Күтілетін нәтиже



жүктеу 48,01 Kb.
бет1/11
Дата17.01.2022
өлшемі48,01 Kb.
#33087
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Адам бойындағы асыл қасиеттер


Күтілетін нәтиже:

Шындық пен өтірікті ажырата алады, өз-ара адал қарым- қатынас жасау іскерліктері дамиды, оқушы бойында адамгершілік қасиеттер мен құндылықтар қалыптасады.



Адам бойындағы асыл қасиет 
« Жақсы мінез бен ақыл күші 
біріксе – бұлар адамгершілік қасиеттер». 
Ыбырай Алтынсарин. 

Жоспар: 
I.Кіріспе. 
ІІ.Негізгі бөлім 
а) Имандылық дегеніміз не? 
ә) Адамгершілік – асыл қасиет 
III.Қорытынды. 
Қоғамдағы бүгінгі күнгі ең басты мәселе – жас ұрпақты адамгершіліктің ең биік 
шыңы –имандылыққа ,жат діни ағымдардың құрығына түсіп қалуына жол бермеу, оған 
қарсы тұру.Ислам дінінің адам өміріндегі орны мен қазақ халқының дүниетанымындағы, 
тұрмыс – тіршілігіндегі рухани құндылықтарынының көркем мәтіндеріндегі 
ғұламаларымыздың тәрбиелік өсиеттерін түсіндіру. Ислам дінінің негізі болып саналатын 
хадистер мен сүннеттердегі құндылықтарды салт – дәстүр, әдет – ғұрып тәрбиелерімен 
сабақтастырып оқушы бойына сіңіре отырып,тілін,дінін сүйюге ,ата-ананы құрметтеуге , 
сабырлылыққа,төзімділікке,жат әдеттерден сақтануға тәрбиелеу. 
«Қазіргі кезде ел болашағы – жастардың қолында, Қазақстанның келешегін 
көркейтетін білімді ұрпақ» — дейді Елбасы Н.Ә.Назарбаев. Қай халықтың да болмасын, 
мемлекеттік даму стратегиясында жастарға, жас буынға, олардың тәрбиеленіп, ортаға сай 
озық білім игеріп шығуына баса назар аударылады. Бүгінгідей ақпарат пен техникалық 
жаңалықтар кең құлаш жайған заманда, оқуға, ғылымға, тәжірибеге сүйеніп, бұл салалардағы жетістіктерге иек артқан дұрыс. Алайда, жастардың саналы азамат болып 
қалыптасуының кілті тек білімде деп айтсақ жеткіліксіз. «Жастары иманды елдің – 
болашағы зор» -деген Жүсіп Баласағұн. 
Имандылық дегеніз не? 
Адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа 
түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік 
белгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез-құлық жүйесіндегі 
ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, 
тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, 
сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер 
имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған. 
Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру 
салтына айналған. Қоғамда берік қалыптасқан осындай көргенділікпен өмір кешу 
дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік қағидалардың, имандылықтың жазылмаған 
кодекстерінің қалыптасуына негіз болған. Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап 
өскен жасты “көргенді” деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық 
жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды “иманды” деп атаған. 
Мұсылмандық дүниетаным бойынша, имандылық иманнан пайда болады. Ал иман – 
жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни имандылық – Алла тағалаға иман еткен 
адамға бітетін көркем мінез. Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті – иман мен 
имандылыққа уағыздау деп саналған. 
Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет 
және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды 
мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет 
болмаса, ол адам өз - өзін сыйламайды. 
Рухани - адамгершілік тәрбиесі - өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке 
тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен 
келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. 
Оқушыларды рухани - адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі 
қажетті, кезек күттірмес мәселе. Әсірсе, мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке 
тәрбиелеудің мазмұны осы жастағы балалардың ерекшеліктеріне сай келуі тиіс. Негізгі 
міндет – балалардың жақсы әдет, мінез - құлықын қалыптастыру. Баланың сезіміне әсер 
ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани - адамгершілік қасиеттері 
қалыптасады. 
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа - адамгершілік - рухани 
тәрбие беру. «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата - ана үлгісі» - деп, Ы. 
Алтынсарин атамыз айтқандай, құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды 
қалыптастыру баланың туылған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін 
оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» 
деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, 
қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті 
тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани - адамгершілік тәрбие 
- екі жақты процесс 
Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік 
қасиеттерді сіңіру - ата - ана мен ұстаздардың басты міндеті. Көрнекті педагог В. 
Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — 
дейді. Демек, шәкіртке жан - жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің 
асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік 
көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз. 
Рухани - адамгершілік– жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, 
сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы адамның 
қоғамда өз орнын табуына, қабілет - дарынының ашыла түсуіне, ақыл - парасатын 
дамытуына, яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді. 
Бүгінгі жаңа қоғам мүддесіне лайықты, жан - жақты жетілген, бойында ұлттық сана, 
ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иегері боларлық парасатты азамат 
тәрбиелеп өсіру – отбасының балабақшаның, барша халықтың міндеті. 
Адамгершілік тәрбиенің, адам бойында осы жақсы қасиеттердің болуы, жанұяға, өскен 
ортасына байланысты. Бала ісінің дұрыс екенін қоштап, оң бағыт беріп, теріс жерін дереу 
жөндеп, демеп жіберу ата - ана мен тәрбиешіге жүктелер міндет. “Адам бойында жақсы 
қасиеттер көп болса, оған бақ та, бақытта қонады” деген сөзге сүйенсек, жағымсыз қылық 
- қасиеттер болса одан арылту қажет. Көптеген қайырымды істер жасап, жақсы мінез - 
құлықтарды өн бойыңа жинап, ақылдылық танытсаң, міне адамшылдық болғаны. 
Қорыта келгенде, уақыт талабынан туындап, білім беру жүйесінде болып жатқан 
өзгерістер баланы тәрбиелеу осы заман талабына сай үйлесімді деңгейді қайта құруды 
міндеттейді. Тәрбие мен оқу егіз деген сөз бар. «Тәрбие бар жерде ғана сапалы білім 
саналы ұрпақ болады» деген дана халқымыздың мақал сөзіне сүйенемін.


жүктеу 48,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау