Конспект №1 тақырып: Дене тәрбиесі және спорт тарихы Дәріс мақстаы: Дене тәрбиесі дамуының тарихиын студенттерге айтып беру



жүктеу 171,5 Kb.
бет1/2
Дата29.01.2020
өлшемі171,5 Kb.
#27687
түріКонспект
  1   2

Дәрістер бойынша қысқаша конспект
1 тақырып: Дене тәрбиесі және спорт тарихы

Дәріс мақстаы: Дене тәрбиесі дамуының тарихиын студенттерге айтып беру

Қарастырылатын сұрақтар.
1. Ерте замандағы дене тәрбиесі.

2. Орта ғасырдағы дене тәрбиесі.

3. Капиталистік кезеңдегі дене тәрбиесі.

Дәріс
Дене тәрбиесі дамуының тарихи тәжірибесі және адамның дене дамуын зерттеудің эксперименталды әдістері, дене қызметінің ой қызиетіне қатысын айқындау дене тәрбиесінен білім берудің өскелең ұрпаққа қатысты мақсаты мен мәнін айқындауда көптеген ғасырлар бойы жол берілген қараңғылық пен негіздікті жоюға көмектесті.

Дене тәрбиесінен білім берудің даму тарихындағы ғылыми кезең өзге тарихи кезеңдерден басқаша. Ең басты айырмашылықтары: 1) ақиқатты тексеріп, айқындау үшін сан алуан әдістерді қолдану; 2) тәрбиелеу мен үйретуде тұлғаның құқықтарын мойындау.

XVI жүзжылдықта дене тәрбиесі педагогика мен спортқа қатысты ғылыми ақиқатты жасау кезіңінде, осы шыңдықты іздеп табуға бел байлаған батыл ойшылдар, данышпан тұлғалар пайда болды. Бүгінгі білім биігінен қарағанда, олардың тәжірибелері оймен тану дәрежесінде болғанымен, адамға «жоғарыдан» берілетін терең, «жұмбақ сырлы» даналығы да жоқ емес.

Бұл ойшылдар мен ғалымдардың өзара тек олардың ішкі көңіл-күйлеріне ғана бағынған. Олар бір елден бір елге өз білімін, пәлсапалық ойларын, ғылыми ізденіс тәжірибелерін арақалап өте берген. Өмірі табиғи өліммен аяқталғандары сирек. Көптеген данышпан тұлғалардың есімдері, көрген азаптары мен еңбектері Помпонацийден Джордано бруноға дейін философия тарихынан, медицинадан және әдебиеттерде жазылған шығармаларда қалған.

Үш ойшыл Бэкон, Декарт және Спиноза ақиқаттармен зерттеулердің объективті әдістері жинағынан тұратын ғылым құрған. Бұл ғылымның әсері Исаак Ньютон мен Джон Локктың дүние тануында айқын із қалдырған. Тәрбие және дене тәрбиесінен білім беру саласында Джон Локк есімі ерекше маңызды.

Джон Локк 1632 жылдың Урингтон қаласында туылған. 14 жасқа дейін әкесінің тәрбиесінде болады. Классиккалық білімді Вестминстерская коллегиясында алды. Бұл жерде ол өз дене дамуына көп уақыт бөлді: доп, крокет ойнап, жұгірумен, ескек есумен айналысты. 1652 жылы Локк Оксфорд университетіне оқуға түсті. Бірақ 1683 жылы саяси себептер салдарынан университетті бітірмей, ол өз елінен кетіп, Голландияға қоныс аударуға мәжбүр болады.

1690 жылы ол «Балаларды тәрбиелеу жөнінідегі ойлар» деген педагогикалық шығармаласын басып шығарды. Мұнда ол тәрбиеленушінің жеке ерекшеліктерін зерттеп, білім беруді баланың қабілеттері және бейімділіктеріне орай бағыштау қажет деген негізгі ойын білдірді. Локктың пікірінше, жеке беімділіктер ойын кезінде айқынырақ ашылады және оны не мазалайтынын білу үшін, локк тәрбие процесінде кездойсоқтық пн өзімбілермендіктің болмауы тиіс, тәрбиенің барлық шаралары негізделуі керек деген пікір білдіреді.

Тәжірибе және бақылау кезінде Локк өте пайдалы кеңестер берді: балалр қыста да өте жылы киінбеуі керек, бас киімсіз, жаяу көп жүру, күнделікті мұздай сумен жуыну пайдалы.

Жан-Жак Руссо айтқан педаггикалық ойлар өз нәтижесін берді: Германияда «филанторпиндер» мектептері ашылды, онда тәрбиелеу жүйесі еі алдымен тәрбиеленушіге мейіріммен қарауға негізделген. Мұнда алғашқы мектеп Дессау қаласында 1774 жылдың 24 желтоқсанында ашылған.

Дене жаттығуларын оқыту Г. У. Фитқа тапсырылған еді. Ал ол Гутс- Мутспен бірге неміс гимнастикасының негізін қалаған.

Г. У. Фит 1763 жылдың 8 қаңтарында Гооксилде, Евердің Ангальт-Церь қожалығында туылған. Ол княздік жоғары мектебіне ұстаз болып 1786 жылы ьтағайындалған. 1799 жылы Дессаудағы барлық мектептердің директоры болды.

Өзінің гимнастикалық еңбектерінде Фит оқушылардың дене тәрбиесінен білім алуына зор мән беріп, жаттығулардың пайдасы мен әсерін негіздеген. «Дене жатттығулардың мақсаты,- дейді Фит, -барлық қимылдарды жасау және адам ағзасындағы оның жетілуіне қызмет ететін күштерді іске қосу, сөйтіп өз денесін қалыптастыруға жұмылдыру».

Гутс-Мутс Фитпен тығыз бірлесе отырып, Шнепфенталь мектебі жағдайында неміс гимнастикасының негізін қалады.

«Бәрінен бұрын- деп жазады Гутс-Мутс,- дене жаттығуларымен жоғары білім мекемелерінде, әсіресе біздің университеттерде танысыу тиіс. Себебі, оларды бітірген дінбасылары қала мен ауылдарға оқытушы ретінде жіберіледі. Басқа барлық қоғамдық топтарға гимнастика аса қажет, өйткені олардың денесі ең алдымен мемлекетке қызмет етуі керек. Бұл әсіресе жауынгерлерге қатысты. Жасөспірімдердің ептілігі мен шынығуын дамыту менің ұлттық тәрбие жоспарымның ең маңызды бөлігін құрайды».

Өз жүесінде Гутс-Мутс дене жаттығуларының білім берудегі мәнін арттыру үшін оларды топтаудың тектік әдісіне сүйенген. Бұл топтау мынадай ретте келеді:


  1. Секірулер: бір орыннан (екпінсіз), жүгіріп келіп (10қадам).

  2. Жүру мен жүгіру: гимнастикалық алым (минутына 50 адым); еселенген адым (10 адым); жүгіру жылдам адым (минутына 150 адым); жүгіру – жылдам, созылмалы, жыландап, тізбектеп, ұлулап, бұрыстылармен, өрге қарай (тауға).

  3. Лақтыру: тастарды және тас шарларды лақтыру, тастарды төменнен құлаштап лақтыру; дискі, найза лақтыру.

  4. Күрес: қарсыласты күрес орнынан ығыстыру; оны жерден көтеру; құлаштап жерге тастау ( осыған сәйкес, күрестің үш түрі ерекшеленген: жартылай шайқас, жеңіл шайқас, толық шайқас). Күрделі шайқас барлық үлгілерді біртұтас жиынтыққа біріктіру.

  5. Өрмелеу: кедір-бұдыр сырықта, ағашта, жұмыр бөренеде, жіп сатыда, қанатта.

  6. Тепе-теңдіктегі жаттығулар: бір аяқта және аяқ ұштарында тұру; жатқан ағашпен, жіңішке тақтай және қанат бойымен жылжу; ағаш аяқта жүру; конькиде жүгіру; параллель брустарда және әткеншекте жаттығу.

Бұған қоса жүру және жүзу жаттығулары.

П. Г. Клиас өзінің гимнастикасы бойынша- «Гимнастиканың бастапқы негіздері немесе «турнен өнері» атты тұңғыш шығармасы басып шығарды. Кейінірек Клиасс гимнастикасы бойынша бірнеше кітап жазған, олар Франция, Англия, Швейцария елдерінде басып шығарылған.

Жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу, күресу, жүзу жаттығуларынан басқа, Клиасс өзінің сабақ беру жүйесіне жаңа: үшбұрышты трапеция үстіндегі жаттығулар; қиғаш тартылған параллель қанаттардағы, жіп сатыдағы сияқты жаттығулар енгізді.

Клиас қолданылатын дене жаттығуларының шеңберін кеңейтті де, соның арқасында гимнастикалық білім тарату саласындағы оқытушы қызметінің аясын кеңейтті. 1807 жылдан бастап дене жаттығулары барлық корольдік кадет корпустарына, теңіз және артиллерия оқу орындарына, азаматтық мектептерге енгізілді. Ал 1827жылдың басынан бастап дене жаттығуларымен 7 ден 15жасқа дейінгі ұлдардың барлығы айналысуы міндеттелді. 1813 жылы Нахтегаль дат үкіметінің алдында 1799 жылы-1830 жылдары аралығында гимнастиканың даму жағлайы жөнінде есеп берді. Есеп беру «Даниядағы гимнастиканың 1799-1830 ж.ж. енгізілу сәтінен ілгерілуі» деген тақырыппен жарық көрді. Нахтегаль мынандай еңбектерін басып шығарды: «Гимнастика әдістемесі мен лекцияларға алғыссөз», «Халықтық және қалалық мектептерге арналған гимнастика оқулығы».

Германияда дене жаттығулары насихаттауд, осы жаттығулардың ұлттық ерекшеліктерін көрсетуде үлкен ықпал жасаған Фридрих Людвиг Ян болды. Гимнастика дамуындағы Л. Янның ұлтшылдық ойлары осы нәннін теориялық негіздерін жасаудағы оның еңбегін еш кемітпейді. Ян әдісі бойынша жаттығулар бүкіл германияда таралды. Неміс университетінде олар кенінен таралды. 1817 жылы көктемінде Ян дене жаттығуларының ұлттық рөлі жөнінде өзінің 21лекциясын оқыды. Дәл осы жылы Киль және Иен неміс университеттері дирекциялары оған құрметті доктор атағын берді.

Ян параллель брустарда жасалатын жаттығуларды мынадай жолмен жүйелейді: а) тіреуіштегі жаттығулар; б) «сермеу» жаттығулары; в) ілініп тұрудағы жаттығулар; г) өз денесін брустардан асыра тастау жаттығулары; көлденен сырықта жасалаиын жаттығуларды ол 6 топқа бөлді; 1) ілініп тұрудағы жаттығулар, 2) тіреуіштегі жаттығулар, 3) «сырыққа сермеу»; 4) сырықта «отырған және жатқан қалыпта» жасалатын жаттығулар; 5) күрделі жаттығулар; 6) сырықта айнала асыра тастаумен немесе аударылып түсумен орындалатын жаттығулар. Көлденең сырық үшін Ян 335-тей жаттығу ойлап тапқан. Немістік мектеп гимнастикасының негізін қалаушылардың бірі- Адольф Шписс. Шписс жасөспірім шағында Оффенбах қаласындағы жекеменшік тәрбие мекемесінде оқыған. Сол кезде ол Гутс-Мутс және Янның дене жаттығулары жүйелерімен алғаш танысты. Шписс енгізген негізгі жаңалықтар оның «Гимнастика жөніндегі ілім. Еркін жаттығулардағы гимнастика»; «Жалпы жаттығулардағы гимнастика»; «Мектептерге арналған гимнастиканы үйрету құралы ретіндегі гимнастика бойынша кітап» деген іргелі еңбектерінде сипатталған. Оларда ол өзінің негізгі ойын көрсеткен: мектептерде қолданылатын дене жаттығулары балалар денесінің дамуы ерекшеліктерін, жынысын және жасын ескеруі қажет. Аталмыш еңбектерде баяндалған оқытушы Шпис әдісі ұлдар үшін де , қыздар үшін де жаттығуларды олардың жасына қарай білуді қарастырады. Бұл жерде Шписс дене жаттығуларын топтастырғанда барынша қарапайым етіп, мектеп талабына бейімдеген: алтыдан он жасқа дейін және оннан он алты жасқа дейінгілерге арналған жаттығуларды сипаттаған. Алтыдан он жасқа дейінгі балаларға төмендегідей оқу материалдары ұсынылған: реттік (саптық) және еркін жаттығулар; тепе теңдіктегі жаттығулар; тереңге секіру, сырықпен және «текеден» секірулер; тіреуіште және ілініп тұрып жасалатын жаттығулар; «ауыр салмақты жылжыту, көтеру және тасу» түріндегі жаттығулар: күрес, лақтырулар, жүзу және ойындар.

Оннан он алты жасқа дейінгі балаларға қиынырақ жаттығулар ұсынылған: саптық және еркін жаттығулардың күрделілеу формалары: билер, тепе-теңдіктегі жаттығулар, гантельдермен секіру, паралель брустарда, бөренеде және перекладинада орындалатын жаттығулар, «ат» және «текеден» секіру, сырықпен секірулер, нысанаға лақтыру, т.б. Шписс нағыз эмпирик еді. Ол балалардың ойы мен денелерінің жетілуіне әсер ету үшін неғұрлым көп дағдыларды, тәжірибелерді жан-жақты игеру қажет деп есептеді. Сондықтан жалпылама түсініктерді ө бетімен игеруге, жаттығуларды таңдаудың жалпы прициптерін, игеру әдістерін, орындау тәсілдерін тануға аз көңіл бөлді. Дене тәрбиесін оқыту тарихының ғылыми кезеңінде орын алған тағы бір құбылыс-дене жаттығуларының «швед әдісі» немесе «швед гимнастикасы» еді. Оның негізін қалаушы-Генрих Линг(1776-1839ж. ж ). Тәуелсіз, өткір мінезді бозбала Генрих Линг Вексода гимназияны тәмамдаған соң, бүкіл елді аралап Еуропаның көптеген қалаларында болды: Упсада, Стокгольмде бір көрініп, Берлин немесе Копенгагеннен бір шығып, 1797 жылдың 21 желтоқсанында Линг дін ілімі кандидаты дәрежесіне емтихан тапсырып, Стокгольмде үй оқытушысы болғаны белгілі; көп ұзамай ұстаздықты қойып Германия және Данияда саяхаттады; Франция мен Англияға да барды. Осы дүние кезу арасында ол әскери қызмет те атқарды.

Линг құрастырған швед гимнастикасы былай ерекшеленеді:



  1. педагогикалық гимнастика (субъективті-белсенді);

  2. әскери гимнастика (субъективті-пассив);

дәрігерлік (объективті-пассив);

  1. дәрігерлік (объективті-белсенді).

Линг жүйесі бойынша дене жаттығулары сабақтары құрылымының қазіргі заманғыларға өте жақын екені П. Ф. Лесгафтың шығармасының мәтінінен көрінеді. «Мысал үшін өзім қатысқан бір сабақты суреттеп берейін. Бұл сабақты Яков әулиенің халақ мектебіне Зманн ханым жүргізді. 32 оқушы қыз болды. Сабақ 45 минутқа созылды. Тек еркін қимылдарда және жүруде олар бірге жаттықты, ал барлық басқа жаттығуларда олар 6-9 оқушыдан 4 топқа бөлінді»,-деп жазады Лесгафт.

1888 жылы П. Ф. Лесгафт өзінің «Мектеп жасындағы балаларға дене тәрбиесі білімін беру бойынша құрал» атты іргелі еңбегінің бірінші бөлімін, 1901 жылы екінші бөлімін жарыққа шығарды. Лесгафт құрған бүкіл дене жаттығулар жүйесі балалармен жұмыс істегенде гимнастикалық мәселелермен қатар дене тәрбиесі білімін берудің маңызды мәселелерімен шешіп отыруды көздейді. Ол мұндай мәселелер өзіндік білім беру бағыты бар арнайы дене жаттығуларын үйрету жолымен шешіле алатынын меңзейді. Оқушының рухани өсуі, денесінің жетілуі факторлары ретінде дене жаттығулары шартты түрде былайша бөлінеді:



  1. қарапайым жаттығулар;

  2. күрделі жаттығулар;

  3. үйлесімді жаттығулар;

  4. жүйелі, кешенді жаттығулар.

П. Ф. Лесгафтың «мектеп жасындағы балаларға дене тәрбиесінен білім беру бойынша құрал» атты классикалық еңбегі – ғасырдың 60-жылдарындағы дене тәрбиесі мен білім беру ғылымының дамуында негізін қалаушы болып табылады.
2 тақырып: Кеңестік жүйедегі дене тәрбиесінің қалыптасуы

Дәріс мақстаы:
Қарастырылатын сұрақтар
1. Кеңестік жүйедегі дене тәрбиесінің қалыптасуы.

2. СССР кезіндегі дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері.

3. Кеңестік жүйедегі дене тәрбиесінің жалпы принциптері.
Дәріс
5 тақырып: Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің міндеттері.

Дәріс мақстаы: Мектеп жасына дейінгі балардың тәрбиесін дұрыстау

Қарастырылатын сұрақтар


  1. Дене мәдениетінің міндеттері

Дәріс

Дене тәрбиесінің міндеттері:


- денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;
- қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру;
- қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен байланыстыру;
-  негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту;
-  еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа, достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен қоғамдьщ меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;
- өдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға ынтаны тәрбиелеу;
- гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру гигиенасы жөніндегі білімді хабарлау.
3. Дене шынықтыру сабағы әзірлік, негізгі, қорытынды бөлімдерінен тұрады. Әзірлік бөлімі оқушылардың сергек көңіл-күйін, дене шынықтырумен шұғылдану ынтасын арттыру және балаларды сабақтың негізгі бөлігінде күрделі дене жаттығуларын орындау даярлығын жасау үшін пайдаланылады.
Сабақтың негізгі бөлігіне оқу бағдарламасындағы дене жаттығуларының түрлері енгізіледі. Жаттығулар, әр қилы ойындар оқушылардың көтеріңкі көңіл-күйін туғызады. Осы көтеріңкі ілікті басып, оқушыларды келесі сабақтарға даярлау сабақтың үшінші, қорытынды бөлігінің міндеті. Сабақ жалпы сап түзеумеи, қорытынды жасаумен аяқталады.
Дене шынықтыру сабақтары процесінде білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру міндеттері шешіледі.
Дене шынықтыру сабағының маңызды тәрбиелік міндеті оқушылардың дене шынықтырумен үнемі шүғылдануға ынта-ықыласын дарыту. Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтары жаттығуларының және ойындарының сан алуандылығымен ерекшеленеді.
4. Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері: баланың денсаулығын нығайтуға көмектесу; ағзаны шынықтыру, оқушылардың жан-жақты өсіп жетілуіне, дене шынықтырудық оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруге көмектесу; балаларды дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдануға әдеттендіру; қозғалыс дағдысын тәрбиелеу.
Дене шынықтыру мен спорт жөніндегі сыныптан тыс жұмыстың негізгі формалары: секциялары мен үйірмелердегі сабақтар спорт жарыстары, серуендер, туристік жорықтар, дене шынықтыру және спорт мейрамдары.
Серуендер мен жорықтарды балалардың табиғат туралы білімдерін  толықтыра алатындай тамаша адамдардық әңгімелерін ести алатындай жерде белгіленген жөн.
5. Оқушыларды жүйелі түрде дене жаттығуларына үйретудің тиімді жолдарының бірі - олардың өз еркімен дайындалуы. Осыған байланысты оқу бағдарламасына дене тәрбиесінен үйге тапсырма беруді міндетті түрде енгізу керек.
Отбасында өз еркімен орындалатын дене тәрбиесінің бір түрі -таңертеңгілік гигиеналық-бой сергіту жаттығуы. Ол адамның дене құрылысының ұйқыдан соңғы тіршілік қызметіне тез араласуына  әсерін тигізіп қана қоймай, адамды сергек жүруге және  көңіл-күйін көтеруге көмегін тигізеді. Таңертеңгілік бой сергіту жнттығуы тұлғаны дұрыс қалыптастыруға әсер ете отырып,тыныс алуды жақсартады, қан айналу жүйесі қызметін күшейтеді, зат алмасуға көмектеседі, оқушылардың зеректігін, мақсатқа жету ұмтылысын қалыптастырады, ақыл-ой қызметін арттырады. Ертеңгілік бой сергіту жаттығулары оқушыларды тәртіптілік пен бейімділікке, өзіне деген сенімділік пен белсенді қызмет атқаруға тәрбиелейді.
6. Порфирий Корнеевич Иванов - уақытты жарты ғасырға басып озған жан. Оның қарапайым әдісі - "Детка" немесе "Иванов жүйесі" деп аталады.
Оның нұсқаулары:
•  өзіңді жақсы сезіну үшін күніне 2 рет табиғи суың суға шомыл. Ыстық суға шомылсақ, суық сумен нүктесін қой;
•  шомылар алдында, не шомылып жатқанда табиғат аясына шың, жалаң аяғыңмен жер бас. Ауаны аузыңмен қармап, бірнеше рет дем ал да іштей өзіңе және өзге жұртқа денсаулық тіле;
•  арақ ішпе, темекі тартпа;
•  аптасына кем дегенде 1 рет тамақсыз не сусыз күн кешуге тырыс;
•  қоршаған ортаны сүй. Айналақа түкірме және ештеме тастама. Бұл сенің саулығың;
•  денім сау болсын десең барлық адаммен сәлемдес;
•  бойыңдағы жаман қылықтардан арыл. Жұртқа сен және оларды сүй;
•  адамдарға әсіресе көмек сұрағандарға көмектес. Оның қажетіне бар жан-дүниеңмен көмектес. Ол сенің досықа айналады, соныңмен әлемдік іске ат салысасыз;
•  жексенбі күні табиғатқа жалақаяң шығып, бірнеше рет тыныс ал да, ойлан;
•  ауру, сырқат, өлім жөнінде ойлаудан қаш. Бұл сенің - жеңісің;
•  ес пен ойды бөле қарама. Оны жүзеге асыр;
•  іс жөніндегі тәжірибеңді үлгі-өнеге ет. Біраң ол үшін мақтанба да, өзіңді-өзің өреден жоғары ұстама. " Ұлық болсаң-кішік бол".
Бұл қағиданың оқушының рухани жағынан тазарып, салауатты өмір сүруіне тигізетін рөлі ерекше.
Қоғамның болашағы - оқушы-жастарға ұжымдық тәрбие беруде дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындарды өткізудің рөлі зор. Қазақстанның ұлттық ойындарының ішінде ұжымдыққа, ауызбірлікке тәрбиелейтін ойындарды оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалануға болады.


Ұсынылған әдебиеттер.

1.  К.Бержанов, С.Мусин. Педагогика тарихы. - Алматы: Мектеп, 1972.


2. Е.Сағындықов. Ұлттық ойындарды тәрбие жұмысында қолдану. - Алматы, 1992.
3.  К.Сейталиев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1986.
4. Ж. Қоянбаев, Р.Қоянбаев. Педагогика. - Алматы, 1998.
5. Савин Н.В. Педагогика. - Алматы, 1983.

7 тақырып: Туғаннан 7 жасқа дейінгі баланың жас ерекшеліктеріне қарай дамуы.



Дәріс мақстаы: 7 – жастағы балалардың жастық ерекшеліктері
Қарастырылатын сұрақтар

    1. Қимыл – қозғалыстарға үйретудің физиологиялық заңдылықтары

    2. Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері


Дәріс

Қимыл – қозғалыстарға үйретудің физиологиялық заңдылықтары. Адамның ерікті қимыл – қозғалыстарының қалыптасуы санасының белсенді түрде қатысуымен қабаттаса жүреді.Қимыл – қозғалыстарға үйретудің нәтижесі жатталатын дене жаттығуларының маңызын түсінуіне, оқушылардың қызығушылығына,оқыту әдістерінің балалардың жастық ерекшеліктеріне сәйкес келуіне тәуелді.Адамның қимыл – қозғалыс әрекеттері екінші сигналдық жүйенің қызметімен тығыз байланысты. Сондықтан қимыл амалдарына үйрету процесінде оларды іс жүзінде орындап көрсетумен қатар, сөзбен бейнелер жасалғаны жөн. Алайда, ерікті қимылдарды бойға сіңіру процесінде қимыл тәжірибесінің шешуші рөл атқаратынын естен шығармаған жөн.Адамның ерікті қимылдарын жануарлардың шартты рефлекстерімен теңеуге болмайды. Жануарлардың шартты қимыл рефлекстері, әдетте, шартсыз рефлекстерді немесе олардың өзгертілген формаларын қайталайды. Ал адам іс - әрекеттерінің мақсатқа сәйкестілігі туа біткен рефлекстерді қайталауға жатпайды. Керісінше, ол жеке даму процесіндегі күрделі шартсыз рефлекстердің және қимыл – қозғалыстардың бойға сіңірілген жаңа формаларының бірлестігі болып келеді. Адамның қимыл – қозғалыс әрекеттері ең жоғары психикалық функцияларымен, сана сезімімен және ойлауымен байланысты.Адам мен жануар үшін бірдей шартты тітіркендіргіштердің биологиялық маңызы мен күштерінің арасындағы ерекшеліктері өте маңызды. Сыртқы ортаның қандай болсын агенті адам мен жануарлар үшін шартты рефлекстердің жасалуына сигнал бола алады. Бірақ адам үшін сөз - өте жоғары маңызды сигнал.Тірек – қимыл аппараты мен дене сапаларының жетілген деңгейі жаңа қимыл – қозғалыстарға үйретудің алғышарттары болып келеді. Ол оқытудың құрылымдық – функциялық негізі. Жаңа қимыл – қозғалыстар талаптарын бұл алғышарттар қанағаттандырады, сәйкес келеді немесе жеткіліксіз болады. Жеткіліксіз жағдайда оқу процесі созылып кетуі мүмкін. Сондықтан берік морфофункциялық іргетас қалауды жаңа қимыл – қозғалыстарға үйретудің ең тиімді жолы ретінде қарастыру қажет. Қандай жағдайда болсын біртұтас организм үшін көздеген мақсатқа тиімді және үнемді жолдармен жету ережелері өздерінің маңызын жоймайды.Күрделі қимыл – қозғалыстарға оқытуда логикалық соңына жеткен элементтерді бөлшектеуге болады. Алайда, балаларды оқыту барысында күрделі қозғалыстар элементтерінің ішкі тұтастығын сақтайтын әдістер басқадан артық келеді.Бастапқы кезеңде ол әдістер жеңілдетілген жағдайларда өткізілуі мүмкін. Мұндай жеңілдетілген жол дене сапаларының максимал дәрежеде білінуін талап ететін жағдайларда жаттығуларды меңгеру сатыларында жақсы. Күрделі жаттығуларға үйретудің бірінші кезеңінде, қимыл – қозғалыстар автоматизмі пайда болғанша,қосымша амалдар мен жағдайларды пайдаланудың қажеті жоқ.Жаңа қимыл – қозғалыстарды үйренудің табыстылығы балалардың қимыл әрекеттеріне оңтайлы жағдай жасаумен байланысты. Назарды белсенді күйге келтірудің түрлі әдістерін қолдану,сабақтың кіріспе бөлімінде болашақ әрекеттерге жан – сезімдік сезінуді қамтамасыз ету орталық жүйке жүйесінің оңтайлы қозғыштығын жасауға атсалысады. Күрделі қимыл – қозғалыстарға шаршаған жағдайда үйрену өте тиімсіз.Қалыптасқан қимыл дағдысының беріктігі үйреніп жатқан қимылдарды қайталау санына тәуелді. Орындалу дұрыстығын оқытушының тынымсыз бағалауымен қатар оларды қанша рет қайталауын қадағалау, жаттығудың жеткілікті меңгерілуінің негізгі шарттарының бірі болып келеді.Индифференттік тітіркендіргіштердің күші,дәлірек айтқанда, үйренетін қимыл – қозғалыстардың өзі,оңтайлы дәрежеде болу керек. Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер,яғни өте күрделі жаттығулар,оқушының қимыл – қозғалыс функцияларының жастық даму ерекшеліктеріне сай келмейтіндері меңгерілмейді. Керісінше,күші жағынан әлсіз, баланың ынтасын тудыра алмайтын қарапайым қимыл – қозғалыстар,оларды қайталай орындау үшін қозғаушы бола алмайды.
Ерікті қимылдарды қуаттаушы агенттің индифферентті агентке қарағанда күші максимал болуы керек. Оқушының әрекеттерін бағалау,түсінік беру, қателіктерін түзету,үнемі назарда ұстау жаңа қимыл – қозғалыстарға үйретудің тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.Табиғи қимыл–қозғалыстарға жақын ( мысалы,жүгіріс)
Спорттық жаттығуларға үйрету,оларда қимылдың іштен туа біткен механизмдерінің( элементтері ) басым болуы себебінен жеңіл келеді. Алайда оқытуда жіберілген қателіктер қимыл – қозғалыстардың табиғи реттелу негіздерін жоюы мүмкін. Мұндай қауіпті салдарға қимылдардың қалыпты физиологиялық реттелу механизмдеріне сәйкес келмейтін үйретудің алуан түрлі нысанды әдістері мен амалдарын енгізу себеп болады.
Күрделі қимыл – қозғалыстар үйретудің әдістемесін алдын ала мұқият жасауды талап етеді. Ондай әдістеме балалардың қимыл – қозғалыс функцияларының реттелуі мен қалыптасуының жалпы заңдылықтары жөніндегі білім негізінде құрылады. Күрделі қимылдарды орындаған кезде оларға бағытталған саналы да,жігерлі бақылаулар,қимылдардың табиғи формаларын меңгеруге қарағанда,ұзағырақ сақталуы керек. Жеке бөлшегі не болмаса тұтас қимыл – қозғалыс автоматтандырылған сайын,оны санамен бақылау әлсірей береді. Іштен туа біткен қимыл – қозғалыс әрекеттеріне тән қимыл – қозғалыстар еріксіздік бейнелеріне ие бола бастайды.Балалар мен жасөспірімдерді қимыл – қозғалыстарға үйретудің ерекшеліктері. Жаңа қимыл – қозғалыстарға үйрету қарапайым қимыл актілернің табиғи бейнелерінің жастық алғышарттарына негізделеді. Тұнғыш балалық шақтағы бейберекет қимыл – қозғалыстардан,сансыз сынаулар мен байқаулар арқылы,оларды орындаған шақтарда ұшырасатын сәтсіздіктерден аса отырып, бара – бара мақсатты қимыл – қозғалыстар қалыптасады. Мақсатқа сәйкес қимыл әрекеттерін қуаттау – ерікті қозғалыстарды қалыптастыруға бағытталған қажетті әрекеттер. Мысалы,баланың шап беріп ұстай алатын қимылдарын,бірнеше рет тамақ немесе басқа биологиялық маңызы зор агенттермен қуаттаса,олар мақсатты сипатты қимыл әрекеттеріне айналады.

Тұңғыш даму кезеңдерінде баланың қимыл – қозғалыс( локомоторлық) функциясы өте қарапайым формаларында іске асады.Бір – екі жастағы бала жүрісін еске түсірейік. Оның қимыл белсенділігі,көптеген спорт түрлеріндегі немесе әртістік өнердегі қимыл – қозғалыстарға мүлде ұқсамайды.Қимыл – қозғалыс функциясының дамуы біркелкі емес. Туғаннан соң бір жасқа деін бала өте тез өседі. Тұнғыш балалық шақта тұлға бұлшық еттерінің массасы тек артады. Тек мектептке дейінгі жаста ғана( 5-6 жаста) қолдарының ұсақ бұлшық еттері тез дамиды. Бұл жаста бала саусақтары дәл және нәзік қимыл – қозғалыстарға ие бола бастайды.Тірек – қимыл аппаратының және орталық реттеуші механизмдерінің жетілуі жоғарылаған сайын жаңа қимыл – қозғалыстарды меңгеру қабілеті артады.Бастауыш сыныптағы балалар,шапшаң шешім қабылдап орындауды талап ететін,аяқ астынан пайда болатын қимыл – қозғалыс жағдаяттарына салыстырмалы тез бейімделеді. Қимыл – қозғалыс дағдыларын үйрену және оларды орнықтыру жеделдігі көптеген жағдайларда оқытушының шеберлігіне,қуаттау әдістерінің ебін табуына,баланың сабаққа деген ынта – жігерін арттыра білуге байланысты. Сондықтан физиологиялық әрі педагогикалық тұрғыдан алғанда да,түсінік беріп,жаттығулардың орындалуына баға беріп,баланың қимыл әрекеттеріне тұрақты бақылау жасап отырғанымыз дұрыс.Ерікті қимыл – қозғалыстардың қалыптасуы оқытудың алғашқы кезеңдерінде шартты рефлекстік әрекеттердің жалпы заңдылықтарна тәуелді. Жастық даму және түйсіктің қалыптасуы барысында осы заңдылықтар жаңа сапалық мазмұнға ие бола бастайды. Қимыл – қозғалыстарға саналы ынта – жігерді бақылау оқудың нәтижелі болуының басты кепілі болып келеді.Сондықтан қолда бар қуаттаушы агенттердің ішіндегі әлеуметтік маңызы бар түрін пайдалану маңызды.Баланы жаңа қимыл – қозғалыстарға үйрету жолындағы қуаттаушы агенттер:мұғалімнің сөзі,әрекет жетістіктерін бағалауы,баланың өз табыстарының маңызын ұғынуы және өзіне - өзі баға беруі. Алайда оқытудың тұңғыш кезеңдерінде үйреніп жатқан дене жаттығуларындағы табыстары қарапайым,сонымен қатар айқын,жағымды,табиғи,биологиялық мазмұны құпия емес агенттерді пайдаланған жөн. Қимыл-қозғалыстарды орындап жатқан мезгілдің өзінде немесе орындалып біткеннен кейін нақты бейнелі қуаттаулар оқытуды жеңілдетеді. Мұндай әдістер бастауыш сыныптардағы оқушылардың ойлау қасиетінің ерекше бейнелі болуымен байланысты.Оларда нақты тітіркендіргіштердің әлі де болса көбісі сөз бейнесіне ие бола қойған жоқ.Сондықтан балаларға қуаттаушы заттық агенттер әсер етеді.



Бастауыш сынып жасындағы балалар техникалық жағынан күрделі қимыл – қозғалыстар формаларын меңгеруге қабілетті. Бұл 7-8 жаста жоғары жүйке әрекеттерінің дамуы едәуір биік сатыға көтерілгенін көрсетеді. Осы уақытқа дейін жүйке жасушаларының( клетка) өте маңызды өсу сатысы құрылымдық саралап жіктеумен аяқталады.Абстракциялық ойлау негізі болатын іштен сөйлеу мүмкіндіктерінің қалыптасуы қарқынды түрде артады. Алайда ішкі тежелу процестері әлі де болса жетілмегендіктен,жаңа қимыл – қозғалыстарды жасау оларға қиынырақ түседі. Баланы қимыл – қозғалыстарға үйрету шапшаңдығы оның сыртқы әсерлерге деген бейімделгіштігіне байланысты. Балалардың жеке дамуында түрлі бағыттағы дене жүктемелеріне сезімтал келетін кезеңдер байқалады( сын кезеңдері). Мысалы,6-8 жастағы баланы коньки тебуге,9-11 жас кезіндегіден үйрету жеңіл.8-12 жас аралығында, дәлдік пен жоғары үйлесімділікті, кеңістікті бағдарлай алу қасиетінің қарқынды дамуына байланысты,іс жүзінде қандай да болсын қимыл – қозғалысқа үйретуге болады.Мектепке дейінгі жаста екі аяқ пен бір сәттілік қимылдарды( мысалы,екі аяқпен теуіп секіру) жасау қиындық туғызады, өйткені туа біткен қайшылас координация әлі де сақталған.Тек 7-8 жасқа дейін аяқпен бір сәттілік симметриялық қимыл – қозғалыстар жасауға қажетті үйлесімділіктің физиологиялық механизмдері дамып жетіледі.8-9 жастан бастап жүгіріс пен жүзудің жылдамдығы қарқынды өсе бастайды,ал 10-11 жасқа жақын жүгіріс адымдарының жиілігі максимал дәрежесіне жетеді,тіпті 10-11 жастағы балалар осы жағынан 12-14 жастағы жасөспірімдерден асып түседі.Жасөспірімдік және бозбалалық жастарға дерексіздік ойлаудың басым болуымен байланысты,нақты,заттық тітіркендіргіштерге қарағанда,сөз сигналдарына шартты қимыл рефлекстері тез жасалады.Сондықтан( әсіресе бозбалалық шақта),негізінен, сөздік әдістерді пайдалану арқылы қимыл – қозғалыстарға үйрету физиологиялық тұрғыдан негізді. Жасөспірімдер жоғары қозғыштығымен, өте жоғары қимыл белсенділігімен,қимылдарының ретсіздігімен( ебедейсіздігімен) ерекшеленеді. Жыныстық жетілу кезеңіне жақын мидың талдау – түзу функциясының мүмкіндігі жоғарылайды. Дене жаттығулары сабақтарының мазмұны мен маңызын түйсіну арқылы,жасөспірім олардың түрлерін тез меңгереді.Жасөспірім психикасының тұрақсыздығы оның дене деген назарын үнемі қуаттап тұруды қажет етеді. Бірақ олардың аса күрделі болмағаны жөн. Күрделі,қиын жатығуларға немесе өте қарапайым жеңіл орындалатын жаттығулар сияқты қимыл – қозғалыстарға ынта – жігер тез сөнеді.Дене жаттығуларына аса қол жетімділік техниканы меңгеруге деген немқұрайлылыққа әкеледі. Дәл осы жаста, жаттығуларды орындау арқылы физикалық жан –жақты даму, проприоцепция аппаратын жетілдіретін дұрыс техникамен қабаттасуы керек.Тиімді құрылған дене жаттығуларының сабақтары,организмнің мүшелері мен ұлпаларының дамуын,өсуін күшейте отырып,биологиялық процестерді құрайды. Жасөспірімдер өзінің мүмкіндіктерін асыра бағалай отыра күш жаттығуларымен,ауыр заттарды көтерумен,күрделі акробатикалық,гимнастикалық және басқа жаттығулармен өзін - өздері жүктейді. Осындай ерекшеліктерді ескере отырып,спорттық жарақаттарға әкелетін және техникалық дилетантизмнің потенциялдық қайнар көзі болатын жаттығуларды сабақ барысына кіргізугеболмайды.

Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері. Оқушыларға әлемдік деңгейде білім, тәрбие беру – қазіргі заман талабы. Бұл заңды да, өйткені біздің қоғам өмірінде адамгершілік бастамаларының ролі барған сайын артып, моральдық факторлардың ықпал аясы кеңейе түсуде. Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері – оқушылардың белсенді өмірлік позициясын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін сақтап, адамгершілік нормаларынан ауытқушылыққа жол бермеуді қалыптастыру. Бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттағанда бәрін білсем, үйренсем деп үміттенеді. Нақтылы ойлауға шамасы жетпесе де, азамат болсам деп қиялдайды. Бастауыш сынып – қиын да күрделі. Оқушылар жас, оның үстіне ой-өрісі тар, тіл байлығы кем. Сабақтан бұрын ойнағанды жақсы көреді. Жылауы да, жұбануы да оңай. Ұрсуды, кеюді көтермейді. Олармен тіл табыса білу үшін үлкендер өз жасын шегеріп, былайша айтқанда, «баламен бала болуға тура келеді.


Солармен бірдей күй кешесің, бірге ойнайсың, бірге күлесің, қысқасы, бар тілеуің солармен бірге болуға тиіс. Онсыз білім берем деу құмға сіңген сумен тең.

Сабақ басталды дейік. Алдыңда көздері жәудіреп бір топ бала отыр. Олар саған бір жағы сынай, бір жағы үрке қарайды. Мұғалім қалай қарым-қатынас жасайтыны, мінезі қандай екені, мектеп тұрмысының көптеген ерекшеліктері оларға әлі тылсым, жұмбақ.

Сезімтал ұстаз оқушылармен алғашқы таныстық үстінде – ақ көп нәрсені аңғара алады. Шәкірттерінің ой-өрісі ауқымын да бірден ажыратады. Баланың бәрі бірдей емес, кейбіреуі зейінді, зерек, айтқанды лезде ұғып ала қояды. Ал кейбіреуінің аңғарымпаздығы әлі нашар, ұққанын жеткізіп айта алмайды. Ондай оқушылармен көбірек жеке жұмыс жүргізуге тура келеді. Ол үшін олардың мінез-құлықтарын, психологиясын алдын ала жете зерттеп, біліп алу қажет, мұның сабақ процесінде көп жәрдемі тиеді. Бұл бізге бұрынан белгілі нәрсе «Мың рет айтып түсіндіргеннен, бір рет көзбен көрген абзал» деген ұлағатты сөз бар. Бұл жастағы балалар көп сөзділікті ұнатпайды, ауызша айтқанға сене бермейді. Не нәрсе болса да, көзбен көргені мақұл. Сонда оқушыларда ол бейне, зат немесе сурет жайында түсінік пайда болады, оның құрылысы, жалпы көрінісі, қандай іске пайдаланатындығы санасында мәңгі сәулеленеді, қызығушылығы артады. Мынаны көз алдыңызға елестетіңіздерші: цирктегі сиқыршыға үлкен де кіші де қызыға қарайды. Көз алдыңда бір заттан бір зат пайда болып жатады.

Шынында да керемет нәрсе емес пе? Ал енді сиқыршы соларды қолмен істеп көрсетпей, сөзбен сипаттап айтып берсе, қызығы болар ма еді? Әрине жоқ. Сабақ кезінде пайдаланатын көрнекілікпен бірге, оқушылар арасында өзара жұмыс ұйымдастырудың да көп пайдасы бар. Мысалы: «Сыныпта кім дәптер, оқулықтарын таза, ұқыпты ұстайды?» деген тақырыпта жұмыс ұйымдастырдым. Алдымен оқушыларға қағаздың қалай жасалатынын, одан кітап, дәптер істеу үшін қанша адамның еңбек ететінін интерактивті тақтада слайдпен түсіндіріп, ақын Нәсіпбек Айтовтың қағаз туралы өлеңін мәнерлеп оқыдым. Бұл көрініс пен әңгіме балаларға үлкен әсер қалдырды. Әрбір жақсыдан, ұнамды қылық қалыптастыру барысында. «Кім партада дұрыс отыра алады?», «Кім әдемі жазады?», «Сыныптың ең үздік оқушысы», «Мен қонақта болғанда», «Амандаса білу-үлкен әдептілік», «Үзілісте» т.б. тақырыпта жұмыстар жүргізілді, нәтижелері уақытында жарияланып отырылды. Озып шыққан оқушылар мақтауға, марапатқа ілінді. Меніңше, бастауыш сынып оқушыларына көп нәрсенің керегі жоқ. Мұғалімнің дұрыс, әділ көзқарасы, жылы сөзі болса-сол жеткілікті.


Қысқасы: ата-ана мен мұғалім ынтымақпен бірігіп, бүлдіршіннің жеке басының ерекшеліктерін ескеріп, жұмыс жүргізсе ғана тәрбие ісі әрқашан да оңға басады.

жүктеу 171,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау