Конкурс туралы хабарландыру «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы»



жүктеу 57,76 Kb.
Дата07.12.2017
өлшемі57,76 Kb.
#3291
түріКонкурс

09.02.2017 ж.

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға

орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
«Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ, 030000, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр-хан даңғылы 40, анықтама үшін телефоны: 8(7132)560432, факс: 8(7132)561662, e-mail: Zh.Zhanpeisova@aktobe.gov.kz, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету саласында бюджеттік бағдарламалардың атқарылуын талдау және іске асырылуын бағалау бөлімінің бас маманы (уақытша, бала күтімі демалысындағы негізгі қызметкердің орнына), D-O-4 санаты (1 бірлік).

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83 282 теңгеден 112 430 теңгеге дейін.



Функционалдық міндеттері:

Денсаулық сақтаудың мемлекеттік органдарын және әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландырудың жинақты жоспарын қалыптастыру және жүргізу бойынша бөлімнің жұмысын жүргізу; жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын қарау және келісу; қаржыландыру жоспарларының орындалмау себептерін айқындау, бюджеттік бағдарламаларды орындаудың тиімділігін бағалау; жылдық есепке түсіндірме жазба дайындау; бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша кредиторлық және дебиторлық бережақтарын талдау; денсаулық сақтауға және әлеуметтік бағдарламаларға арналған шығындардың орындалуы бойынша жұмысты жүргізу; бюджеттен мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарды дұрыс қаржыландыруды қамтамасыз ету. Мемлекеттік тілді білуі және компьютерде жұмыс істей білуі керек. Еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету қажет.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары экономикалық білім. Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


2. «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ ішкі талдау бөлімінің бас маманы – мемлекеттік тілдегі құжаттардың редакторы (уақытша, жүктілігіне және босануына демалысындағы негізгі қызметкердің орнына), D-O-4 санаты (1 бірлік).

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 83 282 теңгеден 112 430 теңгеге дейін.



Функционалдық міндеттері:

Мемлекеттік органның іс-қағаздарының мемлекеттік тілде жүргізілуін бақылау; атқарушы және өкілетті органдарға бекіту үшін ұсынылған нормативтік актілердің жобаларын мемлекеттік тілде ресімдеу; басқармада мемлекеттік тілде іс жүргізуді қамтамасыз ету; мемлекеттік тілдегі құжаттарды редакциялау. Мемлекеттік тілді білуі және компьютерде жұмыс істей білуі керек. Еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету қажет.



Жалпы конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары педагогикалық білім (Қазақ тілінің мұғалімі). Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын; «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын; нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі; осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) нысанға сәйкес өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен нысанға сәйкес толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.



Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.



Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
жүктеу 57,76 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау