Нұғыманов Х.К. – Мұнай және газ кәсіпшілігінің машиналарымен жабдықтары кафедрасының доценті. Педагогикалық өтілі 18 жыл. Курс “Мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын жөндеу технологиясы” пәні бойынша 050724 мамандығы үшін Көлемі: 3 кредит - Курс аннотациясы:
- Пәннің мазмұны бойынша сенімділік теориясын негіздей отырып, бөлшектердің қирауының түрлері, бұрғылау жабдықтарының күрделі және ағымдағы жөндеулерін ұйымдастыру және жүргізу жөнінде толық мағлұмат береді.
- .
- Курс мақсаты:
- «Мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын жөндеу технологиясы» пәнін оқытудағы мақсат болашақ мамандарды – бакалаврларды келесі сұрақтар – бұрғылау жабдықтарын жөндеу, бөлшектердің зақымдану және тозу түрлерін айқындау, бөлшектерді беріктендіру түрлері, жөндеу процесінің технологиясын жасау, жөндеу жабдықтарын таңдау және кәсіпорынның жөндеу қызметін ұйымдастыру – бойынша теориялық және тәжірибелік дайындау болып табылады .
- Пәнді оқыту міндеттері:
- - Мұнай кәсіпшілігі жабдықтарының пайдалану сенімділігін арттырудағы оларды жөндеудің рөлі мен маңызымен танысу;
- - бөлшектердің зақымдану, тозу түрлерін және оларды қайта қалпына келтіру әдістерін білу;
- - бөлшектерді немесе жабдықтарды жөндеу тәсілін таңдауды және жөндеудің технологиялық процесін жасауды үйрету;
Материалдар таңдау принциптері: - Материалдар таңдау принциптері:
-
- Негізгі материалдар көлемі екі топқа бөлінген:
- 1 – дәріс материалдары;
- 2- практикалық сабақ материалдары;
- Лекциялық сабақтарының структурасы:
- Жоспарлық-ескертулік жөндеу жүйесі.Жөндеу-аралық периодтары мен жөндеу циклдарының ұзақтығы және құрылымы.Жөндеудегі негізгі өндірістік процесті дайындау әдістеріНегізгі жөндеу нормативтеріПоршенді компрессорларды және сораптарды жөндеуФонтанды арматураны жөндеуТербелмелі станокты жөндеуҰңғымалы штангілі сораптарды жөндеу технологиясыҰңғымалы штангілі сораптарды жөндеуге арналған құрылғыларТөлкенің ішкі бетін тазартуға арналған құрылғыСорапты бекітуге арналған қондырғыКлапан жұптарын ысқылауға арналған құрылғыСораптарды престеу үшін арналған құрылғыБатпалы ортадан тепкіш сораптарды жөндеуМұнай өндірудің интенсификациясына арналған жабдықтарды жөндеу;
- Практикалық сабақтарының тақырыптары:
- №1 Тәжірибелік жұмыс. «Жабдықтарды жөндеудің өндірістік процесін ұйым-дастыру әдістері»
- №2 Тәжірибелік жұмыс. «Мұнай кәсіпшілігі жабдықтарының бөлшекте-ріне ультрадыбысты дефек-тоскопия жасау»
- №3 Тәжірибелік жұмыс. «Мұнай кәсіпшілігі жабдықтарының күштік құрылғыларын жөндеу»
- №4 Тәжірибелік жұмыс. «Штангілі батыру сораптарын жөндеу»
- №5 Тәжірибелік жұмыс. «Мұнай кәсіпшілігі жабдықтарының типтік бөлшектері-нің тозуын анықтау»
- №6 Тәжірибелік жұмыс. «Мұнай кәсіпшілігі жабдықтарының бөлшектерін та-зарту әдістері»
- №7 Тәжірибелік жұмыс. «Мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын майлау және майлау материалдары»
Оқу түрі қүндізгі,сабақтар лекциялық және практикалық түрінде беріледі. Практикалық сабақтарда және СОӨЖ кафедраның (№706 НК , №225 ГУК-тағы итерактивті тақталар, компьютерлер, программалар пакеттері) қазіргі кездегі жаңа ақпараттық технологиялары жабдықтары қолданылады. - Оқу түрі қүндізгі,сабақтар лекциялық және практикалық түрінде беріледі. Практикалық сабақтарда және СОӨЖ кафедраның (№706 НК , №225 ГУК-тағы итерактивті тақталар, компьютерлер, программалар пакеттері) қазіргі кездегі жаңа ақпараттық технологиялары жабдықтары қолданылады.
- - жөндеу, диагностикалау жабдықтарын пайдалануды, бөлшектердің зақымдануы мен тозын анықтауды үйрену;
- - бұрғылау жабдықтарын жөндеу жүйесін және негізгі тәртібін, тозу дәрежесін анықтауды, қабылдау тәртібін және жөндеуден кейін жабдықты сынауды үйрену.
Білім бағалау жүйесі: - Рейтингтік бақылау жүйесінің таралыуы
- Емтихан 100%
- Аралық бақылау100%
- Ағымдағы бақылау100 %
Өзім туралы: - Біліктілігім «инженер-механик», техника ғылымдарының кандидаты, доцент. Ғылыми-педагогикалық өтілім 22 жыл, соның ішінде КазҰТУда – 2 жыл, 40 астам ғылыми-әдістемелік еңбектерім , оның ішінде 4 оқу құралы бар.Соңғы 5 жыл көлемінде10-нан астам ғылыми-әдістемелік еңбектер жарыққа шығарылды. Жетекшілігіммен орындалатын дипломдық жобалардың тақырыптары университет сайтында орналасқан.
Мен оқытатын курстардағы студенттердің орташа үлгерімі : 3.0…3.33 немесе 85…89%. - Студенттерге қойылатын талаптар:
- 1. Жұмыстарды көрсетілген уақытта тапсыру.
- 2. Жұмыстарды тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді.
- 3. Оқу материалдарын игеру дәрежесі тестермен тексеріледі.
- 4. Сабаққа кешікпеу.
- 5. Сабақтан қалмау.
- 6. Оқу процесіне белсенді қатысу.
- 7. Үй тапсырмасын өз бетінше орындау
Достарыңызбен бөлісу: |