Статистика комитеті Жамбыл облысының Cтатистика департаменті
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
080012, Тараз қаласы, Сүлейменова даңғылы, 18.
Анықтама алу үшін телефон: (8-726) 245-73-89
электрондық мекенжайы: zhambylstat@mail.ru
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
C-О-6 санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейінгі білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
-Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына сәйкес.
Қазақстан Республикасының заңнамасын білу:
1)Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекттік басқару және өзiн-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын;
2) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін;
3) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санаты
|
Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты
|
|
min
|
max
|
С-О-6
|
74954
|
101604
|
Талас ауданының Статистика басқармасының жетекші маманы С-О-6 санаты, 1 бірлік №20 -6- 6
Функционалдық міндеттері: Статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес статистикалық ақпараттарды жинау. Аудан көлемінде орналасқан ауылдық округтардан, жеке және заңды тұлғалардан ауыл шаруашылығы, сауда статистикасы бойынша статистикалық есеп нысандарын жинау. Бастапқы есеп деректерінің толықтығын, дұрыстығын қамтамасыз ету. Шаруа (фермер) қожалықтары мен әрбір шаруашылыққа арналған кітаптың дұрыс толтырылуын тексеру. Ауыл шаруашылығы, сауда саласы бойынша бір мезгілдік сауалнамаларын жүргізу. Пайдаланушылардың компьютерлерінде операциялық жүйені және статистикалық бағдарламалық өнімдерді жүйелік қолдау. Бағдарламалық кешендер бойынша бағдарламалық және техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, статистикалық деректерді жинау және өңдеудің үрдісі мен тәртібінің белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс атқару. Департамент басшысымен анықталған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе ортадан кейінгі техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдары саласындағы Мамандығы: Автоматтандыру және басқару немесе ақпараттық жүйелер немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету немесе экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесее қаржы немесе маркетинг немесе статистика немесе әлемдік экономика немесе агрономия немесе мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы немесе аңшылықтану және аң шаруашылығы немесе балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау немесе су ресуртары және суды пайдалану немесе аграрлық техника және технология.Қазақстан Республикасының заңнамасын білу:
2. Қаржы және инвестициялар басқармасының жетекші маманы С-О-6 санаты, 1 бірлік №12-12-6
Функционалдық міндеттері: Статистикалық жұмыс Жоспарының орындалуын қамтамасыз ету. Құрылыс және инвестиция статистикасы бойынша талдамалы жазбалар, баяндамалар, жедел ақпараттар, баспасөз-хабарламалар, статистикалық жинақтар және анықтамалықтар әзірлеу және шығару. Құрылыс және инвестиция статистикасы бойынша аудандық (қалалық) статистика басқармаларына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету. Департамент басшылығымен анықталған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Алынған статистикалық деректердің дәйектілігін, респонденттердің оларды уақтылы тапсыруын қадағалау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе орта білімнен кейінгі әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы.
Мамандығы: Экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе маркетинг немесе статистика немесе әлемдік экономика.
Қазақстан Республикасының заңнамасын білу:
3. Баға статистикасы басқармасының жетекші маманы С-О-6 санаты (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыс уақытына 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін), 1 бірлік №10 -10- 5
Функционалдық міндеттері: Бекітілген әдістемеге сәйкес экономиканың тұтыну секторындағы бағалар туралы алғашқы статистикалық мәліметтерді жинау және өңдеу, әдістемелік талаптарға сәйкес алғашқы статистикалық мәліметтердің сапасы мен дұрыстығын қамтамасыз ету. Іс жүргізу. Департамент басшылығымен жүктелген өзге де тапсырмаларды орындау
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе ортадан кейінгі техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдар саласындағы жаратылыстану ғылымдар саласындағы немесе білім саласындағы.
Мамандығы: Автоматтандыру және басқару немесе ақпараттық жүйелер немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету немесе экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе маркетинг немесе статистика немесе әлемдік экономика немесе информатика немесе құқықтану немесе халықаралық құқық немесе агрономия немесе мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы немесе аңшылықтану және аң шаруашылығы немесе балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау немесе су ресурстары және суды пайдалану немесе аграрлық техника және технология.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi: жалпы конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы не «е-қызмет» біріктірілген ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанда толтырылған сауалнама;
3) білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Әңгімелесуді жүргізу уақыты мен орны: әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде , Тараз қаласы, Сұлейменова көшесі, 18 мекенжайы бойынша Департаменттің ғимаратында өтеді.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың және сарапшылардың қатысуына қатысты ақпарат: Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар мен сарапшылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Шағым жасау туралы ақпарат: Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Жалпы конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |