Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар



жүктеу 54,44 Kb.
Дата11.12.2017
өлшемі54,44 Kb.
#3908
түріКонкурс

Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру жариялайды

1. Туризмді дамыту бөлімінің басшысы (уақытша, негізгі қызметкер оқу демалысынан шыққанға дейін), лауазымдық жалақысы қызмет атқарған жылдарына байланысты 108 266 теңгеден 148 242 теңгеге дейін, D-О-3 санаты, 1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім - экономика мен бизнес немесе білім саласында немесе қызмет көрсету (туризм) саласында.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:



  1. мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, E-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

  2. мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

  3. осы санаттағы нақты лауазымныңфункционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

4) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуда аяқтауы;

5) ғылыми дәрежесінің болуы.



Функционалдық міндеттері: Бөлім қызметін ұйымдастырады; ҚР Президенті Жарлықтарына, ҚР Үкіметінің, Туристік қызмет мәселелері бойынша орталық уәкілетті органның қаулыларына бақылауды және уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді; Алматы қаласында туризмді дамыту тұжырымдамасын әзірлеу және іске асыру бойынша жұмыс жүргізеді; туризмді дамыту бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыруға және нормативтік құқықтық актілердің, тапсырмалардың, туристік ұйымдар мен азаматтардың өтініштері мен жүгіністерінің уақтылы орындалуына бақылау жасайды; туризм саласындағы заңнама және басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады; Басқарма қызметінің бағыттарын, оның құзыретіне кіретін міндеттердің нысаны мен орындалу әдістерін айқындайды; бөлімнің Алматы қаласында туризмді дамытуға бағытталған негізгі міндеттері мен қызметтерін іске асыру бойынша жұмысын ұйымдастырады; туризммен айналысушы ұйымдармен, мекемелермен, кәсіпорындармен, жеке және басқа фирмалармен өзара әрекет жасайды; республиканың министрліктерімен және ведомостволарымен, сондай-ақ туристерге жанама қызмет көрсететін ұйымдармен өзара әрекет жасайды; халықаралық, республикалық, аймақтық жәрмеңкелерге, көрмелерге қатысуды қамтамасыз етеді; аймақта туризмді дамыту мәселелері бойынша перспективті және ағымдағы мақсатты бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру; белгіленген тәртіппен басқарма қызметкерлеріне, сондай-ақ туристік ұйымдар қызметкерлеріне құрметті атақтар беру, медальдармен, белгілермен, дипломдармен, сыйлықтармен, грамоталармен, құнды сыйлықтармен марапаттау бойынша ұсыныстар енгізеді; туризмді дамытудың отандық және шетелдік тәжірибелерін, іс қағаздарын жүргізу негіздерін білу; шет тілдерін білу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Қазақстан Республикасы заңнамаларын білуге тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі. «Қазақстан - 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандығына сәйкес салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Мемлекеттік тілді білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімінің болуы.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдары санатына қойылатын біліктілік талаптарына сай Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурстық комиссияны құру Ережесі негізінде өткізіледі.



Конкурсқа қатысу құжаттары: 1) нысанға сәйкес өтініш; 2) кадрлық қызметінің мөрі қойылған қызметтік парағы.

Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Жоғарыда аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министірлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті интернет-ресурсында www.kyzmet.gov.kz және Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ресми сайтында www.almatytourism.kz, соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде мына мекенжайға тапсырылуы тиіс: 050001, Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 83 үй, 7 қабат, 707 бөлме.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жоғарыда аталған  ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынуы қажет.

D-O-3 cанаты үшін тестілеу бағдарламасы: бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандылық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма), деңгейін анықтауға арналған тестер;

D-O-3 cанаты үшін тестілеу бағдарламасы: Мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ); «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының конституциялық заңы; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестер.


Анықтама телефондары: 279-19-86 (ішкі 110)

Эл. мекен-жайы: almatytourism@list.ru
жүктеу 54,44 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау