Конкурс туралы хабарландыру Қазақстан Республикасының



Дата28.01.2020
өлшемі88 Kb.
#27494
түріКонкурс

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-3 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы;

8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
С-4 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.


С-5 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етiлмейдi.

- «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрагасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелінген бұйрығына сәйкес.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

C-3

154 071

208 205

C-4

138 248

186551


Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті, Нұр-Сұлтан қ. Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі ғимараты, 2-кіреберіс, пошта мекенжайы: Нұр-Сұлтан қ. Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі ғимараты, 2-кіреберіс, анықтама телефоны: 74-99-20, e-mail: kgk.konkurs@mdai.gov.kz «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:
1. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар басқармасының бас сарапшысы, C-4 (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Министрліктің Стратегиялық жоспарының іске асырылуын қамтамасыз ету және Комитетке тікелей қатысы бар, онда қойылған мақсаттарға, міндеттер мен индикаторларға қол жеткізу; Басқарманың құзыреті шегінде Комитеттің бағынысты кәсіпорындарының қызметін ұйымдастыруға қатысу; экономика салалары мен өңірлердің геодезиялық және картографиялық материалдар мен олардың деректеріне ағымдағы және перспективалық қажеттіліктерін зерделеу және талдау; геодезия және картография саласындағы нормативтік құқықтық, техникалық актілерді әзірлеу; бюджет қаражаты есебінен орындалатын жұмыстардың құнын, сметалық нормаларды, бағалауларды, аэротүсірілім, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың бағаларын есептеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың жобаларын, сондай-ақ аэроғарыштық түсірілім, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуге арналған техникалық жобаларды қарау; бюджеттік бағдарлама шеңберінде орындалатын топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың технологиясы мен сапасына бақылау жүргізу; Комитеттің ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының қаржы-шаруашылық қызметінің құжаттарын қарастыру; мемлекеттік шекараны демаркациялау, делимитациялау және қайта шегендеу жөніндегі геодезиялық және картографиялық жұмыстарды ұйымдастыру, Каспий теңізінің түбін шектеу және бастапқы сызығын белгілеу жөніндегі материалдарды дайындау; азаматтардың, заңды тұлғалардың өтініштерін, шағымдарын қарау және түсініктемелер дайындау; өзара келісілген жұмыс жоспарлары бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс және Ұлттық қауіпсіздік мүддесінде геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асыруды ұйымдастыру; топографиялық, геодезиялық және картографиялық материалдар мен маңызды қорғаныс және экономикалық маңызы бар деректер бөлігінде құпияландыруға жататын мәліметтердің ведомстволық тізбесіне ұсыныстар әзірлеу; геодезия және картография саласындағы мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияның жұмысына қатысу; Қазақстан Республикасының қауіпсіздік мүдделерін ескере отырып, геодезиялық және картографиялық жұмыстардың, аэроғарыштық түсірулердің деректері мен материалдарын дайындау, есепке алу, сақтау, көбейту және пайдалану тәртібін регламенттейтін нұсқаулықтар, нормалар мен ережелердің жобаларын әзірлеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: аэрофотогеодезия, кадастр, геодезия, картография, жерге орналастыру, фотограмметрия
2. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті әкімшілік-құқық жұмысы басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Басқарма жұмысына жалпы басшылық ету. Міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес берілген рұқсаттар шегінде міндеттемелердің қабылдануын бақылау, белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес қаражаттың дұрыс, тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылау; Комитеттің штат кестесін келісу. Бухгалтерлік, тоқсандық, жылдық есептілікті жасау және ұсыну; Комитеттің қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізуге өтінімдер мен анықтамаларды ұйымдастыруды және қалыптастыруды қамтамасыз ету; Өз құзыреті шегінде қаржыландыру жоспарларының орындалуын келісуді жүзеге асыру; бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру. Бюджеттік жоспарлауды қалыптастыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және Комитеттің бюджеттік өтінімдерін, үш жылдық кезеңге арналған бюджет жобаларын жасау; мемлекеттік сатып алу жоспарын жасау және Комитеттің мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу; Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қаржылық қызметіне талдау және мониторинг жүргізу; штат кестесін келісу; Тәртіптік, аттестаттау, конкурстық және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру; аттестаттауды және конкурстық іріктеуді өткізу, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бойынша жоғарылату, мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту, мемлекеттік қызметшілерді босату рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету; кадрларды іріктеуді ұйымдастыру, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу; мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамаларын, тәлімгерліктерін ұйымдастыру, қызметін бағалау, оқыту, қайта даярлау (қайта мамандандыру) және біліктілігін арттыру. Іс жүргізу және құжаттандыру мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес құжаттамалық қамтамасыз етудің бірыңғай тәртібінің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыруды ұйымдастыру. Комитеттің құзыретіне жататын салалардағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге әдістемелік басшылықты қамтамасыз ету; басшылыққа қол қоюға ұсынылатын құқықтық сипаттағы құжаттардың, оның ішінде Комитет бойынша бұйрықтардың жобаларының заңнама талаптарына сәйкестігін бақылау; заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің мониторингі бойынша жиынтық есепті қамтамасыз ету; құқықтық мәселелерді қарау кезінде соттарда және басқа да мемлекеттік органдарда (ұйымдарда) Комитеттің мүдделерін білдіру; әкімшілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру бойынша ведомствоаралық комиссиялардың отырыстарына анықтамаларды талдау

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: менеджмент, қаржы, есеп және аудит, экономика, құқықтану, геодезия және картография, персоналды басқару, мемлекеттік және жергілікті басқару
3. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті әкімшілік-құқық жұмысы басқармасының бас сарапшысы, C-4 (2 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Іс жүргізу және құжаттандыру мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес құжаттамалық қамтамасыз етудің бірыңғай тәртібінің жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру. Комитеттің кіріс және шығыс құжаттарының өтуіне, орындалуына уақытылы бақылау жүргізу. Комитетке келіп түсетін хат-хабарларды бөлу, орнату және бақылаудан алу. Орындаушылық тәртіп бойынша Комитет басшылығына апта сайынғы ақпарат дайындау. Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (ЭҚАБЖ) арқылы, сондай-ақ қағаз тасығыштарда келіп түсетін кіріс және шығыс хат-хабарларды уақтылы қабылдауды, тіркеуді және жіберуді қамтамасыз ету. "ҚПҮ" қызметтік ақпараты бар құжаттарды қалыптастыру, есепке алу, ведомстволық мұрағатқа сақтауға беру. Комитетте іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу, Құжаттаудың бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету, құжат айналымының жағдайын есепке алу мен талдауды ұйымдастыру, құрылымдық бөлімшелердің құжаттау және құжаттаманы басқару ережелері талаптарын сақтауы, Комитетте және құрылымдық бөлімшелерде құжат айналымы бойынша жұмыстарды уақтылы жүзеге асыру. Бекітілген жұмыс учаскесі бойынша және бекітілген номенклатураға сәйкес құжаттар мен істерді қалыптастыру. Құжаттарды кейіннен сақтауға және пайдалануға дайындауды (істерді ресімдеу, тізімдемелерді жасау), өндіріс аяқталған істерді Комитеттің мұрағатына беруді жүзеге асыру. Басшылыққа қол қоюға ұсынылатын құқықтық сипаттағы құжаттар жобаларының, оның ішінде Комитет бойынша бұйрықтардың заңнама талаптарына сәйкестігін бақылау; әкімшілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру бойынша ведомствоаралық комиссиялардың отырыстарына анықтамаларды талдау және дайындау; Комитет басшылығы жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. Мемлекеттік қызметті өткерумен байланысты жұмыстар кешенін; мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, бағалау, аттестаттау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді есепке алуды қамтамасыз ету; Комитет қызметкерлерінің және Комитет қарамағындағы ұйымдар басшыларының жеке істері мен еңбек кітапшаларын жүргізу және сақтау; жеке құрам, іссапарлар мен демалыстар бойынша бұйрықтарды дайындау және тіркеу; өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хаттарды, арыздар мен шағымдарды қарау; жыл сайын демалыс кестесін жасау және Комитет қызметкерлерінің еңбек демалысын пайдалануын тиісті ресімдеу; мемлекеттік қызметшілердің табыс туралы декларация тапсырғаны туралы анықтамаларды уақытылы тапсыруын қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: менеджмент, қаржы, есеп және аудит, экономика, құқықтану, геодезия және картография, мемлекеттік және жергілікті басқару
4. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Өз қызметіне қатысты бөлігінде Басқарманың және Комитеттің бағынысты кәсіпорындарының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру; Министрліктің Стратегиялық жоспарын іске асыру және онда қойылған Комитетке тікелей қатысы бар мақсаттарға, индикаторлардың міндеттеріне қол жеткізу; бюджеттік бағдарламаны іске асыру; саланы дамытудың тұжырымдамалық негіздері бойынша ұсыныстар әзірлеу; спутниктік геодезиялық желіні құру және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік координаталар жүйесін орнату жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; өндірістік геодезиялық және картографиялық қызмет бөлігінде саланы дамытудың басым бағыттарын айқындау; геодезия және картография саласындағы озық технологияларды дамыту бойынша ұсыныстарды зерделеу, талдау және енгізу; аэротүсірілім, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар өндірісіне, мемлекеттік мақсаттағы озық технологияларды енгізу жөніндегі халықаралық ынтымақтастық; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын демаркациялауды және делимитациялауды геодезиялық және картографиялық қамтамасыз ету жөніндегі құжаттарды дайындауды ұйымдастыру; Қазақстан Республикасының теңіз кеңістіктерін делимитациялауды, Каспий теңізінің түбін шектеу және бастапқы сызығын белгілеуді қамтамасыз етуге қатысу; бюджет қаражаты есебінен орындалатын геодезия және картография саласындағы, оның ішінде аэротүсірілім, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың құнын есептеу жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің, нұсқаулықтардың, нормалар мен ережелердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру; жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет қаражаты есебінен топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуге Бюджеттік өтінімді қалыптастыруды қамтамасыз ету; мемлекеттік мақсаттағы топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізуге техникалық тапсырмалар мен техникалық жобаларды жасауды ұйымдастыру; Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорды қалыптастыру мен жүргізуді ұйымдастыру; бюджеттік бағдарлама шеңберінде орындалатын топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың технологиясы мен сапасына бақылау жүргізу; топографиялық, геодезиялық және картографиялық материалдар мен маңызды қорғаныс және экономикалық маңызы бар деректер бөлігінде құпияландыруға жататын мәліметтердің ведомстволық тізбесіне ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру; өзара келісілген жұмыс жоспарлары бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс және Ұлттық қауіпсіздігі мүддесінде геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: аэрофотогеодезия, кадастр, геодезия, картография, жерге орналастыру, фотограмметрия
5. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті кеңістіктік деректерді дамыту басқармасының басшысы, C-3 (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Өз қызметіне қатысты бөлігінде Басқарманың және Комитеттің бағынысты кәсіпорындарының қызметіне жалпы басшылықты үйлестіру; "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын, Министрліктің Стратегиялық жоспарын іске асыру және онда қойылған мақсаттарға, Комитетке тікелей қатысы бар индикаторлардың міндеттеріне қол жеткізу; координаттардың, биіктіктердің, гравиметриялық және спутниктік өлшемдердің бірыңғай мемлекеттік жүйелерін белгілеу бөлігінде саланы дамытудың тұжырымдамалық негіздері бойынша ұсыныстар әзірлеу; спутниктік геодезиялық желіні құру, мемлекеттік геодезиялық, нивелирлік, гравиметриялық желілерді жаңғырту және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік координат жүйесін орнату жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; кеңістіктік деректер бойынша экономика салалары мен өңірлердің ағымдағы және перспективалық қажеттіліктерін, талаптарын зерделейді және талдайды; кеңістіктік деректер бойынша кеңістіктік деректердің ұлттық инфрақұрылымын құру, жаңарту, пайдалану тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің, нұсқаулықтардың, нормалар мен ережелердің жобаларын әзірлеуді; құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды ұйымдастыру, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындау; кеңістіктік деректердің инфрақұрылымын дамыту, спутниктік геодезиялық желіні құру және координаттардың геоцентрлік жүйесін белгілеу мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық; " ұлттық кеңістіктік деректердің инфрақұрылымы" (ҰКДИ) жобасының егжей-тегжейлі жоспарының орындалуын қамтамасыз ету; «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобаларын басқарудың ақпараттық жүйесінде «ҰКДИ» Жобасын басқару (http://project.gov.kz); Бюджеттік инвестициялық жобаның қажетті салалық және экономикалық сараптамаларын әзірлеуді және өткізуді ұйымдастыру; жоспарлы кезеңге арналған «ҰКДИ» БИЖ бойынша бюджеттік өтінімді қалыптастыруды қамтамасыз ету; «ҰКДИ» БИЖ іске асыру; «ҰКДИ» БИЖ шеңберінде орындалатын жұмыстардың технологиясы мен сапасына бақылау жүргізу; геодезиялық және картографиялық деректер мен материалдардың ашықтығын қамтамасыз етуге ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру; «ҰКДИ» БИЖ шеңберінде орындалатын жұмыстардың технологиясы мен сапасына бақылау жүргізу; «ҰКДИ» мүдделі мемлекеттік органдардың салалық (ведомстволық) деректері негізінде кеңістіктік деректердің инфрақұрылымын құру және дамыту бойынша тәсілдерді біріздендіруге ұсыныстар қалыптастыру;

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: аэрофотогеодезия, ақпараттық жүйелер, кадастр, геодезия, картография, жобаны басқару, жерге орналастыру, фотограмметрия
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.



«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Қағидаларының 91- тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі);

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.qyzmet.gov.kz

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________



(мемлекеттік орган)

Өтініш


Мені____________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны_____________________________________

___________________________________________________________________


________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))


«___»_______________ 20 __ ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау