Қазақстан РеспубликасыЕңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсөткізу туралы хабарландыруы
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-5 санаты үшін:жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарыныңнемесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақысы:
Санаты
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
С-О-5
|
min
|
max
|
83 282
|
112 430
|
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» РММ, индекс 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 24 шағын аудан №7 ғимарат, 2 қабат, №206 кеңсе, анықтама телефоны 8(7292) 60-56-23, a.auezov@enbek.gov.kz эл. поштасы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсжариялайды:
1.Медициналық әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Департамент басшысы орынбасарының тікелей қатысуымен Департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің (бұдан әрі – МӘС бөлімдерінің) қорытындыларына шағымдану бойынша адамдарға қайта куәландыру жүргізеді, МӘС бөлімдерінің қорытындыларының дұрыстығын бақылайды, бұл қорытындылар негізсіз болған жағдайда, дұрыс қорытынды шығаруға арналған ұсыныстардың жобасын әзірлейді және оны Департаменттің медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімінің бөлімінің (бұдан әрі – МӘС ӘБ бөлімінің) басшысына ұсынады. Мүгедектік себептерін, топтарын және еңбек қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеудің, мүгедектерді оңалту, мүгедектерді куәландыру актілерін ресімдеудің, МӘС бөлімдерімен іс жүргізудің дұрыстығына бақылауды жүзеге асырады, анықталған кемшіліктерді жоюға арналған ұсыныстардың жобасын әзірлейді және оны МӘС ӘБ бөлімінің басшысына ұсынады. МӘС бөлімдерінің негізгі қызметтерінің көрсеткіштеріне мониторинг жүргізеді және қорытындысын МӘС ӘБ бөлімінің басшысына ұсынады. Облыс бойынша, аудандар мен қалалар бойынша мүгедектіктің жағдайлары мен құрылымдары көрсеткіштеріне мониторинг жүргізеді және қорытындысын МӘС ӘБ бөлімінің басшысына ұсынады. Медициналық-әлеуметтік сараптаманың сапасын жақсарту жөніндегі шаралардың жобасын МӘС ӘБ бөлімінің басшысына ұсынады.
Конкурсқа қатысатындарға қойылатын талаптар: Жоғары білім-Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (дәрігерлік емдеу ісі, жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау).
2. №1; №2 медициналық–әлеуметтіксараптамабөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, (2бірлік)
Функционалдық міндеттері: Мүгедектіктің тобын, себебін, еңбек қабілетінен айырылу дәрежесін, мүгедектіктің басталу уақыты мен мерзімдерін, 16 жасқа дейінгі балаларға мүгедектікті белгілеу үшін мүгедектер мен науқастардың куәландыруын жүргізеді, еңбек міндеттерін атқару кезінде зақым немесе денсаулықтың өзге жарақатын алған қызметкердің қосымша көмек түрлерінде және күтілуінде қажеттілігін анықтайды. Мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларын әзірлейді. Медициналық-әлеуметтік сараптама және мүгедектерді оңалту мәселелері жөнінде бағдарламалар жобаларымен басқа нормативтік құжаттардың әзірленуіне қатысады.
Конкурсқа қатысатындарға қойылатын талаптар: Жоғары білім-Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (дәрігерлік емдеу ісі, жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау).
3. №3 мамандандырылған медициналық – әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты (1бірлік).
Функционалдықміндеттері:Мүгедектіктің тобын, себебін, еңбек қабілетінен айырылу дәрежесін, мүгедектіктің басталу уақыты мен мерзімдерін, 16 жасқа дейінгі балаларға мүгедектікті белгілеу үшін мүгедектер мен науқастардың куәландыруын жүргізеді, еңбек міндеттерін атқару кезінде зақым немесе денсаулықтың өзге жарақатын алған қызметкердің қосымша көмек түрлерінде және күтілуінде қажеттілігін анықтайды. Мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларын әзірлейді. Медициналық-әлеуметтік сараптама және мүгедектерді оңалту мәселелері жөнінде бағдарламалар жобаларымен басқа нормативтік құжаттардың әзірленуіне қатысады.
Конкурсқа қатысатындарға қойылатын талаптар: Жоғары білім-Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (дәрігерлік емдеу ісі, жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау).
4. Персоналды басқару жөніндегі бас маманы (С-О-5 санаты, 1 бірлік).
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік қызметті өтуімен байланысты іс-шаралар кешенінің жүзеге асырылуына; бос әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурстардың; мемлекеттік қызметшілердің аттестациясын, тағылымдамасын, тәлімгерлігін, қызметін бағалауды, оқуын, қайта даярлауын және біліктілігін арттыруды жүргізуіне қатысу; мемлекеттік қызметшілермен Мемлекеттік қызметшілердің Этикалық кодексінің, мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулердің сақталуын бақылау; мемқызметті өтуімен байланысты, әскери есеппен байланысты құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу; құзырына жататын жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын қарау.
Конкурсқа қатысатындарға қойылатын талаптар:Жоғары білім - Құқық Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес. Білім. Гуманитарлық ғылымдар.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
«Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» ММ және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру сонғы жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күн ішінде құжаттарын тапсыруы тиіс.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондықүкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде«Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» ММ-де өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен обьективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» ММ басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жарияланған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарлату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталағанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжататрдың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Шағым жасау тәртібі:
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілеттіорганға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
________________________________
________________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені_________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуконкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттікәкімшілік лауазымынаорналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, оларменкелісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________________________________________________________________________________
________ ___________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы
Нысан
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК
ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
|
_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)
|
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)
|
|
|
_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
|
|
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
|
1.
|
Туған күні және жері/
Дата и место рождения
|
|
2.
|
Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)
|
|
3.
|
Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
|
|
4.
|
Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
|
|
5.
|
Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками
|
|
6.
|
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)
|
|
7.
|
Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
|
|
8.
|
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
|
|
9.
|
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
|
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
|
Күні/Дата
|
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
|
қабылданған/
приема
|
босатылған/
увольнения
|
|
|
|
|
_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата
|
_______________
күні/дата
|
Достарыңызбен бөлісу: |