Шабылған ет массасынан дайындалатын жартылай фабрикаттар:
Шабылған ет бифштексі;
Шабылған ет табиғи котлеттері;
Шабылған ет табиғи шницелі ;
Фрикаделькалар;
Люля-кебаб ;
Шабылған ет бифштексі – шошқа майын ұсақтап текшешелеп турап, шабылған ет массасына қосады, сыбаға кесектеріне бөліп, бұйымға жалпақ дөңгелек форма беріп, қалындығын 2 см етеді. Әр сыбағаға 1 данадан әзірлейді.
Шабылған ет табиғи котлеттер - массаны сиыр етінен дайындайды. Оған ұсақ тектешелеп туралған май қосады және ұсақтап туралған сарымсақ қосып араластырады. Әр сыбағаға котлет формасын беріп, кепкен нан аунатпасына аунатады. Әр сыбағаға 2 данадан келетін етіп әзірлейді.
Шабылған ет табиғи шницелі – массасы сиыр, шошқа, қой еттерінен дайындалады. Сыбаларға 1см қалындықпен сопақша формада әзірлеп, льезонға ылғалдап , кекен нан аунатпасына аунатады
.
Достарыңызбен бөлісу: |