2019 жылға қойылған міндеттер:
1. «Арын» шаруа қожалығы негізінде ашылатын «Сүт өнімдерін өңдеу» цехының жұмысын толыққанды іске асыру.
2. «Арын» шаруа қожалығы негізінде 1000 басқа арналған мал бордақылау алаңын іске қосу бойынша жұмыстар жүргізу.
3. Мал басының көбеюіне байланысты мал азығын, жем-шөп қорын жинау мақсатында көпжылдық шөптерді егуді жоспарлау.
4. Көше шамдарын жарықтандыру, санитарлық-тазалық, абаттандыру бойынша жұмыстарды жүргізу.
ҚҰЙҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ БОЙЫНША:
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арналған және 2018 жылдың 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауларын негізге ала отырып, 2018 жылы бір қатар жұмыстар атқарылды. Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер былтырғы деңгеймен салыстырғанда артып, бе-рілген тапсырмалар орындалды.
2018 жылы ауылдық округ бойынша егістік құрылымы 4770 гектарға жоспарланған болса, 4805 гектар жерге жазғы егістік алқабы егіліп, жоспарлы тапсырма 100 пайызға орындалды. Қысқы мал азығы дайындау 120 пайызға орындалды.
2017 жылмен салыстырғанда ірі қара мал басы 2516, 108 пайыз, ұсақ мал басы 6093, 111,8 пайыз, жылқы басы 1005, 106 пайыз, құс 1681, 100 пайыз өсті.
Былтырғы жылмен салыстырғанда сүт 110 пайыз, мал мен құстың өткізілген еті 101 пайыз, жұмыртқа 100 пайыз, жүн 100 пайыз орындалды.
1046 бас ірі қараға, 3269 бас ұсақ малға бірдейлендіру жұмыстары жүргізіліп, сырға салынып, компьютер базасына енгізілді. 333 бас жылқыға таңба салынып, базаға енгізілді.
Округте ветеринарлық-санитарлық жағдайды қамтамасыз ету мақсатында жоспарланған екпе жұмыстары толығымен атқарылып, жыл басынан 3200 бас ірі қара малдан, 8200 бас ұсақ малдан, 1099 бас жылқыдан, 1000 бас құстан, 150 бас иттен қан алынып, зертханалық тексеруден өткізілді. Бос жүрген 37 иттің көзі жойылды.
Жергілікті салық түсімі 5 млн. 30 мың (5 030 000) теңге, барлық жоспар тапсырма 110 пайыз орындалды. Алгоритм бойынша көлік салығынан 1 163 600 теңге, жерді жалға алу бойынша 134 785 теңге салық түсті.
Округ бойынша аз қамтылған отбасыларының саны жыл сайын азайып келеді. 2018 жылы «Атаулы әлеуметтік көмек» 14 отбасыға тағайындалды. Оның ішінде шартты атаулы әлеуметтік көмек алғандар -11, шартсыз атаулы әлеуметтік көмек алғандар -3 отбасы. Жыл көлемінде 36 жаңа жұмыс орны ашылып, 20 адам тұрақты жұмыспен, 16 адам маусымдық жұмыстарға орналасты.
Округте дене шынықтыру және спортпен айналысатындар саны – 628 адам. Оның ішінде 285 адам, 145 бала спорт түрлерінен секциялар мен үйірмелерге қатысады. Дене шынықтыру және спортпен айналысатын кәсіпорындар және мекемелер саны 10 бірлік, оның ішінде спортпен шұғылданатын әйелдер - 80.
Әр айтулы мерекеге орай округ орталығында дәстүрлі бұқаралық 15 спорттық іс-шара өткізілді.
Барлық мерекелер өз деңгейінде өткізіліп, ауыл тұрғындарының қатысуымен көркем өнерпаздар концерті қойылды. Ауылдық кітапханада мерекеге байланысты тақырыптық шығармашылық кештер өткізіледі.
Білім. Округке қарасты екі орта мектептің білім сапасы жылдан-жылға жақсаруда. Атап айтқанда, 2018 жылы Құйған орта мектібін 5 оқушы бітіріп, 5 оқушы грант иегері атанды. ҰБТ-ден орта балы 92,3 пайызға көтерілді. Қайыңды орта мектебін 3 оқушы бітіріп, 1 оқушы грант иегері атанды.
Округ бойынша 8 қылмыс тіркелді. Қылмыстың басым бөлігі -бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі. Қылмыстың ашылу пайызы- 87,5. Әкімшілік құқық бұзған 50 адамға хаттама толтырылды. Қоғамдық орында мас күйінде жүрген 15 адам, санитарлық-тазалық бойынша 7 адам, төл құжат ережесін 5 адам, автокөлікпен жол жүру ережесін бұзған 15 адам.
Денсаулық сақтау саласында азаматтарды уақтылы тексеру жүргізіледі. 173 тұрғын скринингтен, 135 оқушы жоспарлы тексеруден өтіп, медицина қызметкерлері жас нәрестелерге екпе жұмыстарын жүргізіп, тұрғындар тексеруден өткізіліп тұрады
2019 жылдың бірінші жартыжылдығына басылымдарға жазылумен ауыл тұрғындары қамтылды.
1 қазан – қарттар айлығында әлеуметтік-материалдық көмекке мұқтаж жалғызілікті қариялар мен мүгедектердің, тыл еңбеккерлері мен аз қамтылған отбасыларының тұрмыстық жағдайлары анықталып, оларға демеушілік жасау үшін мекемелер мен жеке кәсіпкелерге, шаруа қожалықтарына бекітілген 70 адамға 270 мың теңгенің материалдық көмегі көрсетілді.
Қаржының игерілуі 99,9 пайыз, инвестицияның тартылуы 104,9 пайыз орындалды.
2018 жылға қойылған жоспар, міндеттер орындалды.
Атап айтқанда: «Қайыңды Ш» кооперативі 90 бас ірі қара малын тіркеп, 3 бас асыл тұқымды бұқа алды. «Сыбаға» бағдарламасы арқылы «Нурали» шаруа қожалығы 34 млн. несие алып Ресей мемлекетінен 50 бас асыл тұқымды мал әкелді. Жастар саябағына жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2018 жылы өткен халықпен есепті кездесуінде 3 сұрақ бақылауға қойылған.
Мәселені шешу бойынша жоспар құрылып, жыл көлемінде бақылауда болды. Жыл басынан бері жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініш толығымен қаралды, 56 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Тұрғындарға мемлекеттік қызмет уақтылы көрсетіліп тұрады. Тұрғындарға арналған арыз-шағым жәшігі және сенім телефоны қызмет етеді.
2019 жылға қойылған міндеттер:
1)көше жарықтарын жөндеу;
2) абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын жүргізу;
3) егістік жер көлемін пайдалануды арттыру, атап айтқанда көпжылдық шөп, арпа, бидай, сұлы тағы да басқа дәнді дақылдардың көлемін көбейту, түскен өнімге барынша көңіл бөлу;
4) құрылған кооперативтердің мал бастарын бірдейлендіріп, асылдандыру мақсатында асыл тұқымды бұқалар алып, мемлекеттен берілетін көмек (субсидия) және жер көлемін ұлғайтуға, соның ішінде жайылымды жерлерді нақтылап алуға ықпал жасау;
5) Қайыңды өзенінің көпірін күрделі жөндеуден өткізу;
6) Ертіс өзенінің жағалауында демалыс орындарын ашуға ықпал жасауға;
7) Құйған ауылында орналасқан шағын жастар саябағын жөндеу жұмыстарын жалғастыру, орналасқан жерді заңдастыру;
8) сүт жинау пунктін ашу бойынша жұмыстар атқару.
МАРАЛДЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ БОЙЫНША:
Маралды ауылдық округіндегі 3 елді мекенде 1185 адам тұрады. Округ орталығы Маралды аулында -180 аула, халық саны - 642 адам, Үшбұлақта -107 аула, 383 адам, Қыстау-Күршімде -53 аула, халқының саны -160 адам тұрады. 2018 жылы округ бойынша 16 бала дүниеге келді.
Жалпы зейнеткерлер саны 102, соның ішінде Маралдыда 63, Үшбұлақта 27, Қыстау-Күршімде-12.
Экономикалық белсенді топ, яғни 18-60 жастағылар 635 адам. Округтегі тіркелген жұмыссыздар саны 4 адам, яғни экономикалық белсенді топпен салыстырғанда 0,5 % құрайды.
2018 жылдың қорытындысы бойынша ауылдық округте: ірі қара 3 705 бас, ұсақ мал 5 263 бас, жылқы 1 870 бас, марал - 144 бас, және 2700 құс тіркелген. Жылқы 100 %, мүйізді ірі қара мал 2017 жылмен салыстырғанда 100% құрады. Ауыл шаруашылығы өнімдері 15 231,9 ц ет – 106 % , 5702,16 ц сүт-101% , 412,1 мың дана жұмыртқа-100% өндірілді.
Ара шаруашылығы бойынша 55 омарта тіркелген. Омарталарда 2 990 ара ұясы бар. Биылғы жылы 50 тонна көлемінде бал өндірілді. Бал өнімдері аудандық, облыстық, Астана қаласы жәрмеңкелеріне шығарылып саудаланды. Биылғы Өскемен қаласында өткен «Бал фестиваліне» «АБС-Сартау» ЖШС, Б.Нұғманов, Н.Байтұрсынов, Ү.Исин қатысты. Саудаланған өнімдер аудан, қала тұрғындары тарапынан үлкен сұранысқа ие.
2018 жылы Маралды ауылдық округінің шаруашылықтары және елді мекен тұрғындары 638 га дәнді дақылдар, картоп-150 га, 42 га көкөніс екті. Дәнді дақылдарды «Азельбаева С», «Асхат» ШҚ Мұсапыров Қ., «Қарлығаш» ШҚ Анапиев Б., Амренов А. екті. Алынған өнім әр гектардан 19,9 ц. құрады.
Қолдағы бар мал басы толығымен шөппен қамтылған. 2018 жылы жоспар тапсырма 100 пайыз орындалды.
Ауылшаруашылық малдарының жұқпалы ауруларының алдын алу шаралары 2018 жылғы жоспарға сәйкес Маралды ветпункты мамандарымен толығымен атқарылды. 5 мал дәрігерлік маман, 1 бағдарламашы қызмет көрсетеді. Маралды ауылында-1, Үшбұлақ ауылында-1 қоршау, Қыстау –Күршім ауылында Абдрахманов Р., қыстағында -1 қоршау бар.
2018 жылы ауыл шаруашылық құрылымдарына Үкімет тарапынан 11 млн. 206 мың 100 теңге көлемінде субсидия төленді.
Округте «Қыстау-2017», «Отанбек» ауыл шаруашылығы кооперативтері жұмыстарын атқаруда. Жаңадан бір мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалығы құрылды. Басшысы - Самылтыров Сұңғат. Шабындық, жа-йылымдық жері 504,5 га құрайды.
Кәсіпкерлік қызмет:
Округімізде 5-ЖШС, 72 - шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер, 12 дүкен бар, олардың 7-і Маралды ауылында, 4-уі Үшбұлақ, 1-уі Қыстау-Күршім ауылдарында орналасқан. Олар өнеркәсіп және азық-түлік тауарларын саудалайды. 19 азық-түлік тағамдарына бағалар мониторингі әрдайым жүргізіліп отырады.
Округте 2 наубайхана: бір наубайхана Маралды ауылында орналасқан, иесі Анапиева Гүлнар, екіншісі Үшбұлақта. Иесі Әзілбаев Ерлан. Наубайханалар күніне 220 бөлке нан пісіріп, екі ауылды нанмен қамтамасыз етіп отыр.
Инвестиция
2018 жылы ауылдық округке 14 млн. теңге көлемінде инвестиция тартылды.
Білім. Округ бойынша 3 білім ошағы бар. Маралды орта мектебінде 99 оқушы оқиды, 21 мұғалім сабақ береді. Шағын орталық жұмыс істейді, онда 7 бала тәрбиеленуде. Үшбұлақ орта мектебінде 44 оқушы оқиды, шағын орталықта 6 бүлдіршін тәрбиеленуде. Оқушыларға 19 ұстаз сабақ береді. Қыстау-Күршім негізгі мектебіне биылғы оқу жылында 32 оқушы білім алып, даярлық тобында 7 бала тәрбиеленуде. 9 ұстаз еңбек етеді.
Денсаулық сақтау саласы:Маралды ауылдық округінің аумағында 3 медициналық мекеме жұмыс істейді. Тұрғындарды дәрі-дәрмекпен тұрақты қамтамасыз ету үшін әр ауылдық фельдшерлік пунктерінде дәріхана бұрыштары жұмыс істеп тұр.
Спорт бойынша: Спорт саласына да аса көп мән беріледі. Спорттық шаралар белгіленген жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Спорттық ойындар оқушылар, ардагерлер, әкімшілік қызметкерлері арасында ұйымдастырылады. Басқа округтердегі өткізілетін жарыстарға да қатысамыз. 1-мамырда Маралдыда «Ауыл күні», 8-мамырда Үшбұлақ «Ауыл күні» меркелері мерекеленді. Осы күндері қазақтың ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында мерекелерде ат спорт түрлері:аламан бәйге, жорға, тай жарыстары және аударыспақ жыл сайын өткізілуде. Басқа да қол күресі, гір көтеру, волейбол, футбол, «городки», арқан тартысы өттіп тұрады. Округ бойынша арнайы спорт маманы бекітілген.
Мәдениет бойынша:Ауылдық округте үш ауылдық клуб және бір кітапхана бар. Кітапханадағы кітап қоры - 4700 дана. Клубтарда мәдени шаралар, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып тұрады. Оқушыларға және әкімшілік қызметкерлерге, ауыл тұрғындарына домбыра, ән, би үйірмелері жұмыс істейді. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні», Тәуелсіздік күніне орай ауыл көркемөнерпаздары концерттік бағдарламаларын ұсынды.
Пошта торабы хат-хабарларды жіберумен, аударумен, баспасөзді таратумен, зейнетақы, жәрдемақы, жалақы берумен айналысады. Телефон байланысы және электр жарығы үшін төлемақы жинайды. Пошта қызметкері Үшбұлақ ауылына ақшаны өзі апарып таратады. 2019 жылдың бірінші жартыжылдығына баспа-сөзге жазылу 100 % орындалды.
Инфрақұрлым бойынша: Бексолтанов Қуаныш Маралды ауылында көше жолдарын және Үшбұлақ бағытындағы жолды қардан тазартады.
Округке түскен жергілікті қаражаттан Қыстау-Күршімге -8, Үшбұлаққа -10 көше шамдары орнатылды. Құжаттары рәсімделуде.
Салық бойынша: 101202: жеке кәсіпкерлерден түсетін салық – 302000 (305000; 100%); 104102: жеке тұлғалардан түсетін мүлік салығы – 15000 (16000; 106,6 %); 104302: жеке тұлғалардан түсетін жер салығы – 174000 (182000; 104,5%); 104309: елді мекендегі жерден жеке тұлғалардан бөлек алынатын жер салығы 3000 (3000; 100%); 104401: заңды тұлғалардың көлік салығы 69000 (69000; 100%); 104402: жеке тұлғалардың көлік салығы – 1757000 (1873000; 106,6%);
Барлығы – 2 320 000; (2448000; 105,5%);
Әлеуметтік саласы бойынша: Маралды ауылдық округінде ардагерлер кеңесі, жастар орталығы, діни бірлестік қоғамдық ұйымдары жұмыстарын атқарып отыр.
Ауылдық округте зейнетақы мен жәрдемақы, бюджеттік саладағы қызметкерлердің жалақысы уақытымен және толық көлемде беріледі.
Халықты әлеуметтік қорғауға қатысты мәселеге келсек, ауылдық округ әкімдігі оны қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қолдануда. Округтен сауықтыру орталығына мүмкіндігі шектеулі азаматтар жіберіледі. Мүгедектер, ҰОС қатысушылардың жесірлері, тыл ардагерлері, көп балалы және толық емес отбасылар, жалғыз басты зейнеткерлер, отбасында табыс көзі жоқ отбасылар үнемі бақылауда. Жалғызбасты, мұқтаж ауыл тұрғындарына әкімшіліктің ұйымдастыруымен отын-көмір жеткізіледі. Мектеп оқушылары тарапынан көмектер көрсетіледі. 2 әлеуметтік қызметкер Маралдыда 5 қарт адамға, 1 мүгедек адамға және 2 мүгедек балаларға, әлеуметтік қызметші Үшбұлақта 1 мүгедек балаға және 2 мүгедек адамға қызмет көрсетеді. Күршім ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламал және азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімі арқылы округтен «Өрлеу» бағдарламасына 9 отбасы тартылып, 1 835 046 тенгенің қаражаты бөлінді. 12 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Туризм бойынша: Маралды ауылынан 4,7 км қашықтықта орналасқан «Кеңсу» туристік қонақ үйі жыл сайын жазғы демалыс кезінде аудан мектептерінен 150-ден астам балаларды және «АБС-Сартау» ЖШС өзінде де осындай демалыс түрлері ұйымдастырылған.
2019 жылға қойылған міндеттер:
1) Маралды ауылындағы көше жарықтарын жөндеп, құжаттарын рәсімдеу;
2) абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын жүргізу;
«Ақбұлақ» бағдарламасы аясында Маралды елді мекенінде орталықтандырылған су құбыры жұмыстары;
3) Маралды - Үшбұлақ бағытындағы жолды жөндеу жұмыстары;
4) егістік жер көлемін пайдалануды арттыру, атап айтқанда, көпжылдық шөп, арпа, бидай, сұлы тағы да басқа дәнді дақылдардың көлемін көбейту;
5) құрылған кооперативтердің мал бастарын бірдейлендіріп, асылдандыру мақсатында асыл тұқымды бұқалар алып, мемлекеттен берілетін көмек (субсидия) және жер көлемін ұлғайтуға, соның ішінде: жайылымды жерлерді нақтылап алуға ықпал жасау;
6) омарта шаруашылығын дамыту мақсатында кооператив құру жұмыстарын жандандыру.
Марқакөл АУЫЛДЫҚ
ОКРУГІ БОЙЫНША:
2018 жылы ауылдық округ бойынша берілген егістік 3250 гектарға жоспарланған болса, тапсырма 100 пайыз, қысқы мал азығын дайындау 100 па-йыз орындалды.
2017 жылмен салыстырғанда ірі қара мал – 8736 бас, 9,6 пайыз, ұсақ мал 11051 бас, 23,8 пайыз азайды. Жылқы – 4707 бас, 17,9 пайыз өсті.
2621 бас ірі қара мал, 8528 бас ұсақ малға бірдейлендіру жұмыстары жүргізіліп, сырға салынып, компьютер базасына енгізілді. 1214 бас жылқы таңбаланып, базаға енгізілді.
Округте ветеринарлық-санитарлық жағдайды қамтамасыз ету мақсатында жоспарланған екпе жұмыстары толығымен орындалып, жыл басынан 13763 бас ірі қарадан, 29190 бас ұсақ мал, 20 бас жылқыдан, 35 иттен қан алынып, зертханалық тексеруден өткізілді. Оның ішінде, сарып ауруына «оң» нәтиже көрсеткен 41 бас ұсақ мал, 14 бас ірі қара жойылды. Бос жүрген 139 иттің көзі жойылды.
Жергілікті салық түсімі 1305000 теңгені құрап, жоспар 105 пайыз орындалды.
2018 жылы аумақтық даму бағдарламасы бойынша елді мекендердің аббаттандырылуы, оның инфрақұрылымын дамыту бойынша:
– Марқакөл ауылындағы Абай көшесіне 380 метр су құбыры желісін кеңейту жұмысы жүргізіліп, 2 колонка орнатылады.
– Ауыл тұрғындарының аудан әкімімен кездесуінде айтылған мәселесі бойынша Марқакөл ауылының Кукин көшесіне 14 көше шамы орнатылып, іске қосылды.
– Көктем айындағы су тасқыны кезінде шайып кеткен «Орта-Теректі» өзені бойындағы 2 жүргінші көпірі аудан әкімінің тікелей қаражат бөліп, берілген тапсырмасы бойынша жаңадан салынды.
– Марқакөл ауылы Абылайхан көшесінің кіре берісіне 13 көше шамы орнатылды.
– «Еркем-Ай» балалар ойын алаңы абаттандырылып, тротуар салынды.
– Марқакөл ауылы Жақсылық көшесіне 140 метр су құбыры желісін кеңейту жұмысы жүргізіліп, 1 колонка орнатылды.
– Сатпаев көшесіне су құбыры желісін кеңейту жұмысы жүргізіліп, 1 колонка орнатылды.
– Қарашілік ауылының 150 метр жеріне су құбыры желісі тартылып 1 колонка орнатылды.
Ауылымыздан түлеп ұшқан кешегі түлектер бүгінгі күні мектепке тірек болуда. «Рухани жаңғыру»ағдарламасы атқарылып жатқан игі істердің бастамашысы болып, туған жерге деген сүйіспеншілік, туған елге, Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласуда.
ҚР Мәдениет қайраткері, ұлттық саз аспаптарын жасау шебері Жолаушы Тұрдығұлов №1 Марқакөл орта мектебіне астау, қобыз, домбыра-қол өнер бұйымдарын тарту етті.
1968 жылы мектеп бітірген түлектер 50 жылдық кездесуде білім алған білім ордасына теннис үстелін, кітаптарын табыс етті.
Назарбаев зияткерлік мектебі-3D-принтерінен 3 дана, 100 дана әр түрлі кітаптар, 100 түрлі гүл, рухани жаңғыру тақырыбында фетрден жасалған стенд сыйлады.
Мектеп түлектері де ұлттық бірың-ғай тестілеу нәтижесін жақсартып, №1 Марқакөл орта мектебін 20 оқушы бітіріп, 2 оқушы «Алтын белгі», 1 оқушы ерекше аттестат иегері атанды, №1 Марқакөл орта мектебінің орташа көрсеткіші 96,0 балл. Осы түлектердің 14-і ЖОО студенті, 5-і колледж студенттері атанды. №2 Марқакөл орта мектебін 18 оқушы бітіріп, 3 оқушысы Алтын белгіні дәлелдеп, мектептің орташа көрсеткіші 86 балды құрады. Бітірген түлектердің 16-сы жоғары, 2-уі колледж оқу орындарының грантын иеленді.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша «Атаулы әлеуметтік көмек» жобасы бойынша аз қамтыл-ған 10 отбасынан 55 адамы шартсыз атаулы әлеуметтік көмек -2 041 400 теңге, шартты бойынша 33 отбасының 206 адамы 5 691400 теңге акшалай қаражат алды. 92 отбасының 249 адамына тұрғын үй көмегі 3 405 200 теңге тағайындалды.
Жаңадан 135 жұмыс орны ашылып 40 адам тұрақты, 95 адам маусымдық жұмыспен қамтылды.
Округ аумағында мәдени-рухани өмірінде көптеген ауқымды 319 шаралар, түрлі деңгейдегі байқаулар мен мәдени-спорттық іс-шаралар өткізіліп, 129 мың 840 адам қамтылса, бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау іс-шаралары жалғасын табуда.
2018 жылы округ тұрғындарының 52 пайызы, яғни, 2577 адам спортпен шұғылданып, 48 спортттық іс шара өткізіліп, 1810 адам қатысты.
Денсаулық сақтау саласында азаматтарды уақтылы тексеру, нәрестелерді, әйелдерді тексеру, скринингтер, оқушыларды тексеруден өткізу жоспарлы түрде жүргізілуде. Жыл көлемінде 2380 тұрғын скринигтен, 1062 бала жоспарлы тексеруден өтті.
Қаржының игерілуі 99,5 пайыз, инвестияцияның тартылуы 100 пайыз орындалды.
2019 жылдың бірінші жартыжылдығына басылымдарға жазылу жұмысы өз деңгейінде жүргізілді.
Қайырымдылық айлығында әлеуметтік-материалдық көмекке мұқтаж жалғызілікті қариялар мен мүгедектердің, тыл еңбеккерлері мен аз қамтылған отбасыларының тұрмыстық жағдайлары анықталып, оларға демеушілік жасау үшін мекемелер мен жеке кәсіпкерлерге, шаруа қожалықтарына бекітілген 278 адамға 932 500 теңгенің материалдық көмегі берілді.
2018 жылы округ әкімінің аппаратына 46 өтініш түскен. Барлық өтініштер уақтылы қаралып, 40 өтініш орындалып, 6 өтінішке жазбаша түсіндірме хат берілді.
Ауыл тұрғындарына жеке иелігіндегігі малы барын растап, 128 анықтама берілді.
2019 жылға қойылған міндеттер:
1-Марқакөл ауылындағы паркті аббаттандыру, көгалдандыру жұмысын жандандыру;
2-Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру, соның ішінде Марқакөл ауылының Тоқтаров, көшесіне су құбыры желісін кеңейту жұмысын жүргізіп, 1 колонка, Байзақов көшесіне су құбыры желісін кеңейту жұмысын жүргізіп, 1 колонка, Почтовый көшесіне су құбыры желісін кеңейту жұмысын жүргізіп, 1 колонка, Былғары–Табыты ауылына су құбыры тартылып, 1 колонка орнату.
ҚАЛЖЫР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ БОЙЫНША:
Елбасы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын негізге ала отырып, 2018жылы бірқатар жұмыстар атқарылды. Негізгі әлеуметтік-ономикалық көрсеткіштер былтырғы деңгеймен салыстырғанда артып, берілген тапсырмалар орындалды.
2018 жылы ауылдық округ бойынша берілген егістік құрылымы 1541 гектарға жоспарланған болса, 1541 гектар жерге жазғы егістік алқабы егіліп, жоспар-тапсырма 100 пайыз орындалды. Қысқы мал азығы 100 пайыз орындалды.
2017 жылмен салыстырғанда ірі қара мал 6513, 99 пайыз, ұсақ мал 15029, 84 пайыз, жылқы 2045, 102 пайыз, құс 1942, 100 пайыз.
3360 ірі қара малы, 8309 ұсақ малға бірдейлендіру жұмыстары жүргізіліп, сырға салынып, компьютер базасына енгізілді. 853 жылқы малына таңба салынып, базаға енгізілді. Округте ветеринарлық-санитарлық жағдайды қамтамасыз ету мақсатында жоспарланған екпе жұмыстары жүргізіліп, жыл көлемінде 7000 бас ірі қара, 25951 бас ұсақ мал, 1400 бас жылқы малы сібір жарасына қарсы егілді. Бос жүрген 32 иттің көзі жойылды. Сонымен қатар, қазан айында 102 бас ірі қара мал иелері сарып ауруына егу туралы келісімдері арқылы өз қаражаттарына РБ – 51 вакцинасы алынып егілді.
Жергілікті салық түсімі 5 млн. 100 мың теңге, барлық жоспар тапсырма 111,9 пайыз орындалды. Қаржының игерілуі 97 пайыз орындалды.
Округ бойынша 21 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, барлығы 102 адамға ақшалай көмек берілді. Оның ішінде 3 отбасы шартсыз, 18 отбасы шартты. Жыл көлемінде 32 адам жұмыспен қамтылды.
Округте спортпен айналысатындар саны 655 адам. Оның ішінде 250 адам спорт түрлерінен секциялар мен үйірмелерге қатысатындар, дене шынықтыру және сауықтыру бағыты бойынша 405 адам. Жалпы білім беру мекемелер саны – 4. Дене шынықтыру және спорт пен шұғылданатын 180 адам спорт түрлері бойынша секцияларда, топтарда 100 адам, дене шынықтыру сауықтыру бағыты бойынша 80 адам және медициналық топтарда 13 оқушы қатысады. Әр айтулы мерекеге орай округ орталығында дәстүрлі бұқаралық 28 спорттық іс-шаралар өткізіп, жеңімпаздарға мадақтама мен естелік сыйлықтар табысталды.
Барлық мерекелер өз деңгейінде өткізіліп, ауыл тұрғындарының көркемөнерпаздар байқауының концерті қойылды. Ауылдық кітапханада әр мерекеге байланысты тақырыптық шығармашылық кештер өткізілді.
Білім саласы бойынша округке қа-расты бір орта және екі негізгі орта мектеп бір бастауыш мектептерінің білім сапасы жылдан-жылға жақсаруда.
Қалжыр орта мектептері. 2017-2018 оқу жылында 11-сыныпты 23 түлек тәмамдап, оның 19-ы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. 23 түлектің 19-ы жоғарғы оқу орнына, 4-уі арнаулы орта оқу орнына түсті. Аудан бойынша 2017-2018 оқу жылында Қалжыр орта мектебі даярлық қорытындысы негізінде 2-ші орынды иеленіп «Үздік орта білім беретін ұйым-2018» аталымы берілді. Округ бойынша 5 қылмыс тіркелді. Оның 3-уі мал ұрлау фактілері болса, 2 факт бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша тіркелген. Тіркелген 5 қылмыстың бүгінгі күні 2-уі ашылған. Қылмыстың ашылу пайызы-40. Әкімшілік құқық бұзған 134 хаттама толтырылды. Оның жанұялық жанжал шығарған 3 факт, автокөлікпен жол жүру ережесін бұзған-63 адам, қоғамдық тәртіп бұзғандар 40 факт, елді мекендерде тазалықты сақтамау 28 факт.
Елді мекен тұрғындарына медициналық тексеру уақтылы жүргізіледі. 2018 жылы 350 тұрғын скринингтен, мектеп оқушылары толығымен жоспарлы тексеруден өтті. Медицина қызметкерлері нәрестелерге екпе жұмыстарын жүргізіп, жүкті әйелдерді тексеруден өткізіп тұрады.
2018 жылдың бірінші жартыжылдығына басылымдарға жазылу 94 пайызға орындалды.
Қайырымдылық айлығы аясында әлеуметтік-материалдық көмекке мұқтаж жалғызілікті қариялар мен мүгедектердің, тыл еңбеккерлері мен аз қамтылған отбасыларының тұрмыстық жағдайлары анықталып, оларға демеушілік жасау үшін мекемелер мен жеке кәсіпкелерге, шаруа қожалықтары 77 адамға 773 мың теңге материалдық көмек берілді. Және жеке кәсіпкер Е.Қызметов аз қамтылған көп балалы және жалғызілікті қарттарға жалпы саны он екі отбасыға 375 мың теңге демеушілік көрсетіп тегін көмір жеткізіп берді.
Көрсетілген қызметтер туралы: Жыл көлемінде әкімнің атына жеке және заңды тұлғалардан 2 өтініш түсті. Жеке қабылдауда 152 азаматқа түсініктеме беріліп, 185 жеке қосалқы шаруашылық туралы анықтама берілді. Сондай-ақ, 101 өкім қабылданып, мемлекеттік қызмет көрсету қарастырылып, қорытынды шығарылған құжаттар саны – 7: оның ішінде; 1) сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу бо-йынша құжаттар саны – 4, 2) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру бойынша құжат саны – 3. Сонымен қатар, 152 азамат нотариалдық іс-әрекет жасады.
Округ бойынша «Балдырған» балалар ойын алаңына плиткалар төселді. «Жастар» саябағына 14 шам орнатылып, плиткалары ағымдағы жөндеуден өткізілді. «Даңқ» аллеясына темір қоршаулар орнатылды. Биылғы жылы ауылымызға заманауи талапқа сай тойхана салынды.
Қалжыр ауылдық округінде қазіргі уақытта әлеуметтік-экономикалық жағдай мен діни ахуал тұрақты.
2019 жылға қойылған міндеттер:
1) елді мекен көшелерін жарықтандыру, ағымдағы жөндеуден өткізу;
2) абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын жүргізу;
3) ауыл іші көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Боран ауылдық округі бойынша:
2018 жыл біздің мемлекетіміздің дамуында және қалыптасуында ерекше-жыл болды. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанда «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру», «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын негізге ала отырып, 2018 жылы бірқатар жұмыстар атқарылды.
Мемлекеттік экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын бірнеше заңдар күшіне енді. Біздің тарихымыздағы бұрын-сонды болмаған ауқымдағы ұлттық заңнамаға өзгерістерді бағамдау, олар біздің қазақстандық арманымыз-XXI ғасырда көшбасшы отыз елдің бірі болуға қол жеткізуімізге жол ашады.
Боран ауылдық округі Күршім ауданының аумақтық –әкімшілік бірлігі және ауданның оңтүстік бөлігінде орналасқан.
Боран ауылдық округінің аумағына 5 елді мекен орналасқан.
Округ аумағында 2310 адам тұрады. Олар 6 ұлт өкілдерін құрайды. Округте 13 мекеме орналасқан.
Ауылдық округте 95 шаруа қожалықтары мен 24 жеке кәсіпкер, 2 нысан тіркеліп, жұмыс істеуде.
Ауылдық округ әкімінің аппаратында 5 мемлекеттік қызметкер және 6 техникалық жұмысшы жұмыс атқарады.
2018 жылы ауыл әкімінің атына жазбаша 5 өтініш түсіп, жауап және түсініктеме берілді. Жеке қабылдауда 83 азамат болып түсініктеме беріліп, қанағаттандырылды. Ауылдық округ әкімінің 129 өкімі қабылданды.
- 2018 жылы 828 жеке тұлғаға жеке қосалқы шаруашылықтың бар екені туралы, 2205 тұрғындарға отбасының құрамы туралы анықтама берілді.
Ауыл шаруашылық саласы бо-йынша: Боран ауылдық округі аймағы жалпы 103358 га жерді құрайды, оның 93137 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатына жатады.
2018 жылы ауылдық округ бойынша жоспарланған жазғы егістік алқабы толығымен егіліп, жоспар 107 пайыз орындалды.
Қысқы мал азығы дайындау 115 па-йыз орындалды.
Округ бойынша 2018 жылы барлығы 27 мал табыны ұйымдастырылды. Боран ауылдық округінде ауылда қалған сауын сиырдан - 4 табын, ұсақ малға- 2 табын ұйымдастырылған.
Салық түсімі бойынша: Аудан бюджетінің негізін құрайтын экономикалық дамуының басты бір бағыты салық жөніндегі жоспарлық көрсеткіші 4 765 000 теңге жоспар беріліп, 5 050 000 теңгені құрап, барлық жоспар 106 пайыз орындалды.
Негігі капиталға инвестиция тарту көрсеткіштері 2018 жылда аудан экономикасына 436 386 726 теңге инвестиция тартылып, жоспар 476 пайызға артығымен орындалды.
Елді мекендердің даму бағдарламасы бойынша 2018 жылдың қыркүйек айында Боран ауылында су құбырын тарту жұмыстары жүргізіліп, 398 млн. теңге қаражат игерілді.
Жергілікті өзін-өзі басқару бойынша түскен салықтан әкімшілік ғимаратының қоршауы, балалар ойын алаңының қоршаулары сырланып, баннерлер жасауға, елді мекендерге көше шамдарын жарықтандыру және ағымдағы жөндеу жұмыстарына жұмсалып тұрады.
Әлеуметтік сала бойынша: Боран ауылдық округі бойынша жиынтық табысы аз қамтылған тұрмыс жағдайы төмен отбасылар анықталып, 11 отбасына (алушылар саны-57 адамға) шартты атаулы әлеуметтік көмек 2 992 776 мың теңге, 2 отбасына (алушылар саны -7 адамға) шарт-сыз атаулы әлеуметтік көмек 1 062 948 мың теңге көмек көрсетіліп қоғамдық жұмыстарға тартылып, жұмысқа орналастыру жұмысы қатар жүргізіліп отырды.
Мәдениет саласы бойынша: округ бойынша 2 кітапхана, 3 ауылдық клуб қызмет көрсетеді. Округтегі мектептердің, қоғамдық ұйымдардың, демеушілердің бірлескен еңбегінің нәтижесінде жыл са-йын Наурыз мерекесін, Жеңіс мерекесін, мүгедек, кемтар балаларға арнап түрлі қайырымдылық шаралары өткізілуде.
Денсаулық сақтау бойынша: ауылдық округ тұрғындарына бір дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік пункт қызмет көрсетуде.
2018 жылы дүниеге келген сәбилер саны - 27.
2019 жылға қойылған міндеттер:
1. Боран ауылдық округіне қарасты Боран ауылының Орталық көшесін аббаттандыру;
2. Су құбырын тарту жұмысын аяқтап, іске қосу;
3. Жаңаауыл ауылына көше шамдарын орнату;
4. Қалжыр өзенінде орналасқан ескі көпірді жөндеу;
5. Сүт қабылдау пукітін ашу;
Боран ауылдық округі соңғы 4-5 жылда әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіштерін толығымен орындап келеді.
АҚБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ БОЙЫНША:
Еліміздегі жалақы өсімі бюджеттік ұйымдардың 275 мың қызметкеріне қатысты. Яғни, мұғалімдердің, дәрігерлердің, құқық қорғау, қорғаныс органдарының қызметкерлерінің жалақысы 35 пайыз артады. «Бұл мақсат-тарға 2019-2021 жылдарға республикалық бюджеттен жыл сайын 906 млрд. теңге бөлу қажет. Бюджетті қарау барысында Парламент мұны ескереді деп ойлаймын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл ретте ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болмайтындығын баса айтты. «Ең төменгі жалақының жаңа көлемі толықтай алғанда бүкіл ел экономикасында еңбекақы өсімінің катализаторы болады деп ойлаймын деп - Елбасы сөзін тұжырымдады. 2018 жылы бірқатар жұмыстар атқарылды. Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер былтырғы деңгеймен салыстырғанда артып, берілген тапсырмалар орындалды.
Ақбұлақ ауылдық округіне қарасты 4 елді мекен бар, атап айтатын болсақ Ақ-бұлақ, Алтай, Теріскей-Бөкенбай, Күнгей-Бөкенбай ауылдары. Осы ауылдарда 2 ұлттың өкілдерінен құралған 1015 адам тұрады.
2018 жылғы ірі қара – 3054, ұсақ мал-9311, жылқы-1085 басты құрады.
Ірі қара, ұсақ малға бірдейлендіру жұмыстары жүргізіліп, сырға салынып, компьютер базасына енгізілді. Жылқы малына таңба салынып, базаға енгізілді.
Ауылдық округтің негізгі жұмыс саласы ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы болғандықтан, бүгінгі күні ауылдық округте жер көлемі – 130236 гектар. Жаз айларында Ақбұлақ ауылында үш, Алтай, Теріскей Бөкенбай, Күнгей Бөкенбай ауылдарында 1 ірі қара мал табыны мен қой-ешкі бағуда 1 табын ұйымдастырылған.
Округте ветеринариялық-санитарлық жағдайды қамтамасыз ету мақсатында жоспарланған екпе жұмыстары толығымен аяқталып, 100 пайыз орындалды. Бос жүрген 15 иттің көзі жойылды.
Жергілікті салық түсімі 1200000 теңгені құрап, 118 пайыз орындалды. Алгоритм бойынша көлік салығынан 130 мың теңге салық түсті.
«Туған жерге - тағзым» акциясы бо-йынша қалада тұратын Ақбұлақ ауылының тумалары келіп Ақбұлақ орта мектебінің 50 жылдығына орай музыкалық аппарат сыйлап, ақшалай көмек көрсетті. «Ақбұлақ саябағына» ас берілді. Теріскей Бөкенбай ауылының тумалары және Күнгей Бөкенбай ауылының тумалары келіп ас беріп, ауыл зираттары қоршалып, өткендерге құран бағышталды. Бұл шара биыл бесінші рет қатарынан өткізілді.
2018 жылы атаулы әлеуметтік көмек 6 отбасының 16 баласына тағайындалды. Жыл көлемінде 21 жаңа жұмыс орны ашылды.
Айтулы мерекелерге орай округ орталығында дәстүрлі бұқаралық 10 спорттық іс шара өткізілді.
Барлық мерекелер өз деңгейінде өткізіліп, оқушылардың көркемөнерпаздар байқауының концерті қойылды. Ауылдық кітапханада әр мерекеге байланысты тақырыптық шығармашылық кештер мен дөңгелек үстелдер өткізіледі.
Білім саласына тоқталсақ, округке қарасты 1 орта мектебінің білім сапасы жылдан-жылға жақсаруда. Желтоқсан айының 13-і күні Ақбұлақ орта мекте-бінде «Шағын жинақталған мектептерде оқу үрдісін ұйымдастыруды жаңа педтехнологияларды қолдану» тақырыбында аудандық семинар өтті. Округ бойынша тіркелген қылмыс жоқ.
Азаматтар медициналық тексеруден уақтылы өтуде. 343 тұрғын скринингтен, 19 оқушы жоспарлы тексеруден өтіп, медицина қызметкерлері жас нәрестелерге екпе жұмыстарын жүргізіп, жүкті әйелдерді тексеруден өткізіп тұрады.
2018 жылдың бірінші жартыжылдығына басылымдарға жазылу 97 пайыз ұйымдастырылды.
Қазан қайырымдылық айлығында әлеуметтік-материалдық көмекке мұқтаж жалғызілікті қариялар мен мүгедектердің, тыл еңбеккерлері және аз қамтылған отбасыларына, оларға демеушілік жасау үшін мекемелер мен жеке кәсіпкерлерге, шаруа қожалықтарына бекітілген, 17 адамға 75 мың теңге материалдық көмек берілді. Жалғызбасты зейнеткерлерге әкімшілік тарапынан көмек көрсетіліп тұрады. Атап айтқанда, 2 жалғызбасты зейнеткерге қыстық отын мен көмір дайындап, жиналып берілді. Сонымен қатар зейнеткерлер мен мүгедек жандарға жаңа жылдық сыйлық (кулёк) таратылып берілді.
Қаржының игерілуі 100 пайыз, инвестицияның тартылуы 100 пайыз орындалды.
2018 жылға қойылған мақсат пен міндеттеріміз орындалды.
2019 жылға қойылған міндеттер:
1) Абай, Ақжота көшелеріне ауыз суын жеткізу, абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын жүргізу;
2) көше жарықтарын жөндеу;
3) құрылған кооперативтердің мал бастарын бірдейлендіріп, асылдандыру мақсатында асыл тұқымды бұқалар алып, мемлекеттен берілетін көмек және жер көлемін ұлғайтуға, соның ішінде: жайылымды жерлерді нақтылап алуға ықпал жасау.
ТӨСҚАЙЫН АУЫЛДЫҚ
ОКРУГІ БОЙЫНША:
Төсқайың ауылдық округіне қарасты 5 елді мекен, Төсқайың, Урунхайка, Шанағаты, Балықтыбұлақ, Бұғымүйіз ауылдары бар. Осы ауылдарда 10 ұлттың өкілдерінен құралған 950 тұрғын тұрады. Оның ішінде 144 зейнеткер, 2 Ауған соғысының ардагері бар.
Төсқайың ауылдық округінде 294 малға анықтама берілді.
Мүгедек адамдар саны- 27. Жыл басынан бері 7 жұмыссыз жұмыспен қамту орталығына тіркеліп, жұмысқа орналасты.
Ауылдық округтегі мал басына келетін болсақ, бүгінгі күні округте ірі қара – 1452 бас, оның ішінде сиыр- 731 бас; қой мен ешкі – 2796 бас; жылқы – 2334 бас; 1052 құс.
Ауылдық округ бойынша жыл көлемінде 300 мың теңге субсидия бөлінді, жергілікті салық түсімі- 2298,7 мың теңгені құрады. Жоспар-тапсырма 92 пайыз орындалды.
Қазан айындағы қайырымдылық айлығына байланысты 54 көмекке мұқтаж адамдар мекеме, бөлім басшыларына, жеке кәсіпкерлерге бөлініп беріліп, материалдық және қаржылай көмек көрсетілді. 15 аз қамтылған отбасына және жалғыз басты жандарға 6 текше метр отын 50 % төмендентілген бағамен түсіріліп берілді.
Ауылдық округ бойынша бекітілген іс-шараларға сәйкес мәдени және спорттық шаралар да өткізіліп тұрады. Жастар арасында жыл сайынғы Саткенев атындағы шаңғы жарысы, 3 рет футбол жарысы өтті.
Ақсақал, әжелер округтің тыныс-тіршілігінен сырт қалмайды, барлық жағдай ауылдық округ ақсақалдар кеңесімен және аудандық ақсақалдар кеңесімен бірлесіп шешіледі.
Ауылдық округтегі діни ахуал тұрақты.
Денсаулық сақтау саласы. Бала өлімі тіркелген жоқ. 14 бала дүниеге келді. Округ бойынша туберкулезбен ауыратындар тіркелген жоқ.
Ауылдық округті абаттандыру жұмыстары аясында 600 түп ағаш отырғызылды.
Білім саласы:Округ бойынша 3 мектеп, 1 интернат, 1 шағын орталық істеп тұр. Төсқайың орта мектебінде 70 оқушы оқиды, интернатта 19 оқушы тұрады. 25 бала аудан, облыс, республикалық олимпиадасына қатысты, оның ішінде 22 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Урунхайка негізгі орта мектебінде 74 оқушы, шағын орталықта 25 бала оқиды. Оқушылар аудан, облыс, республикалық олимпиадаларға, спорттық шараларға қатысып жүлделі орындарға ие болды. Шанағаты бастауыш мектебінде 6 бала оқиды. Мектептерде тегін тамақтандыру бар.
Әлеуметтік сала: Жыл басынан 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысына 16 отбасы өтініш білдірді. Балалар саны 50, осы отбасыларына жәрдемақы төленді. 5 отбасыға 300 мың теңге көлемінде материалдық көмек бөлінді.
Қаба өзеніне дамба жасауға 9 млн. 600 мың теңге бөлінді, 620 м дамба жасалды. Шанағаты-Төсқайың ауылында көктемгі тасқының алдын алу жұмыстарына 450 мың теңге бөлініп арықтары тазаланды. Көктемде шайып кеткен жолдарды №2535 әскери бөлімі күшімен Балықтыбұлақ, Шанағаты ауылында 10 км-дан грейдерлеу жұмыстары жүргізілді. Көктемде Балықтыбұлақ бағытында ша-йып кеткен 600 м жол жөнделді. «Облыс Шығыс жол» Урунхайка-Төсқайың жол бағытында 3 суағар салынды.
2019 жылға қойылған міндеттер:
-Төсқайың ауылында ұялы байланыс орнату үшін ықпал ету;
-Төсқайың ауылында балабақша ашу мәселесін шешу және спортзал салу.
Достарыңызбен бөлісу: |