Конвертерлік болат өндіру тәсілі


Оттегілік үрлеменің аэродинамикасы



жүктеу 6,83 Mb.
бет30/40
Дата14.05.2018
өлшемі6,83 Mb.
#12513
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   40

4.2.2 Оттегілік үрлеменің аэродинамикасы

Оттегі фурма соплосынан өте тез өтетіндіктен, сыртқы ортамен жылу алмасу орын алмайды деп есептелінеді. Лаваль типті соплодан оттегінің шығу жылдамдығы анықталады, м/с [3]


(4.17)
мұндағы φ – үйкелісті және идеалдан ауытқуды ескеретін коэффицент, φ≤1:

к– адиабата көрсеткіші, оттегі үшін 1,4;

R–газ тұрақтылығы;

T – оттегінің сопло алдындағы температурасы;



р1 – оттегінің сопло алдындағы қысымы;

р2 – конвертер кеңістігіндегі газ фазасының қысымы, 0,1МПа.


Лаваль типті сопло оттегі ағынының тез арада дыбыстан жоғары жылдамдыққа жетуін (500 м/с жоғары) және оның жоғары кинетикалық энергиясы болуын қамтамасыз етеді. Соплодан осындай жылдамдықпен шыққан оттегі ағыны алдымен конвертер кеңістігінде өзін қоршаған ортамен әрекеттеседі. Салқын оттегі ағыны , металл бетінен көтеріліп келе жатқан, температурасы мен тозаңы әр түрлі ыстық газға тап болады. Оттегінің бір бөлігі СО газын тотықтандыруға жұмсалып, жылу бөлініп, температура көтеріледі. Оттегі ағынына ұшыраған металл тамшылары да тотығады.

Сонымен, фурмадан шыққан оттегі ағыны жолындағы СО газын, металл тамшыларын жандырып, жоғарғы кинетикалық энергиялы алау ретінде металл бетіне жетеді.

Оттегі ағынының сұйық металл бетімен кездесу жерін реакциялық зона деп атайды. Реакциялық зона металл мен оттегінің өте қарқынды араласуымен, элементтердің тотығуымен, экзотермиялық реакциялардан температураның тез көтерілуімен, қож және тозаңды қою түтіннің түзілуімен сыйпатталады.

Бұл үрдістерді конвертерден көріп, бақылау мүмкін болмаған соң,салқын үлгілеу әдісі арқылы үрдісті зерттеп, негізгі заңдылықтарды анықтайды. Конвертерді органикалық шыны сияқты мөлдір заттан жасап, сұйық металды әр түрлі су ерітінділерімен, ал қожды минералды немесе органикалық маймен үлгілейді. Үрлеме ретінде ауа немесе басқа бір газ пайдаланылады.

Жүргізілген зерттеулер, сұйық пен газ ағынының өзара әрекеті үрлеменің қысымы, фурма конструкциясы және оның биіктігіне байланысты екенін көрсетті. Егер фурма биік орналасса, онда газ ағыны сұйық бетінде көлемі кішкентай “кратер” жасап, беттік үрлеу орын алады. Фурма биіктігі төмендеген сайын,түзілген “кратер” тереңдеп, ұсақ тамшылар мен көпіршіктер саны артып, сұйық пен газ аса қарқынды араласып, тереңдік үрлеу орын алады.

Газ ағынының сұйықпен механикалық өзара әрекеті серпімді емес денелер соқтығысу заңы бойынша өрбиді. Жалпы алғанда газ ағынының кинетикалық энергиясы жұмсалады [3]:

1) ағындағы тамшыларға жылдамдық беруге және сұйықты араластыруға;

2) газдың сұйыққа серпімді емес соқтығысындағы энергия жоғалымына;

3) кері қайтарушы (архимедтік ) күштерді жеңуге;

4) сұйықты бөлшектеуге;

5) қайтымды ағымға кеткен энергияға.

Оттегі ағынының сұйық металға ену тереңдігін мына теңдеумен анықтау ұсынылған [13]



(4.18)
мұндағы – оттегі ағынының сұйық металға ену тереңдігі , м;

Нф– металл деңгейінен фурмаға дейінгі биіктік, м;



ρ – сұйық металл тығыздығы , 7000 кг/м3;

Q – оттегінің жалпы шығыны, м3/мин;

Q1 – бір соплоның оттегі шығыны, м3/мин;

fм–Лаваль соплосының межелі қимасы, см2;

n – фурмадағы сопло саны;

m, k–эмпириялық коэффициенттер.


Көміртегінің қарқынды тотығуы кезінде, қождың тұтқырлығынан СО көпіршіктерінің жоғары көтерілу жылдамдығы төмендейді. СО көпіршіктерінің бір бөлігі қождан шыға алмай, оны көпіршітіп, деңгейін көтере бастайды. Сөйтіп, түзілген көпіршікті газметаллқож эмульсиясына конвертер кеңістігі тола бастайды. Енді металды жоғарыдан оттегімен үрлеу осы эмульсияның ішінде орын алады.

Балқыманы үрлеудің басы мен соңында, көміртегінің тотығу жылдамдығы төмендеу болғанда ғана, оттегі ағыны ашық, ал қалған үрлеме уақытында, оттегі ағыны газметалқож эмульсиясымен жабулы. Үрлеме барысында арнайы құрылғымен конвертердің түп жағынан алынған сынамалар негізінен металл болғанымен, жоғарылай сынамада қож бөлігі арта түседі. Конвертер кеңістігінен фурманы шығарғанда, оның ұш жағының 1,5–2,0 м металқож гарнисажымен қаптаулы болады.

Оттегі ағыны көпіршікті газметалқож эмульсиясымен жабулы кезде, конвертердегі массажылжым өзгере бастайды. Оттегі ағынына түскен эмульсияның ауыр компоненттері, оның жылдамдығын төмендетеді. Оттегі ағынындағы металл тамшылары және СО тотығады. Оттегі ағынының сұйық металмен өзара әрекеттесуінің жалпы заңдылықтары, металды ашық оттегі ағынымен үрлеу үрдісіндей.


жүктеу 6,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау