Конкурс туралы хабарландыру «Орал қаласының Зачаган кенті әкімінің аппараты»



Дата16.01.2020
өлшемі45 Kb.
#26917
түріКонкурс

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру
«Орал қаласының Зачаган кенті әкімінің аппараты» ММ, 090009, БҚО, Орал қаласы, Зачаган кенті, 25-Чапаев дивизиясы, 2 үй. Анықтама телефондары: 8 (7112) 50-18-80, 52-16-42, электрондық адресі: zachakimat@mail.ru

Орал қаласының Зачаган кенті әкімінің орынбасары «E-G-1» санаты – 1 бірлік (индекс 0.1-2-2) лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 122463 теңгеден 164936 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтініштері, шағымдары мен өзге де жүгінулерін қарайды, жүзеге асыру жұмыстарын үйлестіреді, кент әкімінің кәсіпорындар мен ұйымдар арасындағы қатынасын, жергілікті қоғамдастық жиыны мен жергілікті қоғамдастықтың жиналысын ұйымдастыру және кент әкімінің өзіне жүктеген басқа да тапсырмаларын орындау.

Кенттегі көше жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуына ықпал ету. Сумен жабдықтауды және пайдалану мәселелерін үйлестіру. Елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Коммуналдық мүліктің сақталуын және осы бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыру. Тұрғын үй қорының өтпелі немесе толық жөнделуін, қауіпсіздігін қамтамасыздандыру бойынша пәтер иелері кооперативтерімен бірлесе қызмет атқару, күзгі-қысқы маусымға дайындау мәселелері. Кент аумағында сенбіліктерді ұйымдастыру. Кенттегі көп қабатты тұрғын үйлерге жаңғырту жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру. Төтенше жағдайдағы азаматтық қорғаныс және өрт қауіпсіздігі бөлімімен бірлесе отырып жасалған жұмыстардың атқарылуын, жүргізілуін бақылауға алу. Жер қатынастарын реттеу және жүзеге асыру жұмыстары. Мемлекеттік сатып алу жұмыстарының жүргізілуін ұйымдастырады.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңында көзделген жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерінен түсетін түсімдерін қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру және құқық бұзушылық хаттамаларды рәсімдеу және құқық бұзушылықты анықтау бойынша деректер қорымен жұмыстарын жүргізу.

Абаттандыру бөліміне жетекшілік етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:     

мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-6, C-5, C-O-6, C-R-5, D-5, D-O-6, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда А-5, B-6, C-5, C-O-6, C-R-5, D-5, D-O-6, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      А-5, B-6, C-5, C-O-6, C-R-5, D-5, D-O-6, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;

      жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      ғылыми дәрежесінің болуы.



Құзыреттер бойынша талаптар:

стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;



Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Құжаттар 3 жұмыс күні ішінде, ол ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап ұсынылуы керек.



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.



Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Орал қаласының Зачаган кенті әкімі аппаратында өтеді.



Қосымша ақпарат

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімі конкурс өткізілгеннен кейін бір жұмыс күн ішінде мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсына орналастырылады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары, негізінде жүргізіледі.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан


__________________________

(мемлекеттік орган)


Өтініш
Мені___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын. Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін. Қоса берілген құжаттар: ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны_________________________________________________________________________________________________


________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))



«___»_______________ 20 __ ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау