., Ќұдайбергенұлы Қ.Қ., Хандилаева Б.М., Амзеева Г.Р. –

Алматы, 2007. – 132 б.

7. Инфекция туралы ілім (оқу-əдістемелік құрал). Рамазанова Б.А.,

Котова А.Л., Құдайбергенұлы Қ.Қ., Хандилаева Б.М., Амзеева Г.Р. –

Алматы, 2007 – 112 б.
Ағылшын тіліндегі

қосымша

1. Richard V Georing, Hazel M Docrell, Mark Zukerman, Derek Wakelin,

Ivan M Roit, Cedric Mims, Peter L Chiodini «Medical Microbiology», 4th

Edithion, 2008, UK, p.656.

2. Jacquelyn G Black «Microbiology», 7 th ,WILEY, 2010, p. 846.

3. Patric R Muray, Ken S Rosenthal, Michael F Pfaller «Medical Microbiology

», 5th Edithion, 2008, p. 962.

4. Mark Gladwin, Bill Trattler, «Clinical Microbiology», 4th Edithion,

MedMaster, Miami, 2007, p. 393
Электронды ресурстар:

1. Шоқанов Н. Микробиология [Электронды ресурс]: оқулық. – Электрон. Текстовые дан. (24,9 Мб). – Алматы: Арыс баспасы, 2003. -192 эл. опт. диск (CD-ROM).

2. Медицина 3 курс [Электронды ресурс]: курс лекций. – Электрон. текстовые дан. (24,0 Мб). – М: ИД «Равновесие», 2005. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).

3. Медицинская микробиолигия АТЛАС – руководство по бактерологии, микологии, протозоологии и вирусологии [Электронды ресурс]: для студ. и врачей/под ред. А.С. Быкова. –М., 2001. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).

4. Практикум к лабораторным занятиям по общей микробиологии [Электронды ресурс]: учебно-метод. Пособие / Р.Т. Джанабаев [и др.] –Ш., 2004. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).

6. Бақылау (тесттер, есептер т.б)

Жағдайлық есептер:


  1. Науқастан бөлінген дақылдың антибиотиктерге деген сезімталдығын анықтады. Полипептидті антибиотиктерге-полимиксинге және ристамицинге қоректік агарда диск бойынша қайталап зерттегенде тұрақтылық байқалады. Бірақ сериялы түрде араластырғаннан кейін осы микроорганизмдерде антибиотиктерге сезімталдығын өте төменгі концентрацияның өзінде байқалды. Осы зерттеу әдістерінде сезімталдықтың әртүрлі болу себебін дәлелдеңіз.

  2. М. науқасының сарысуынан бөлінген микроорганизмдер пенициллиннің терапевтикалық дозасына сезімтал стрептомициннің максимальды дозасына ғана сезімтал. К. науқастан бөлінген дақыл гентамициннің максимальды концентрациясына сезімтал емес. Аурулардан бөлінген дақылдардың АБ деген сезімталдылық дәрежесін анықтаңыз.

  3. Аурудан дақылы бөлінді. Осы қоректік ортада диск әдісі бойынша зерттегенде пеницилинге сезімтал болып шықты. Бір тәуліктік инкубациядан кейін аурудан бөлінген дақылдың қасында стандартты штамы өсіп шықты. Неге стафилококтың пеницилинге сезімтал стандартты штамы өсіп шықты?

Тесттер:

1.Әртүрлі микроорганизмдерден бөлініп алынатын химиотерапиялық препататтар:



  1. нитрофурандар

  2. антибиотиктер

  3. хинолондар

  4. сульфаниламидтер

  5. тетрациклиндер

2. Микроорганизмдердің антибиотиктерге резистенттілігінің алғашқы механизмі … негізделген.

  1. гендегі мутацияға

  2. гендердің орын ауысуына

  3. “нысананың” болмауына

  4. R-плазмидтердің орын ауысуына

  5. ”нысананың” өзгеруіне

3. Жасушалық қабырғаның синтезін тежеуші антибиотиктер:

  1. тетрациклиндер

  2. хлорамфеникол

  3. цефалоспорин

  4. макролидтер

  5. аминогликозидтер

4. Полиенді антибиотиктердің ингибирлеуші әсер ету «нысанасы» :

  1. нуклеоид

  2. рибосома

  3. жасушалық қабырға

  4. капсула

  5. цитоплазматикалық мембрана

5. Аминогликозидтердің, тетрациклиндердің және левомицитиннің ингибирлеуші әсер ету «нысанасы»:

  1. рибосома

  2. нуклеоид

  3. жасуша қабырғасы

  4. капсула

  5. цитоплазматикалық мембрана

6. Антиметоболиттерге жататын химиотерапиялық препараттар:

  1. сульфаниламидтер

  2. хинолондар

  3. нитрофурандар

  4. антибиотиктер

  5. тетрациклиндер

7. Көптеген химиотерапиялық препараттардың вирустық инфекцияға әсерсіз болу себебі:

  1. жасушалық құрылымдық болмауында

  2. жасушаішілік паразитизмділігінде

  3. меншікті метоболизмі болмауында

  4. репродукция ерекшелігінде

  5. гендік паразитизмділігінде

8. Норсульфазол, сульфазин, сульфадимезин ... туындылары.

  1. тиосемикарбозон тобының

  2. сульфаниламид тобының

  3. нитрофуран тобының

  4. оксихинолин тобының

  5. нафтидин тобының

9. Диск әдісінде бактерияның қандайда бір антибиотикке сезімтал екендігін айғақтаушы көрініс:

  1. диск айналасында ешқандай өзгерістің болмауы

  2. диск айналасында жасыл жолақтың пайда болуы

  3. диск айналасында преципитация жолағының пайда болуы

  4. диск айналасында гемолиз аймағының пайда болуы

  5. диск айналасында лизис аймағының пайда болуы

10. Антибиотикотерапия асқыныуының екінші тобына жататындар:

  1. препараттардың тікелей токсикалық әсері

  2. дисбактериоз

  3. ллергиялық реакциялар

  4. өршу реакциялары

  5. дәріге тұрақтылықтың дамуы

4

1.Тақырыбы: Микроорганизмдер экологиясының негіздері. Адам денесінің,қоршаған ортаның қалыпты микрофлорасы. Дисбактериоз. Инфекция туралы ілім. Микроорганизмдердің патогенді факторлары,маңыздылығы, анықтау əдістері.

2. Мақсаты: Қоршаған ортаның микрофлорасы ауа, су, топырақтың санитарлы-бактериологиялық зерттеу әдістерін игеру. Адам денесінің қалыпты микрофлорасының санитарлы бактериологиялық әдістерін игеру. Дисбактериоз кезінде препараттардың қолдануымен танысу. Инфекциялық аурулар диагностикасында және ғылыми эксперименттерде кең қолданылатын биологиялық зерттеу әдістерін меңгеру.

3. Оқыту мақсаты: Қоршаған ортаның микрофлорасын санитарлық-эпидемиологиялық бағалау әдістерімен таныстыру. Адам денесінің қалыпты микрофлорасын, оның жастық ерекшелігін дисбактериоздың маңызын санитарлық-эпидемиологиялық бағалау әдістерімен таныстыру. Тәжірибелік жануарларды жарақаттауды, иммунизациялауды, өлген жануарлардың мәйіттерін бактериологиялық зерттеу әдістерін үйрету. Патогенділік пен вируленттілік факторларды және токсиндердің белсенділігін, биологиялық әдістер арқылы зерттеу және анықтау әдістерімен таныстыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Экологиялық микробиология. Биосферада түраралық қарым-қатынастың түрлері.

  2. Топырақ микрофлорасы.

  3. Топырақтың нәжіс арқылы залалданғанын көрсеткіштері. Топырақтың санитарлық бактериологиялық жағдайын бағалау.

  4. Су микрофлорасы, ластану дәрежелері.

  5. Судың санитарлық бактериологиялық жағдайын бағалау.

  6. Ауа микрофлорасы. Оның санитарлық бактериологиялық жағдайын бағалау.

  7. Табиғаттағы зат айналу микроорганизмдердің ролі (азот, көмірсу, күкірт, фосфор, темір және оған қатысатын микробтар).

  8. Адамның қалыпты микрофлорасы, динамикалық, экологиялық жүйе ретінде және ол жердегі өзара қарым-қатынас.

  9. Адам денесінің микрофлорасы, оның сапалық және сандық құрамы, микроорганизмдердің жағдайының көрсеткіші ретінде.

  10. Жоғарғы тыныс жолдарының микрофлорасы, оның негізгі өкілдері.

  11. Адамның зәр шығару және жыныстық трактісінің микрофлорасы, ондағы ерлер мен әйелдердің айырмашылығы.

  12. Асқазан ішек трактісінің микрофлорасы: ауыз қуысының, өңештің, асқазанның, ашы ішектің.

  13. Тоқ ішектің микрофлорасы, олардың сандық және сапалық құрамы.

  14. Тоқ ішектің микрофлорасының маңызы мен микроорганизмге әсері.

  15. Медициналық бұйымдармен қызметкерлерінің қолын санитарлық бактериологиялық зерттеу. Дисбактериоз оның себептері. Дисбактериозға коррекция жүргізуге арналған препараттар (эубиотиктер).

  16. Инфекция, инфекционды процесс, инфекционды ауру, терминдеріне анықтама беріңіз.

  17. Патогенді микрорганизм ретінде полидетерминанттарға сипаттама.

  18. Вируленттілік бұл патогенділіктің өлшем бірлігі.

  19. Бактериялардың патогенділік факторларын атаңыз, сипаттама беріңіз. (адгезия, колонизация, пенетрация, инвазия)

  20. Микроорганизмдердің агрессия факторлары, олардың сипаттамасы.

  21. Экзотоксиндердің химиялық табиғаты, негізгі қасиеті.

  22. Анатоксиндерді бөліп алу әдістері, оларды тәжірибеде қолданылуы.

  23. Эндотоксиндердің химиялық табиғаты, негізгі қасиеті.

  24. Инфекция қоздырғышының формасы, микроорганизмдердің таралуы, олардың сипаттамасы.

  25. Жергілікті және жалпы бактериемия, септицемия, сепсис, септикопиемия инфекция түрлеріне анықтама беріңіз.


5. Білім берудің және оқытудың әдістері: пікірталас

6. Әдебиет:

Негізгі:

1. «Медициналық микробиология» (оқулың). Микробиология кафедра-

Сының профессорлары Рамазанова Б.А., Құдайбергенұлы Қ. – Алматы,

2011, - 717 б.



Қосымша:

1. Микробиология жəне вирусология (жалпы білімі): Оқу құралы/

Арықпаева Ү.Т., Алмағамбетова К.Х., Бисенова Н.М., Рахметова Н.Б.,

Асемова Г.Д., Койшебаева К.Б., Бисимбаева С.К., Калина Н.В. /1-ші

басылым (Медициналық жəне фармацевтикалық мамандықтар бойынша

жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқу құралы) – Астана,

2005. - 208 б.

2. Микробиология жəне вирусология (жалпы білімі): Оқу құралы/

Арықпаева Ү.Т., Алмағамбетова К.Х., Бисенова Н.М., Байдүйсенова

Ə.Ґ., Рахметова Н.Б., Асемова Г.Д. / 1-ші басылым (Медициналық жəне

фармацевтикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарының

студенттеріне арналған оқу құралы). – Астана, 2005. - 109 б.

3. Əлмағамбетов К.Х., Байдүйсенова Ə.Ґ., Мұхаметжанов Қ.М. Микро-

организмдер биотехнологиясы. – Астана, 2008. – 240 б.

4. Əлмағамбетов К.Х., Байдүйсенова Ə.Ґ. Медициналық биотехнология.

– Астана, 2009. – 232 б.

5. Микроорганизмдер морфологиясы (оқу-əдістемелік құрал). Рамаза-

нова Б.А., Котова А.Л., Құдайбергенұлы Қ.Қ., Хандилаева Б.М., Амзеева

Г.Р. – Алматы, 2007. – 128 б.

6. Микроорганизмдер физиологиясы (оқу-əдістемелік құрал). Рамазанова

Б.А., Котова А.Л., Ќұдайбергенұлы Қ.Қ., Хандилаева Б.М., Амзеева Г.Р. –

Алматы, 2007. – 132 б.

7. Инфекция туралы ілім (оқу-əдістемелік құрал). Рамазанова Б.А.,

Котова А.Л., Құдайбергенұлы Қ.Қ., Хандилаева Б.М., Амзеева Г.Р. –

Алматы, 2007 – 112 б.
Ағылшын тіліндегі

қосымша

1. Richard V Georing, Hazel M Docrell, Mark Zukerman, Derek Wakelin,

Ivan M Roit, Cedric Mims, Peter L Chiodini «Medical Microbiology», 4th

Edithion, 2008, UK, p.656.

2. Jacquelyn G Black «Microbiology», 7 th ,WILEY, 2010, p. 846.

3. Patric R Muray, Ken S Rosenthal, Michael F Pfaller «Medical Microbiology

», 5th Edithion, 2008, p. 962.

4. Mark Gladwin, Bill Trattler, «Clinical Microbiology», 4th Edithion,

MedMaster, Miami, 2007, p. 393
Электронды ресурстар:

1. Шоқанов Н. Микробиология [Электронды ресурс]: оқулық. – Электрон. Тексто

вые дан. (24,9 Мб). – Алматы: Арыс баспасы, 2003. -192 эл. опт. диск (CD-ROM).

2. Медицина 3 курс [Электронды ресурс]: курс лекций. – Электрон. текстовые дан. (24,0 Мб). – М: ИД «Равновесие», 2005. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).

3. Медицинская микробиолигия АТЛАС – руководство по бактерологии, микологии, протозоологии и вирусологии [Электронды ресурс]: для студ. и врачей/под ред. А.С. Быкова. –М., 2001. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).

4. Практикум к лабораторным занятиям по общей микробиологии [Электронды ресурс]: учебно-метод. Пособие / Р.Т. Джанабаев [и др.] –Ш., 2004. -1 эл. опт. диск (CD-ROM).



6. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б)

Жағдайлық есептер:

  1. Оқу бөлмесіне қоректік ортасы бар екі Петри табақшасының бетін ашық күйінде 60 мин. қоямыз, 37 градуста термостатта инкубациялаймыз. Келесі күні екі табақшадағы өсіп шыққан колонияның саны 200-ді құрады. Ауаны зерттеудің қайсы әдісі. Алынған нәтиже нені тұжырымдайды.

  2. Ішетін судың бактериологиялық анализге мына анықтамасын беріңіз: жалпы микробтық саны –61мл-120. Коли индекс-4, коли-титр-250 мл. қорытынды жасаңыз: қандай шаралар қолдану керек?

  3. Бактериологиялық зерттеу нәтижесінде әйел жатырындағы секреттен мынау анықталады: қышқыл орта және көптеген Додерлеин таяқшалары.

  4. Ішек таяқшасымен залалданған ақ тышқанның ішін ашқанда: тамырлар “суреті” көрінді, бауыр, жүрек, бүйрек үсті бездері, өкпеде қан таласуы “перитонит”, бауыр абцесі көрінді. Бауыр, қарабауыр, қаннан алынған жұқпада ішек таяқшасы табылған. Экспериментальды жануарлардағы инфекциялар формасын түсіндіріңіз.

  5. Пішін алтынды стафилококпен залалданған ақ тышқанның ішкі органдарын ашып көргенде көптеген стафилококкпен залалданған ішкі органдары айқындалды /абцестер/. ішкі органдардың іріңді процестері стафилококтардың қандай қасиетіне байланысты?

  6. Зерттеуші стафилококк дақылын қанды агарда гемолиз зонасын берген, тұзды сарыуыз агарындағы кемпірқосақтағы зонасы плазманы коагуляция жасалған. Стафилококк дақылының осы қасиетіне байланысты түсіндіріңіз.

Тесттер:

1. Судың ластану көрсеткішін анықтайтын бактерия:



  1. стафилококтар

  2. стрептококтар

  3. ішек таяқшасы

  4. вибриондар

  5. бактеройдтар

2. Топырақ пен, әсіресе, судың санитарлы-гигиеналық жағдайын бағалауда шешуші рольді атқаратын бактерия:

  1. бифидумбактериялар

  2. газды гангрена қоздырғышы

  3. ішек таяқшасы

  4. энтерококтар

  5. стафилакоктар

3. Судың санитарлық көрсеткіші ретінде микроорганизм тудыратын ауру:

  1. дизентерия

  2. холера

  3. лямблиоз

  4. эшерихиоз

  5. сіреспе

4. Әйелдердің қынабында кездесетін қалыпты микрофлора өкілдері:

  1. Дедерлейн таяқшалары

  2. ішек таяқшалары

  3. сапрофитті трепонема

  4. қайсыбір микоплазмалар

  5. смегма микобактериялары

5. Топырақтың нәжіспен жаңадан ластануын анықтайтын санитарлы-гигиеналық көрсеткіші ретіндегі бактериялар:

  1. клостридиум перфрингенс, энтеробактериялар

  2. клостридиум перфрингенс

  3. клостридиум перфрингенс, цитобактериялар, энтерококтар

  4. ішек таякшалары, энтерококтар

  5. цитобактериялар, ішек таяқшалары

6. Асқазан-ішек трактісі микрофлорасына тән емес қызмет:

  1. имунизациялаушы

  2. антогонистік

  3. регенерациялық

  4. витаминтүзушілік

  5. зат алмасуына қатысу

7. Макроорганизмдерде ұзак өмір сүре алмайтын қалыпты микрофлора:

  1. аутохонды

  2. эндогенді

  3. транзиторлы

  4. облигатты

  5. резидентті

8. Ішек микрофлорасының 80-90 % -ын құрайтын микрорганизмдер:

  1. бациллалар мен коринебактериялар

  2. бифидобактериялар мен бактероидтар

  3. стафилококтар мен саңырауқұлақтар

  4. лактобактериялар мен фузобактериялар

  5. ішек таяқшалары мен энтерококтар

9. Пропион бактериялар, кориноформды бактериялар, стафило-стрептококтар, ашытқы және ашытқы тәрізді саңыраукұлактар коллонизацияланатын мүшелер:

  1. қынап

  2. ауыз қуысы

  3. асказан

  4. тері

  5. тоқ ішек

10. Микрофлорасы микроорганизмдердің ауада таралуында үлкен маңызы бар адам организмінің мүшесі:

  1. тері қабаты мен бөлінділері

  2. зәр-жыныс жолдарының кілегейлі қабаты

  3. ауыз қуысының кілегейлі қабаты

  4. асқорыту трактісінің кілегейлі қабаты

  5. жоғары тыныс жолының кілегейлі қабаты

11.Қоздырғышы бүкіл организмде лимфогенді немесе гематогенді жолмен таралыуымен сипатталатын инфекция:

  1. реинфекция

  2. экзогенді инфекция

  3. генерализацияланған инфекция

  4. суперинфекция

  5. аутоинфекция

12.Қоздырғыштары гематогенді жолмен тарайтын бірақ, қанда көбеймейтін инфекцияның формасы:

  1. токсикосептикалық шок

  2. бактериемия

  3. сепсис

  4. септикопиемия

  5. токсинемия

13.Туберкулез негізіндегі аллергиялық жағдайды анықтайтын сынама:

  1. Мицуда

  2. Дик

  3. Шик

  4. Бюрне

  5. Манту

14. Қоздырғыштың бір биотоптан екінші биотопқа өту арқылы өзін-өзі залалдау нәтижесінде пайда болатын инфекция:

  1. аутоинфекция

  2. қосымша инфекция

  3. реинфекция

  4. суперинфекция

  5. экзогенді инфекция

15. Қоздырғыштың организмге келіп түскен орны:

  1. инфекциялық ошақ

  1. инфекциялық процесс

  1. инфекциялық агент

  2. эндогенді инфекция

  3. инфекцияның ену қақпасы

16. Қоздырғыштың организмге келіп түскен орны:

  1. инфекциялық ошақ

  1. инфекциялық процесс

  1. инфекциялық агент

  2. эндогенді инфекция

  3. инфекцияның ену қақпасы

17.Бактерияның адгезияға, колонизацияға, пенетрацияға, инвазияға және агрессияға кабілеттілігі олардың … сипаттайды.

  1. патогенділігін

  2. антигенділігін

  3. иммуногенділігін

  4. шартты патогенділігін

  5. сапрофиттілігін

18. Бактерияның жасуша ішіне енуі:

  1. инвазия

  2. пенетрация

  3. адгезия

  4. агрессия

  5. колонизация

19. Қоздырғыштың ұлпадан өтуі:

  1. инвазия

  2. адгезия

  3. агрессия

  4. колонизация

  5. пенетрация

5



жүктеу 0,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау