Конвертерлік болат өндіру тәсілі



жүктеу 6,83 Mb.
бет22/40
Дата14.05.2018
өлшемі6,83 Mb.
#12513
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40

2.9.2 Балқыманы қосындылау

Белгілі бір механикалық немесе физика–химиялық қасиет беру үшін қосынды элементтерді (Si, Mn, Cr, Ni және т.б.) қосу арқылы алынатын болатты қосындылы деп атайды.

Темірде еру дәрежесіне байланысты элементтер мына топтарға бөлінеді:

1) темірде толымды еритін металдар (Al, Ce, Mn, Cr, Ni, V, Cu, Co, Si, Ti, Sb, Be);

2) темірде жарым–жартылай еритін металдар (W,Mo, Zr);

3) темірде жөнді ерімейтін металдар (Pb, Ag, Bi);

4)жоғары температурада буланудан болат қорыту температураларында ерігіштігі нақты анықталмаған металдар (Ca, Cd, Li, Mg, Na, Hg, Zn);

5) темірде жарым–жартылай еритін металл еместер (C, S, P, N, As, Se, B).

Қосынды элементтердің мөлшеріне қарай қосындылы болаттар үш топқа бөлінеді:

1) төменгі қосындылы (қосынды элементтер мөлшері 2,5%–дан төмен);

2) орташа қосындылы (қосынды элементтер мөлшері 2,5–10%);

3) жоғары қосындылы (қосынды элементтер мөлшері 10% –дан жоғары).

Балқыманы оттегісіздендірумен қатар, оны берілген химиялық құрамға жеткізу басталады.

Конвертерлік болатты қосындылау оттегісіздендіру сияқты негізінен балқыманы шөмішке ағызу кезінде орын алады.

Болатты қосындылау технологиясын анықтауда қосынды элементтің оттегімен әрекеттесуге бейімділігі ескеріледі. Mo, Ni, Cu, Co сияқты элементтердің, темірге қарағанда, оттегімен әрекеттесу бейімділігі төмен. Балқыту кезінде жөнді тотықпайтындықтан, оларды шикіқұрамдық материалдармен бірге конвертерге тиеуге немесе болат қорыту барысында салуға болады.

Ti, V, Cr,Si, Mn, Al cяқты элементтер керісінше, темірмен салыстырғанда, оттегімен әрекеттесу бейімділігі жоғары. Сондықтан көпшілік жағдайда оларды шөмішке салады.

Болатты қосындылау технологиясын анықтауда қосынды материалдардың массасы ескеріледі. Оттегілі конвертерде негізінен көміртекті және төменгі қосындылы болаттар қорытылатындықтан, шөмішке салынатын ферроқорытпалардың мөлшері онша көп емес, сондықтан айтарлықтай қиындықтар бола қоймайды.

Орташа және жоғары қосындылы болаттарды қорытуда керекті ферроқорытпалардың массасының көбеюі, балқыманың салқындау қаупін туғызады. Сондықтан ферроқорытпаларды сұйық күйде қолдану үшін қосымша балқыту агрегатын пайдаланады.


3 Түптік ауа үрлеме конвертерінде болат қорыту үрдісі
Конвертерге құйылған шойынды агрегат түбінен ауамен үрлеу арқылы болат алу үрдісін түптік ауа үрлеме конвертерінде болат қорыту тәсілі деп атайды [12] .

Түптік ауа үрлеме конвертерінде болат қорыту тәсіліне бессемерлік және томастық үрдістер жатады. Конвертерлік үрдістер, бұрынғы болат қорыту тәсілдерімен салыстырғанда, өте жоғары өнімділігімен ерекшеленеді.


3.1 Болат қорытудың бессемерлік үрдісі

Конвертерлік болат қорыту тәсілін алғаш 1855–жылы ұсынған Генри Бессемер.

Химиялық құрамы мен температурасы қойылған талапқа сай шойынды, қышқылды түптік үрлеме конвертерінде, 12–15 минут ауамен үрлеу арқылы болат қорытуды бессемер үрдісі деп атайды.
Бессемер конвертерінің құрылысы мен жұмысы. Бессемер конвертері (сыйымдылығы 15–35т), 3.1–суретте көрсетілгендей, цилиндрлі орта тұсы (1), жоғарыдан асимметриялы конуспен (7) жалғасып, төменгі жағынан түбі (3) мен ауа қорабы (4) бекітілген, болат қорытуға арналған агрегат.

Конвертердің шегені (5) қышқылды динас кірпішінен (350–450 мм) қаланған. Кварц пен шамот ұнтағына отқатөзімді балшық қосып жасалған конвертер түбіне (3) ауа үрлеуге арналған соплолары (6) бар (0,20–0,35 МПа қысыммен) шамот фурмалар орнатылған.





3.1–сурет – Бессемер конвертері құрылысының сұлбасы


Конвертер шегенінің сырты қалың болат қаңылтырмен (1) қапталып, тыянақ белдіктің (2) екі цапфасы (9,10) подшипникпен (11) станинаға (12) орнатылған. Компрессорлық ауа үрлемелік цапфаның (9) жеңімен (15) ауа қорабына (4) беріліп, одан конвертерге шойынды үрлеуге жұмсалады (300–350 м3/т). Жетек цапфа (10) конвертерді айналдыру үшін шестерня (13) арқылы тісті рейкаға (14) қосылған. Конвертерді технологиялық үрдістерді (шойын құю, балқыма мен қож ағызу және т.б.) орындау үшін горизонталь өстің бойымен гидравликалық механизм немесе редуктор арқылы электржетекпен айналдырады.

Бессемер конвертерінде болат қорыту негізінен үш кезеңнен тұрады (3.2–сурет):

1) конвертерге шойынды құю (3.2, а–сурет);

2) шойынды ауамен үрлеу үрдісі (3.2, б–сурет);



3) болатты шөмішке ағызу (3.2, в–сурет).

жүктеу 6,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау