Курс на модернизацию! Бағдар жаңарту жағына!



жүктеу 2,06 Mb.
Pdf просмотр
бет22/23
Дата13.11.2018
өлшемі2,06 Mb.
#19107
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

34

 

 Тамыз 2008 



МҰНАЙШЫ

а

шық,  күн  сәулесі  жарқыраған 



таң,  сазды  әуендер,  мереке  мен 

қонақтарды 

күткен 

балалардың 



қуанышты үні. Биік ағаштардан түскен 

көлеңке  1  маусым  Халықаралық  ба-

лаларды  қорғау  күні  Сайрам  балалар 

үйінің  тәрбиеленушілері  жиналған 

алаңды  оңтүстіктің  күйдіре  қызған 

күнінен  жасырып  тұр.  Мұнда  бәрі 

де  түрлі  себептерден  ата-ананың 

қамқорынсыз  қалған  балалар  үшін 

жасалған  және  еліміздің  кішкене  аза-

маттары  ересектердің  көмегі  мен 

қамқорлығын толық сезінеді.

Ал  сыйлықсыз  мереке  бола  ма!  «Бас 

сиқыршы»  «ПетроҚазақстан»  компа-

ниясы 


вице-президенті 

Бақытжан 

Ізтілеуұлы  Исенғалиев  болды.  Ол  Шым-

кентке ұшақпен ұшып келді, ал оның ар-

тынан  ілесе  сыйлықтар  тиелген  тұтас 

бір автобус келіп жетті! 

Облыстық  және  аудандық  әкім-

діктерден  келген  құрметті  қонақтар-

дың, облыстық білім беру департаменті-

нің  өкілдері  мен  журналистердің 

қатысуымен    Сайрам  балалар  үйінің 

директоры  Ханымбибі  Мирахметқызы 

Әбдіқадырова  терең  алғыс  сезімін  біл-

діріп,  «ПетроҚазақстан»  компаниясына 

қамқорлық көмегі үшін бас иіп, ілтипат 

білдірді.  

Ол жиналған адамдарға наурыз айын-

да балаларға арналған мың бояулы, көп 

мақсатты  ойын  алаңын  аша  отырып 

Бақытжан Ізтілеуұлының: «Балалар, сен-

дерде  тағы  қандай  шешілмеген  мәселе 

бар?»  деп  сұрағанын  есіне  алды.  Сон-

да  балалар:  «Бізге  автобус  керек»,  –    де-

ген  болатын.  Сонда  ол:  «Біз  сендердің 

мәселелеріңді шешеміз, біз одан да үлкен 

мәселелерді  шеше  аламыз»,  -  деп  жауап 

берген еді. 

Енді  міне,  алақайлаған  қуанышты 

дауыстар  мен  қол  шапалақтың  үніне 

бөленіп,  балалар  үйінің  аумағына  тас-

палармен  және  шарлармен  безендіріл-

ген,  және  төбесіне  дейін  сыйлықтар 

толтырылған автобус келіп кірді.

«Сіздер 


бізге 

армандаған 

авто-

бусты  тарту  еттіңіздер!  Елдің  бәрін 



қызықтырып! Ал ең бастысы, – деп баса 

айтты Ханымбибі Мирахметқызы, – бұл 

бір дүркін көмек қана емес, бұл тұрақты 

қамқорлық». 

«ПетроҚазақстан»  –  Сайрам  балалар 

үйінің  бас  қамқоршысы,  оған  көптеген 

жылдар  бойы  көмектесіп  келеді,  ал 

«ПҚОП» ЖШС-нің жұртшылықпен байла-

ныс  жөніндегі  бөлімінің  қызметкерлері 

Еркін  Жұмаділ  мен  Гүлайхан  Ембердие-

ваны  балалар  өздерінің  жақын  туыста-

ры сияқты алақайлап қуанышпен қарсы 

алады.  Олар  балалар  үшін  соншалықты 

көп жақсылық жасады. 

Енді  осы  автобуспен  балалар  жазғы 

демалыс  лагеріне,  ал  мектеп  түлектері 

біртұтас  ұлттық  сынақты  тапсыруға  ба-

ратын  болады,  ал  бишілер  қаладағы  ба-

лет  мектебіндегі  сабағына  уақытында 

жетеді. Қалай болғанда да, өз автобусың 

болғанда  толып  жатқан  шаруаны 

тындыруға болады емес пе!

«Бақытты»  автобустың  кілтін  сал-

танатты  түрде  табыстай  отырып, 

Бақытжан  Ізтілеуұлы  былай  деді: 

«ПетроҚазақстан» 

компаниясының 

атынан  сендерге  алдағы  өмірде  осын-

дай  мерекелі  күндер  мен  осындай 

баҚытты автобус



МҰНАЙШЫ

 

Тамыз 2008



 

35

жанға  жайлы  тартулардың,  үлкен-



кішілі  машиналардың    көбірек  болуын, 

еліміздің  лайықты  тамаша  азаматтары 

болып  өсулеріңді,  және  әрқайсың  көп-

көп  бала  туып-өсіріп,  оларға  өздерің 

қамқоршы  болып,  көмектескендеріңді 

тілегім 


келеді. 

Біздің 


компания 

Қызылорда  мен  Оңтүстік  Қазақстан 

облыстарында,  Алматы  мен  Астана-

да  балалар  мен  ересектерге,  балалар 

үйлері мен балабақшаларға, мүгедектер 

мен  ардагерлерге  көмек  көрсетеді.  Ал 

көмектесуге  мүмкіндігіміз  болуы  үшін 

біз  бар  күшімізді  сала  көп  жұмыс  істе-

уге тиіспіз. Мен сендердің жандарыңда 

әрқашан  да  Ханымбибі  Мирахметқызы 

сияқты  адамдар  болғанын  тілей-

мін.  Өсіп-жетілгеннен  кейін  сендер  де 

басқаларға  көмектесуге  тырысатын 

боласыңдар деп ойлаймын, себебі сендер 

жақсылық  жасау  дегеннің  және  көмек 

көрсету дегеннің не екенін басқалардан, 

бәлкім, жақсырақ түсінесіңдер. Бақытты 

болыңдар!»

180  баланың  әрқайсысының  қолына 

тапсырылған  қапшықтарда  кроссов-

ка,  футболка,  және  ұлдар  мен  қыздарға 

соншалықты  керек  киімнің  көптеген 

түрлері  бар  еді.  Мұнда  сондай-ақ 

спорттық мүкаммал, ракеткалар, доптар, 

жас  суретшілерге  арналған  бояу  мен 

қылқалам жинақтары болды. 

Осындай  ыстықта  бірнеше  жәшік 

балмұздақ  та,  әрине,  артық  болған  жоқ. 

Осының  бәріне  қоса,  тәрбиеленуші-

лердің  әрқайсысына  мейрам  кезінде 

жұмсауға 200 теңгеден ақша берілді.

Балалар  да  қарыз  болып  қалған  жоқ, 

өздерінің толып жатқан жетістіктері ту-

ралы есеп беріп, қонақтарды бір қуантып 

тастады. 

Спорттық 

жарыстардағы 

жеңістер. 

Облыстық 

жасөспірімдер 

шығармашылығы  конкурсындағы  бірін-

ші  орын,  соның  нәтижесінде  екі  әнші 

Астанаға,  Республикалық  конкурсқа  ат-

танды. 


Оныншы  сынып  оқушылары  мен 

бітіруші  түлектер  болашақ  кәсібі  тура-

лы  кәдімгідей  ойланып,  ересек  үлкен 

өмірге дайындалып, жоғары оқу орнына 

түсу туралы жоспар құруда. Біреуі кино-

лог,  біреуі  биотехнолог  болғысы  келеді, 

ал  Юля  Бахтиярова  ұстаз  болып,  өзінің 

балалар үйіне бастауыш сынып мұғалімі 

ретінде оралуды қалайды.

Балалар  қонақтарға  ашықхаттар  мен 

гүл  сыйлап,  өз  қолдарымен  жасаған  су-

венирлерін тарту етті. Балет тобы үлкен 

би бағдарламасын орындады. Алғыс бел-

гісі ретінде алтын зермен оқаланған ша-

пан  Бақытжан  Исенғалиевтің  иығына 

жабылды. 

Түрлі-түсті  шарлармен  және  таспа-

лармен  безендірілген  автобус  аулаға 

сыйлыққа  лық  тола  кірді  де,  одан 

кәмпиттен  шашу  шашылып,  бақытты 

балаларға толып шықты. Балалар үйінің 

ең  үздік  шәкірттері  облыстық  драма  те-

атрына, Алматы циркінің мерекелік кон-

цертіне  аттанды,  оны  балаларға  тар-

ту  ретінде  қазақтың  әйгілі  әншісі  Роза 

Бағланова сыйлаған еді.  

1  маусымда  қайырымдылық  іс-ша-

ра ларының 

бас 

демеушісі 



ретін-

де  «ПетроҚазақстаннан»  Сайрам  бала-

лар үйінен басқа тағы бес балалар үйіне 

сыйлықтар  тапсырылды.  Әрқайсысына 

бір-бір  компьютер  берілсе,  Бөбектер 

үйіне кір жуғыш машина тарту етілді. 

Сол  күні  тағы  бір  жауапты  мін-

детті  атқару  керек  еді  –  ПҚОП 

қызметкерлерінің бір тобы, ОҚО әкімінің 

жанындағы  отбасы  істері  және  ген-

дерлік  саясат  жөніндегі  комиссияның 

мүшелерімен бірге «Жұқпалы аурулардың 

алдын алу мен емдеу жөніндегі «Ана мен 

бала»  орталығына»  барып  қайтты.  Бұл 

орталықта  ВИЧ-жұқпасы  бар  балалар 

мен  ересектер  емделеді.  Онда  теледи-

дар,  екі  DVD  ойнатқыш,  велосипедтер 

мен самокаттар, сондай-ақ көптеп түрлі 

ойыншықтар жеткізілді.

Әлі  ештеңені  де  түсінбейтін  кішкен-

тай  бөбектер  сыйлық  алғанына  мәз 

бола  қуанды,  бірақ  олардың  ата-анала-

ры  тағдыр  соққысын  мойымай  көтеруге 

тырысқанымен  де,  олардың  жүзіне  тіке 

қарау соншалықты ауыр еді.

Бас 


дәрігер 

Еркін 


Құлмамбетов 

науқастардың  қазіргі  заманғы  ең  озық 

әрі  қымбат  дәрілермен  қамтамасыз  етіл-

генін,  ал  Шымкентте  болған  қайғылы 

жайттың қайталануы мүлде мүмкін емес 

екенін айтып сендірді.

Көп  жыл  бұрын  Біріккен  Ұлттар 

Ұйымында 

балалардың 

құқығын 


қорғайтын  заң  қабылданған  болатын. 

«ПетроҚазақстан»  компаниясы  бала  ар-

манын  жүзеге  асыруға  бар  күшін  сала 

ұмтыла отырып, сол заңның орындалуы-

на іс жүзінде ықпалдасады! 

 



Анықтама  үшін:  2008  жылы 

«ПетроҚазақстан» компаниясы «ҚР 

тұрмысы нашар азаматтарының 

жұмыспен  қамтылуына  және 

әлеуметтік қорғалуына ықпалдасу» 

қорына  жұмыссыздар  мәселесін 

шешу  үшін  4  млн  теңге  бөлді. 

«Милосердие»  қоғамына,  ардагер 

геологтардың  бірлестігіне,  «Ков-

чег» балалар үйіне, «Кеңес» оңалту 

орталығына  ұдайы  көмектесіп 

тұрады.  Демеуші  ретінде  Алма-

ты  хореографиялық  училищесіне, 

Шымкент  балет  мектебіне  және 

шығармашылық  тұрғыдан  дарын-

ды  көптеген  балаларға  қолдау 

көрсетеді.


жүктеу 2,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау