Курс лекций для студентов мед вузов: учебное пособие для вузов. 2-е изд., испр и доп М.: Гэотар-медиа, 2005. 240 с



жүктеу 5,39 Mb.
бет1/20
Дата21.11.2018
өлшемі5,39 Mb.
#23185
түріКурс лекций
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
Медициналық биофизика, информатика және математика кафедрасы

Пәні: Биофизика
Пән коды: Fis 1113
Мамандығы: 5B110300 «Фармация»
Курсы: 1
Семестр: 1

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ


2014 ж.
Кафедра мәжілісінде (хаттама № ____ «____»________20___ж.) талқыланды.

Кафедра меңгерушісі ____________________

1 Сабақ.


  1. Тақырыбы: Кіріспе сабақ және техникалық қауіпсіздік ережелері.




  1. Мақсаты: Студенттерді техникалық қауіпсіздік ережелерімен, силлабуспен таныстыру.




  1. Оқыту мақсаты: Студенттерді жұптасып жұмыс істеу кестесімен таныстыру және өлшеу құралдарымен, қондырғылармен жұмыс істеуді үйрету.




  1. ­Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру .

  1. Қондырғылардың жұмыс істеу принципімен таныстыру.




  1. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтармен жұмыс




  1. Әдебиеттер:

1. Байзак Y.А., Құдабаев Қ.Ж. Медициналык биофизика мен медтехникалар бойынша лабораториялык практикум.-Алматы: Эверо, 2011

2. Көшенов Б. Медициналык биофизикадан зертханалык жумыстар: оку-әдістемелік құрал.-2 бас, өңделіп,толықтырылған.- Алматы: Эверо, 2010

3. Ремизов А.Н. Медицинская и биологическая физика: учеб. для вузов. -7е изд., стереотип.. -М.: Дрофа, 2007.

4. Антонов, В. Ф. Физика и биофизика : учебник. - М.: ГЭОТАР - Медиа, 2010. - 480 с.

5. Антонов В. Ф. Физика и биофизика : курс лекций для студентов мед. вузов: учебное пособие для вузов. -2-е изд., испр. и доп.. -М.: ГЭОТАР-Медиа, 2005. -240 с.

6.Тиманюк В. А. Биофизика : учебник для студентов фармацевтических и мед. вузов. -2-е изд. -К.: ИД "Профессионал", 2004.


7. Бақылау:


  1. Алғашқы білім деңгейін пәнге сәйкес кеспелер арқылы тексеру.

  2. Қауіпсіздік техникалары туралы алған ұғымдарын тексеру.

  3. Пәнді меңгерудегі бағалау ережелері туралы түсінігін тексеру.

2 Сабақ




  1. 1. Тақырыбы: №1 жұмыс. ЭКГ тіркеудің негізгі тәсілдері.



2. Мақсаты: Электрокардиографтың құрылысын, жұмыс iстеу принципiн оқыту.
3. Оқыту мақсаты: Жүрек жиырылған кезде адам денесiнiң бетiмен таралып отыратын электрлiк потенциалдардың өзгерiсiн электрокардиограмма түрінде жазуды үйрету.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Электрлiк диполь, электр өрiсi дегеніміз не?

  2. Эйнтховен теориясының физикалық негiзi неде?

  3. Электрокардиограф қалай жұмыс iстейді?

  4. Вектор-кардиограмма дегенімiз не ?



5. Білім берудің және оқытудың әдістері: жұптасып жұмыс жасау.

  • Жұмысты орындау ретi:

1. Автоматты режимде жұмыс істеу үшін:

- «>О<» тетігін басып, тыныштандырғышты өшіру керек. Индикатордағы «◄» белгі, «─» белгісіне ауысады;

- «ПУСК/СТОП» тетігін басып, ЭКГ – ны тіркеуді қосу керек. Индикаторда ЧСС көрсеткішінде «ЭКГ» жазуы пайда болады. ЭК – ның жадында синхронды ЭКГ жазылады. ЭКГ –ны жазу соңында индикаторда ЧСС жанады да кезегімен I, II, III, aVR, aVL, aVF, V1 - V6 тармақтарын басып шығарады.

- Мүмкіндік болмаған жағдайда «ПУСК/СТОП» тетігін қайта басу арқылы, басып шығаруды тоқтатуға болады.



2. Үш арна бойынша тіркеуді автоматты режимде жұмыс істеу үшін:

- «>О<» тетігін басып, тыныштандырғышты өшіру керек. Индикатордағы «◄» белгі, «─» белгісіне ауысады;

- «←» тетігін басып, автоматты режимде үш арна бойынша тіркеуді таңдау керек. Индикатордағы «***» белгі, «ЗК» жазуға ауысады;

- «ПУСК/СТОП» тетігін басып, ЭКГ – ны тіркеуді қосу керек. Индикаторда ЧСС көрсеткішінде «ЭКГ» жазуы пайда болады. ЭК – ның жадында синхронды ЭКГ жазылады. ЭКГ –ны жазу соңында индикаторда ЧСС жанады да кезегімен топтап I - III, aVR - aVF, V1 – V3, V4 – V6 тармақтарын басып шығарады.



3. ЭКГ- ны тіркеуді қолмен жұмыс істеу үшін:

  • «>О<» тетігін басып, тыныштандырғышты өшіру керек. Индикатордағы «│◄» белгі, «─» белгісіне ауысады;

  • «→» тетігін басып, І-ші тармақты қосу керек. Индикатордағы «***» белгі «І» белгіге, «А» әрпі «Р» әрпіне ауысады;

  • «ПУСК/СТОП» тетігін басқанда біршама QRS тіс комплекстері тіркелінеді. «ПУСК/СТОП» тетігін қайта басқанда тіркеу тоқтатылады. Тармақтарды тіркеу соңында индикаторда ЧСС жанады және термоқағазға тіркелінеді;

  • жазу сызығының жоғары немесе төмен ауытқуын «▲» немесе «▼» тетіктерін басып тұрып жазу сызығын қалпына келтіруге болады;

  • «→» тетігін басып, кардиографиялық тармақтарды кезегімен I, II, III, aVR, aVL, aVF, V1, V2, V3, V4, V5, V6 қос. «→» тетігін басқанда, тармақтарды тіркеу керісінше қосылады.;

Сапалы ЭКГ жазуын алу үшін, науқас тыныш және еркін, ыңғайлы жағдайда болуы тиіс. ЭКГ жазу кезінде науқас ЭК – ге жанаспау тиіс.

ЭКГ – ны тіркеу кезіндегі сигналға айнымалы токтың әсерінен болатын периодтық синфазалық сигнал қосылады. Болған ауытқулардың түрлерін қалпына келтіру үшін:



    • «ФИЛЬТР» тетігін басып, режекторлы фильтрін қосу керек. Индикатордағы «-» белгінің орнына «С» әрпі пайда болады.

    • науқас электродтары мен кабель сымдарының дұрыстығын тексеру керек.

    • электродтардың науқас терісімен байланысуының сапасын тексеру керек.

    • БПС шнурының вилкасын айнымалы ток көзіне ауыстыру керек.

    • «ФИЛЬТР» тетігін басып, фильтрді қосу керек.

    • науқас орнын басқа жерге ауыстыру керек.

Ауытқуларды болдырмау үшін:

    • науқасты өте ыңғайлы жерге ауыстырып және оған еркін жатуға мүмкіндік жасау керек.

    • «ФИЛЬТР» тетігін басып, индикаторда «Т» әрпі пайда болғанша немесе «ФИЛЬТР» тетігімен бірге басып, индикаторда «F» әрпі пайда болғанша фильтрді қосу керек.

    • науқасқа бірнеше минут дем алуға мүмкіндік жасау керек.

  • Электрокардиографтың дербес компьютермен біріккен жұмысы

Дербес компьютерге компакт дискідегі бағдарламамен қамтамасыз етуді орнату.

  1. Бағдарламаның құрылымы

Дербес компьютердегі ECG бумасын ашып, ECG.exe. файлының көмегімен бағдарламаны қосу керек. Дербес компьютер экранында 4 – суретте көрсетілгендей ECG бағдарламасының терезесі пайда болады. Жоғарғы жағында командалық және жағдай жолы төменде жұмыстық командалар орналасқан. Терезенің негізгі аймағында ЭКГ – ның таңдап алған тармақтарының кескіні орын алады.

Жағдай жолында орнатылған ЭКГ параметрлерінің ақпараты орналасады.



    • сезгіштік «Масштаб»;

    • таңдап алынған тармақ «Кол-во»;

    • жазу жылдамдығы «Скорость»;

    • фильтрлердің қосылуы.

ЭКГ –ның тіркеу параметрлерін мәзір бойынша «▼» тетігін басып терезедегі сәйкес параметрлерін өзгертуге болады.

Командалық жолдың тетіктері: «Пациент», «Настройки», «Помощь». «Пациент» командасы «Найти пациента», «Печать», «Настройка принтера», «Ехіt» команда құраушыларынан тұрады. «Пациент/Найти пациента» командасы бойынша науқас туралы ақпаратты енгізу немесе өзгерту үшін терезе ашылады. «Пациент/Печать» командасы жазылмаған кардиограмма белсенді болмайды. «Пациент/Настройка принтера» командасы бойынша басып шығару стандартты терезесі ашылады. «Настройки/Параметры» командасы бойынша сұхбат терезе ашылады, онда қосымша мәзірлер «Выбор порта», «Автозагрузка», «Печать» және «ОК», «Отмена», «Применить» тетіктері орналасады.



  • Электрокардиографтың дербес компьютерге қосылуы

Электрокардиограф дербес компьютерге СОМ портына RS232 стандартты модем кабелімен компьютерге қосылады. ECG.exe. файл көмегімен дербес компьютермен байланысты бағдарламаны қосқанда «ЭКГ» бағдарламасының терезесі ашылады.

  • Науқас туралы мәліметті енгізу

«
Пациент/Найти пациента» командасы бойынша науқас туралы ақпаратты енгізу немесе өзгерту және кардиограмма жазу үшін сұхбат терезесін ашу керек. «Найти пациента» сұхбат терезесі 5 – суретте көрсетілген.
«Новый» тетігін басқанда науқас туралы ақпаратты енгізетін (6-суретте көрсетілгендей) сұхбат терезесі ашылады.

Терезедегі «Ф.И.О» жазуына курсорды орнатып, науқастың аты – жөнін енгізу керек. Терезедегі «Пол» жазуына курсорды орнатып, («муж» немесе «жен») керекті параметрін таңда. Терезедегі «Дата рождения» жазуына сәйкес ағымдағы күндер кескінделеді. Терезедегі науқастың туылған күніне курсорды орнатып немесе «▼» тетігін басып, күн тізбені ашып науқастың туылған күнін таңда. Терезедегі кезегімен «Место рождения», «Домашний адрес», «Телефон» сәйкес жазуларға курсорды орнатып керекті берілгендерін енгізу керек. «ОК» т
етігін басқанда енгізілген ақпараттар «Найти пациента» терезесінде кескінделеді.


  • Кардиограмманы тіркеу:

Электрокардиографты қосып, ырғақты дыбыс сигналы пайда болғанша күту керек. «▼» тетігін басып электрокардиографты компьютермен байланыстыратын режимге ауыстыру керек. Сонда сұйық кристалды индикаторда шамамен 20 с сақталынатын *СВЯЗЬ С ПЭВМ* жазуы пайда болады. Сол уақытта компьютер экранында «Найти пациента» терезесінде кардиограмма тіркеуді бастау үшін «Запись» тетігін басу керек.Содан соң «Найти пациента» терезесі жабылып, компьютер экранында жазылған кардиограмма кескінделеді. Тіркеуді аяқтау үшін компьютер экранының төменгі жағында орналасқан «Стоп» тетігін басу керек. Ашылған «Сохранить результаты?» терезесінде («Да» немесе «Нет») керекті жауапты таңда. «Да» жауабын таңдағаннан кейін компьютер экранында жазылған кардиограмма кескінделеді, экранның жоғарғы жағында «ЭКГ – науқас фамилиясы – жазылу күні – жазылу уақыты» жазылады. Мысалы: «ЭКГ – Иванова В.А – 18.11.2007 – 14.09».

Ескерту: Егер компьютер экранында «Запись» тетігін баспаған жағдайда компьютермен байланысты орнатқаннан кейін 20 с аралығында ЭК индикаторында «КОНЕЦ СВЯЗИ» жазуы пайда болады.

Байланысты қайталап орнату үшін қайтадан «▲» тетігін басу керек.



Егер жазылған кардиограмманың сапасы қанағаттанарлықсыз болса, онда сол науқастың жазылған кардиограммасын қайталау үшін экранның төменгі жағында орналасқан «Старт» тетігін басу керек.


  • Кардиограмманы көру:

Кардиограмманың компьютер экранында жеке фрагменттерін көруге, оның параметрлерін өзгертуге, терезедегі жол жағдайындағы сәйкес шамаларды орнатуға болады. Ол үшін:

    • сезгіштік «Масштаб» - 5, 10, 25 мм/Мв;

    • тармақтар «Кол-во» - I, II, III, aVR, aVL, aVF, V1, V2, V3, V4, V5, V6;

    • жазу жылдамдығы «Скорость» - 5, 10, 25, 50 мм/с;

    • «50 Гц» фильтрін қосу керек;

    • «30 Гц» фильтрін қосу керек;

    • түзету сызығын «Изол» қосу керек;

ЭКГ кескіні терезесінің жоғарғы жағында секунд бойынша кардиограмманы тіркеу ұзақтығы қойылған. Экранның төменгі жағында орналасқан жұмыстық командалар пиктограммасын басу арқылы ЭКГ кескінін қозғауға болады:

    • «Начало» пиктограммасы ЭКГ- ның басталуына;

    • «◄» пиктограммасы 1 –ден оңға дейін;

    • «►» пиктограммасы 1 – ден солға дейін;

    • «Конец» пиктограммасы ЭКГ – ның соңына;

  • Экранда кескінделген кардиограмманы басып шығару:

Таңдап алған кардиограмманы басып шығару үшін «Пациент/Печать» командасын таңдау керек. Компьютер экранында 7 – суретте көрсетілгендей «Диапазон вывода на печать» терезесі пайда болады.


жүктеу 5,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау