Бекітемін"
"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-ның
Президенті
_____________ Е.В. Студенина
2017 жылғы "27" қазан
бұйрық № 67
КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА
сақтандыру бойыншақызметтер сатып алу туралы
Тапсырыс беруші: "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" Акционерлік қоғамы, тапсырыс берушінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28-үй, БСН 970740000154, банктік реквизиттері: "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның №139900 Алматы облыстық филиалы, ЖСК KZ706010131000043597, БСК HSBKKZKX, шот валютасы - теңге (KZT), КБЕ 15, байланыс телефоны: (727) 262-04-08, ішкі135/130, электрондық пошта мекенжайы: OzbakanovA@csd.kz, тапсырыс берушінің интернет-ресурсы – www.kacd.kz.
Сатып алуды ұйымдастырушы: Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" Акционерлік қоғамы, сатып алуды ұйымдастырушының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28-үй, БСН 970740000154, банктік реквизиттері: "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның №139900 Алматы облыстық филиалы, ЖСК KZ706010131000043597, БСК HSBKKZKX, шот валютасы - теңге (KZT), КБЕ 15, байланыс телефоны: (727) 262-04-08, ішкі135/130, электрондық пошта мекенжайы: OzbakanovA@csd.kz, сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсы– www.kacd.kz.
1. Жалпы ережелер
1. Конкурс сақтандыру бойынша қызметті (бұдан әрі - Қызмет) жеткізушіні таңдау мақсатында өткізіледі.
2. Тауарды сатып алу жөніндегі осы конкурс үшін бөлінген сома 12 000 000 (он екі миллион ) теңгені 00 тиынды құрайды, ҚҚС-ті есептемегенде.
3. Осы конкурс үшін:
1) ең аз шартты конкурстық баға ұсынысын және оны қолдану тәсілдерін анықтау мақсатында конкурс қатысушыларының конкурстық баға ұсыныстарына ықпал ететін критерийлер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, оның ведомстволарының, оның құрылымына кіретін ұйымдардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалардың және олармен үлестес заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді иеленуі қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 237 Қаулысында көрсетіледі.
2) Конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаға сәйкес төлемнің талаптары мен айтарлықтай маңызды талаптар көрсетіле отырып шарттың жобасына қоса беріледі.
2. Сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық
құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті жеткізушілерге оның ережелерін түсіндіруі
4. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті жеткізуші 2017 жылғы "2" қараша 10 сағ. 00 мин. кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінеді. Әлеуетті жеткізушілердің сұрау салуларын сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет: "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" акционерлік қоғамы, тапсырыс берушінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28-үй.
5. Сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оған жауап береді және сұрау салу кімнен келіп түскенін көрсетусіз конкурстық құжаттама ережелерін түсіндірулердің мәтінін тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында жариялайды.
6. Сатып алуды ұйымдастырушы 2017 жылғы "4" қараша 10 сағ. 00 мин. мерзімнен кешіктірмей жеке бастамасы бойынша немесе сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті жеткізушінің сұрау салуына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізеді.
Енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың міндетті күші болады және сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде мәліметтері тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында тіркелген тұлғаларға тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсы арқылы енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін орналастырады. Бұл ретте сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті жеткізушілер конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді есепке алу үшін кемінде күнтізбелік бес күннен астам емес мерзімге конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімін ұзартады.
Сатып алуды ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің (сатып алу ұйымдастырушының) интернет-ресурсында жариялайды.
3. Конкурс тәсілімен сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар
Конкурсқа қатысуға арналған өтінім
7. Конкурсқа қатысуға өтінім осы үлгі конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды беруді жүзеге асыруға (жұмысты орындауға, қызметтер көрсетуге) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті жеткізушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.
8. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінімінде мыналар:
1) осы үлгі конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) тізбесі;
2) осы үлгі конкурстық құжаттамаға 2 және (немесе) 3-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша толтырған және қолын қойған өтінім;
3) әлеуетті жеткізуші өзінің және өзі тартатын қосалқы мердігерлердің (бірлескен орындаушылардың) біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін ұсынатын құжаттардың тізбесі:
заңды тұлғалар үшін құқықтық қабілеттілігін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері:
заңды тұлға қызметті «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабына сәйкес Үлгі жарғы (бұдан әрі - Үлгі жарғы) негізінде жүзеге асырған жағдайды қоспағанда жарғы. Қазақстан Республикасының бейрезиденттері мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріндегі аудармасымен сауда тізілімінен нотариат куәландырған, заңдастырылған үзінді көшірмені ұсынады;
егер жарғыда құрылтайшы (құрылтайшылар) немесе құрылтайшылардың (қатысушылардың) құрамы туралы мәліметтер болмаса, құрылтай құжаттарынан құрылтайшы (құрылтайшылар) немесе құрылтайшылардың (қатысушылардың) құрамы туралы мәліметтерді қамтитын нотариат куәландырған көшірмесі не үзіндісі не конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан бұрын емес берілген, белгіленген тәртіппен қол қойылған және куәландырылған акция ұстаушылардың тізілімінен, серіктестіктер қатысушыларының тізілімінен үзіндінің түпнұсқасы;
заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің немесе анықтама (нотариат анықтаманың электрондық нұсқасын куәландырмайды). Егер заңды тұлға қызметін Үлгі жарғысы негізінде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариат куәландырған көшірмесі;
жеке тұлғалар үшін азаматтық әрекет етуге қабілеттігін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері:
жеке басты куәландыратын құжат;
заңды тұлға құрмастан (дара кәсіпкер үшін) тиісті мемлекеттік орган берген кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжат;
лицензиялардың (нотариат лицензияның электрондық нұсқасын куәландырмайды) және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, рұқсаттардың, әлеуеттi жеткізушінiң «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткiзуге, жұмыстарды орындауға, қызметтердi көрсетуге құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерi;
төлем жасау қабілеттілігін растайтын құжат - әлеуетті жеткізушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі бар әлеуетті жеткізушінің үлгі конкурстық құжаттамаға 4-қосымшаға сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті жеткізуші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан бұрын берілмеуі тиіс.
Әлеуетті жеткізушінің оның біліктілік талаптарына сәйкестігін әлуетті жеткізушіге халықаралық рейтингтік ұйымының рейтингін беруді растайтын құжатты ұсыну арқылы растау жол беріледі не әлуетті жеткізушіні биржаның ресми листингіне енгізу туралы қор биржасынан үзінді;
4) егер әлуетті жеткізуші қосылқы мердігерлерді (бірлесе орындаушыларды) тарту көзделсе, онда әлуетті жеткізуші жұмыстың (құрылыс құны), қызметтің жиынтығында үштен екіден астам көлемі қосалқы мердігерге (бірлесе орындаушыға) қосалқы мердігерлерге (бірлесе орындаушыларға) беруге тыйым салу бойынша шарт қабылдау туралы хабарлайды:
олардың осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар;
осы үлгі конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтер және әлеуетті жеткізушінің жұмыстар (құрылыстың құны), қызмет көрсетулер көлемінің жиынтығында үштен екісінен астамын қосалқы мердігерлікке беруге тыйым салу талаптары;
5) заңды тұлғалар сатып алуларда уақытша біріккен жағдайда (консорциум), осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген құжаттардан басқа осы консорциум қатысушылары болып табылатын заңды тұлғалар өздерінің біліктілік талаптарын растау үшін мынадай құжаттар ұсынады:
заңды тұлғалар (консорциум) арасында жасалған бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесі;
бірлескен шаруашылық қызметі туралы шартта көзделген лицензиялауға жататын қызмет бөлігінде тауар ұсыну, жұмыстар орындау қызмет көрсету құқығына лицензияның нотариат куәландырған көшірмесі (лицензияның электрондық нұсқасын нотариат куәландырмайды);
6) сатып алатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің осы үлгі конкурстық құжаттаманың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша техникалық ерекше нұсқама;
7) тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу үшін конкурсқа (лотқа) бөлінген соманың 1 (бір) пайыз мөлшерінде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету, осы үлгі конкурстық құжаттаманың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банктік кепілдік түрінде не сатып алуды ұйымдастырушының банктік шотында не тапсырыс берушінің шотында орналастыратын кепілді ақшалай жарнасын растайтын төлем құжаты.
Конкурстық құжаттамада әлеуетті жеткізушінің төлем жасау қабілеті жөніндегі біліктілік талабына сәйкестігін осы үлгі конкурстық құжаттаманың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтінімімен бірге жүргізілетін сатып алу сомасының 100 (біржүз) пайызына тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше резидент банктерінің банктік кепілдіктері түріндегі конкурсқа қатысуға өтінімді қаматамасыз етуді ұсыну арқылы растау құқығы туралы ақпарат.
Әлеуетті жеткізуші конкурсқа қатысуға өтінім берген лоттарға ғана конкурсқа қатысуғаөтінімді қамтамасыз етуді енгізеді.
Конкурстың барлық лотына бірдей өтінім ұсынбаған кезде лоттардан тұратын конкурсқа бөлінген жалпы сомаға конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізуге жол беріледі;
8) әлеуетті жеткізушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті жеткізушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті жеткізушінің мүдделерін білдіретін адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат қамтылуы тиіс.
Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар
9. Әлеуетті жеткізуші Конкурсқа қатысуға өтінімді сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттерімен береді және соңғы беті оның қолымен, мөрімен (жеке тұлға үшін (ондай бар болса) куәландырылады.
Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі тігілген түрде, нөмірленген беттерімен, соңғы беті әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылған түрде және банк кепілдемесінің түпнұсқасы немесе конкурсқа қатысуға өтінімнің қамтамасыз етуін растайтын төлем құжаты жеке беріледі. Әлеуетті жеткізуші электрондық тәсілмен төлемді жүзеге асыру кезінде сатып алу ұйымдастырушысына банкпен куәландырылған қағаз түрінде электрондық төлем құжат мазмұнының көшірме басылымын немесе өзге бейнесін ұсынады.
10. Конкурсқа қатысуға өтінім басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы тиіс.
11. Конкурсқа қатысуғаөтінімде әлеуетті жеткізушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай қосылған жазба, өшірілген сөздер немесе артық жазылған сөздер болмауы тиіс.
12. Әлеуетті жеткізуші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық мекенжайы (егер ол «кешікті» деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпаған күйінде қайтару мақсатында), сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, конкурс тәсілімен сатып алудың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуі тиіс: "Сақтандыру бойынша қызметті сатып алу туралы конкурс" және "2017 жылдын "7" қараша " 12 сағ. 00 мин. дейін ашпаңыз".
Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі
13. Әлеуетті жеткізушілер не олардың уәкілетті өкілдері сатып алуды ұйымдастырушыға конкурсқа қатысуға өтінімдерді қолма-қол немесе мекенжайы бойынша тапсырысты пошта байланысын пайдалана отырып: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Самал – 1 ы/а, Әкімшілік-шаруашылық бөлімі. 2017 жылғы "7" қараша 10 сағат 00 минут дейінгі мерзімді қоса алғанда, конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдауға және тіркеуге жауапты – Озбаканов Арнур, телефон 8 727 262-04-08 ішкі 135 береді.
Әлеуетті жеткізуші конкурстық құжаттамада көрсетілген оны ұсынудың мерзімі біткенге дейін конкурсқа қатысуға бір өтінімді ұсынады.
14. Әлеуетті жеткізуші конкурсқа қатысуға ұсынатын өтінімнің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға өтінімді ашу күнінен бастап 45 (қырық бес) күнтізбелік күннен аз болмауы тиіс.
15. Әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері конкурсқа қатысуға ұсынған өтінімдер конкурстық комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып тіркейді.
16. Сатып алуды ұйымдастыруға алған конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылмайды, оларды ұсынған әлеуетті жеткізушілерге конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша не әлеуетті жеткізушілердің уәкілетті өкілдеріне алғаны туралы қол ала отырып көзбе-көз қайтарады және мына жағдайларда:
1) егер әлеуетті жеткізуші бұрын осы конкурсқа қатысуға өтінім ұсынған;
2) конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың мерзімі аяқталғаннан кейін түскен;
3) егер әлеуетті жеткізушінің атынан конкурсқа қатысуға өтінімі бар конверт ұсынған әлеуетті жеткізушінің өкілінің өкілеттігін құжатпен растау болмаған жағдайда тіркелмейді.
17. Осы үлгі конкурстық құжаттаманың 12-тармағында көзделген конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптарды бұзып ресімделген конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер қабылданбайды және тіркелмейді.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу
18. Әлеуетті жеткізуші конкурсқа қатысуғаөтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзі енгізген өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін қамтамасыз етуді қайтарып алуға құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертеді немесе қайтарып алады.
Өзгеріс енгізу конкурсқа қатысуға берілген өтінімнің өзі сияқты тәртіппен дайындалады, желімделеді және ұсынылады.
Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама, әлеуетті жеткізуші қол қойған және мөрмен бекітілген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін түрде жазылған өтініш түрінде ресімделеді (жеке тұлға үшін егер осындай бар болса).
19. Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.
20. Сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей әлеуетті жеткізушілерден нақты уақыт кезеңіне олардың қолданылу мерзімін ұзартуды сұратады. Әлеуетті жеткізуші мынадай құқықтарын жоғалтпастан, өз шешуі бойынша мұндай сұрау салудан бас тартады:
1) оның конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі ішінде конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алуға қатысу;
2) осындай өтінімнің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алу.
21. Әлеуетті жеткізуші өзінің конкурс тәсілімен сатып алуға қатысуына байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы конкурс тәсілімен сатып алудың нәтижелеріне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.
4. Конкурс тәсілімен сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған
конверттерді конкурстық комиссияның ашуы
22. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды келген барлық әлеуетті жеткізушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссия 2017 жылғы "7" қараша 12 сағат 00 минут мына мекен-жай бойынша: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Самал – 1 ы/а, 28 үй жүргізіледі.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі мен конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу арасындағы кезең екі сағаттан аспайды.
Сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында және осы Үлгі конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті жеткізушілердің өтінімдер салынған конверттері ашылуға жатады.
Егер конкурсқа (лотқа) конкурсқа қатысуға бiр ғана өтiнiм ұсынылса, онда конкурсқа қатысуға арналған осы өтiнiм ашылады және қаралады.
23. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған әлеуетті жеткізушілердің уәкілетті өкілдері өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге және әлеуетті жеткізушілерді тіркеу журналына тіркеуге тиіс 2017 жылғы "7" қараша 11 сағат 00 минут мына мекен-жай бойынша: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Самал – 1 ы/а, 28 үй.
Әлеуетті жеткізушілер мен олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазу үшін пайдалануға ниет етіп отырған аудио және бейне жазбаның техникалық құралдары туралы хабардар етеді.
24. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуетті жеткізушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді.
25. Конкурстық комиссияның отырысында конкурстық комиссияның төрағасы не конкурстық комиссия мүшелерінің ішінен төраға белгілеген тұлға мыналар туралы хабарлайды:
Конкурстық комиссия, конкурстық комиссия хатшысы, сараптау комиссиясы (сарапшы) олар тартылған жағдайда);
конкурстық құжаттама ережелерін түсіндіру бойынша әлеуетті жеткізушілердің сұратулары бар болса не болмаса;
конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісі, сондай-ақ себебптері бар болса не жоқ болса;
конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында тіркелген конкурсқа қатысуға өтінімдерді белгіленген мерзімде ұсынған әлеуетті жеткізушілер;
осы конкурс бойынша басқа ақпаратты жариялауды;
конкурсқа қатысуға өтінім ұсынған әрбір әлеуетті жеткізуші туралы конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген мәліметтерді хронологиялық тәртіппен жариялайды;
конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін, оның ішінде өтінімге критерийлердің қолданылуын және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;
әлеуетті жеткізушілердің уәкілетті өкілдерінен конкурстық комиссияның әрекетіне (немесе әрекетсіздігіне) қарсы шағымдарының немесе қарсылықтарының бар екендігі туралы сұрайды.
26. Әлеуетті жеткізушілерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасын тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында жариялау мерзімі туралы хабарлайды.
Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер болмаған жағдайда конкурс тәсілімен сатып алудың қорытындысы туралы хаттама жасалады және оның мәтінін конкурстық комиссия хатшысы тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсына орналастырады.
5. Сатып алуға қатысуға өтінімдерді конкурстық комиссияның қарауы
27. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті жеткізушілердің арасынан біліктілік талаптарына және олардың конкурсқа қатысу өтінімдері конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті жеткізушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.
28. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссияның:
1) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті жеткізушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратуына;
2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратуына жол беріледі.
Осы үлгі конкурстық құжаттаманың 32-тармағына сәйкес конкурстық комиссия шешім қабылдауын қоспағанда, конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұратулары мен өзге де әрекеттеріне жол берілмейді.
Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін өтінім деп қарайды.
29. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті жеткізушілердің біліктілік талаптарына және олардың конкурсқа қатысу өтінімдері конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келу мәніне қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия:
1) әлеуетті жеткізушілер біліктілік талаптарына және олардың конкурсқа қатысу өтінімдері конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмеген жағдайда конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын;
2) әлеуетті жеткізушілер біліктілік талаптарына және олардың конкурсқа қатысу өтінімдері конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келген жағдайда конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасын ресімдеу арқылы осы шешімдердің біреуін қабылдайды.
30. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы не әлеуетті жеткізушілердің конкурсқа қатысуына рұқсат беру (конкурс қатысушылары деп тану) туралы шешім қабылдайды (қиын техникалық сипаттамалары мен ерекше нұсқамалары бар тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді күрделі сатып алуды жүргізген жағдайда мұндай өтінімдер конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде қарастырылады).
Егер конкурсқа (лот) конкурсқа (лотқа) қатысуға бір ғана өтінім ұсынылса, онда өтінімді әлеуетті жеткізушінің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келуін қарайды.
31. Әлеуетті жеткізушілер біліктілік талаптарына және олардың конкурсқа қатысу өтінімдері конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келген жағдайда конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын жасау талап етілмейді.
32. Конкурстық комиссия біліктілік талаптарына және олардың конкурсқа қатысу өтінімдері конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмейтін әлеуетті жеткізушілерді анықтаған жағдайда, мұндай әлеуетті жеткізушілерге конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы жарияланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығын береді.
33. Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы әлеуетті жеткізушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмеуі туралы себептер көрсетілген ақпаратты қамтиды.
34. Біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген өтінімдерді ұсыну мерзімі аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтадан қарайды.
35. Конкурсқа қатысуға өтінмідерді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия:
1) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті жеткізушілерді айқындайды және конкурс қатысушылар деп таниды;
2) конкурстың қатысушыларына бағаның төмендеуіне арналған сауда-саттықты қолдана отырып конкурсты қоспағанда осы үлгі конкурстық құжаттаманың 3-тармағының 1)тармақшасында көзделген критерийлердің салыстырмалы мәндерін қолданады;
3) конкурстық баға ұсыныстарын ұсыну мерзімін көрсете отырып конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді.
36. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімге енгізілген қамтамасыз етуді конкурстық комиссия мына жағдайларда осы үлгі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп таниды:
1) банктік кепілдік түрінде ұсынылған конкурсқа қатысуға арналған өтінімде қамтамасыз етудің қолданылу мерзімінің жеткіліксіздігі;
2) мынадай мәліметте болмаған кезде көрініс табатын конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді тиісінше ресімдемеу:
банктік кепілдікке банктің уәкілетті тұлғасының қолдары және банктің мөрлері (ол болған кезде);
банктік кепілдік түрінде ұсынылған өтінімді қатысу үшін қамтамасыз ету енгізілетін конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алудың атауы;
банктік кепілдік түрінде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі және (немесе) өтінімді қамтамасыз ету сомасы, сондай-ақ оны ұсыну талаптары;
конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлға туралы;
пайдасына конкурсқа қатысуға өтінімге қамтамасыз ету енгізілетін тұлға туралы;
3) конкурсқа (лотқа) бөлінген сомасының 1 (бір) пайызынан аз мөлшерде не өткізілетін сатып алу сомасының 100 (біржүз) пайызынан аз мөлшерде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді енгізу.
37. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті жеткізуші, егер:
1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушысы:
жұмыстарды не қызметтерді әлеуетті жеткізушінің және ол тартқан қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкес келуін растау үшін әлеуетті жеткізуші құжатты (құжаттарды) ұсынбаған;
әлеуетті жеткізуші өзінің сәйкес келуін растау үшін ұсынған құжаттардағы ақпарат негізінде біліктілік талаптарына сәйкес келмеу, сондай-ақ ол тартқан қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) біліктілік талаптарына сәйкес келмеу фактісін анықталған;
біліктілік талаптары бойынша дәйексіз ақпарат ұсынылған жағдайда біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;
2) оның конкурсқа қатысуға өтінімі конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы деп танылмайды).
38. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күні оны тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсына жариялайды.
Достарыңызбен бөлісу: |