«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» РММ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі (030007 индексі, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Тілеу батыр көшесі 9/б, анықтама үшін телефон және факс нөмірі: 8 (713-2) 50-13-36, электрондық мекенжайы: r.kubataev@mz.gov.kz) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
-
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
| С-О-5 |
83282
|
112431
|
1.Ақтөбе облысы бойынша фармация департаментінің «Фармацевтикалық қызметті бақылау, мемлекеттік қызметтер және фармацевтикалық инспекторат бөлімінің бас мамандары» (мемлекеттік фармацевтика инспекторы) С-О-5 санаты «индексі 18-5-7, 18-5-8, 18-5-9», 3 бірлік.
Негізгі функционалдық міндеттері: Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру. Дәрілік заттардың, медицинаға арналған бұйымдардың және медициналық техниканың айналысын, денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдары, психотроптық заттар, мен прекурсорлардың айналымын, сондай-ақ құрамында этил спирті бар дәрілік заттардың айналысын, соның ішінде біліктілік талаптарының және фармацевтикалық қызметті лицензиялау құқығының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтыру. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Құзыреті шегінде Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің жұмысын талдау. Тиісті фармацевтикалық практика стандарттарына сәйкес инспекция жүргізу. Жалған дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Мемлекеттік қызмет көрсету, ақпарат беру. Фармацевтикалық саланы дамыту стратегиясын, заңнамалық және Қазақстан Республикасында дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы мәселелерін регламеттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу.Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.
Конкурса қатысушыларға талаптары: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (фармация) саласында жоғары білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
2.Ақтөбе облысы бойыншафармациядепартаментінің персоналды басқару жөніндегі бас маман, С-О-5 санаты «индексі 18-5-2» - 1 бірлік,
Негізгі функционалдық міндеттері:Еңбек және орындаушылық тәртіптің сақталуын бақылау. Кадрлар құрамын қалыптастыру және конкурс негізінде іріктеуді ұйымдастыру. Кадрларды мониторингілеу және кадрлар бойынша іс жүргізу, оның ішінде «Е-қызмет» персоналды басқару ақпараттық жүйесі арқылы. Департаментте кәсіби бейімделуге жағдай жасау және тәлімгерлікті ұйымдастыру. Кадрлардың кәсіби дамуын қамтамасыз ету, оның ішінде қайта даярлау, біліктілікті арттыру, тағылымдамаларды ұйымдастыру арқылы. Кадр мәселелері бойынша конкурстық, аттестаттау, тәртіптік комиссиялардың, еңбек өтілін санау және өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамту. Мемлекеттік қызметке орналасу, өткеру және тоқтату ресімін сақтауды қамту. Мемлекеттік қызметшілердің іс-әрекеттерін бағалау ресімін ұйымдастыру, оларды аттестаттау ресімінің сақталуын қамту.Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда департамент қызметiнiң құқықтық мәселелерiн қарау кезiнде белгiленгентәртiппен департаменттің мүдделерiн бiлдiру. Департаментте ҚР нормативтiк құқықтық актілерiне мониторинг жүргiзудi тұрақты негiзде үйлестiру. Департамент әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ өзге де құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу. Департаментте ҚР заңнамасын насихаттау, жалпыға бiрдей құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөнiндегi жыл сайынғы iс-шараларды әзiрлеу және iске асыру. Департаментке келiп түсетiн ҚР нормативтiк құқықтық актілерiнiң жүйелендiрiлген есебiнжәне олардың сақталуын ұйымдастыру. Тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында ҚР департаменттің қатысуымен даулар бойынша талап арыз жұмысының, сот тәжірибесінің жай-күйін талдау және оларды жою мен кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізу. Департаменттің пайдасына қабылданбаған сот актісіне шағымдану жөніндегі шараларды уақытылы қабылдайды, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен прокуратура органдарына қадағалау тәртібінде наразылық білдіру туралы өтініштермен жүгіну. Заңды күшіне енген сот актілерін орындау жөніндегі шараларды қабылдауды қамтамасыз ету. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. ҚР заңнамаларына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.
Конкурса қатысушыларға талаптары:Құқық - жоғары білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралықұжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін ұсыну талап етілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Олар ұсынылмаған жағдайда, конкурс комиссиясы азаматты әңгімелесуден өтуге жібермейді.
Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде (Ақтөбе қ., Тілеу батыр көшесі 9/б) өтеді.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы 40 (анықтама телефоны: 54-56-57) мекенжайы бойынша, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені__________________________________________________________
____________________________________________________________________
_____________________ ____________________________________________бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын. Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін. Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны__________________________________________________________
__________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы
Нысан
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА
КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ
ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
|
|
______________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)/
фамилия, имя, отчество (при наличии))
_______________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
|
Туылған күні және жері/
Дата и место рождения
|
|
Ұлты/Национальность (по желанию)
|
|
Оқуорнынбiтiргенжылыжәнеоныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
|
|
Мамандығыбойыншабiлiктiлiгiғылымиатағы (болғанжағдайда)/
Квалификация по специальности ,ученая степень, ученое звание (при наличии)
|
|
Шеттiлдерiнбiлуi/
Владение иностранными языками
|
|
Мемлекеттiкнаградалары, құрметтiатақтары(болған жағдайда)/ Государственные награды, почетные звания (при наличии)
|
|
Дипломатиялықдәріжесі, әскері, арнайыатақтарысыныптықшенi(болғанжағдайда)/дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
|
|
Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізітуралымәлiмет(болғанжағдайда)/
вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
|
|
Соңғыүшжылдағықызметініңтиімділігінжылсайынғыбағалаукүні мен нәтижесі, егерүшжыл-
дан кем жұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі (мемлекеттік
әкімшілікқызметшілертолтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае,
если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполня-
ется государственными служащими)
|
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ
ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
|
Күні/Дата
қабылданған/ приема
|
Күні/Дата
босатылған/ увольнения
|
Күні/Дата қызметі, жұмыс
орны, мекеменіңорналасқанжері /должность,местоработы,местонахождение
организации қабыл-
данған/приемабосатылған/
увольнения
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата
_______________
күні/дата_________
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |