Әлеуетті жеткізушінің қосалқы мердігерлерге (бірлескен орындаушыларға) жұмыстар мен қызметтердің жалпы көлемінің үштен екісінен асатын жұмыстар мен қызметтер көлемін беруіне жол берілмейді.
Конкурстық құжаттамаға
6-қосымша
Нысан
Сатып алынатын қызметтің техникалық ерекше нұсқамасы
Ауырған жағдайда сақтандыру бойынша қызмет: ауырған жағдайда Тапсырыс беруші қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін (бұдан әрі – Сақтандырушылар) медициналық сақтандыру қызметі.
Сатып алатын қызметтің техникалық сипаттамасы
1. Сақтандыру объектісі - ауру – сақтандыру жағдайының басталу тәуекелімен байланысты Сақтандырылушының мүліктік мүдделері болып табылады. Жеткізуші сақтандыру жағдайы басталған кезде Сақтандырылушыға көрсетілетін медициналық қызметті ұйымдастыру және қаржыландыру және/немесе осы техникалық ерекше нұсқаманың 9-тармағында көрсетілген Сақтандырылушының Cақтандыру бағдарламасына және ауыру жағдайына сақтандыру қызметін сатып алу туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) сәйкес Сырқатына байланысты Сақтандырылушының шығыстарын өтеу жөніндегі міндеттемені өзіне қабылдайды.
Ауру дегеніміз Шартпен көзделген анықтамалар мен бірыңғай жағдайларды және Сақтандырылушының тиісінше Сақтандыру бағдарламасын ескеріп, Шарттың қолданылу мерзімі ішінде Сақтандырылушы денсаулығының жай-күйіндегі кез келген, анықтауға болатын келеңсіз өзгеріс.
2. Бір Сақтандырылушыға сақтандыру сомасы осы техникалық ерекше нұсқаманың 9-тармағында көрсетілген тиісінше Сақтандыру бағдарламасына сәйкес анықталады. Бір Сақтандырылушыға берілетін сақтандыру сомасы Тапсырыс беруші қызметкерлері арасынан Сақтандырылушы мен оның отбасы мүшесі болып табылатын Сақтандырылушы үшін жалпы болып табылады.
3. Сақтандырушылар ақылы негізде тіркелген Сақтандырылушы отбасының мүшелерінен басқа 1 жастан бастап 65 жасқа дейінгі тұлғалар бола алады (1-ден бастап 70 жасқа дейінгі тұлғалар кіруі мүмкін).
Мыналар Сақтандырылушылар бола алмайды:
1) ақылы негізде тіркелген Сақтандырылушы отбасының мүшелерінен басқа 1 жасқа дейінгі тұлғалар және 65 жастан асқан тұлғалар (1-ден бастап 70 жасқа дейінгі тұлғалар кіруі мүмкін);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы" 2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 қаулысымен көзделген аурулары бар тұлғалар.
3) бауыр циррозымен ауыратын тұлғалар;
4) наркологиялық, психоневрологиялық диспансерлерде есепке тұратын тұлғалар;
5) эндокринді аурулары бар тұлғалар (Аддисон сырқаты, Кушинг синдромы, феохромоцитомы, Вильсон сырқаты);
6) бронхоэктатикалық ауруымен, өкпенің созылмалы дерті кезінде тыныс жеткіліксіздігімен ауыратын тұлғалар (ДН 2-3);
7) жүрек-қан тамырлары сырқатымен ауыратын тұлғалар: жүректің туа біткен кемістігі (митральды клапан пролапсынан өзге), аритмияның ауыр түрлері (жыбырлағыш аритмия, толық атриовентрикулярлы шектеме және аритмияның басқа ауыр түрлері); инфарктан кейінгі кардиосклероз және ІІБ-ІІІ деңгейінің жүрек жетімсіздігі кардиомиопатиясы).
Қызмет көрсету барысында аталған сырқаттар анықталған жағдайда, Сақтандырылушы сақтандырып қорғаудан алынып тасталады.
4. Сақтандырушылар саны – 231 (екі жүз отыз бір) адам, оның ішінде:
1) Тапсырыс берушінің қызметкерлері санынан сақтандырушылар – 77 (жетпіс жеті) адам, оның ішінде:
а) 3 (үш) адам – осы техникалық ерекше нұсқаманың 9-тармағында көрсетілген № 1 санат бойынша Сақтандырылушы үшін сақтандыру бағдарламасы бойынша сақтандырылған тұлғалар;
б) 74 (жетпіс төрт) адам – осы техникалық ерекше нұсқаманың 9-тармағында көрсетілген № 2 санат бойынша Сақтандырылушы үшін сақтандыру бағдарламасы бойынша сақтандырылған тұлғалар;
2) Тапсырыс беруші қызметкерлерінің отбасы мүшелерінен сақтандырылған тұлғалар – 154 (жүз елу төрт) адам, оның ішінде:
а) 6 (алты) адам – осы техникалық ерекше нұсқаманың 9-тармағында көрсетілген № 1 санат бойынша Сақтандырылушы үшін сақтандыру бағдарламасы бойынша сақтандырылған тұлғалар;
б) 148 (жүз қырық сегіз) адам – осы техникалық ерекше нұсқаманың 9-тармағында көрсетілген № 2 санат бойынша Сақтандырылушы үшін сақтандыру бағдарламасы бойынша сақтандырылған тұлғалар.
5. Сақтандыру жағдайы - Сырқатына байланысты, сондай-ақ Сырқаттың алдын алумен және Жеткізуші тарапынан қаржыландыруға жататын медициналық қызмет бойынша Сақтандырылушы шығыстарының немесе медициналық қызметке жұмсалған шығындардың туындауымен байланысты, осы техникалық ерекше нұсқаманың 9-тармағында көрсетілген Сақтандырылушының тиісінше сақтандыру бағдарламасымен көзделген қызметті алу үшін медициналық мекемеге жасаған өтініші.
6. Сақтандыру аумағы – Қазақстан Республикасының аумағы және сақтандыру шарты бойынша Жеткізушінің сақтандыру қорғалымы таралатын қызметтік іссапарға Сақтандырылушының (Тапсырыс беруші қызметкерлері) шыққан кездегі шет мемлекеттер.
7. Сақтандыру жағдайларынан басқа жағдайлар.
7.1. Сырқат және/немесе сақтандыру жағдайы болып табылмайды:
7.1.1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 14 қазандағы №526 «Денсаулық сақтау мемлекеттік емес секторында емделуіне тиым салынған аурулар тізілімін бекіту туралы» бұйрығында көрсетілген барлық аурулар, атап айтқанда;
7.1.2. маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания;
7.1.3. ішек аурулары: Крон ауруы, спецификалық емес жара колиті, целиакия;
7.1.4. сүйек-бұлшық ет жүйесінің ауруларын емдеу (сколиоздар, кифоздар, лордоздар, жалпақ табан);
7.1.5. көздің көруін хирургиялық түзетумен байланысты шығындар, оның ішінде лазерді пайдалану арқылы;
7.1.6. пластикалық оталар, сырт келбеттің кемістіктерін немесе денелік аномалияларды жоюмен байланысты косметологиялық емдеу және емдеудің басқа түрлері, жынысты хирургиялық өзгерту, салмақты азайту;
7.1.7. зат алмасудың бұзылуы және ас қорыту жүйесінің бұзылуын емдеу және диагностика жасау: семіздік, несеп қышқылы диатезі, құяң, дистрофия;
7.1.8. эндокринді ауруларды емдеу және диагностика жасау: қант диабеті, қалқанша без ауруы (эндокринологтың бастапқы консультациясын қоспағанда және диагнозды қойғанға дейін зерттеулер);
7.1.9. бедеулікті емдеу және диагностика жасау, импотенция, контрацепцияның барлық әдістері;
7.1.10. түзетуші техниканы сатып алу және жөндеу (көзілдіріктер, линзалар, балдақтар, есту аппараттары және басқалары). Ауыстыруды немесе протездеуді талап ететін мүшелердің және тіндердің аурулары, оның ішінде эндопротездеу, қайта құрастыру оталары, мүшелерді ауыстыру бойынша оталар;
7.1.11. коронароангиографияны өткізумен байланысты; жүрекке хирургтің араласуына кететін медициналық шығындар (аортты және коронарлы шунтілеу, стентілеу, ИВР орнату);
7.1.12. көзге көрінетін тұқым қуалайтын кемістікті емдеу және диагностика жасау (ергежейлік, жедел жыныстық жетілу), тұқым қуалайтын, гендік, хромосомдық аурулар және жүре пайда болған жаму кемістіктері, ДЦП;
7.1.13. респираторлы аллергоздардың ремиссиясы кезінде пайдаланылатын терапевті тәсілдер (айрықша гипосенсибилизация, гистаминотерапия және вегетотропты терапия тәсілі);
7.1.14. неврологиялық аурулар: Альцгеймер ауруы, Паркинсон синдромы, эпилепсия, полиомиелит, ми қан айналымының бұзылуының салдары және асқынуы, гидроцефалия;
7.1.15. асқыну кезеңін қоспағанда, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, созылмалы жүрек ақауы және созылмалы бауыр жетімсіздігі және гемодиализ жүргізуді талап ететін органдар мен тіндердің басқа аурулары. Плазмофорез бен гемосорбцияны жүргізу;
7.1.16. асқыну кезеңінен тыс созылмалы тыныс жүйесі аурулары: бронхоэктатикалық ауру, ХОБЛ (өкпенің созылмалы обструктивті ауруы), 2-3 кезеңдегі тыныс жетімсіздігімен өкпенің басқа созылмалы аурулары және өкпе эмфиземі;
7.1.17. асқыну кезеңінен тыс III-кезеңдегі IIБ қан айналымының жеткіліксіздігімен жүрек-қан тамыр жүйесінің созылмалы ауруы;
7.1.18. асқыну кезеңінен тыс несеп-жыныстық жүйесінің аурулары: бүйректің поликистозы; созылмалы гломерулонефрит, 2-3 кезеңдегі ХПН, бүйректің амилоидозы, нефроангиосклероз, гидронефроз, туа біткен несеп шығаратын жолдардың және бүйрек дамуының ақаулары, энурездің кез келген түрі;
7.1.19. диагноз қою және және емдеудің дәстүрлі емес әдістері: иридодиагностика, аурикулодиагностика, су процедуралары, құрғақ және су сығындылары, батпақпен емдеу; қан УФО, аутогемотерапия, вакуумдық терапия, мануалдық терапия, шөппен емдеу, барокамерада емдеу, флойтинг - ваннналар, еңбек терапиясы, гирудотерапия, Фолль бойынша зерттеу, ИФС, биорезонансты терапия, ине рефлекс терапиясы және УВТ және т.б.;
7.1.20. Ауруға байланысты медициналық көрсеткіштер бойынша тағайындалмаған массаж;
7.1.21. әскери іс-әрекеттерге немесе Сақтандырылушының қоғамдық тәртіпсіздіктерге, көтерілістерге, түрлі сипаттағы халық толқуларына тікелей қатысуының нәтижесі болып табылатын жарақаттар немесе жазатайым жағдайлар;
7.1.22. дәрігердің ұйғарымы бойынша алкогольдік немесе есірткілік заттардың, психотроптық заттардың жоғары және орта қоюлануымен дәрілік заттарды пайдалануды қоспағанда, алкогольдік немесе есірткілік, психотроптық заттарды пайдаланып мас болу салдарынан денсаулықтың нашарлауы, жарақат, ауру;
7.1.23. Сақтандырылушының әдейі денелік зақымдарды келтіруі, оның ішінде өз-өзіне қол жұмсауға тырысу;
7.1.24. Сақтандырылушы жасаған іс-әрекеттерге байланысты басталған денсаулықтың бұзылуы немесе өзге жарақаттануы, оған қатысты сот қылмыстық іс белгілерін тапқан іс-әрекеттер;
7.1.25. асқынған және созылмалы ақ қан ауруы;
7.1.26. қару ұстауға, жүргізуші куәлігін алуға, оқу орындарына түсуге рұқсат алуға анықтаманы ресімдеу мақсатында жүргізілетін медициналық зерттеу;
7.1.27. Сақтандырылушының өміріне қауіп төнетін жағдайларды қоспағанда, жүктілікті тоқтатуға байланысты шығыстар (медициналық және медикаментоздық аборттар). Осындай манипуляциялардың салдары және асқынулар;
7.1.28. кез келген этиологияның созылмалы гепатиттері;
7.1.29. егер еңбекке жарамсыздық парағы берілетін ата-ана және/немесе бала Сақтандырылушы болып табылмаса бала күтімі бойынша еңбекке жарамсыздық парағын беру;
7.1.30. профилактикалық, емдік көрсеткіштер үшін медициналық заттарды сатып алу (маскалар, ингаляторлар, қызу өлшегіштер, бинттер, мақта, лейкопластырь, клизмалар және т.б.).
7.2. Сақтандыру өтеуіне келесі медициналық дәрі-дәрмектерді сатып алу кірмейді (Сақтандыру жағдайы болып табылмайды:
7.2.1. контрацепциялық дәрі-дәрмектерді (емдік көрсеткіштері бойынша тағайындалған жағдайлардан басқа);
7.2.2. поливитаминдер (күре тамырға немесе бұлшық етке салатын витаминдерден басқа);
7.2.3. биологиялық белсенді қоспалар;
7.2.4. гомеопатикалық дәрі-дәрмектер;
7.2.5. анорексантты құралдар;
7.2.6. косметикалық құралдар;
7.2.7. биологиялық стимуляторлар (женьшень тұнбасы және басқалар секілді).
7.3. Сақтандыру жағдайларына жүктілік пен босанумен байланысты консультациялар мен диагностикалық зерттеулер (Сақтандырылушының өміріне тікелей қауіп төндіретін жағдайларды қоспағанда); жүктіліктің патологиясы мен босандыру бойынша стационарлық емдеу жатпайды.
7.4. Осы тармақтың 7.1-7.3 тармақшаларында көрсетілген cырқаттардың Сақтандырылушыда диагностика жасалумен байланысты медициналық шығыстарды Жеткізуші амбулаторлық-емханалық жағдайда диагноз расталған не емдеу кезінде аурудың диагнозы алғаш рет анықталған стационарлық емдеу курсы аяқталғанға дейін ғана өтейді.
8. Жеткізушінің медициналық желісіне қойылатын талаптар:
Алматы қаласы бойынша:
– 20 клиника мен стационарлардан кем емес, соның ішінде Кардиология ҰЗИ, Қазақстан Республикасы ҚРП ІБ МО, Урологияның ҰО, Сызғанов атындағы Хирургияның ҰО, көз аурулары ҒЗИ, № 1 Балалар ҚКБ;
– кемінде 10 стоматологиялық клиника, соның ішінде төмендегілерден кемінде екі клиника:
- Бану;
- Рахат;
- Denta Lux;
- Royal Stom;
- StomLine;
– 10 дәріханадан кем емес.
Астана қ. және облыс орталықтары болып табылатын қалалар бойынша:
– 1 клиникадан/стационардан кем емес;
– 1 стоматологиялық клиникадан кем емес;
– 1 дәріханадан кем емес.
Сатып алатын қызметтің сапалық сипаттамалары
9. Сақтандыру бағдарламалары.
Медициналық қызметтердің тізбесі
|
Медициналық қызметтердің мазмұнын сипаттау
|
№ 1 санат бойынша Сақтандырылушыға арналған Сақтандыру бағдарламасының шарттары
|
№ 2 санат бойынша Сақтандырылушыға арналған Сақтандыру бағдарламасының шарттары
|
Амбулаторлық-емханалық көмек
|
Тәулік бойы консультациялық -диспетчерлік қызмет (Call-Center)
|
– Жедел медициналық көмекті шақыруды ұйымдастыру;
– Медициналық қызмет көрсету компаниясының қатысушыларына клиникалар туралы мәлімет беру, үйге отбасылық дәрігерді шақыру, дәрігер-мамандарға жазылу;
– Осы бағдарлама бойынша сақтандыру картасымен байланысты лимиттер мен шығындар туралы ақпаратты ұсыну.
|
Шұғыл және емдік көрсеткіштер бойынша толық өтеу
|
Шұғыл және емдік көрсеткіштер бойынша толық өтеу
|
Отбасылық дәрігердің (терапевт немесе педиатр) және медициналық бикенің үйге келіп және медициналық мекемелердегі қызметтері
|
– Үйге және кеңсеге Call-Center арқылы бару;
– Медициналық манипуляцияны (құю, таңу, инъекция жасау) жүргізу үшін үйге медбикені шақыру;
– Амбулаторлық карталарды жүргізу;
– Медициналық қызмет көрсету компаниясының қатысушылары болып табылатын дәріханалардан дәрі-дәрмек алу үшін дәріқағаз жазып беру;
– Отбасылық дәрігердің қабылдауы, дәрігердің қарауы, консультациялар, толық қарап тексеру, медициналық белгілеу, емдеу. Жеке саланың мамандарынан кеңес пен ем алуға жолдаманы рәсімдеу қажет болған жағдайда;
– Уақытша жұмысқа жарамсыздық қағаздарын рәсімдеу;
– Зертхана-инструменталды зерттеулерге жолдаманы рәсімдеу;
– Жоспарлы госпитализацияны үйлестіру және ұйымдастыру, стационарда емделу барысын қадағалау.
|
Шұғыл және емдік көрсеткіштер бойынша толық өтеу
|
Шұғыл және емдік көрсеткіштер бойынша толық өтеу
|
Медициналық ілеспе қызмет көрсету (жедел медициналық көмек)
|
– Шұғыл медициналық көмек;
– Медициналық мекемеге госпитализацияны ұйымдастыру;
– Стационарға жатқызу үшін тасымалдау барысында ілеспе қызмет көрсету;
– Госпитализация барысында дәрімен қамтамасыз ету.
|
Шұғыл және емдік көрсеткіштер бойынша толық өтеу
|
Шұғыл және емдік көрсеткіштер бойынша толық өтеу
|
Кез келген саладағы дәрігер-маманның консультациясы
|
– Емдеу шараларын белгілеу;
– Отбасылық дәрігердің жолдамасы бойынша кеңес беру.
|
Шұғыл және емдік көрсеткіштер бойынша толық өтеу
|
Шұғыл және емдік көрсеткіштер бойынша толық өтеу
|
Диагнозды белгілеу үшін қажет лабораторлық-инструменталдық зерттеулер
|
– Диагностикалық зертханалық зерттеулер: клиникалық, биохимиялық, цитологикалық, бактериологиялық зерттеулер, иммунитет деңгейін анықтауға бағытталған зерттеулер, аллерготестілер, ИФА тәсілімен толық қарап тексеру;
– Диагностикалық инструменталды зерттеулер: ЭКГ, ЭЭГ, Эхо ЭГ, УЗИ, ренгенография, флюорография, эндоскопия, ультрадыбысты допплерография, ядролық-магнитті резонанс, магниттік-резонанстық томография, компьютерлік томография және т.б.;
– Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің диагностика және емдеу хаттамаларына сәйкес басқалары.
|
Шұғыл және емдік көрсеткіштер бойынша толық өтеу
|
Шұғыл және емдік көрсеткіштер бойынша толық өтеу
|
Физиотерапиялық процедуралар
|
Отбасылық дәрігердің тағайындауы бойынша ұсынылатын физиотерапия (соның ішінде УВЧ, АЖЖ, УФО, жылу процедуралары, ультрадыбыстық рәсімдер, кварц, дорсанваль, тұзды шахталар, ингаляциялар, сәулемен емдеу, амплипульстерапия және т.б.)
|
10 (он) сеанстан кем емес
|
10 (он) сеанстан кем емес
|
Емдік дене шынықтыру (ЕДШ)
|
Отбасылық дәрігердің тағайындауы бойынша ЕДШ.
|
10 (он) сеанстан кем емес
|
10 (он) сеанстан кем емес
|
Массаж
|
Отбасылық дәрігердің тағайындауымен емдеу көрсеткіштері бойынша.
|
10 (он) сеанстан кем емес
|
10 (он) сеанстан кем емес
|
Емдеу процедуралары және манипуляция
|
Медициналық мекемедегі отбасылық дәрігер немесе жеке саланың мамандарының тағайындауы бойынша күре тамырдың, бұлшық ет ішіне инъекция жасау, анализ үшін қан алу (отбасылық дәрігердің тағайындауы бойынша);
– медициналық мекемедегі күре тамырға құю.
|
Шұғыл және емдік көрсеткіштер бойынша толық өтеу
|
Шұғыл және емдік көрсеткіштер бойынша толық өтеу
|
Дәрі-дәрмек препараттары
|
– отбасылық дәрігердің рецептісі бойынша емдік препараттар.
|
150 000 теңгеден кем болмайтын өтеу
|
80 000 теңгеден кем болмайтын өтеу
|
Стоматология (терапия және хирургия)
|
– Терапиялық қызметтер
– Хирургиялық қызметтер
|
Стационарлық емдеу және хирургиялық операциялар
|
Стационарлық емдеу
|
– Стационарға госпитализация, медициналық қызмет көрсету компаниясының медициналық мекемедегі ақылы палатасында жату: тамақ, жалпы және арнайы күтім (VIP – 2 орынды палата), операциялық, реанима-циялық палатаны және интенсивті терапия палатасын пайдалану;
–Диагностикалық, консультациялық және емдеу шаралары (сонымен қоса иммуноферментті, иммуноло-гиялық зерттеулер, эндоскопия және биопсия, сәулелі диагностика, УЗИ, зерттеудің компьютерлі түрлері);
– Тамақтану, дәрігер-мамандардың қызметтері, орта шенді медициналық қызметкерлердің күтімі
Стационарда емделу барысында қажет болатын дәрілер – негізгі ауру бойынша сақтандыру сомасының шегінде өтеу;
– Әр сала мамандары дәрігерлерінің консультациясы және басқа да кәсіби қызметтері;
– Госпитализацияға себеп болған ауруларды емдеу үшін дәрігер тағайындаған ЕДШ, массаж,
– Физиотерапевті процедуралар;
– Емдеу манипуляцияларын өткізу мақсатында таңғыш қалақтарды, таңу материалдарын, шприцтерді, инелерді және басқа да медициналық шығыс материалдарын пайдалану, стационарлы емделу барысында қажет болатын анестезия, медикаменттер, оттегі, таңғыш ма-териал - сақтандыру сомасының шегінде өтеу;
– Хирургтің, дәрігерлердің, орта деңгейлі медициналық мамандардың, анестезиологтың, реаниматологтың қызметтері.
|
Шұғыл және емдік көрсет-кіштер бойынша толық өтеу
|
Шұғыл және емдік көрсет-кіштер бойынша толық өтеу
|
Реабилитация
|
Емхана немесе санаторий жағдайында Сақтандырылушының денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігін қайта қалпына келтіруге бағытталған шаралар. Емдеу көрсеткіштері бойынша отбасылық дәрігердің жолдамасы бойынша жүзеге асырылады.
|
Емдеу рәсімдерін және манипуляциялар өтеумен
|
Емдеу рәсімдерін және манипуляциялар өтеумен
|
Вакцинация және профилактика мақсатында қарау
|
Вакцинация
|
Қазақстан Республикасындағы эпидемиологиялық жағдайға сәйкес тұмауға қарсы екпе, Тапсырыс бе-рушінің кеңсесіне медициналық бригада келіп 10 және одан көп Сақтандырылушыға бір жолғы вакцинация жасау.
|
Қызметкерлердің ішінен Сақтандырылушы үшін сақтандыру кезеңінде бір рет.
|
Қызметкерлердің ішінен Сақтандырылушы үшін сақтандыру кезеңінде бір рет.
|
Шетелге шығатын тұлғаларды сақтандыру
|
Шетелге шығатын тұлғаларды сақтандыру
|
шекарадан тыс жерге кетуші адамдарды сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру шарттары, сақтандыру сомасы 50 000 АҚШ доллары.
|
қызметтік сапарға жіберілген қызметкерлердің ішінен Сақтандырылушы үшін жылына 30 күнге дейін
|
қызметтік сапарға жіберілген қызметкерлердің ішінен Сақтандырылушы үшін жылына 30 күнге дейін
|
Сақтандырылушының 1 жастан 65 жасқа дейінгі отбасының екі мүшесін сақтандыруға қабылдау (қызметкерлер қатарынан Сақтандырылушыға тіркеу): жұбайы, жолдасы, балалары, ата-аналары, аға-інілері, әпке-сіңлілері.
|
Сақтандырылушыға қызметкер отбасының қатарынан екі мүшені тегін тіркеу.
|
Сақтандырылушыға қызметкер отбасының қатарынан екі мүшені тегін тіркеу.
|
Сақтандырылушыға және отбасы мүшесіне арналған сақтандыру бағдарламасы бойынша сақтандыру сыйақысы (қызметкерлер қатарынан Сақтандырылушы отбасының мүшесін қосымша ақылы тіркеу бағасын есептемегенде)
|
(бір тіркелушіге арналған есеп нәтижесінде қызметті жеткізуші толтырады)
|
(бір тіркелушіге арналған есеп нәтижесінде қызметті жеткізуші толтырады)
|
Сақтандырылушының 1 жастан 70 жасқа дейінгі отбасының қосымша екі мүшесін сақтандыруға қабылдау (қызметкерлер қатарынан Сақтандырылушыға тіркеу): жұбайы, жолдасы, балалары, ата-аналары, аға-інілері, әпке-сіңлілері (Сақтандырылушының отбасы мүшелерін қосымша ақылы тіркеу)
|
(қызметті жеткізуші толтырады)
|
(қызметті жеткізуші толтырады)
|
Қызметкерлер санынан және отбасы мүшелерінен Сақтандырылушыға арналған сақтандыру бағдарламасы бойынша жиынтық сақтандыру сомасы.
|
(қызметті жеткізуші толтырады)
|
(қызметті жеткізуші толтырады)
|
10. Жоғарыда көзделген кестеде:
10.1. Шұғыл медициналық көрсетілімдер – медициналық көмек жедел көрсетілуі тиіс көрсетілім, медициналық көмектен бас тарту немесе көмекті кешіктіру ауыр, кері қайтара алмайтын медициналық хал-жағдайының нашарлауына, тіпті адамның өліміне дейін әкелуі мүмкін әкеледі.
10.1.1. Стационарлық емдеуге шұғыл көрсеткіштер:
а) қансыраумен көрінген сыртқы қан кету, сондай-ақ ішкі қан кетулер және органдарға қан құйылулар;
б) күйіп қалу және үсу;
в) уланулар;
г) аллергиялық реакциялар (Квинке ісігі, Лайела синдромы, Стивенса-Джонс синдромы);
д) тырысулар;
е) ауырсыну синдромының ұзақтығы мен қарқындылығы бойынша көрінген (остео-хондроз - түбіршекті-компрессиялық симптоматика (радикулоишемиялар, табанныңшала салдануы және басқа ошақтық симптоматикасы);
ж) асқынған хирургиялық жай-күй;
з) асқынған бүйрек жеткіліксіздігі;
и) асқынған бауыр жетімсіздігі;
к) асқынған церебралды жетіспеушілік;
л) асқынған тыныс жеткіліксіздігі;
м) асқынған жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі;
н) асқынған инфаркт миокардасы;
о) гипертоникалық криз;
п) тұрақсыз стенокардия;
р) кез келген этиологиялық шок;
с) дене қызуының жоғарылауы (38°С жоғары);
т) селкілдек тырыспа, естен тану, тұншығу;
у) артериалдық қысымның өзгеру белгілері;
ф) ессіздік;
х) жарақаттар;
ц) асқынған ауру белгісі;
ч) асқынған гаймориттер, интоксикация мен ауру белгісі айқындалған отитеттер;
ш) шұғыл стационарлық емдеуді талап ететін басқа асқынған жағдайлар.
10.1.2. Амбулаториялық-поликлиникалық көмек көрсету бойынша шұғыл көрсетілімдер:
а) қатты сырқат (іштің ауруы, ишиас, жүрек тұсының ауыруы) және т.б..;
б) қан кетулер;
в) жарақат (сыну, жаншылу және т.б.);
г) ОРВИ, баспа;
д) абсцесстер, панариция, хирургиялық араласуды талап ететін басқа іріңді процестер;
е) асқынған гайморит, синусит;
ж) 2-4 дәрежелі күйік;
з) асқынған аллергиялық жағдайлар (Квинке ісігу, қалақа және т.б.);
и) гипертониялық асқынулар.
10.2. Емдеу көрсеткіштеріне Сақтандырылушыны белгіленген диагнозбен емдеу үшін қажетті емдеу-диагностикалық шаралар кешенін жүргізу қажеттігі түсініледі.
10.3. Амбулаторлық-емханалық көмек – ауруды, мүгедектікті және өлімді кемітуге бағытталған профилактикалық, емдеу-диагностикалық және оңалту іс-шаралары. Сонымен қатар маңызды құрамдас бөлігі профилактикалық қараулар, медициналық қараулар, диспансеризация болып табылады;
10.4. Стационарлық емдеу – Сақтандырылушыға тиісінше Сақтандыру бағдарламасымен көзделген білікті мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық қызметті медициналық сервистік компанияда, медициналық мекемеде тәулік бойы медициналық бақылаумен ұсыну;
10.5. Отбасылық дәрігер – сәйкесінше Сақтандыру бағдарламасымен анықталған Медициналық көмек көрсетуді Сақтандырылушының алуын және оған ұсынуды ұйымдастыратын медициналық сервистік компанияның дәрігері.
10.6 Медициналық қызмет көрсету – Ауруымен байланысты медициналық мекемелермен Сақтандырылушыға медициналық қызметтерді ұсыну немесе фармацевтикалық дәрі-дәрмектерді сатуды ұйымдастыру бойынша қызметтер.
10.7 Медициналық мекеме – негізгі қызметі медициналық қызметті көрсету болып табылатын қолданыстағы заңнамаға сәйкес денсаулық сақтау ұйымы болып табылатын заңды тұлға және тиісінше медициналық қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензиясы бар жеке тұлға (емхана, аурухана, клиника, диагностикалық орталық, диспансер, жедел жәрдем көрсету станциясы, республикалық мамандандырылған медицина орталығы, ғылыми-зерттеу институттың клиникасы, жеке медициналық ұйым, дәріхана және т.б.).
Конкурстық құжаттамаға
7-қосымша
Нысан
Банк кепілдігі
Банктің атауы_______________________________________________________
(банктің атауы және деректемелері)
Кімге______________________________________________________________
(сатып алуды ұйымдастырушының атауы және деректемелері)
№_______Кепілдік міндеттеме
_________________
|
____жылғы «___»_________
|
(орналасқан жері)
Біз _____________________________________________________________________________
(әлеуетті жеткізушінің атауы)
бұдан әрі «Жеткізуші»,
________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________ ұйымдастырған
(сатып алуды ұйымдастырушының атауы)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
сатып алу туралы конкурсқа қатысатыны және _______________________________________
________________________________________________________________________________
(конкурс, лот (лоттар) бойынша тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы)
жеткізуді жүзеге асыруға (жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге) дайын екендігі жөнінде хабардар болдық.
Жоғарыда аталған конкурсты өткізу жөніндегі _____жылғы «___»__________ конкурстық құжаттамада әлеуетті жеткізушілердің конкурсқа қатысуғаөтінімді қамтамасыз етуді банк кепілдігі түрінде енгізуі көзделген.
Осыған байланысты біз______________________________________________________
(банк атауы)
осы арқылы Сіздің жазбаша ақы төлеуге талабыңызды, сондай-ақ Жеткізушінің келесідей жазбаша растауын алғаннан:
конкурсқа қатысуға өтінімді түпкілікті беру мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алғандығы не өзгерткендігі және (немесе) толықтырғандығы;
конкурсқа қатысушы деп танылушы, бағаны төмендетуге арналған сауда-саттық қолданылатын конкурсты қоспағанда, өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде тапсырмағандығы не кері қайтарып алғандығы;
сауда-саттықты жүргізу басталғаннан кейін он минут ішінде бағаны төмендетуге арналған сауда-саттық қолданылатын конкурсқа қатысушылардың бір де біреуі көрсетілген конкурсқа (лотқа) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы туралы ұсыныс бермесе (билетті көтермесе).Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің сомасы көлемінде төлеу туралы талап өтпеді деп танылған конкурстың лот сомасының 1 (бір) немесе 100 (біржүз) пайызына тең сомада беріледі, егер бағаны төмендетумен жүргізілетін сауда-саттық қолданылатын конкурсқа қатысушылардың біреуі де белгіленген мерзімде тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы туралы ұсыныс бермегендігі;
конкурстың жеңімпазы ретінде анықталушының шарт жасасудан жалтарғандығы;
шарт жасап, конкурстық құжаттамада белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу туралы және (немесе) енгізу мерзімі туралы талаптарды орындамағандығы не уақтылы орындамағаны туралы жазбаша растамаңызды алған бойда Сізге талабыңыз бойынша________________________________________________________________________
(сомасы санмен және жазумен)
тең соманы төлеудің қайтарылмайтын міндеттемесін өзімізге қабылдаймыз.
Осы кепілдік міндеттеме конкурсқа қатысуғаөтінімдер бар конверттерді ашқан күннен бастап күшіне енеді.
Осы кепілдік міндеттеме Жеткізушінің конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімінің соңғы қолданылу мерзіміне дейін қолданылады және, егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз________ аяғына дейін алмасақ, осы құжат бізге қайтарылатындығына немесе қайтарылмайтындығына қарамастан, толық және автоматты түрде күшін жояды. Егер конкурсқа қатысуғаөтінімнің қолданылу мерзімі ұзартылған болса, онда осы кепілдік міндеттеме сол мерзімге ұзартылады.
Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттемелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
Кепілгердің қолы
|
Күні және мекенжайы
|
Мөр орны (болған кезде)
Конкурстық құжаттамаға
8-қосымша
Нысан
__________________________________________________
(әлеуетті жеткізушінің атауы)
әлеуетті жеткізушінің баға ұсынысы
(лоттың нөмірі көрсетіле отырып, әрбір лотқа жеке толтырылады)
Р/с №
|
Мазмұны
|
Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің атауы
|
1
|
Қысқаша сипаты
|
|
2
|
Шығарған елі (жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде алып тастау қажет)
|
|
3
|
Дайындаушы зауыт (жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде алып тастау қажет)
|
|
4
|
Өлшем бірлігi
|
|
5
|
________біреуінің бағасы _________ ИНКОТЕРМС 2000 және (немесе) 2010талаптары бойынша _______________________
(межелі орны)
|
|
6
|
Саны (көлемі)
|
|
7
|
Барлық бағасы =___________5-жол. х 6-жол.
|
|
8
|
Әлеуеттi жеткізушінің тасымалдауға, сақтандыруға, төлеуге арналған барлық шығыстарды/кеденбажын, ҚҚС және басқа салықтарды, төлемдерді мен алымдарды, жинақтаушы бөлшектер мен міндетті қосалқы бөлшектердің, бір өлшем бірлігіне пайдаланудың бастапқы мерзімi ішінде қызмет көрсетуге арналған құнын және басқа да шығыстарды қоса алғанда, ИНКОТЕРМС 2000 және (немесе) 2010 ___________ талаптары бойынша межелі орны, жалпы бағасы (жеңілдіктер ескеріле отырып, бар болса)__________
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |