Конкурс өткізу туралы хабарландыру



жүктеу 278,5 Kb.
бет1/3
Дата23.11.2018
өлшемі278,5 Kb.
#24062
түріКонкурс
  1   2   3


2018-2020 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша 2018 жылғы 7 маусымда конкурс жариялайды.

Конкурс бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың «Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі» басым бағытты бойынша өткізіледі.

 Конкурстық құжаттама  ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің mgov.kz сайтында орналастырылған.

Жауапты тұлға Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің бас сарапшы А.Қ.Өскенбаев болып табылады, телефоны 8 (7172) 55-59-73.

Конкурстық құжаттама және өтінім даярлау мәселелері бойынша  түсініктемені мына телефондар арқылы алуға болады: (8-7172) 55-59-73; 55-59-22.

Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ (is.ncste.kz) ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу бойынша Call center: 8-727-355-50-01 (ішкі номер 217, 218, 219, 221, 222, 223, 224, 226, 227, 228, 232, 233, 231, 236). Жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына қатысу үшін конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес қалыптастырылған қажетті құжаттар конвертпен (оның беттік жағында тиісті орында: жолдаушының мекен-жайы, заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә, конкурстың, ғылымды дамытудың басымдығы мен ғылыми зерттеулердің бағытының атауы және ЖТН көрсетіледі), ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігініне Астана қаласы 010000, Кенесары көшесі 36, қабылдау туралы хабарламамен пошта арқылы ұсынылады. Жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін. Түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде қарастырылады.

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары –

Ауыл шаруашылығы министрінің

2018 жылғы « 4 » маусымдағы

№ 237 бұйрығына қосымша

2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы

қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми зерттеулер жүргізуге

конкурстық құжаттама



  1. Жалпы ережелер

1. Осы конкурстық құжаттама «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларына туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысымен бекітілген мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес қолданбалы ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа (бұдан әрі - Конкурс) қатысу үшін өтінім даярлау мақсатында әзірленді.

2.  Конкурстың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан Cтратегиялық жоспарлау және талдау департаменті (салалық уәкілетті орган) болып табылады.

3.  Конкурс бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың басым бағыттары бойынша, оның ішінде «Қазақстан-2050» Стратегиясы, Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауы, ҚР АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларының басымдылықтары бойынша өткізіледі.

4.  Конкурстың мақсаты – стратегиялық маңызы бар мемлекеттік міндеттерді үшін 2018-2020 жылдарға арналған қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүргізуге бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруды бөлу.

5. 2018 жылға қаржыландыру көлемі - 3,39 млрд. теңге, 2019 жылға - 3,39 млрд. теңге, 2020 жылға 3,39 млрд. теңге.





  1. Ғылымды дамытудың басым бағыттарының және конкурстың

мәні болып табылатын мамандандырылған ғылыми бағыттардың атауы



Ғылыми басым бағыттар

Мамандандырылған ғылыми бағыттар

1. Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі

1. Қарқынды мал шаруашылығын дамыту

3. Қарқынды егіншілік және өсімдік шаруашылығы


3. Өтінім ұсынылатын тіл
6.  Конкурсқа қатысуға берілетін өтінім екі данада мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылуы тиіс, осы ретте әр дана қағаз және электронды тасығышта ұсынылады.

Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру өтінімінің мәтіні мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде бірдей болуы керек.

Әлеуетті орындаушы ағылшын тіліндегі аударманың нақтылығына толығымен жауапкершілікте болады.
4. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына қатысу өтінімінің мазмұны мен нысанына қойылатын талаптар
7. Әлеуетті орындаушы ұсынатын конкурсқа қатысу өтінімде мыналар қамтылуы тиіс:

1) әлеуетті орындаушының 2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми зерттеулер жүргізуге конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес толтырған және қол қойған өтінімі;

2) осы конкурстық құжаттаманың 5-тарауына сәйкес әлеуетті орындаушының біліктілік талаптарына сай екендігін растауға ұсынылатын құжаттар тізімі.

8. Өтінімдердің жеке тіркеу нөмірі (бұдан әрі - ЖТН) болуы керек.

ЖТН алу үшін конкурсқа қатысушылар конкурс жарияланған сәттен бастап тапсырыс берушінің өтінімін қабылдаудың ақырғы мерзіміне дейін is.ncste.kz «Мемлекеттік ғылыми-техникалық ұлттық сараптама орталығы» АҚ-ның (бұдан әрі - МҒТҰСО) интернет-ресурсында объектілерді тіркейді.

Электронды тіркеуден өтпеген және ЖТН жоқ өтінімдер қабылданбайды.

9. ЖТН ақпараттық жүйеде тіркеуден өткеннен кейін өтінімнің қағаз нұсқасының бірінші бетіне қойылады.

10. Өтінімде коммерциялық құпия болып табылатын, авторлық және/немесе басқа да құқықтарға зиян келтіретін ақпарат жарияланбауы тиіс.

11. Өтініште жеке серіктестен бағдарламаны ішінара қамтамасыз ету үшін қажетті ресурстарды, оның ішінде қаржы ресурстарын қоса қаржыландыруды бірлесіп қаржыландыру туралы қосымша ақпарат болуы мүмкін.

Іске асыру мерзімдері және бірлесіп қаржыландыру сомасы көрсетіле отырып жасалынған келісім, тараптардың ниеттерін растайды.

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін енгізу жөніндегі жоспар болуы керек.

12. Әлеуетті орындаушы конкурсқа қатысуға арналған өтінімді салалық уәкілетті органға парақтары нөмірленген және соңғы парағына қол қойылып, мөр басылған, тігілген күйінде.

13. Әлеуетті орындаушы конкурсқа қатысу өтінімін конвертке салады, оның сыртқы жағына әлеуетті орындаушының толық атауы мен пошталық мекенжайы (егер де өтінім «кешіккен» болып хабарланған жағдайда, қатысу өтінімін ашылмаған күйде қайтару мақсатында), уәкілетті салалық органның толық атауы мен пошталық мекенжайы, «2018-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ-НЫСАНАЛЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БОЙЫНША ҚОЛДАНБАЛЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР КОНКУРСЫ» деген мазмұнды мәтін көрсетіледі.
4.1. Конкурсқа қатысу өтінімін ұсыну тәртібі
14. Конкурсқа қатысу өтінімі конкурс жарияланған сәттен бастап, күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде тапсырыс берілетін пошта байланысы арқылы мына мекенжайға: Астана қаласы, Кенесары көшесі 36, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі № 1005 кабинетке жіберіледі.

15. Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі түпкілікті аяқталғаннан кейін, алынған барлық конкурстық өтінімдерді ашпайды және конкурсқа қатысу өтінімімен бірге конвертте көрсетілген реквизиттер бойынша оларды ұсынған әлеуетті орындаушыларға немесе әлеуетті орындаушылардың уәкілетті өкілдеріне алғаны туралы қолхат алып қайтарады.

16. Әлеуетті орындаушылардың конкурсқа қатысуға ұсынған өтінімдері ЖТН, конкурсқа қатысу өтінімін қабылдау күні мен уақыты көрсетіліп, тиісті журналға тіркеледі.
4.2. Жұмыс органының конкурсқа қатысу өтінімдері бар конверттерді ашуы
17. Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталған соң, жұмыс органы 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінімдер бар конверттерді ашып, ашу хаттамасын және құжаттарға тізім жасайды.
4.3.  Конкурсқа қатысу өтінімдерін қарау рәсімі
18. Конверттерді ашу хаттамасы қоса берілген өтінімдерді уәкілетті салалық орган ғылым саласындағы уәкілетті орган МҒТС ҰО-ға тиісті ұлттық ғылыми кеңестің қарауынан кейін қорытынды мен шешім алу үшін жібереді.

19. Уәкілетті салалық орган ғылыми кеңестер шешімдері бар ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыруға берілген өтінімдерді Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссияға (ары қарай – ЖҒТК) жібереді.

20. ЖҒТК құптаған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар өтінімдері белгіленген тәртіппен Республикалық бюджеттік комиссияның қарарына жатады.

21. Нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламаларды (бұдан әрі - НҒТБ) іске асыруға конкурс жеңімпаздары ұлттық ғылыми кеңестердің, ЖҒТК-ның шешімі негізінде анықталады және оны уәкілетті салалық орган бекітеді.

22. Конкурс нәтижелері бойынша уәкілетті салалық орган белгіленген тәртіппен ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша, бағдарлама шеңберінде оны сүйемелдеуді және орындаушы ұйымның қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын бас ұйымды анықтауға құқылы.

Бас ұйым үйлестіретін ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыруға жауапкершілікте болады.

23. Тапсырыс беруші тиісті ҰҒК-нің мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларын жобасын қаржыландыруды тоқтату туралы шешім негізінде мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаны/зерттеу жобасын жүзеге асыру үшін жасалған шартты бұзуға құқылы.
5.  Әлеуетті орындаушыға қойылатын біліктілік талаптары
24. Конкурста аккредиттелген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері, сондай-ақ, қосымша орындаушы ретінде автономды білім беру мекемелері және олардың мекемелері қатыса алады. (ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілердің аккредиттеу туралы уәкілетті орган бұйрығынан үзінді немесе куәлік көшірмесі қоса беріледі).

25. НҒТБ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы стратегиялық маңызы бар мемлекеттік міндеттерді шешуге бағытталған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды өткізудің бірнеше бағыттарынан тұрады.

НҒТБ ғылыми жетекші басшылығымен, осыған ұқсас ғылыми зерттеулерді өткізу тәжірибесі бар ұжыммен жүзеге асырылады.

26. Зерттеушілердің қойылған мақсат және міндеттерге сай соңғы нәтижелерге жетуді қамтамасыз ете алу қабілеті әлеуетті орындаушының ғылыми зерттеулердің нәтижелі болуының кепілі болу керек.

27. Әлеуетті орындаушы НҒТБ іске асыру үшін қажетті тиісті зертханалық және өндірістік ғимараттарға, коммуникацияларға (негізгі параметрлерді көрсете отырып), арнайы зертханаларға заманауи құрал-жабдықтары болуы керек.

28. Барлық өтінімдерге жалпы талаптар:

- әрбір өтінімде жедел енгізу үшін дайын әлемде апрабоциядан өткен, озық технологияларды пайдалану бойынша жеделдететін ұсыныстар болуы керек;

- ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тиімділігін арттыруға және кеңінен енгізуге бағытталған заманауи кешенді технологияларды енгізуге ықпал ететін кешенді өтінімдер қабылданады;

- ИТ-технологияларды барынша пайдалану;

- Қазақстанның барлық жұмылдырылған әкімшілік аудандарында өтінім шеңберінде ұсынылған технологияларды пайдалану бойынша жыл сайын түсіндіру жұмыстарын жүргізу (дала күні, семинарлар, дөңгелек үстелдер және т.б.);

- ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың саны бойынша талаптар (патенттер саны, импакт-факторы бар мақалалар саны, ғылыми кадрларды даярлау) және ғылыми-техникалық технологияларды енгізу мен коммерциализациялау нәтижелері бойынша талаптар (лицензиялық келісімдердің саны, инновациялық сатылымдарды өткізу, зияткерлік меншік құқығын беру шарты);

- өтінім берілген саладағы ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асырудағы табысты және жеткілікті тәжірибесі бар білікті ғылыми қызметкерлердің болуы.
«Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі» ғылымды дамытудың басымдығы бойынша

«Мал шаруашылығының қарқынды дамуы» мамандандырылған бағыты бойынша орындаушыларда:

- асыл тұқымды мал өсіретін базалық шаруашылықтар, мал қора жайлары, мал шаруашылығы баздары, «ақылды фермалар» технологиялық үдерістерін дамыту және енгізу үшін растайтын құжаттары (хаттар, шаруа және фермер қожалықтарымен бірлесіп қызмет ету туралы келісім);

- зерттеулер жүргізілетін агроқұрылымдардың азықтық базасына сәйкес келетін жайылымдар, шабындықтар, тұйықталған сумен жабдықтау қондырғылары, тәжірибелік алаңдар және/немесе су айдыны;

- малдың жеткілікті тұқымы: кемінде 700 бас қой, оның ішінде ұрықтандыру үшін 600 аналық бас; кемінде 200 бас ірі қара мал тұқымы, оның ішінде ұрықтандыру үшін 100 аналық бас; кем дегенде 300 сүтті бағыттағы тұқымды ірі қара мал басы, оның ішінде 150 аналық бас ұрықтандыру үшін.

- мақсатты селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ететін асыл тұқымды ауыл шаруашылығы малдары;

- малдардың селекциялық процесстері үшін асыл тұқымды мал басы мен генотиптер;

- тиісті зертханалардың өлшеу құралдарының жай-күйін бағалау туралы анықтама (ұсынылған өтінімге және зерттеу бағыттарына сәйкес), растаушы құжаттар көшірмесі;

- сынау, сынақтар мен өлшемдердің айқындалған түрлерін орындау кезінде оның техникалық құзыреттілігін растау үшін сынау, өлшеу немесе зерттеу саласында сынақ зертханаларын (және/немесе орталықтар, аналитикалық зертханалар және/немесе орталықтар) аккредиттеу, аттестаттау туралы куәлік;

- сәйкес бағыттары бойынша кешенді және сапалы ғылыми зерттеулер жүргізу үшін (іріктеу, өңдеу және талдау, сынақтар) заманауи зертханалар, аспаптар мен жабдықтар, қосымшамен растаушы құжаттардың көшірмелері болуы керек.
«Қарқынды егішілік шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы» мамандандырылған бағыты бойынша болуы керек:

егіншілік бойынша:

- жер учаскесіне құқық белгілейтін немесе сәйкестендіру құжаттарымен расталған, мамандандырылған селекциялық-тұқым шаруашылығы стационары, оның ішінде көпжылдық, питомниктер;

- жер учаскесіне құқық белгілейтін немесе сәйкестендіру құжаттарымен расталған, тамшылатып, бүркіп және жер қойнауын суару жүйелерімен жабдықталған ауыл шаруашылығы тәжірибе-өндірістік учаскелер, су үнемдеу технологияларының полигондары;

- ауа райы туралы нақты деректер алуға мүмкіндік беретін метеобекет;

- базалық және модельдік шаруашылықтар, демонстрациялық тәжірибелер (растайтын құжаттар);

- мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы (топырақ өңдеу құралдары, сепкіштер, комбайндар және т.б.);

 - асептикалық өсімдіктерді, диагностикалау, сауықтыру және клондау болынша жұмыстарды жүргізу үшін тиісті коммуникациясы бар өндірістік және зертханалық үй-жайлар;

- тиісті зертханалық және өндірістік үй-жайлар, коммуникациялар, агрохимиялық талдау мен ҒЗТКЖ нәтижелерін талдауға мамандандырылған зертханалар және бағдарламалық қамтым, топырақтың құнарлылығын қалпына келтіру процестерін модельдеу болуы керек.



цифрландыру бойынша:

- жер учаскесіне құқық белгілейтін немесе сәйкестендіру құжаттарымен расталған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің болуы;

 - ауыл шаруашылығында цифрландыру (жұмыстарды орындау туралы шарт) саласында тәжірибесі бар (ауыл шаруашылығы жерлерінің электрондық карталарын құру және т.б.);

- соңғы 3 жылда QS-рейтингісі бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы үздік 100-дікке кірген жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы меморандумдардың болуы;

- ауыл шаруашылығын цифрландыру (кемінде 7 бағыт ) бағдарламасын зерттеу бойынша білікті ғылыми қызметкерлердің болуы.

жеміс шаруашылығы бойынша:

- жер учаскесіне құқық белгілейтін немесе сәйкестендіру құжаттарымен расталған мамандандырылған селекция-тұқым шаруашылығы стационарының, оның ішінде көпжылдық далалық стационарлар, көп жылдық питомниктер, бақтар болуы;

- өсімдіктердің селекциясы үшін генефонд шаруашылығы дақылдарының жұмыс коллекциясы;

- ауыл шаруашылығы өсімдіктерін селекциялауға резистенттік нысандарды іріктеу үшін жасанды инфекциялық фон;

- кіші габаритті арнайы ауыл шаруашылығы техникасы (тұқым сепкіштер, топырақ өңдеуші машиналар, комбайндар, басқа машиналар);

 - ауа райы туралы нақты деректер алуға мүмкіндік беретін метеобекеттің болуы;

 - қойма және бөлшектеу бөлмелері, жылыжай кешені;

- жеміс-жидек дақылдарының көшеттері (селекциялық тұқым және гибридтік материалдардың болуы);

- орта және ұзақ мерзімді сақтауды ұйымдастыру үшін заманауи жабдықтар мен аспаптар (камералар, төмен температурадағы тоңазытқыштар, криотанктер тағы басқалары);

- ұқсас ғылыми зерттеу жұмыс тәжірибесі, кемінде 5 жылі үйлестіру;

- биохимиялық, молекулалық биологиялық, физиологиялық, гендік-инженерлік және биотехнологиялық зерттеулерге арналған заманауи аспаптармен және жабдықпен жабдықталған аккредиттелген аналитикалық зертханалар;

- донорлар мен көздер, бастапқы нысандар, ауыл шаруашылығы дақылдарының жұмыс коллекциясы; жабайы тұқымдастар, экзотикалық линиялар, ландрастар, дигаплоидтар;

- селекцияның әдістер мен тәсілдерін таңдаудың (дигаплоидизация, ДНҚ маркерлері) МемСТ-ы;

- ғылыми еңбек (сорттар, будандар, ауыл шаруашылығы дақылдары);

- интеллектуалдық меншік объектілеріне арналған қауіпсіздік құжаттары (авторлық куәліктер, сорттарға арналған патенттер, каталогтар);

- ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттары мен будандарын енгізу актілері, енгізу алаңдары;

- базалық шаруашылықтар мен демонстрациялық учаскелер. (растайтын құжаттар).

көкөніс дақылдары бойынша

- құқық белгілейтін құжаттарымен расталған дамыған суару жүйесімен суарылатын, оның ішінде заманауи ресурс үнемдеуші суару жүйелерімен суарылатын (тамшылатып, жаңбырлатып, құрамдастыра және т.б.) жыртылған жер, селекция-тұқым шаруашылығы мақсатында картоп және көкөніс-бақша дақылдарының мамандандырылған стационарлары;

- картоп, көкөніс және бақша дақылдарының перспективалық сорттары мен будандарын селекция-тұқым шаруашылығы мақсатында өсіру мен көбейту үшін жылыжай кешендері;

- кеңейтілген көкөніс-картоп пен бақша дақылдарының ауыспалы егісі және картоп пен айқас тозаңданатын көкөніс және бақша дақылдарының әртүрлі деңгейдегі тұқымдарын көбейту бойынша оқшауланған питомниктерді отырғызу үшін жердің кеңістіктік мүмкіндіктері;

- тұқымдық картоп пен көкөніс дақылдарының аналықтарын сақтау үшін температуралық және ылғалдылық режимін реттеу бойынша аспаптармен және құралдармен жарақталған камералық бөліктері бар қысқы қоймалар;

- бақыланатын температуралық-ылғалдылық режимдері реттелетін көкөніс дақылдарының құрғақ тұқымдарына арналған тұқым қоймалары;

- картоп, көкөніс және бақша дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығы бойынша қойылған міндеттерді тиімді орындауды қамтамасыз ететін селекция, генетика, физиология, тұқымтану, биохимия, микробиология, фитопатология, агрохимия және басқа да зерттеулер саласындағы мамандандырылған зерттеулерді орындауға арналған зертханалық кешендер;

- картоп және көкөніс-бақша дақылдарының бірегей және элиталық тұқымын өндіруші статусының болуы;

- картоптың, көкөніс және бақша дақылдарының бірегей тұқымдары (картоп және көкөніс-бақша дақылдарының тұқымдарының бастапқы және селекциялық нормативтік қоры);

- картоптың, көкөніс және бақша дақылдарының сорттары мен будандарын жасау, тарату мен енгізуде және дәстүрлі және заманауи технологияларды қолдана отырып, картоптың, (ашық және қорғалған жер) және бақша дақылдарының жаңа сорттары мен будандарын тарату мен енгізуде көпжылдық тәжірибесі (сорттардың, будандардың және технологиялық әзірлемелердің, лицензиялық шарттардың, генофондтың алмасуының, селекциялық материалдардың т.б. болуы).

29. Ғылыми жетекші:

- кемінде 3 жыл бойы ұқсас ғылыми зерттеулер жүргізу тәжірибесі болуы керек;

- кемінде 10 (он) жарияланған ғылыми жұмысы, оның ішінде импакт-факторы нөлге тең емес шетелдік журналдарда басылған және/немесе кемінде
1 (бір) патент алған болуы керек;

- кемінде 2 (екі) іске асырылған ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаның/жобаның және т.б. ғылыми жетекшісі, қосымша жетекшісі немесе негізгі орындаушысы болуы тиіс.

30. Бағдарламаның іске асыру шеңберінде күтілетін нәтижелері, сұралатын қаржыландыру көлеміне сәйкес негізделуі тиіс.

31. Қаржыландыруға мақұлданған бағдарламалар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылуы тиіс.

32. Бағдарламаның аннотациясын және оның ғылыми есептерін өтініш берушінің және/немесе автордың келісімінсіз (баспа және/немесе электронды нысанда) жариялау құқығы ҰМҒТСО акционерлік қоғамына ұсынылады.

33. Бағдарлама шеңберінде алынған ғылыми зерттеулердің нәтижелері заңнамада белгіленген тәртіппен ҰМҒТСО-да міндетті түрде мемлекеттік тіркелуге жатады.

34. Зерттеудің нәтижелерін, монографияларды және басқа ғылыми жұмыстарды жариялау кезінде бағдарлама барысында және/немесе аяқталғаннан кейін авторлар қаржыландыру көзіне сілтеме жасаулары керек.

35. Ғылыми жетекші бір ғана жүзеге асырылатын бағдарламаны басқара алады, бұл ретте ал оның басқа бағдарламаларда орындаушы ретінде қатысуы 2 бағдарламадан/ жобадан артық болмауы тиіс.

36. Бағдарлама әлеуетті орындаушыларының жетекшілеріне орындаушылар жүзеге асыратын ғылыми зерттеулерді үйлестіру және/немесе әдістемелік қамтамасыз ету мақсатына бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудан қаражат ұстауына жол берілмейді.

37. Бағдарлама бойынша ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру шеңберінде зерттеудің бүкіл кезеңінде кемінде 2 (екі) ғылыми жарияланым жариялануы немесе импакт-факторы нөлге тең емес шетелдік басылымдарға жіберілуі немесе халықаралық патент әзірлеу/алынуы тиіс.

38. Стратегиялық маңызы бар мемлекеттік мәселелерді шешу мақсатында бағдарлама бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелері ғылыми және/ немесе ғылыми-техникалық қызмет барысында алынған және (немесе) кез келген ақпарат тасығышта тіркелген жаңа шешімдер түрінде ұсынылуы тиіс (жаңа технологиялар, эксперименталды және тәжірибе үлгілері, жаңа тақырыптық және басқа карталар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың учаскелері, жаңа технологиялар немесе технологиялық схемалар, жаңа материалдар, препараттар, биопрепараттар, вакциналар, ұсынымдар, нормативтік-техникалық құжаттама, зияткерлік меншігіне қорғалатын құжаттарын, селекциялық жетістіктер, стандарттар және т.б.)

39. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қаражатын тиімсіз және негізсіз пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жауапкершілікте болады.

40. НҒТБ жүзеге асыру кезеңінде магистратура мен PhD докторантура бағдарламалары бойынша жас мамандар дайындалуы керек.

6. Қорытынды ережелер
41. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсының нәтижелері мерзімдік басылымдарда жариялануға және салалық уәкілетті органның mgov.kz интернет-ресурсында орналастыруға жатады.

2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми зерттеулер жүргізудің

конкурстық құжаттамасының

1- қосымшасы


2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы

қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми зерттеулер жүргізудің

конкурсқа қатысу өтініміне қойылатын талаптар
1. Конкурсқа қатысу өтініміне кіреді:

1) ілеспе хат (2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми зерттеулер жүргізудің конкурстық құжаттамасының 2 қосымшасы);

2) ұсынылған материалдардың сенімділігі мен ғылыми этиканың нормалары мен принциптеріне сәйкестігі туралы мәлімдеме (2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми зерттеулер жүргізудің конкурстық құжаттамасының 3-қосымшасы);

3) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бағдарламасының ғылыми жетекшісі туралы мәлімет (2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми зерттеулер жүргізудің конкурстық құжаттамасының 4-қосымшасы);

4) бағдарлама орындаушыларының біліктілігі, тәжірибесі және ғылыми жетістіктері туралы ақпарат (2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми зерттеулер жүргізудің конкурстық құжаттамасының 5-қосымшасы);

5) бағдарламаның қысқаша сипаттамасы (2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми зерттеулер жүргізудің конкурстық құжаттамасының 6-қосымшасы);

6) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына қатысу өтінімі (2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми зерттеулер жүргізудің конкурстық құжаттамасының
7-қосымшасы);

2. Өтінім, ілеспе хат және қысқаша сипаттама мәтіні анық тұжырымдалған және келесі параметрлері (нұсқасы 97 және одан жоғары мәтіндік редакторы «WORD for WINDOWS» көмегімен) бар бірыңғай қаріппен жариялануға тиіс:

ені сол жақтан - 2,5 см, оң жақтан - 1,5 см, төменгі деректемелер - 2,5 см;

Қаріп - «Times New Roman» мөлшері №12 (қосымшаларда қаріптің аз өлшемі, бірақ кем дегенде № 10 пайдаланылуы мүмкін);

жоларалық интервал - бір;

Параграф шегінісі (бірінші жолдың шрифті) - 1,25 см;

Тақырып және мәтін арасындағы аралық, мәтін және қолтаңба - бір жол аралығы;

Өтінім беттері және қосымшалары нөмірленуге тиіс;

Тапсырыс көлемі 30-50 (отыздан елуге дейін) A4 беттен аспауы тиіс;

Microsoft Word форматында (кеңейту * .DOC немесе * .DOCX) қолдану және бағдарламаның қысқаша сипаттамасы электрондық нұсқасы ағылшын тіліне аудармасымен, мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған, атауы бағдарламасының байламы алғашқы бес сөздерді қолдану арқылы көрсетіледі.

3. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру өтінімнің электронды нұсқасының мазмұны, мұқабалық хат және бағдарламаның қысқаша сипаттамасы оның қағаз нұсқасымен бірдей болуы керек.

4. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға өтінімнің электронды нұсқаларының жалпы көлемі, бағдарламаның қысқаша сипаттамасы және қысқаша сипаттамасы бес мегабайттан аспауы тиіс.

Барлық құжаттар екі данада ұсынылуы тиіс. Электрондық таспа қалталардың ішкі жағына бекітілген конверттерге орналастырылады.

2018-2020 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми зерттеулер жүргізудің

конкурстық құжаттамасының

2- қосымшасы


жүктеу 278,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау