Тапсырма
1-тапсырма
Теректің «тұрғындары»
Суретке қара. Теректің «тұрғындарын» атап шық.
Бұл ж а н уа р л а рд ы ң әрқайсысы немен қоректенеді? Әр жануардың қорегінің әртүрлі болуының себебі неде деп ойлайсың? Жануарлардың қорегі Жер бетіндегі жануарлардың бәрі бірдей қорекпен қоректенсе, не болатынын елестете аласың ба? Онда барлық жануарға қорек жетер ме еді?
|
Бағалау критерийi
|
Дескриптор
|
Теректі тұрғындары
Жануарлар қорегі
|
«Теректің тұрғындарын» атады-1б
Жануарлар қорегі туралы айтты-1б
|
2. Қалыптастырушы бағалаудың кемінде 4-5 әдістеріне бағалау парақшаларының үлгілерін дайындау және талдау жасау.
Бағалаудың бұл түрінің қалыптастырушы болып аталатындығы - бағаның нақты бір оқушыға, оның білім мазмұнын меңгерудегі кемшіліктерін анықтауға және өзіндік орнын барынша тиімді толықтыруға бағытталғаны.
Мұғалім бұл бағалау әрекеті арқылы пәнді меңгерудің мақсатын нақты анықтай алады. Оқушының өткен тақырыптарды біртұтас, үйлесімді сурет түрінде елестетуіне, нәтижені бақылаудың сәйкес тәсілдерін өзі анықтай білуіне, жоғары деңгейге жетуге ынталануына ықпал ете алады. Қалыптастырушы бағалаудың мақсаты - оқу материалын меңгергендігі жөнінде объективті ақпарат алу, білім алушының кемшіліктерін дер кезінде анықтау, мұғалім - оқушы арасында кері байланысты орнату.
Қалыптастырушы бағалаудың ерекшеліктері - оқушының күнделікті білім сапасы, білім алудағы олқылықтарды күнделікті түзеу, оқушының қиындық тудыратын сұрақтарын анықтау және оны жою, оқушының бағалаудан алған жағымсыз әсерінің азаюы, психологиялық жайлы ортаның болуы, бағалаудың әділдігі, анықтылығы және ашықтығы, өзін-өзі бағалау дағдылары.
2013-2014 оқу жылынан бастап Назарбаев Зияткерлік мектептерінде үш тілді саясатына сәйкес географияны барлық сыныптарда қазақ тілінде оқыту енгізілген болатын. Осыған дейін өзіндік көзқарасы, дүниетанымы, ойы өзге тілде болып келген оқушы үшін қазақ тілінде географиялық білімді қабылдау, оны талдап, жүйелеу үлкен қиындық тудырады. Тек қана тілді игеру барысында қиындықтарға тап болып жататын оқушылар үшін пәнді өзге тілде түсініп кету көп күш-жігерді талап ететіні мәлім. Бұл тек оқушы үшін емес пән мұғалімі үшін де жан-жақты ізденісті, шығармашылықты талап етеді. Сондықтан да қалыптастырушы бағалауда мұғалім жұмысты қадамдап жоспарлап, табысқа жету алгоритмін құра білуі керек. Қадамдап жоспарлау кезінде оқу материалының аралық деңгейін анықтау мақсатында, бағдарламалық материалды қайталауда әрі қорытындылауда төменде берілген қалыптастырушы бағалау техникасын орынды жоспарлап, қолданған жөн.
І. Қорытындылау үшін немесе сұрақтар үшін үлестірмелер тарату
1 бетінде: Өтілген материал (тарау, тақырып) негізгі идеясын атаңыз және қорытындылаңыз.
2 бетінде: Өтілген материалдардан сізге не түсініксіз болғанын анықтаңыз және сұрағыңызды ойластырыңыз.
Мұғалім екі жағында тапсырма жазылған үлестірмелерді жиі пайдалануына болады.
ІІ. Қолмен белгі беру
Түсінемін және түсіндіріп бере аламын (Бас бармағын жоғары көтеру арқылы)
Мен әлі түсіне алмай отырмын (Бас бармағын жанына қарату арқылы)
Мен әлі сенімді емеспін (Қолын бұлғау арқылы)
ІІІ. Тест түрлері
Мини тест (Бір дұрыс жауабы болады)
Элективті тест (Оқушылар А,В,С,Д карточкаларын көтеру арқылы)
Формативті тест (шағын топта отырып талқылау арқылы жауап беру)
Тұжырымдар беру (иә, жоқ деп бір сөзбен жауап беру)
Сонымен қатар тесттерді оқушылардың өздеріне де құрғызуға болады.
ІV. Формативті сұрау және пәндік тіл қалыптастыру
Таныстырылым, бейнефильм, диаграмма, кесте, сурет, рольдік және іскерлік ойын, мәтінді талдау, ақпараттық графика әдісі, т.б. жұмыстардан кейін мұғалім «Неге? Не себепті? Не үшін?» деген сияқты сұрақтар бере отырып, оқушыға көмекші сөз тіркесін ұсынып отыруы тиіс.
Мысалы: Тақырыптың негізгі идеясы (принципі, үрдісі) болып.........табылады. Себебі........... Менің ойымша...................... Зерттеулер нәтижесінде мен........................... қорытындыға келдім.
География пәні ауызша сабақ болғандықтан жұптық, топтық жұмыстар мен белсенді оқыту әдістері табиғат құбылыcтары мен заңдылықтарды cабақ барысында оқушылармен зерделеу, зерттеу жұмыcтарын жүргізуге, әрі қызығушылығын оятып, болашаққа болжам жаcауына, өз пікірін дәлелдеуге, гипотеза ұсынуына, тіпті өзіндік кішігірім жаңалық ашуына т.б. мүмкіндіктер береді.
Тиімділігін танытып отырған қалыптастырушы бағалаудың маңызды компоненттерінің бір түрі - өзін-өзі бағалау және өзара бағалау.
Өзін-өзі бағалау – өз қабілетіне, мүмкіндігіне, мінез-құлқына, ішкі жан-дүниеcіне, басқа адамдардың ортаcында өз орны тағы басқа бойынша өзіне баға беруі болып табылатын адам cанасының құрамдас бөлігі. Өзін-өзі бағалау арқылы адамның мінез-құлқы реттеледі, өзіне cыни көзқараспен қарауға үйренеді. Бағалау арқылы оқушыны cенімділікке, ойлануға, шығармашылыққа тәрбиелеуге баулиды. Мұғалім бағалауынан өзін-өзі бағалауға көшу айтарлықтай қиындық тудыратын қадам және өзінің cыныптастарын бағалауда осы үдерісті жеңілдетуге мүмкіндігі бар. Сыныптастарын бағалау маңызды рөл атқарады, cебебі ол ынталандыру деңгейін көтереді, оқушыларға өз тілінде cөйлеуге мүмкіндік береді, cынды қабылдауға ықпал етеді, өзіне және мұғаліммен пікірталаcқа түсуіне cенімділігін арттырады, сондай-ақ мұғалімдерге үдерістен шектелуіне және жай ғана бақылауына мүмкіндік береді.
Александер өз зерттеулерінде сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында тек қана обьективті немесе жеткілікті дәрежеде обьективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай ақ баланың дамуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады, -деп атап көрсеткен.
Мысалы: «Табиғи қорлар» тақырыбын өткен уақытта сыныпты оқушыларды түрлі-түсті стикерлер арқылы 4 топқа бөлу жұмысы ұйымдастырылды. 3 топқа табиғи қорларды топтастыру, қорын есептеу, қанша жылға жететінін анықтау, ысырапсыз тиімді пайдалану жолдарын табу, болашаққа болжам жасау тапсырмаларын поcтерде топпен орындауға берілсе, 4 топ бағалаушы эксперт тобы болып жасақталды. Мұндай жұмыстар оқушылардың белсенділігін арттырады және сабаққа барлығының дерлік қатысуын қамтамасыз етеді, әрі оқушылар өздері бағалау дискрипторын құрастыруға мүмкіндік алады
Осы жұмыс барысында ұтымды болғаны жаңа терминдер дайын күйінде берілмей, өзара талдау нәтижесінде өз бетімен меңгерілгені. Оқушылар терминдерге өз сөздерімен түсінік берді. Терминдерді өз бетімен игерту орыс тілді сыныптарда пәннің академиялық тілін қалыптастыруға септігін тигізеді. Уақыт аяқталған соң, топтар өз жұмыстарын қорғады. Бағалаушы топ әр топтың жұмысын мұқият тыңдап, ескертпелерін ескертіп, критерийге байланысты толық түсінік беріп, бағалап бергендіктен, еш топта бағаға дау болмады. Сонымен қатар топтарға бағалау жүргізу үлгісі.
Топтағы жеке оқушыны бақылау үлгісі
Т.А.Ж.
|
Әсел
|
Марат
|
Ұлан
|
Назгүл
|
Топта өз міндетін атқаруы
|
|
|
|
|
Идея ұсынуы
|
|
|
|
|
Белсенділігі
|
|
|
|
|
Көмек бере алуы
|
|
|
|
|
Өзгені тыңдай алуы
|
|
|
|
|
Талқылауды дұрыс жүргізе алуы
|
|
|
|
|
Топпен бірлесе жұмыстануы
|
|
|
|
|
Әр тоқсанда жеке оқушыға арналған қалыптастырушы бағалау күнделігін жүргізу мұғалім үшін тиімді болатыны сөзсіз. Бағалау күнделігі оқушының жыл басынан бастап пәнді игеру жетістігі туралы толық мағлұмат береді.
Қалыптастырушы бағалаудың тағы бір маңызды компоненттерінің бірі - кері байланыс әрекеті деуге болады. Кері байланыс әрекеті ауызша және жазбаша түрде жүзеге асырылады. Қателіктер болған жағдайда мұғалімге өзінің жұмысын жақсартуға байланысты нақты ұсыныс бере алады. Кері байланыс - бұл оқушының жеке жетістіктері мен білім алудағы олқылықтарды сезінуіне және өз іс-әрекетіне өзгерістер енгізуге көмектесетін, алға жылжуға бағыттайтын нақты ұсыныстар үшін алынған ақпараттар.
Жазбаша түрдегі кері байланысқа мынандай даяр үлгілер беруге болады:
Мен білдім
Мен таңдандым
Өзіме ашқан жаңалығым
Мынандай қорытындыға келдім
Мен түсіндім
«Өзіме хат» деп аталатын байланыс арқылы оқушы бүгінгі сабақ туралы толық ойын жазады. Сабақ соңында оқылады.
Қорыта келе, Теодор Сайзердің «Баға беру және есепке алу – керемет мақсаттар. Білім алу үдерісіне кедергі тигізбейтін және біздің жан салып жасап жатқан ісімізге пайдалы да әділ баға беретін жүйе...» дегендей, формативті (қалыптастырушы) бағалау дұрыс ұйымдастырылған жағдайда мұғалімге олардың іс-әрекеттеріне байланысты түсінік, ұсыныс бере отырып, жүйелі түрде кері байланысты қамтамасыз етеді. Кері байланыстың әсерінен мұғалімдер өздерінің оқу үдерісін ұйымдастыруға белсенді қатысады. Ол үшін мұғалім оқушылардың оқу нәтижелерінің өзгеруіне байланысты оқыту және оқудың жаңа әдіс-тәсілдерін, техникасын өзгертіп отыруы қажет. Мұндай бағалау жаппай тәжірибеде мұғалімнің қалыптастырушы бағалаудың теориялық негіздерін және оны ұйымдастырудың алгоритмін меңгерген кезде ғана жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |