Фрикаделькалар(бұршағы ет) – етті кесектерге турап , еттарқыштан өткізеді. Өнімге ұсақталып туралған шикі пияз, шикі жұмыртқа,тұз, бұрыш ұнтағын, су қосып араластырады. Әрқайсысына 7-10г болатындай шарик формасындағы сыбағаларды дайындайды.
Люля-кебаб – шабылған қой еті массасынан дайындайды. Ет кесектеріне шикі басты пиязбен, қойдын құйрық майымен біріктіріп еттартқыштан 2-3 рет өткізеді. Сосын тұз, бұрыш ұнтағын қосып жақсылап араластырады. Лимон қышқылын қосуға болады. Одан әрі шала тұздықтау үшін 2-3 сағат бойы тоңазытқышқа салып қойады. Содан соң кішкентай шұжық формасын беріп сыбағалайды да кәуапсымға бекітеді. Әр сыбағаға 2-3 данадан пайдалынады.
Достарыңызбен бөлісу: |