«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-2 санаты: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық және оларға теңестiрiлген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
5) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың басқарма бастығынан немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының бөлім бастығынан төмен емес лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
8) ғылыми дәрежесі болған жағдайда осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
С-3 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы;
8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
С-4 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:
Санат Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
min max
С-2 204 041 275 664
С-3 154 141 208 294
С-4 138 248 186 551
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 6 кіреберіс, анықтама телефондары 8 (7172) 74-33-45, e-mail: s.mukhametalina@enbek.gov.kz, «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды.
1.Қаржы департаменті директорының орынбасары, С-2
Функционалдық міндеттері: Әлеуметтік-еңбек саласының бюджетін қалыптастыру (нақтылау) және атқару; алдағы қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын қалыптастыру және түзету; әзірленетін нормативтік құқықтық актілердің және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен келісімдердің қаржылық сараптамасы мәселелері бойынша басқармалардың қызметін үйлестіру. Құзыреті шегінде жергілікті деңгейдегі әлеуметтік қорғау саласындағы басқару органдарына жоспарлау, бюджеттен тыс қызмет мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Құзыреті шеңберінде жергілікті деңгейдегі және әлеуметтік қорғауды басқару органдарымен, орталық мемлекеттік органдармен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Министрліктің бухгалтерлік есебін және қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыру, Министрлік әкімшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдаланылуын, мүліктің сақталуын бақылау, мүлікті есепке алуды, міндеттемелер мен шаруашылық операцияларды, келіп түсетін негізгі қаражатты, тауар-материалдық құндылықтарды және ақша қаражатын ұйымдастыру, бухгалтерлік есеп шоттарында олардың қозғалысымен байланысты операцияларды уақтылы көрсету, бухгалтерлік құжаттарды, есептер мен төлем міндеттемелерін ресімдеудің заңдылығын, уақтылы болуын және дұрыстығын қамтамасыз ету, жалақы төлеу қорының жұмсалу тәртібінің сақталуын, қызметкерлерге жалақының дұрыс есептелуін, негізгі құралдарға, тауар-материалдық құндылықтарға дұрыс түгендеу жүргізілуін бақылау, теңгерімінің есеп айырысу баптары бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектің жай-күйі туралы талдамалық есептің дайындалуын бақылау, бюджеттің атқарылуы бойынша есептің (бухгалтерлік баланс) уақтылы дайындалуын және ұсынылуын, міндеттемелер мен төлемдер бойынша алдағы кезеңге арналған жиынтық қаржыландыру жоспарын қалыптастыру мен түзетуді қамтамасыз ету, бухгалтерлік құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуін және жүргізілетін шаруашылық операциялардың есебінде нақты көрсетілуін алдын ала бақылауды жүзеге асыру, «1С: Бухгалтерия» бағдарламасында жалақыны есептеу және төлеу, іссапар шығыстары бойынша аванстық есептерді уақтылы және дұрыс ресімдеу (5 мемориалдық ордер) бойынша бухгалтерлік есепті жүргізу, ҚСХҚЕС бекіткен нысандарға сәйкес (бухгалтерлік теңгерім және басқалары) Министрліктің орталық аппараты бойынша бюджеттік және қаржылық есептілікті жасау, республикалық бюджетте тұрған мемлекеттік мекемелердің, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың консолидациялық жылдық және тоқсандық бухгалтерлік есептілігін дайындау, статистикалық және салық есептілігінің уақтылы ұсынылуын қамтамасыз ету, Министрліктің бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауға қатысу, басқарма құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғалардың хаттарын, ұсыныстарын, өтініштері мен шағымдарын қарауды қамтамасыз ету, құзыреті шегінде жергілікті деңгейде әлеуметтік қорғау органдарымен, мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе гуманиталық ғылым (халықаралық қатынастар) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, менеджмент, статистика, әлемдік экономика, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, мемлекеттік аудит)
2. Халықты жұмыспен қамту департаменті еңбек нарығын дамыту басқармасының басшысы, С-3 санаты
Функционалдық міндеттері: Басқарма қызметін жалпы басшылық ету, Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелерімен және мемлекеттік органдармен өз өкілеттігі шегінде өзара іс әрекет ету, басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларына ұсыныстарды қарау, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмаларын орындау, еңбек нарығы мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, оның ішінде еңбек нарығы және халықты жұмыспен қамту саласындағы әдіснамалық ұсынымдарды әзірлеу және келісу, жеке және заңды тұлғалар хаттарының, шағымдарының, өтініштері мен ұсыныстарының уақтылы қаралуын бақылау, басқарма құзыретіне жататын мәселелер жөніндегі баяндамалар, сөз сөйлеулер мен мақалалардың дайындалуын қамтамасыз ету, еңбек нарығы және халықты жұмыспен қамту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, халықтың еңбек нарығын дамыту саласында орталық мемлекеттік органдармен және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды үйлестіруді жүзеге асыру; Министрліктің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ еңбек нарығын дамыту, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық (құқықтану, халықаралық құқық), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, аймақтану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, еңбекті ұйымдастыру және нормалау, іскерлік әкімшілік жүргізу), техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу, радиотехника, электроника и телекоммуникациялар), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс).
3. Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаменті базалық әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының басшысы, С-3 санаты
Функционалдық міндеттері: Басқарма қызметіне жалпы басшылық ету, зейнетақы және базалық әлеуметтік төлемдер мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және болжамды есептеулер әзірлеу, басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын үйлестіру және оны жүргізуге қатысу, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмаларын орындау үшін хаттар, материалдар мен қорытындылар дайындау, басқа органдар, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ ұсынған зейнетақы және базалық әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бөлігінде мемлекетаралық келісімдерді әзірлеу, құжаттардың, жеке және заңды тұлғалар хаттарының, өтініштерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, аударма ісі), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, өлкетану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, әлемдік экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, еңбекті ұйымдастыру жəне нормалау, іскерлік əкімшілікжүргізу) жаратылыстану ғылымдары (математика, информатика), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс).
4. Цифрландыру департаментінің цифрландыруды дамыту және ақпараттық жүйелерді интеграциялау басқармасының басшысы, С-3 санаты
Функционалдық міндеттері: Цифрландыруды дамыту және ақпараттық жүйелерді интеграциялау басқармасының жұмысын жалпы басқаруды, үйлестіруді және жоспарлауды жүзеге асырады.
- Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің және оның ведомствосының, Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдары мен аумақтық бөлімшелерінің әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру жөніндегі стратегиялық жоспарларды, ағымдағы және инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды іске асыру мәселелері бойынша қызметін үйлестіреді;
- әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыруды дамыту шеңберінде ведомствоаралық өзара іс-қимыл жөніндегі қызметке қатысады;
- әлеуметтік-еңбек саласындағы ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және пайдалану тиімділігінің индикаторларын әзірлеу және мониторингтеу бойынша жұмыстарға қатысады;
- әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру бойынша ағымдағы жобалар бойынша жұмыс кестелерін, техникалық тапсырмаларды, техникалық сипаттамаларды келісуге және әзірлеуге қатысады;
- цифрландыруға байланысты тауарларды және қызметтерді сатып алу шығыстарын жоспарлауға қатысады;
- басқармаға келіп түскен құжаттардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
- Министрліктің цифрландыру мәселелері бойынша қызметтерін ұйымдастыруға қатысады;
- цифрландыру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің әзірлеу бойынша жұмысын үйлестіреді;
- әлеуметтік-еңбек саласының ведомстволық ақпараттық жүйелерін құру бойынша бюджеттік инвестициялық жобаларды келіседі;
- әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыруды дамытудың өңірлік бағдарламаларын іске асыру бойынша бюджеттік инвестициялық жобаларды келіседі;
- әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйелерін жетілдіру бойынша іс-шаралар мониторингін қамтамасыз етеді, ұсыныстар әзірлейді;
- әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйелерінің архитектурасын сүйемелдеу мен дамытуды үйлестіреді;
- комиссиялардың жұмысына, кеңестерге, семинарлар мен басқа іс-шараларға қатысуды қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет Басшысының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Басқарма құзыретіне қатысты мәселелер жөніндегі Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша анықтамалық, талдамалық және өзге де құжаттарды, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және сөз сөйлеу үшін материалдар дайындауға қатысады;
- ведомствоға және Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарға тапсырма жобаларын дайындайды, олардың орындалуына бақылау жасайды, сондай-ақ басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша көрсетілген ұйымдардың қызметін үйлестіру процесінде айқындалған бұзушылықтарды жою бойынша тапсырмалар жобаларын дайындайды;
- Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен бірге басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдары ұсынған құжаттарды қарауды жүзеге асырады;
- мемлекеттік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді құзыреті шегінде қорғауды қамтамасыз етеді;
- Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарымен, сондай-ақ ведомствоаралық хат-хабарларымен цифрландыру мәселелері бойынша хат-хабарларды жүзеге асырады;
- ведомствоның заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілермен және Министрліктің басшылығы мен Департаменттің шешімдері бойынша басқада функцияларды орындайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғарғы және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдар мен технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, математикалық және компьютерлік модельдеу, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, радиотехника, электроника және телекоммуникация), әскери іс және қауіпсіздік (ақпараттық қауіпсіздік жүйелері), жаратылыстану ғылымдары (физика, информатика, математика), құқық (құқықтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару), ғылыми дәрежесінің болуы құпталады.
5. Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаменті халықаралық ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты
Функционалдық міндеттері: Еңбек, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша БҰҰ және халықаралық ұйымдармен (ХЕҰ, ӘҚХА, БҰҰ ДБ, ЮНИСЕФ, Дүниежүзілік банк және т.б.) ынтымақтастық жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу. Министрлік басшылығының халықаралық ұйымдардың өкілдерімен екіжақты кездесулері мен келіссөздерін ұйымдастыру. Жетекшілік ететін салалары бойынша халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің әзірлеуіне және келісілуіне және оларды түгендеуге қатысу. Министрліктің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен бірлесе отырып ресми шетелдік іссапарлар мен халықаралық іс-шараларға Министрлік басшыларының қатысуы кезінде қажетті талдамалық материалдарды, баяндамаларды дайындауға қатысу; ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің, Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша материалдар дайындауды жүзеге асыру. Халықаралық іс-шараларды қаржыландыруды жоспарлау және 005 «Шетелдік іссапарлар» және 006 «Өкілдік шығыстар» бюджеттік бағдарламаларының орындалуына мониторинг жүргізу.
Басқа министрліктердің және ведомстволардың құрылымдық бөлімшелерімен халықаралық ынтымақтастық бойынша, сондай СІМ бөлімшелерімен (Консулдық қызмет департаменті және басқалар) визалық құжаттарды ресімдеу мәселелері бойынша өзара әрекеттесу. Басқарманың және Министрліктің қызмет аясына байланысты құжаттарды шетел тіліне аудару, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Министрлік басшылығының тапсырмалары бойынша материалдар мен қорытындылар дайындау, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: білім беру (шетел тілі: екі шетел тілі), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар, аударма ісі, шығыстану, шетел филологиясы), құқық (құқықтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану, саясаттану, аймақтану, экономика, менеджмент, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика, еңбекақы төлеуді ұйымдастыру және нормалау, іскерлік әкімшілендіру), қызметтер (әлеуметтік жұмыстар), жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді кадрларды шет елде дайындау бойынша Республикалық комиссия бекіткен жоғарыда аталған басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарынан аяқтағаны жөн, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жөн (магистратура).
Ағылшын тілін білу (TOEFL, IELTS сертификаттары) құпталады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.
Қағидаларының 91- тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысаны қоса беріледі);
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі - 3 ЖҰМЫС КҮНІ, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz
___________________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________
____________________________________________________________________
__________ ____________________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда))
«____»_______________ 20__ ж.
Достарыңызбен бөлісу: |