Культурология 1-20 Мәдениетті ақпараттық-семиотикалық түсіну


Ы. Алтынсарин көрнекті ағартушы және педагог ретінде



жүктеу 122,87 Kb.
бет12/32
Дата06.01.2023
өлшемі122,87 Kb.
#40865
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32
Êóëüòóðîëîãèÿ 1-20 Ì?äåíèåòò³ à?ïàðàòòû?-ñåìèîòèêàëû? ò?ñ³íó

16. Ы. Алтынсарин көрнекті ағартушы және педагог ретінде.
Ыбырай Алтынсарин – аса көрнекті ағартушы, этнограф ғалым, қазақ әдеби және жазба әдеби тілінің негізін қалаушы ақын әрі жазушы, орыс графикасы негізінде қазақ алфавитін жасаушы жаңашыл педагог болған Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазанның жиырмасыншы жұлдызында Орта жүздің қыпшақ руында дүниеге келген. Әкесі 1844 жылы Кенесары шапқыншылығы кезінде қаза табады да, жас Ыбырайды атасы, белгілі би Балғожа Жаңбыршыұлы тәрбиелейді.1850 жылы жиырма екінші тамыз күні Орынбор қаласында ашылған мектепке отыз баланың бірі тоғыз жасар Ыбырай болды.
Ыбырай бұл мектепті жеті жыл оқып, 1857 жылы бітірді. Ыбырай ерекше зерек, дарынды болған.
Ыбырай қазақ арасынан көптеп мектеп ашуды аңсады: «Сірә, қазақ даласынан көптеп мектеп ашатын мезгіл қашан болар екен?» — дейді. Ол
өнер – білімді, мәдениетті дәріптеп, халықты соған шақырып өлең, әңгіме, мақала жазды. Бұл жөнінде, басқаны былай қойғанда, оның «Өнер – білім бар жұрттар» деген өлеңі айқын дәлел.
Ыбырай бір жағынан ақын болса, екінші жағынан халық ағарту майданында қызмет қылған. Ең бірінші рет қазақтың ана тілінде оқу құралын жазған және сол ана тілінде қазақ баласын оқытқан ең алғашқы тұңғыш оқытушысы болған. Қазақ әдебиетін Европа жолына, өнер жолына бұрып бастаған ең тұңғыш жаңашыл, суретші ақын.
Ыбырайдың шығармаларының мәні сол замандағы орыс елінің өнерге, өнеркәсіптеріне аяқ басуы арқасында орыс оқығандарынан шыққан, жаңашылдардың әсерімен және қазақ даласына сауда капиталының, отаршылдықтың мықтап шеңгел салуының әсерімен Ыбырай жастарды оқуға, өнерге шақырды. Енді одан басқа жолдың жоқ екенін біледі. Онан соң Ыбырай қазақ елінің білім майданында тез ілгерілеуіне үлкен бөгет болатын сол заманда – ақ білген, араб әрпіне қарсы болған. Сондықтан қазақтың ана тілінде жазған оқу құралын орыс әрпімен жазған. Бұл ретте Ыбырайды орыс миссионерлері пайдаланбақ болған, Ыбыраймен жақындасқан, Ыбырай олардан қашпай, оларды өзі пайдаланып жүрген, сондықтан қазақ ескішілдері оны «шоқынды» деп шығарған, талай өсектер таратқан.
Осы күнде кейбіреулер Ыбырайдың істерімен таныс болғандықтан, сол бұрынғы ескішілдердің таратқан өсектерінің қалдық – сарынымен Ыбырайдың заманында қазақ көпшілігіне кәдірсіз болған еді, — деген сияқты теріс сөздерге малданатын тәрізді. Расында, оқуға талпына бастаған қазақ жастарына Ыбырай айрықша болған адам. Жас буынға арнап шығарған Ыбырайдың «Кел, балалар, оқылығын» жатқа білмеген оқушы болмаған.
Ыбырайдың өмірі мен ісіне көз жіберіп, оның жұмыс еткен жағдайын еске алсақ, таңқалмасқа болмайды. Ол іске кіріскенде, сонау Торғай,
Ол армандары орындалмады. Оқып білім алып, өз тізгінін өз қолына алған күннен бастап – ақ Ыбырай туыстарынан іргесін бөлек салды. Олардың күткен үміттерін үзіп кетті. Осы айтылғандардың бәрі де Ыбырайдың жолында бүк түсіп жатқан үлкен – үлкен бөгеттер болатын. Өзімен білімі тең келген, көзқарасы бір серігі жоқ, ең қараңғылықтың жуан ортасында жалғыз өзі болса да, Ыбырай бар бөгетке қарсы барып, күрес майданына шықты. Сүйгені де,сүйенері де халық болды. Сол халықтың келешегі үшін басын бәйгеге тігіп, желіні ұзаққа тартып, белсеніп іске кірісті. Кезіндегі жағдаймен санаса отырып, Алтынсарин екі түрлі ірі мәселені алдына мақсат етіп, қойды: біріншісі – мектеп ашу, бала оқыту – жалпы халық ағарту жұмысы да , екіншісі халықтың ой – санасын жаңалыққа қарай бейімдеу жолындағы тәрбиелік істері. 1871 жылы отыз бірінші август күні Н.И.Ильминскийге жазған хатында жастарға дін мектептерінің басын қатырған зияннан басқа ешбір пайда берметінін, халықтың ілгері дамуына бөгет жасайтындықтарын айта келіп:«Қазақтардың білімге қолын жеткізетін ең басты құралы – мектеп. Бірақ даладағы мектептер шашылыңқы, сондықтан әлі пайдалы бола алмай отыр, әйтсе де олардың үміт күтері – мектеп, тек қана мектеп және қазақ халқының болашағы да мектептермен байланысты», — деді.

жүктеу 122,87 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау