1. Тақырыбы: №2 жұмыс. Визкозиметрдің көмегімен cұйықтардың тұтқырлық коэффициентiн анықтау.
2. Мақсаты: сұйықтардың тұтқырлық коэффициенттерiн анықтау тәсiлiн оқыту.
3. Оқыту мақсаты:
Визкозиметр құралының көмегімен cұйықтардың тұтқырлық коэффициентiн анықтауды үйрету
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Сұйықтардағы тасымал құбылыстарының физикалық негiзі қандай?
Сұйықтың тұтқырлығы, Ньютон теңдеуi және Пуазейл формуласы қалай өрнектеледі?
Сұйықтың тұтқырлық коэффициент және оны анықтау тәсiлдерi қандай?
Сұйықтың тұтқырлық коэффициенті температураға және қысымға қалай тәуелді болады?
Білім берудің және оқытудың әдістері : жұптасып жұмыс жасау
ВПЖ-3 шыны вискозиметрі
Термометр.
Зерттелетін ерітінді.
Қалыпта ерітінді.
Секундомер.
Капиллярлы вискозиметрдiң құрылысы:
ВПЖ-3 шыны вискозиметрі 1-сурет:
1 насадка, шыны шүмек, насадканы вискозиметрмен қосатын конус, М1 және М2 белгiлерi бар капиллярлы резервуар, капиллярлы түтiк, су немесе зерттерiнетiн сұйық кұйылған шыны ыдыс.
Вискозиметрдiң құрлылысы, тәжiрибенiң физикалық негiзiн жете меңгеру керек.
Т
1-ñóðåò.
азартылған судың температурасын өлшеп алып, сол температурадығы судың 0 тығыздығы мен 0 тұтқырлық коэффициентiн арнайы кестеден анықтау керек. Ал зерттелетiн сұйықтардың тығыздықтары осы сұйықтар құйылған ыдыстардың сыртында көрсетiлген.
Шыны шүмектi (2) ашып, резиналы сорғыштың көмегiмен (немесе басқа бiр жолмен) насадка (1) арқылы оның ортасына жететiндей етiп су тартып, содан кейiн шыны шүмектi жабу керек.
Вискозиметрден насадканы ажыратқан кезде судың төмен қарай ағуы басталады.
Cудың ағысы басталмас бұрын секундомердi дайындау керек.
Судың жоғарғы деңгейi М1 белгiден өте берген кезде секундомердi қосып, су деңгейi М2 белгiсiнен өткен кезде тоқтатып, судың екi белгi аралығын ағып өту уақыты – t0 анықта. Тәжiрибенi 5-7 рет қайтала.
Судың орнына зерттелетiн сұйық (ерiтiндi) алып, және нұсқауларды қайталап шығу керек.
Зерттелiнетiн сұйықтың әрбiреуi үшiн тәжiрибенi 5-7 рет қайтала.
Тәжiрибелердiң нәтижелерiн төмендегi кестеге енгiз.
№
|
Тазартылған су
|
Зерттелiнетiн cұйық
|
0, кг/м3
|
t0,c
|
0, Па×c
|
, кг/м3
|
t, c
|
, Па×с
|
1
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
|
5
|
|
|
|
|
|
|
Орташа
|
|
|
|
|
|
|
10. Зерттелетiн сұйықтың тұтқырлық коэффициентiн мына өрнек арқылы есептеп шығар: ,
мұндағы – зерттелiнетiн cұйықтың (ерiтiндiнiң) тығыздығы, 0– тазартылған судың тығыздығы, t0 – тазартылған судың екi белгi арасын ағып өту уақытының мәнi, t – зерттелiнетiн cұйықтың екi белгi арасын ағып өту уақытының мәнi.
6. Әдебиеттер:
1. Байзак Y.А., Құдабаев Қ.Ж. Медициналык биофизика мен медтехникалар бойынша лабораториялык практикум.-Алматы: Эверо, 2011
2. Көшенов Б. Медициналык биофизикадан зертханалык жумыстар: оку-әдістемелік құрал.-2 бас, өңделіп,толықтырылған.- Алматы: Эверо, 2010
3. Ремизов А.Н. Медицинская и биологическая физика: учеб. для вузов. -7е изд., стереотип.. -М.: Дрофа, 2007.
4. Антонов, В. Ф. Физика и биофизика: учебник. - М.: ГЭОТАР - Медиа, 2010. - 480 с.
5. Антонов В. Ф. Физика и биофизика: курс лекций для студентов мед. вузов: уч. пособие для вузов. -2-е изд., испр. и доп.. -М.: ГЭОТАР-Медиа, 2005. -240 с.
6.Тиманюк В. А. Биофизика : учебник для студентов фармацевтических и мед. вузов. -2-е изд. -К.: ИД "Профессионал", 2004.
7. Бақылау:
Ішкі үйкеліс күші дегеніміз не?
Тұтқыр сұйықтың ағысына арналған Ньютон теңдеуi қалай өрнектеледі?
Сұйықтың тұтқырлығы температураға қалай тәуелдi болады?
Пуазейл формуласы қалай өрнектеледі?
Тұтқырлық коэффициентiн есептеуге қажеттi формуланы қалай қорытып шығарады?
1.Сұйықтың тұтқырлығын өлшейтін құралды ... деп атайды.
вискозиметр
поляриметр
спектрофотометр
рефрактометр
микроскоп
2.Пуазейл заңына сәйкес тамырдағы қан қысымының төмендеуі ... тәуелді болады.
қанның көлемдік жылдамдығына және тамырдың радиусына
қанның сызықтық жылдамдығына және тамырдың радиусына
тамырдың жағдайына
тамырдың ішкі қуыстылығына
тамырдың түріне
3.Тамыр бойымен қан қозғалған сайын қанның орташа қысымы ...
кемиді.
артады.
өзгермейді.
күрт артады.
нөлге тең болады.
4.Қалыпты жағдайда адам қанының тұтқырлығы ... мПа*c тең болады.
4-5
8,6-9,6
1,7-22,9
0,2-0,5
10-15
5.Қанның тұтқырлығы ...
температура артқан сайын кемиді.
қысым кеміген сайын артады.
температура артқан сайын артады.
температураға байланысты болмайды.
қысымға тәуелді болмайды.
6. Қан тамырларының радиусы 2 есе кемiген кезде ағып өтетiн қанның мөлшерi ... есе кемидi.
a) 2
b) 81
c) 16
d) 25
e) 9
7. Сұйықтың қысымы жоғарылаған кезде оның тұтқырлығы ...
a) артады.
b) кемидi.
c) өзгермейдi.
d) 4*105 Па*с тең болады.
е) 1,3*10-6 - 2*10-5 мәндердi қабылдайды.
8. Вискозиметрдiң көмегiмен ...
a) сұйықтың кинематикалық тұтқырлығын өлшейдi.
b) сұйықтың динамикалық тұтқырлығын анықтайды.
c) сұйықтың ағып өту жылдамдығын өлшейдi.
d) сұйықтың ағып өту уақытын анықтайды.
е) концентрациялары әртүрлi ерiтiндiлердiң кинематикалық тұтқырлығын өлшейдi.
9. Науқас адам қанының тұтқырлығы ... мПа*с-ға тең болады.
a) 1,3-12,3
b) 4,2-20,5
c) 10,4-17,8
d) 20,4-30,1
e) 1,7-22,9
10. Капилляр түтiк арқылы ағып өткен сұйықтың көлемi түтiктiң ... болады.
a) ұзындығына тура пропорционал
b) ұзындығына керi пропорционал
c) ұзындығына тәуелсiз
d) ұзындығының квадратына тура пропорционал
e) ұзындығының төртiншi дәрежесiне керi пропорционал
№ 4 Сабақ
Тақырыбы: № 3 жұмыс. Сұйықтардың беттік керілу коэффициентін анықтау.
Мақсаты: Беттік керілу коэффициентінің ерітінді концентрациясына тәуелділітін зерттеуді оқыту.
3. Оқыту мақсаты: Биологиялық сұйықтардың беттік керілу коэффициентін анықтауды уйрену.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Беттік керілу коэффициентін анықтау әдістері қандай?
Беттік керілуді тамшының үзіліп түсу әдісімен анықтаудың физикалық негізі қандай?
Беттік керілу коэффициентінің ерітінді концентрациясына қалай байланысты болады?
Беттік керілу коэффициентін есептейтін формуланы қалай қорытып шығарады?
Білім берудің және оқытудың әдістері: жұптасып жұмыс жасау
Өлшеу жұмыстарына қажеттi құрал-жабдықтар:
1. Тамызғыш.
2. Термометр.
3. Зерттелетін ерітінділер.
4. Қалыпта ерітінді.
Қондырғының сипаттамасы.
Сұйықтың (немесе ерітіндінің) беттік керілу коэффициентін тамшының үзіліп түсу әдісімен анықтау үшін штативке (1) тік жағдайда орнатылған тамшылатқыш қолданылады (1-сурет).
Тамшылатқыш – төменгі үшкір ұшында (2) сұйықтың тамшылауын реттеп отыратын бұрандасы (кран) (3) бар шыны түтік (5). Оның бүйірінде құйылған сұйықтың көлемін анықтауға арналған арнайы бөліктер (шкала) (4) көрсетілген.
1-тапсырма. Тамшының үзіліп түсу әдісімен беттік керілу коэффициентін анықтау.
1. Тамшылатқышты жуып, оны штативке тік жағдайда бекітіп, оған көлемі 2-3 мл тазартылған су құю керек.
2. Тазартылған судың температурасын өлшеп алып, сол температурадағы судың ρ0 тығыздығы мен σ0 беттік керілу коэффициентін арнайы кестеден анықтау керек. Ал зерттелетін сұйықтардың ρ тығыздыктары белгілі (осы сұйықтар құйылған ыдыстардың сыртында көрсетілген).
3. Кранды ашып су тамшысын санау керек. Тәжірибені үш рет қайталап тамшылар санының n0,орт орташа мәнін, әрі оның температурасын өлшеп соған сәйкес тығыздығын анықтау керек.
4. Тамшылатқышқа концентрациясы берілген ерітіндіні құйып, белгілі көлемдегі (2-3 мл) n тамшылардың санын анықтау керек. Тәжірибені үш рет қайталап, nорт орташа мәнін табу керек.
5. Концентрациясы белгілі қалған ерітінділер үшін тәжірибені жоғарыдағыдай ретпен қайталап шығу керек.
6. Әрбір ерітінді үшін беттік керілу коэффициентін , формуланың көмегімен есептеу керек.
Мұндағы ρ0, σ0 – тазартылған судың тығыздығы мен беттік керілу коэффициенті (олардың мәндері арнайы кестеден алынады); ρ – концентрациясын белгілі ерітіндінің тығыздығы (ол ерітінді құйылған ыдыстың сыртында көрсетілген).
7. Өлшеу және есептеу нәтижелерін төмендегі кестеге ендіру керек.
№
|
n0
|
0
|
0
|
C1= %
|
C2= %
|
C3= %
|
Cx= ?
|
n
|
|
|
n
|
|
|
n
|
|
|
N
|
|
|
1
2
3
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ср
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
8. Беттік керілу коэффициентінің ерітінді концентрациясына тәуелділігін көрсететін = f (C) графигін салу керек.
9.Тәжірибе нәтижесіне талдау жасау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |