Сөйлеуадамның тілдік амалдар арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу процесі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына (пікірді ауызша не жазбаша айту, диалог түрінде айту, көпшілік алдында айту, тындаушының білім дәрежесін, жас мөлшерін ескеру т. б.) сай түрліше құрылады. Сондықтан Сөйлеудің коммуникативтік жағдайға сай стилі қалыптасады. Сөйлеу мен тіл бір емес. Егер тіл қарым-қатынас құралы болып табылса, Сөйлеу сол құралдын нақты қолданыста көрінетін түрі болып табылады. Сөйлеуге тән қасиеттер: дауысталу, тембрлік сипат, артикуляциялық анықтық, темп, акцент. Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін пікір алысу үшін кызмет етеді. Сөйлеу процесі арқылы адам өзінің білімін практикалық тәжірибесін байтауы. Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт. Бұларсыз сөйлеу өзінің қызметін дұрыстап атқара алмайды. Мұның біріншісі – сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі — оның мәнерлігі делінеді. Сөйлейтін сөзде мазмұн болмаса, ол өзіндік сөздік мәнін жояды. Создің мазмұндылығы дегеніміз екішісі біреуге жеткізілетін ойдың айқындығы.Сөздің мәнерлігі дегеніміз – адамның сөйеу кезіндегі эмоциялык қалпын білдіре алуы, ягни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы. Сөйлеу әрекеті тиісті анатомиялық аппараттардың (тіл, ерін, таңдай, ауыз куысының бұлшық еттері т. б.) дұрыс қызмет істеуін қажет етеді. Алдымен сыртқы және ішкі сөйлеу болып үлкен екі топқа жіктеледі.Сыртқы сөйлеу ауызша (бұл тілдің ең көп және кең тараған түрі) және жазбаша сөйлеу болып, ал аузша сөйлеудін өзі диалог және монолог.Ауызша сойлеу — сөйілеудің негізгі түрі болғандықтан оның қалған түрлері де соның төңірегінс кұрылады.Ауызша сөйлеудің негізгі бір түрі – диалогтық сөйлеу. Диалогтық сөйлеу дегеніміз екі немесе бірнеше адамның тілдесуі.Ішкі сөйлеу өте қысқа, икемді болып келеді
25, Қиял: процестің мәні, түрлері, заңдылықтары.
Қиял — сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс болып табылады.Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бұрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға түседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады.Қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл - қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Өйткені ойлау белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді. Ойлау мен қиял бір-бірімен тығыз байланысты.. Қиял — мәселені суреттеу, жанды көрініс арқылы шешсе, ойлау оны тірі суретсіз жалпылай, ұғым, пікір, тұжырым түрінде шешеді;адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады. Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным-түсінігі әртүрлі формада қиюласып, жаңа сапаға ие болады. Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді бола түрып, оны белсенді кызметке итермелейді,творчестволық ісіне күш-жігер қосады. Қиял тек теориялық және практикалық қызметте ғана емес ол адамның бүткіл рухани өмір жүйесінде елеулі орын алады. Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді. Қиялдық бүтіндей пассивтік түрінің шегі – Түс физиологиясы Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты түсіндіріп берген И. П. Павлов болды. Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бөлімдері қозу жағдайында болып жүмыс істей береді. Мидың мүндай бөліктерін «күзетші пункт» деп атайды. Осы «күзетші пункттердең біздің бүрын қабылдаған, көрген, естіген, қолға үстап, дәмін татқан заттарымыздың бейнелері мида қайтадан «тіріледі». Түсте небір ақылға сыйымсыз образдардың жасалатыны белгілі. Өйткені бүл кезде мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыс әлсірейді, мүнда негізінен бірінші сигнал жүйесі ғана қызмет істейді. Актив қиялдың ерекше бір түрі — арман.Арман дегеніміз өз қалауымызша жаңа образдар жасау. Мұның творчестволық қиялдан ерекшелігі мынада: арман өзіміздің тілеген келешекке бағытталған қиял процесі.
Достарыңызбен бөлісу: |